Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

40. Аэрофототопографиялық түсіріс туралы түсінік.

Топографиялық аэрофототүсірісті жасау және олардың материалдарын әзірлеу үшін, немесе аэрофототүсірістерді фотограмметриялық өңдеу үшін мемлекеттік геодезиялық бақылаудың территориялық инспекциясынан рұқсат алу керек. Сонымен топографиялық түсірістерді және олардың пландық-биіктік негіздеуін орындау үшін координаталар жүйесін келісіп шешеді. Аэрофототүсіріс процесі алдында аэрофототүсіргі маршруттарының орнын, жұмыстардың мөлшері мен мерзімін белгілейді, аэрофототүсірістің негізгі параметрлерін есептеп шығарады, ұшу картасын жасайды, аэрофототүсіргі және навигациялау жабдықтарының түзулігін тексереді, жергілікті жермен танысады. Стереотопографиялық аэрофототүсіріс арнайы топографиялық аэрофотоаппараттар (АФА) түрімен жүргізіледі. Аэрофотоаппараттар бір фотосуретті алуға қажетті жұмыстар циклінің ұзақтығымен сипатталады.

Аэросуреттерден тікелей фотоплан дайындау мүмкін емес, өйткені олардық масштабтары әр түрлі және жер бедеріне, нормальдан фотоға түсіру кезінде аэрофотоаппараттың оптикалық осінің ауытқушылығы салдарынан бұрмаланады. Оларды бір масштабқа келтіру және бұрмалауды жою үшін трансформациялау жүргізіледі, ол үшін әрбір аэросуретте координаталары белгілі төрт контурлық нүктелер болуы қажет. Аэросуреттерде танылған жергілікті жердің контурлы нүктелерінің координаталары тірек жүйесі пункттеріне аэротүсіргілерді байланыстыра отырып алынады; далалық суреттерде танылатын нүктелер пландық танымдық белгілер деп аталады.

Жергілікті жердің аэрофотографиялық көрінісі (а) және онымен жасалған планы (б)

Топографиялық карталар мен пландарды аэрофототүсіріс әдістерімен жасау өзара байланысты мынадай жұмыстардан: ұшу-түсіру, далалық фотолабораториялық, топографиялық-геофизикалық және фотограмметриялық жұмыстарынан құрастылады. Ұшу-түсіру жұмыстарына ұшу-түсіргі және навигация аппаратураларын даярлау, жергілікті жерді суретке түсіру жатады. Далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды аэросуретке кескінделген жергілікті жердегі нүктелердің координаталарын және биіктік белгілерін анықтау үшін орындайды. Олар суреттегі жергілікті жердің кесінделген объектілерінің сипаттамаларын табудан, түсініп білуден және анықтау жұмысынан тұратын далалық дешифрлеуден тұрады.Стереотопографиялық аэрофототүсірісте, аэрофототүсіріс материалдары арқылы топографиялық картаның түпнұсқасын (карталарды жер бедерімен) жасауға қажетті жұмыстар жиынтығы. Құрама түсірістермен салыстырғанда осы әдісті алғанда далалық топографиялық жұмыстардың шамасы аз болады. Стереотопографиялық түсірісте аэросуреттерді өндеу аспаптары жергілікті жердің моделін стереоскопиялық есептеуге (өлшеуге) негізделген.

Фототеодолиттік түсіріс.

Бұл әдіс таулы аймақтардағы құрылыс және ғимараттармен олардың деформациясын бақылауды түсіру үшін қолданылады.

Түсіру әдісінде фототеодеолит қолданылады ол теодолит пен фотокамера жиынтығынан тұрады. Фототеодеолит екі нүктеге орналастырылады, оны фототрассалау базисі деп атайды. Әрбір нүктеде фототеодолит өсін горизонталь жағдайға келтіреді, базистік сызыққа перпендикуляр етіп бағыттап суретке түсіреді. Үлкен алаңды суретке түсіру кезінде фототеодолитті оңға немесе солға бірдей 300 бұрышта бұрып түсіреді.

Суретке түсіру нәтижесінде стереопара деп аталатын екі түсіріс алады. Стереопарамен топографиялық планды құру үшін міндетті түрде жергілікті жердегі бірнеше белгілердің суретке түсіру базисінің арақашықтығын және координаталарын (пландағы және биіктігі бойынша) білу қажет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]