Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

1179_azirgi_baspa_isi

.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
79.87 Кб
Скачать

ҚАЗІРГІ БАСПА ІСІ (26 СҰРАҚ)

Қағаз түрлері.

Кітап-журнал қағазы – полиграфиялық және кітап өнімдерінде қолданылатын қағаз. Қолдану мақсаты мен басу әдісіне қарай сипаттамасы әртүрлі болатын қағаздың бірнеше түрі болады – автотипті, сөздікті, нотобасатын, литографиялық, офсеттік, фототиптік, батып түскен баспа үшін (тифдручтік), сандық баспа үшін, эстампті және т.б.

Газет қағазы – газет және сол іспеттес өнімдерді басуға арналған қағаз. Газет қағазы негізінен желімденбеген, ал кей кезде толтырғышсыз, ағаш массасынан (60 г/м2 аз емес) тұрады. Газет қағазы тез уақытта ескіреді (сарғаяды, тез жыртылады). Сондықтан газет қағазында кітап басу жөн емес жәнеде тек бір рет өолданылатын ұзақ сақталмайтын басылымдарды шығаруда ғана қолдануға болады.

Санитарлық – гигиеналық қағазы тек адам организіміне зиянды емес заттар мен бояғыштар қолданылатын жоғары сапалы целлюлоза мен жоғары сортты макулатурадан шығарылады. Қағаз көбінесе тегіс емес болып шығарылады, ол оның ылғалды сіңіру және жұмсақтық қасиеттерін жақсартады.

Синтетикалық қағаз. Целлюлозадан басқа материалдардан жасалған қағаз синтетикалық қағаз деп есептеледі. Олар пластик және синтетикалық смолалар негізінде өндіріледі, құрамына органикалық емес толтырғыштар, кей кезде кремний диоксиді каолин кіреді. Әртүрлә синтетикалық қосымшаларды қосу қағаз сипаттамасын өзгертеді. Мысалы, май өткізбейтін, суға төзімді және тағы басқа сипаттамаларға ие болады.

Дизайнерлік қағаз — әртүрлі тығыздығы, қалындығы, түсі және фактурасы болатын қағаз, әртүрлі шығармашылық ойларды іске асыруға арналған.Дизайнерлік қағаздың сан алуан варианттары бар, олар шығармашылық процесті неғұрлым әртүрлі және мәнерлі болуына арналған.

Буып-тюуге арналған қағаз – сульфат массасынан өндірілген қатты қағаз. Ақталуы, боялуы немесе өзінің табиғи қоңыр түсін сақтауы мүмкін. Гофрланған картон, қаптар мен пакеттер, баспа өнімдерін, пошталық қағаздарды және т.б. орауға қолданылады. Буып-тюуге арналған қағаз сонымен бірге суға тқзімді болуы мүмкін.

Картон (фр. carton < ит. cartone, carta — қағаз) —Қалындығы 0,5 мм (шартты түрде 250 г/м2 бастап) болатын ағашталшықты қағаз, ол қағаз тәрізді ағаш массасынан, целлюлозадан, макулатурадан шығарылады. Сонымен қоса синтетикалық минералды талшықтарда қолданылады. Картон кітәп мұқабасын, футлярын жасауда, кейбір баспа басылымдарының және буып-тюу қағазын шығаруда қолданылады.

Тыс қағаз — тұтас қағаз мұқабаларды желімдеуге және кітап-журнал тыстарын, жәнеде кейбір форзацтерді шығаруға арналған қатты қағаз.Тыс қағаз жоғары желімдеулілігімен ерекшеленеді және әртүрлі түстерге боялады.

Құжат қағазы — ақша, облигация, лотерея билеттерін, төлқұжатты, пошта маркаларын, карточкалы құжаттарды шығаруда қолданылады.

Көшіру қағазы — түпнұсқаны копир қағазынсыз көшіруге мүмкіндік беретін қағаздың белгілі бір сорты. Көшірме қатты басып жазу нәтижесінде пайда болады. Көшіру қағазы негізінен есеп шотттарын және басқада құжат бланктарды көшіруге арналған.

Түс қағаз —түс қағаздың әртүрлі сорттарын шығаруда қолданылады. Түсқағазды басып шығару машинасында басылады.

Қағаздың негізгі қасиеттері.

Қағаздың қасиеттерін білу бұйымды жасау кезінде тиісті материалды таңдап алуға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде жұмыс пен безендіру сапасын әлдеқайда жоғарлатады.Қағазды таңдау кезінде оның сапасы мен қасиеттерін ескеру керек. Қағаздың құрылысы талшықты болады. Қағазды құю кезінде талшықтардың бір бөдігі болай созылса – бойланған, бір бөлігі көлденең созылады – көлденеңкі. Талшықтардың өзара әртүрлі орналасуы қағаздың қасиетіне әсер етеді.Мысалы, қағаздың бойлап жыртылуы, көлденеңкіге қарағанда, тегістеу болады, талшық бойы жолақ, көлденең кесілгенге қарағанда, аздау бүктеледі.

Тегістік- қағаз бетінің қалпы (тегіс, кедір-бұдырлы)

Уақ тесіктік қағаз бетінің қалпына әсер етеді. Уақ тесіктік неғұрлым кем болса соғұрлым жазық беті тегіс болады.

Су өткізбеушілік суды өткізу және оған төзу қасиеттерімен анықталады.Мысалы майлықтар суды жақсы өткізеді, ал парафинделген қағаз суды өткізбейді.

Қағаздың өзгеру мүмкіндіктері: майысу, салмақ түскенде тығыздалу, серпімдік - мыжылу және алғашқы формасына қайта қалпына келу.

Мықтылық- қағаздың жыртылуға төзуі, тәжрибе жүзінде тексеріледі.Құрғақ қағаз су қағаздан мықтырақ, бойлау бағытында көлденең бағыттағыдан мықтырақ.

Оптикалық қасиеттерге келесілер жатады: түс, аұтығы, мөлдірлігі, жарық өткізбеулігі және т.б.

ҚАЗІРГІ БАСПА ІСІ (27 СҰРАҚ)

Қағаздардың сипаттамасы:

Газет қағазы.

Баспаханаларда әртүрлі пішімдегі газеттерді басу үшін газет қағазын рулонды және парақты түрде шығарады. Газет қағазы А және Б маркасымен шығарылады. А және Б маркасындағы рулонды қағаздар да рулонды ротациялық басу машиналарында газет басуға арналған. Ал осы маркадағы парақты қағаздар жазық басу машиналарында аз таралымды газеттерді басуға арналған.

Баспаханалық қағаз. Баспаханалық басу қағазы көбіне кітаптар мен кітапшаларды баспаханаларда шығыңқы басу әдісімен басуға арналған. Стандартты баспахана қағазының өнеркәсіптік пішімдері былайша белгіленген: рулонды қағаздың өлшемі — 60, 70, 84, 90 сантиметрге, ал парақты қағаздың өлшемі — 60 X 90, 70 Х 9О, 70 X 108, 84 X 108 сантиметрге тең. № 1-маркалы 1 шаршы метр қағаздың салмағы — 60 және 70 граммға, А маркасындағы нөмірі № 2-қағаздың салмағы — 65 граммға. Б маркалы қағаздың салмағы — 70 граммға, №3- кағаздың салмағы — 63 граммға тең. 1970 жылдан бастап рулонды баспахана қағаздарының пішімдері: 60, 70, 75, 84, 90, 108 сантиметр; парақты кағаздар — 60X70, 60X84, 60X50, 60Х108, 70X84, 70X90, 70X100, 70X108, 75X90, 84X90, 84X100 сантиметр болып қабылданды.

Қазіргі заманғы талаптар мен көптеген жаңа технологиялық жетістіктердің даму барысына қарай осы салада да көп өзгерістер болуда.

Офсеттік басу қағазы. Офсеттік басу әдісі сапалы өнімдерді қысқа мерзімде басып шығаратын, қазіргі заман талабына сай, өзіндік ерекшеліктері мен талаптары бар технология. Офсеттік басу әдісімен басылатын қағаздарға қойылатын ең басты талап – ылғалға төзімділігі. Себебі, өздеріңіз білесіздер, жоғарыда айтылып кеткендей, дәстүрлі офсеттік басу әдісінде міндетті түрде ылғал қолданылады. Яғни қағаздың ылғалға төзімділігі жоғары болуы керек. Сондықтан офсеттік басу қағаздарының құрамына – канифоль желімі, крахмал, карбамид смоласы, органикалық кремний полимерлері қосылады. Офсеттік қағазбен – репродукциялар, плакаттар, түрлі журналдар, открыткалар, оқу көрнекі құралдары, тіпті кітаптарды да басуға болады. Офсеттік басу қағаздары төменде көрсетілген маркалармен шығарылады.

Олар: № 1—А, Б, Г маркалары; № 2 — А, Б маркалары, және № 1— В маркасы үлгісіндегі қағаздар. Рулонды қағаздардың өлшемдері — 60, 70, 84, 90 сантиметрге; парақты қағаздардың өлшемі — 60X90, 70X90, 70X108, 84Х108 сантиметрге тең.

Құрамындағы талшықтарына қарай: А, Б, В, Г маркаларындағы № 1-қағазда —— 100 % ақталған целлюлоза, А, Б маркасындағы №2-қағазда — 50 % ақталған целлюлоза және 50 % аспайтын сүрек массасы массасы болады.

А маркалы № 1-қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 90, 100, 120, 140, 160, 200, 220, 240 граммға; Б маркалы №1- қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 70, 80 граммға; В маркалы №1-қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 80, 90, 100, 120, Г маркалы №1-қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 100, 120, 140, 160 граммға, А маркалы №2-қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 70, 80, 90, 100, 120 граммға; Б маркалы №2-қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 80, 100 граммға тең болады.

Ойыңқы басу әдісіне арналған қағаздар – мына нөмірлер мен маркаларда: № 1 — А және Б маркасы; № 2 парақты қағаздың өлшемдері— 60X90, 70X90, 70Х108, 84X108 сантиметр: Рулонды қағаздардың өлшемдері — 60, 70, 84, 90 сантиметрге тең етіп шығарылады.

Талшықтарының құрамына қарай – № 1- А және Б маркалы қағазда 100 % ақталған целлюлоза, № 2 қағазда — кемінде 50 % ақталған целлюлоза мен 50 пайыздан аспайтын сүрек массасы болады. № 1- А маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы 70, 80, 90, 100, 110, 120 граммға; №1-Б маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 200, 220 граммға тең, ал №2-қағаздың қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 70, 80, 90 граммға тең болады.

Жұқа баспахана қағазы (библьдук). Шағын пішімді, бірақ мәтіні көп сөздіктерді, анықтамаларды және басқа кітаптарды басуға арналған. Қағаздың А және Б маркалы екі түрі шығарылады. Бұл қағаз беттерінің көлемі 60X90, 70X90, 70Х108, 84Х108 сантиметр болады. Талшығының құрамына қарай А маркалы қағаз 100 % ақталған целлюлозадан, Б маркалы қағаз — 80 пайыздан аспайтын ақталған целлюлоза мен кемінде 20 % сүрек массасынан тұрады. Бүл екі маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 40 және 50 граммға тең болады.

Борланған баспахана қағазы. Мұндай қағаздың бетіне (бір жағынан немесе екі жағынан да) минералды ақ пигмент пен желімдейтін заттың қоспасының жұқа қабаты жағылады. Бұл үшін күкірт қышқылды барий, каолин және тағы басқа да минеральдық заттар: гипс, бор, қос тотықты титан қолданылады. Желімдейтін заттар ретінде желатин, казеин, крахмалдық клейстер қолданылады. Бұл қағаздардың О, А, Б жэне В маркалы төрт түрі шығарылады.

О және А маркалы кағаз негізі 100 % ақталған целлюлозадан тұратын қағазда даярланады: қалған маркалары сүрек массаларының түрлі қоспаларымен аралас келеді. Беттерінің ені — 60, 70 және 84 сантиметр өлшемімен шығарылады. Екі қайтара борланған О маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы (екі жағы да борланған)140, 250 грамм: А маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы (бір жағы борланған) — 100, 120 грамм: осы маркадағы (екі жағы борланған) қағаздар — 100, 120, 140 грамм: Б маркалы маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы (екі жағынан да борланған)—100—120 грамм, В маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — (екі жағы борланған) — 100 грамм болып келеді.

Форзац қағазы – кітап бумасын түптеу мұқабасымен бекітуде және әсемдік безендірілу ретінде де колданылады. Тапсырыс бойынша рулонды және парақты болып та, ақ және түрлі түсті, күңгірт, жылтыр және өрнек басылған қағаз болып та келеді. Рулонды форзацтық қағаздың пішімдері — 60, 70, 84, 90 сантиметр, парақты форзацтық қағаздың пішімдері 60X90, 70X90, 70X108, 84X108 сантиметрге тең. Құрамы 100 % ақталған целлюлозадан тұрады. 1 шаршы метрінің салмағы — 80, 100, 120, 140 граммен шығарылады.

Мұқабалық қағаздар. Кітаптардағы картонмен түптелген мұқабаларды қаптауда, кітапшалар мен журналдардың жұмсақ мұкабаларында қолданылады. Мұқабалық қағаздардың — А, Б, В, Г маркалы төрт түрі бар. А, Б, В маркаларының қағазы жылтыр және өрнектелген, ақ және әр түсті болып келеді: Г маркасы тек жылтыр және түсті болады. Рулонды қағаздың пішімдері — 60, 62, 70, 75, 84, 93 сантиметрде, парақты қағаздар — 60X94, 62X107, 70X97, 70X110, 75X110, 84Х110, 74X92, 74X84, 60X84, 70X84 сантиметрде шығарылады. А, Б, В маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 80, 100, 120, 140, 160, 180, 200 граммға, Г маркасы — 80, 160 граммға тең.

Картографиялық қағаз – географиялық карталарды басуға арналып шығарылады. Б және В маркалы болады. Парақты қағаздың пішімі — 600Х 920 мм–ден 930 X 1200 миллиметрге дейін жетеді. Рулондардың ені 600-ден 1000 миллиметрге дейін. Б маркасындағы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы— 70, 100 және 120 грамм: В маркасындағы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы — 70, 80, 100, 120, 140 және 160 граммға тең; Б маркасының қағазында — 50 пайыздан аспайтын ағартылған целлюлоза болады.

Литография қағазы әдетте парақты пішімде болады. Көркем репродукцияларды, плакаттарды, түрлі этикеткаларды тағы басқа өнімдерді басу үшін қолданылады. Тек №1 қағаз ғана болады. 1 шаршы метрінің салмағы — 80, 100, 120, 140, 160 және 180 граммға тең.

ҚАЗІРГІ БАСПА ІСІ (28 СҰРАҚ)

Басылымның қосымша және мәтіндік элементтері.

Басылымның қосымша элементтеріне аннотация, реферат, индекс, ӘОЖ, авторлық синопсис, резюме жатады. Енді осыларға анықтама берейік:

Аннотация- баспасөз шығармасының қысқа ғана тұжырымды дәйектемесі. Аннотация берудегі мақсат- шығармада не жайында әнгіме етілетіндігіне, нені көздеп жазылғандығына жауап беру, оқырманды автормен, басылыммен таныстыру.

Реферат- баспасөз шығармасының түйінделген мазмұны. Ол көбіне, еңбектерде, ғылыми кітаптар мен журналдарда, түрлі ғылыми хабарламаларда бір тілде де, басқа тілде де дәл солай аударылып та берілетін мәтіндік элемент. Аннотация, реферат кітапхана мен хабарлама жұмысында үлкен рөл атқарады. Олар ең әуелі басылымдық әдебиетті іріктеп алу, сонан соң оны қарап білу, танысу, ақырында оны нақты пайдалану үшін аса қажет нәрселер. Аннотацияның, рефераттың тілі мейлінше ұғымды, тұжырымды жатық болуы тиіс.

Индекс дегеніміз мақаланың сол жақ шекесіне қойылатын цифрлы әріп, сандар. Ондағы әріп, сандар ӘОЖ жүйесіне сәйкес жасалған классификациялық кестеге лайықты етіліп қойылады.

Авторлық синопсис дегеніміз стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ұсынысы бойынша берілетін, көлемі 200 сөзден тұратын мақаланың не алдына, не соңына қойылатын автор мақаласының рефераты.

Резюме-автордың зерттеу жұмысының нәтижесінде жазылған мақаласының, ғылыми еңегінің қысқаша түйіні, онда қаралатын фактілердің жиынтық сипаттамасы. Авторлық синопсисті, резюмені, аннотацияны мақаланың алдында да, соңына да коя беруге болады. Кейде оны мақала ішіне жекелеп ойып орналастырады.

Тағы да бір элементтер қатарына эпиграф, арнау, алғы сөз, кіріспе, рубрикация, абзац, ескертулер, комментарийлер, сілтемелер, кесте, соңғы сөз, библиографиялық мәтін, библиографиялық шолу, көрсеткіштер, тізімдер, қосымшалар, мазмұн, шығару мәліметі жатады.

Эпиграф- шығарма авторының өз идеясын, туындының тұтас идеялық- мазмұнын оқырманға алдын ала аңғартуға бағдарлаған қысқа ғана жүгіністі мәтін. Ондай мәтінді автор әйгілі ұлы адамдардың сөздерінен, шығармашылық туындыларынан, халықтың мақал- мәтелдерінен, шешендік сөздерінен, ел аузындағылардан келтіреді. Ол қара сөз, өлен түрінде беріледі.

Мағынасы жағынан эпиграф цитата тәрізді, бірақ ол цитатаның нақ өзі емес өйткені, оның қайдан алаынғандығы жайлы нақты сілтеме жоқ. Тек сөз, пікір, ой иесінің аты- жөні ғана болады.

Арнау- автордың осы туынды, шығарма арқылы өзінің туған- туысқанына, жақынына, ілтипат тұтатын адамы мен ұжымына, белгілі ортаға, қауымға құрмет сезімін білдіретін мәтін. Арнау да қысқа қара сөз ретінде не өлең түрінде келеді.

Алғы сөз- осы шығарманың не жайында жазылғандығын хабарлайтын түсінік мәтін. Онда бұл туындының шығару ісінде көзделген мақсат айтылады, басылымның түрі, кімге, неге арналғаны, маңыздылығы, қажеттілігі, бұдан бұрын шыққан- шықпағандығы , шығарманың композициясы, құрылысы, материалдың қайдан алынғандығы, олардың орналастыру тәртібі мен әдіі сөз етіледі.

Кіріспе- осы шығарма жазыларда алға қойған мақсаты, көздеген нысананы, айтпақ болған басты жайларды, қандай негізгі, басты- басты мәселелер қойылғанын барынша тұжырымдап мағлұмат беретін мәтін. Кіріспе көп жағдайда кіріспе сөз, кіріспе мақала түрінде жазылады.

Рубрикация- баспасөз өнімдерінің мәтіндік және суреттік тұтас мазмұнының іштей құрылымдық бөліктерге бөліну жүйесі, сол жүйелердің атаулы ұғымының жиынтығы. Басқаша айтқанда, рубрикация дегенді ең алдымен, басылымның өзін том, кітап, брошюра тағы осындайларға, әрі соларды іштей бөлімдерге, тарауларға, параграфтарға, пунктерге бөліп жүйелеу деп ұғу қажет.

Тақырып дегеніміз туындының ішкі бөлім- бөліктеріне атау беру. Ол мәтіндік идеялық- мазмұндық атауы, шығарманың идеяын білдіреді.

Абзац- нақты бір ой бөлігін жүйелі білдіретін мәтін. Ол сөз бен сөз тіркестерінен, сөйлемдерден тұрады. Бір сөздің де бір ойды бөлек білдіруі мүмкін, бір не екі сөздің де абзацтан басталуы ықтимал.

Комментарий- автордың белгілі жайға түсінік беруі, белгілі бір мәтінді, фактіні ғылыми тұрғыдан қысқаша ғана талдауы. Комментарийді автордың өзі не соның еңбегіне лайық басқа біреудің де жасауы мүмкін. Ал субкомментарий- комментарийге комментарий беру, ескерту жасау.

ҚАЗІРГІ БАСПА ІСІ (30 СҰРАҚ)

Баспа мен полиграфия туралы түсінік

Полиграфия- грек. тілінен аударғанда көп, жазу деген сөздерінен құралған. Көбейтіп жазып басу дегенді білдіреді. Полиграфия- баспасөз өнімдерн көптеп басып шығаратын қоғамдық өнеркәсіп.

Баспа- кітап, газет, журнал тағы басқа да түрлі баспалық өнімдерді дайындайтын, ығаратын, тарататын және қажетті кезінде жарнамалайтын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім түрлеріне қарай бөлінеді. Баспа басуға дейінгі үдерісті даындйды және өз өнімдеріне ISBN мен штрих код бекітеді.

Баспа өнімдері деп- баспаханада басылатын газет, кітап, кітапша, журнал, жарнамалық парақтар, қораптар, дәптерлер тағы да басқа қоғамға қажетті заттарды айтамыз.

Баспахана- баспа өнімдерін шығаратын өнеркәсіптік полиграфиялық кәсіпорын. Баспахана тек басу станоктарынан тұрады, онда басу үдерісі және басудан кейінгі үдеріс атқарылады. Баспаханаға басылатын өнімнің толық электрондық немесе дайын пленкалық нұсқасын баспа ұсынады. Сондықтан баспахана басуға дейінгі кеткен кемшіліктерді, қателерді жөндей алмайды. Онда офсеттік баспа басым болса, ідетте, фабрика деп аталады. Баспаның бірнеше түрін қолданатын ірі баспахана полиграфиялық баспахана болып саналады.

Шығаратын өнімінің сипатына өарай баспахана: газеттік, газет- журналдық, кітаптық, бланктік болып, ал орналасу мекені мен жұмыс көлеміне қарай орталық, облыстық, қалалық, аудандық болып бөлінеді.

Полиграфияның: өнеркәсіптік және кәсіпорындық сияқты екі саласы бар.

Өнеркәсіптік саласына: полиграфиялық машиналар, құрал- жабдықтар, материалдар, полиграфиялық элементтер жасайтын зауыт, фабрика, цех, қағаз- целлюлоза, химия бояу, тоқыма басу фабрикалары.

Кәсіпорындық саласына: баспахана, литография, ксилография жатады.

Литография- грек тілінен аударғанда сурет саламын деген ұғымды білдіреді. Электроникада, интегралдық, сызбаларды және басқа электрондық аспаптарды жасау үдерісіне металл, диэлектрик немесе шалаөткізгіш қабатында берілетін бедерлі қалыптастыру әдісі. Литография үдерісі сәулеленуге немесе зарядталған бөлшектер ағынына сезімталдығы және ойып- өңдеушіге берік резистерді пайдаланумен іске асырылады.

Ксилография- грек тілінен адарғанда жазамын деген ұғымды білдіреді. Ол ағашқа жасалған гравюра. Бұл гравбра қатты да серпімді ағаш кесіндісіне ойып салынады. Негізінен гравюраға қатты ағаш кесінділері- алмұрт, самшит, құрма пайдаланылады. Гравюрада ақ болып қалуға тиісті жерлер штихель деп аталатын арнаулы қашаумен шұңқырлап ойылады, ал әлгіндей қашау тимеген жерлер қағаз бетінде түгелімен қашалып болғаннан кейін, тақтайға баспазана бояуы жағылады да, үстіне қағаз жапсыпылып, арнайы сырғытпа доңғалақпен әплі- берлі тапталып тегістеледі. Осыла гравюра басылып шығады.

Полиграфия өндірісі- баспа өніміне қажетті техникалық және технологиялық жағдайларды жақсарту мақсатымен баспагердің немесе кез келген адамның полиграфияны белсенді жаңғырту үрдісі.

Полиграфиялық өнімді өндіру үшін:

  • Полиграфиялық өнімді дайындайтын табиғи зат

  • Өнімді дайындау үдерісінде пайдалынылатын техникалық құралдар

  • Полграфист еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі

  • Аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы сияқты 4 элемент керек

Полиграфиялық өнімдер 2 топқа бөлінеді

Негізгі өнімдеріне: кітап, журнал, газеттер жатады.

Қосымша өнімге: открытка, бланка, буклет, дәптер, акциденттік өнімдер, бағалы қағаздар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]