Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10,11,12 каржы.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
20.07.2019
Размер:
37.27 Кб
Скачать
  1. Қаржылық иінтіректер жүйесінің үлгілеріне сипаттама

  1. Қаржылық иінтіректер жүйесі қаржылық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру үдерісіне әсер етудің мынадай негізгі үлгілерін қамтиды:

  • Бағаны

  • Пайызды

  • Пайда - Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы.

  • Таза ақша ағымы – табыс салығын, капиталды шығыстар мен таза айналым капиталының өсуін есептен шығарғандағы таза операциялық пайда мен амортизация сомасына тең, операциялық кезең бойында алынған ақша қаражаттарының көлемі;

  • Сақтандыру сыйақысын

  • Өсімін, айыппұлдарды, тұрақсыздық төлемін - Өсімпұл - төлемдер мен жарар төлеу мерзімін бұзғаны үшін заң жүзінде белгіленген қаржы үшін сыяқы каржы міндеттемелерін мерзімінде орындамағаны, салықтар мен салыққа жатпайтын төлемдерді төлеу қаражаты, өткізіп алғанда, сондай-ақ, алынған тауар-материалдық көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстарын төлеуді кешіктіргенде қолданылады. Міндеттемелерді орындау мерзімі кешіктірілген жағдайда ақшалай айыппұл қолданылады. Оның мөлшері әдетте уақыты өтіп кеткен сомасының пайызы есебімен айқындалады. Қазақстан Республикасында салықтарды төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда өсімпұл ұлттық банк төлеу күнін белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің кешіктірілген әр күн үшін 1,5 еселенген мөлшеріңде өндіріп алынады

  • Сақтандыру франшизасын. - Франшиза француздың  franchise (жеңілдік)  деген сөзінен шыққан. Сақтандыру ісіне қатысты бұл – сақтандыру жағдайы орын алған кезде  шығынның өтелмейтін бөлігі. Мысалы, «АвтоКаско» бағдарламасы бойынша  сақтандыру компаниялары көлікті жол апатынан ғана емес, табиғи зардаптардан, ұрланудан, бір заттардың құлап кетуінен сақтандырады. Сақтандыру компаниясы бірнеше қауіп-қатерге жауап бергендіктен, өзіне кішігірім шығындарды өтемеу туралы жеңілдік қарастырады. Франшиза мөлшері 1 мыңнан 3-4 мың теңгеге дейін болуы ықтимал. Сондықтан осындай аз-маз шығынды сақтандыру компаниялары өтемейді.

  • Басқа экономикалық иінтіректер

  1. Эссе.Дағдарыс жағдайындағы тәуекел –менеджментінің ролі

Әлемдік экономиканың қазіргі жағдайында бизнестің басты қасиеттерінің бірі – тәуекел-менеджмент. Өкінішке орай, қазақстандық компаниялар жуырда ғана бейқам әрі тәуекелді бағалауда мамандар көмегіне жүгіне қоймайтын. Қазір тәуекелдерді басқару мәселесі дағдарыстан бұрынғыға қарағанда маңыздырақ мәнге ие болды. Дағдарыс кезінде тәуекелдерді басқару мәселесінің маңызын түсіндік. Мемлекет қолдауымен «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Темiр банк» АҚ сықылды жүйе құраушы банктер қайта құрылымдауды аяқтады, бұл міндеттемелер көлемін азайта отырып одан әрі жұмысқа жағдай жасау мен тақырға отырудан құтылу мүмкіндігін берді. Дегенмен, жақсы тәуекел-менеджерлер дағдарыс кезінде нарықтың жоғары сұранысына ие болды, себебі компаниядағы, тым болмағанда қаржы секторындағы тәуекелдерді басқару жүйесін жақсартып тұру қажеттілігі ұдайы орын алып отырды. Дағдарысқа дейін тәуекел-менеджерлер жұмыстарының пәрменділігіне және қажеттілігіне сенім болмаған, өкінішке орай, қазір де аса сене бермейді, себебі осы жұмыстың тиімділігін көрсететін жетістіктің айқын дерегі жоқ.. Алайда, мамандардың бағалауынша бүгінгі таңда тәуекел-менеджмент сәнді тенденция болып қана қоймай, компания қызметі мен өркендеуінің қажет әрі маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Қазіргі кезде өзін-өзі құрмет тұта отырып бизнесін одан әрі даму мен өркендеуге бағыттаған әрбір компания тәуекел-менеджерлердің қызметтеріне жүгінеді. «Альянс Банк» мамандарының тұжырымына орай, сапалы тәуекел-менеджмент құрылымына мұқтаждықты қаржылық нарық қатысушыларының көпшілігі және бірінші кезекте екінші деңгейлі банктер сезініп отырғанын тәжірибе көрсетіп отыр. Өз тәуекелдерін бағалау және таразылау мұқтаждығы зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, лизингтік компаниялар және т.б. сияқты нарықтың басқа қатысушыларында да пайда болды. Ірі корпорациялар мен холдингтердің («Қазақмыс», Mittal Steel, «Қазцинк», мұнай өндіретін әрі мұнай өңдейтін компаниялар, азық-түлік корпорациялары және т.б.) өз қызметінде тәуекел-менеджмент жүйесін қолданатыны бесенеден белгілі. Алайда нарықтың басым бөлігі консалтингтік компаниялардың көмегіне жүгінеді не тәуекелді мүлдем бағаламайды. Ірі компаниялар штатында тәуекелдерді басқару мәселелерімен айналысатын тұрақты қызметкерлер, бөлімшелер бар. Ал штатында тәуекел-менеджерлері жоқ компаниялар тәуекелдерді басқаруға маманданған консалтингілік компаниялардың, сақтандыру компанияларының – үшінші тұлғалардың көмегіне жүгінеді. Он жыл бұрын тәуекел-менеджмент сараптамалық бағалаулар сипатында болатын, ал қазір көлемдік көрсеткіштер мен тәуекел үлгілері әдістері көбірек қолданылады, тәуекел-менеджменттің ортақ халықаралық стандарттары қабылданады. Бүгінде ақпараттық жүйелер көмегімен нарықтың мүмкін әрекетін, компанияның, оның серіктестері мен клиенттерінің қаржылық жағдайын, шығынның туындау ықтималдылығын, оның ішінде өнімдер кесігінде модельдеуге, ықтимал шығындарды жабу үшін қажет капитал көлемін бағалауға, активтерді бөлуге, өнімнің/бизнес желінің табыстылығын анықтауға және т.б. болады. Әрине, негізінен Батыстан келетін мұндай технологиялар әлемде жеткілікті, дегенмен бірқатар компаниялардың оларды ерекшеліктерін ескере отырып қандай да бір елге бейімдеуге мүмкіндіктері бар және осыған даяр.

Жалпы әлемдік ұсыныстарды ескере отырып қаржы ұйымдарында ішкі бақылау мен тәуекел-менеджментінің тиімді жүйесін жасауға тұжырымдама және тәсілдер айтарлықтай қайта қаралады. Сонымен бір мезгілде қадағалау органының қаржы ұйымдары қолданатын осы тәуекелдерді басқару мен корпоративтік басқару жүйелерінің сапасын және тиімділігін бағалау тәсілдері мен рәсімдері, оның ішінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін өзін-өзі бағалау бойынша қосымша талаптар белгілеу арқылы жетілдіріледі.

Қаржы ұйымдарында тәуекел-менеджментті күшейту және корпоративтік басқаруды күшейту мақсатында мынадай мәселелер қайта қаралады:

  1. қаржы ұйымдары менеджментінің міндеттерін, өкілеттіктерін және жауапкершілігін нақты бөлу;

  2. қаржы ұйымының бөлімшелері арасында жедел өзара іс-әрекет тетігін реттеу;

  3. қызметті жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдаудың барынша тиімді тәртібін қамтамасыз ету;

  4. қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерге рұқсат етілген лимиттерді айқындау бөлігінде барынша «қолданбалы» талаптарды белгілеу;

  5. қаржы ұйымының стресс-тестингті қолдану және экономикалық капиталды жоспарлау рәсімдерін жетілдіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]