Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

9. Масштабы 1:1000000 топографиялық карта парағының номенклатурасын анықтау

Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Гринвич меридианынан бастап,жер шарын 6°-тық бойлық бойынша меридиандармен бөлсек, зоналар шығады.Егер зоналарды нөмірленуді Гринвич меридианынан бастамай, бойлығы 180°-тық меридианнан бастап, сағат тілінің бағытына қарсы нөмірлесе, оны колонна деп атаймыз.Сонда әрбір зона нөмірі мен оған сәйкес колонна нөмірінің айырмашылығы – 30-ға тең болмақ.Яғни 37-колонна 7-зона, ол 43-колонна 13-зона болып кете бермек.

4° сайын жүргізілген параллельдер экватордан бастап латын алфавитінің бас әріптерімен солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай белгіленеді, яғни жер эллипсоидында трапециядан тұратын картографиялық тор құрылып,әрбір трапеция қатарлары әріппен және колонна нөмірімен белгіленеді.Мысалы, Москва N-37 трапециясында, ал Алматы К-43 трапециясында орналасқан.Бұл трапециялар картаға 1:1000000 масштабпен салынған.1:500000 масштабтағы картаны алу үшін әрбір миллиондық трапецияны меридианмен параллель арқылы төрт бөлікке бөліп, әрқайсысын А,Ә,Б,В,Г әріптерімен белгілейді. Бөлетін трапециямыздың номенклатурасы K-43-A,K-43-Б т.б. болады.

10. Ф.Н. Красовскийдің референц-эллипсоиды туралы түсінік

Жер эллипсоидының көлемін әр елдің ғалымдары бірнеше рет анықтады. 1946 жылға дейін бұрынғы Одақта неміс ғалымы Ф. В. Бессель 1841 жылы есептеп шығарған жер эллипсоидының көлемі қолданылды (а=6377397 м, Ь = 6356079 м, а=1:299,2).

1940 жылы жер эллипсоидының көлемін Ф. Н. Красовский мен А.А.Изотовтардың басқаруымен орыс ғалымдары үлкен дәлдікпен анықтады. (а=6378245 м, 6 = 6356863 м, а = 1298,3).

Алынған бұл өлшемдер 1946 жылы Кеңес Үкіметінің қаулысы бойынша, еліміздің барлық геодезиялық және картографиялық жұмыстары үшін қабылданып алынып, Красовский эллипсоиды деп аталатын болды.Осы орайда айта кететін бір жай, кейбір елдерде геодезиялық өлшеулер нәтижесінде шығарылған өз эллипсоидтары қолданылады.Олар сол немесе бірнеше елдің территориясын толық не ішінара қамтиды.Мұндай эллипсоид референц-эллипсоид деп аталады.Сонымен, референц-эллипсоид дегеніміз – нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.

Қазіргі кезде Красовскийдің референц-эллипсоиды тек Ресейде ғана емес, бүкіл ТМД және Батыс Еуропаның бірнеше елдерінде қолданылады.Бұрынғы Кеңестер Одағы, Батыс Еуропа мен АҚШ-тың гравиметриялық және астрономиялық өлшеулері нәтижесінде алынған жер эллипсоидының көлемі, басқа елдердегі анықтамаларға қарағанда, қолданылған материалдардың аумағы жағынан да, оларды өңдеудің дәлдігі жағынан да әлдеқайда нақты.

1960 жылы Жердің үш жасанды серігін бақылаудың нәтижесінде жер сфероидының қысыңқылығы =1/298,2, ал АҚШ-та ұшырылған Жердің 13 жасанды серігін бақылау арқылы=1/298,31 екендігінің анықталуы – Красовский өлшеулерінің дүниежүзілік маңызы бар екендігінің айқын дәлелі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]