Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10,11,12 каржы.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
20.07.2019
Размер:
37.27 Кб
Скачать
  1. Қаржы қызметін реттеу жүйесі

Қаржы қызметін реттеу жүйесі төмендегілерді қамтиды:

  • Кәсіпорынның қаржы қызметін мемлекеттік нормативтік-құқықтық реттеу. Кәсіпорынның қаржы қызметі мен тәуекел менеджментін реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік актілерді қабылдау мемлекеттің ішкі қаржы саясатын жүзеге асыру бағыттарының бірін сипаттайды. Бұл саясаттың заңнамалық және нормативтік негіздері кәсіпорынның қаржы қызметін реттеп, түрлі үлгіде оны қаржы тәуекелдерінен қорғайды.

  • Кәсіпорынның қаржы қызметін реттеудің нарықтық тетігі. Бұл тетік ең алдымен қаржы нарығы аясында оның түрлері мен сегменттері ауқымында қалыптасады. Қаржы нарығындағы сұраныс пен ұсыныс бағалар (пайыз мөлшерлемесі) мен жеке қаржы құралдары бойынша баға белгілеу деңгейін қалыптастырады, олардың ауытқуын анықтайды; капитал табыстылығының орташа нормасын шығарады, кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерді бейтараптандыруын бағалау үдерісінде пайдаланылатын жекелеген қор және ақша құралдарының өтімділік жүйесін анықтайды. Нарықтық қарым-қатынастардың тереңдеу шамасына қарай кәсіпорынның қаржы қызметін реттеуінің нарықтық тетігінің рөлі арта береді.

Тәуекел менеджментінің жекелеген аспектілерін ішкі реттеу тетігі. Мұндай реттеу тетігі кәсіпорынның өз шеңберінде қалыптасады, сәйкесінше кәсіпорынның қаржы тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша белгілі бір жылдам басқару шешімдерін мәлімдеп отырады. Осылайша, қаржы тәуекелдерін басқару аспектілерінің бірқатары кәсіпорын жарғысының талапталарымен реттеліп отырады. Ол аспектілердің жекелеген тұстары кәсіпорында жасалған қаржы бағдары және қаржы қызметінің жекелеген бағыттары бойынша мақсаттық қаржы саясатымен реттеліп отырады. Сондай-ақ кәсіпорында қаржы тәуекелдерін басқарудың жекелеген аспектілері бойынша ішкі нормативтер және талаптар жүйесі әзірленіп, бекітіле алады.

  1. Кәсіпорынның қаржылық қызметін сыртқы қолдау жүйесі

Кәсіпорынның қаржылық қызметін сыртқы қолдау жүйесі төмендегілерді қамтиды:

  • Кәсіпорынды қаржыландырудың мемлекеттік және басқа да сыртқы үлгілері. Бұл тетік кәсіпорын дамуын мемлекеттік бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан (мақсаттық), сондай-ақ басқа бизнес дамуына көмектесетін мемлекеттік емес қорлардан қаржыландыру үлгілерін сипаттайды.

  • Несиелік кәсіпорын. Бұл тетік кәсіпорынға түрлі несиелік институттар тарапынан белгілі бір пайызға белгіленген мерзімдегі қайтарымдық негізде әртүрлі несие үлгілерін берілуге негізделген. Банктер беретін қаржылық несие; банктік емес ұйымдар беретін қаржылық несие; шаруашылық серіктестері беретін тауарлық (коммерциялық) несие және т.б. деп бөлінеді.

  • Лизинг (жалға беру). Бұл тетік кәсіпорынға біртұтас мүліктік кешендер, белгіленген мерзім ішіне белгілі бір төлемге айналымдық емес активтердің жеке түрлерін беруге негізделген. Қазіргі қаржы тәжірибесінде пайдаланылатын лизингтің негізгі түрлеріне оперативтік лизинг; қаржылық лизинг; қайтарымдық лизинг жатады.

  • Сақтандыру. Сақтандыру тетігі кәсіпорынның активтерін қаржылай қорғауға және жекелеген қаржы тәуекелдерін (сақтандыру жайтының пайда болуы) жүзеге асыруда оның ықтималды шығындарын өтеуге бағытталған. Қаржы тәуекелдерінің ішкі және сыртқы сақтандырылуын ажыратады.

  • Кәсіпорынның қаржылық қызметін сыртқы қолдаудың басқа үлгілері. Оларға оның лицензиялануын, инвестициялық жобалардың мемлекеттік сараптамасын және т.б. жатқызуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]