Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризмдегі сервистік.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.41 Mб
Скачать

Ііі.3 Шымкент қаласындағы және қала маңындағы рекреациялық объектілер мен территориялар.

Шымкент қаласының рекреациялық объектілер және территориялар.

1. Шымкент қаласының сауда мақсатындағы рекреациялық объектілері. Шымкент қаласының рекреациялық территоряларына қаланың өз территориясын жатқызуға болады. Қала өзінің маңыздылығымен ауыл түрғындары үшін демалу орны болып келеді. Жоғарыда көрсетілгендей, адам рекреант ретінде есептеу үшін ол түрақты мекен жайынан белгілі бір қашықтыққа немесе өмір сүру түірн өзгерту қажет, яғни қалаға түрлі мақсаттарымен келген ауылдық елді мекендер түрғындары, бір тараптан өз ісін бітіріп сонымен қатар қаланың рекреациялық объектілерін пайдалануда рекреанттарға айналады. Мұндай рекреантар үшін қаланың барлық аудандары рекреациялық объектілер болып табылады. Мысалы, облыстың шөлді зонасында орналасқан аудандардан келген рекреанттар үшін жасыл қаланың өзіның түрғысы белгілі бір деңгейде рекреациялық объект болып табылады. Қаланың қазіргі заманға сай әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның объектілері рекреанттардың бірнеше түрлі сұраныстарын қамтамасыздандырады. Мысалы Шымкент қаласында көптеген сауда орталықтары бар, мысалы кейінгі жылдары ашылған «Мегацентр», «Hyperhouse», «Планета электроники», әр түрлі киім салондары, сонымен қатар Оңтүстік Қазақтан аймағының батысындағы ең ірі базарлары, «Бекжан», «Самал» тағы басқа әмбебап базарлары. Шымкент қаласында аймақтың батыс бөлігіндегі ең ірі автокөлік базары орналасқан. Осы сауда орталықтары тікелей мақсатынан басқа және қосымша демалу орталықтары болып табылады, олардың ішінде түрлі мейрамханалар, кафеделер, тағы сол сияқты қызмет көрсету инфрақұрылымының объектілері.

Қазақ халқы өзінің дәстүрі бойынша қонақжайылы халық, салтанатты мерей тойлары жиі болады. Шымкент қаласында облыс түрғындарының шамамен 1/3 тұрады, ауылды елді мекендермен тікелей түыстық қатынастар бар. Демек, Шымкент қаласында жергілікті рекреанттар саны жылына жұздеген мыңға жетеді. Яғни осындай көп санды рекреанттар үшін қалада белігілі бір деңгейде қалада демалу объектілер жеткілікті болу қажет.

Бұл бағытта Шымкент қаласында барлық инфрақұрылым саны бойынша жеткілікті десек болады, дегенмен олардың сапасы жоғары емес. Мысалы, қаладағы автокөліктерді пайдалану, кейбір ірі объектілердің автовокзалдардың, көшелердегі жолдардың сапасы өте төмен. Шымкент қаласының рекреациялық құдылығын көтеру үшін маңызды инвестициялар қажет.

Шымкент қаласының сауда инфрақұралымы салыстырмалы тиімді түрде орналасқан. Қаланың сауда инфрақұрылымын тиімді орналастыру үшін қала әкімдігі алдын ала жан-жақты зерттелген генеральдық план үсынды. План бірнеше сараптаудан өткізіліп соңғы жылдары жұзеге асыруда. Бұл жоспарға қала түрғындары және бірнеше кәсіпкерлерден қарсылық болды, дегенмен жаңа жоспар қазіргі талаптарға сай екенін уақыт көрсетті.

Қала әкімшілігінің архитектура бөлімінде жасалыңған жоспары бойынша, сауда орталықтар қаланың негізгі негізгі транспорттық артериялары бойында орналасқаны тиімді екені көрсетілген. Қаланың ірі сауда орталықтары қаладан шығатын трассалары бойында орланласқан. Қаладан солтүстік-батыс, Қызылорда облысы бағыттында «Бекжан» базары, оңтүстік Ташкент қаласы бағыттында Сауле базары орналасқан. Одан басқа қаланың солтүстік бөлігінде Тұрар Рысқұлов даңғылында «Самал» автовокзал мен «Самал» базары кешенді түрде орналасқан.

Шымкент қаласының ең ірі базарлар қаланың шет жерлерінде орналасқан. «Бекжан» әмбебап базары Шымкент қаласын айналма жолдың, Ташкент – Самара автомобиль трассасының бойында, қаланың солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Базардың орналасқан жері сырттан келетін рекреанттарға өте ыңғайлы, қаланың ішіндегі автокөлік «пробкалардан» еркін жүруге мүмкіндік бар. «Бекжан» базары сауда мақсатында келген азаматтары үшін, тікелей сауда іс-әрекетенінен бос кезінде, демалу үшін әр түрлі жағдайдарды ұйымдастырған, мысалы, автовокзал, қала бойынша ең ірі автотүрақ, қаланың барлық бағыттарында жүретін қоғамдық көлік (автобустар, маршруттық такси, такси түрақтары), қонақ үй тағы басқа объектілер құрылған.

«Бекжан» базарының архитектурасы қазіргі заманға сай құрылған, жер көлемін тиімді пайдалану мақсатында базар екі қабаттан тұрады. базардың басты ерекшеліктердің бірі орналасқан сауда орындары бұйымдардың типтеріне қарай орын-орынымен орналасқан. Базар жоғары жағанын жабылған, түрлі метеорологиялық құбылыстардың әсері жоқтың қасы. Келешекте базар автотұрақпен және автовокзалмен жабық өтуімен қаматамсызданады, яғни жағымсыз құбылыстардың (шаң, жаңбыр, автокөліктің әсері т.с.с) әсері болмайды.

Шымкент қаласының маңыздылығы бойынша екінші ірі сауда орталығы «Самал» базары. Базар 2006 жылы ашылды. Базардың орналасқан жері қала түрғындарына және сырттан келетін адамдарға өте ыңғайлы. Базар қаланың ең маңызды транспорттық артериясының бірі Түрар Рысқұлов көшесінде орналасқан. Базар келетін жол инфрақұрылымы автокөлік үшін тиімді, көше жолы екі бағытты және төрт белдеулілік болады. Яғни жанындағы транспорт артериясы жоғарғы талаптарға сай құрылған. «Самал» базарыдың маңызды жері оның жанында автовокзалдың орналасуы, бұл жерден облыстың барлық бағыттарына қарай пассажир көлігі жүреді. Базар мен автовокзалдың орналасқан жері қала түрғындарына және сырттан келген азаматтарға өте қолайлы. Автовокзал және базар инфрақұрылымның барлық объектілерімен қамтамасызданған.

Жалпы Шымкент қаласында және бірнеше ірі базарлар, ондаған ұсақ базарлар бар. Сонымен қатар, соңғы жылдары қалада көптеген гипермаркет пен супермаркеттер ашылған, олардың мақсаттары әр түрлі болып табылады. Мұндай ірі сауда орталықтарында тікелей тауар сатуымен қатар басқа ойын-сауықтыру шараларын үсынады, осыңан лайықты олардың демалу объектілері бар. Мысалы, «Мегацентр» ірі сауда орталығында кинотеатр, роликті коньки тебетін алаң, кафелер т.с.с. объектілер бар.

Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан аймағы батыс бөлігінің орталығы есебінде қарастыруға болады, жоғарыда көрсетілгендей мұнда өнеркәсіп орындары, әлеуметтік-экономикалық объектілер жақсы дамыған. Жалпы қаланың территориясын сауда мақсатындағы рекреациялық территория есебінде қарастыруға болады.

2. Шымкент қаласының мәдени-тарихи рекреациялық объектілері. Рекреациялық ресурстар кешенінде мәдени-тарихи ресустар ерекше орын алады. Олар мәдени-тану рекреациялық іс-шараларын жүргізудің алғы шарттары болып табылады.

Мәдени-тарихи объектілер материалдық және рухани болып бөлінеді. Қоғамның әр бір тарихи кезеңінде дамуының өндіріс құралдарын және басқа да материалдық байлықтарды қамтитын жиынтықты материалдық мәдени-тарихи объектілер деп аталды. Қоғамның білімде, ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмірді ұйымдастыруда, еңбектегі және түрмыстағы жетістіктер жиынтығын рухани байлықтар деп аталады.

Мәдени-тарихи объектілер арасында тарихтың және өнердің ескерткіштері жетекші роль атқарады. Олар жоғары деңгейдегі сүйкімділігімен сиптталады, оның негізінде танулық-мәдени рекреацияның тұтынушылығын қанағаттандырудың басты құралы болып келеді. Ескерткіштердің негізгі белгілері негізінде 5 негізгі түрге бөледі: тарихи, археологиялық, архитектуралық, өнердің, құжатты ескерткіштер.

Шымкент қаласының тарихи ескерткіштері. Тарихи оқиғалармен, қоғамның, ғылымның және техниканың дамуымен, мәдениет және тұрмыспен, көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің өмірімен, халық батырларымен, ғылым, әдебиет және өнер қайртакерлерімен байланысты ғимараттарды тарихи ескеркіштер деп атаймыз. Шымкент қаласында мұндай ескерткіштер көп болмағанымен облыстың тарихын ашып көрсететін бірталай ескерткіштер бар, мысалы өлкетанулы мұражайдың жанындағы облыс территориясына келген бірінші трактор, Ұлы Отан соғысы кезінде Шымкент қаласында орналасқан оқу авиаполкіне арналған, Ордабасы алаңындағы ескерткіш-самолет, қаланың орталығында, Кен-баба саябағының солтүстік шетінде орналасқан ХVI – ХІХ ғасырлар бойы әрекетте болған және қазіргі таңда жақсы сақталған Керуен сарайы бар т.б.

Шымкенттің археологиялық ескерткіштері қаланың ескі орталығында орналасқан. Мұнда бірнеше археологиялық қабаттардан тұратын төбе орналасқан. Археологтардың пікірі бойынша Шымкент қаласы шамамен VI – ХІІ ғасырлар аралығынла пайда болды. Дегенмен, Шымкент қаласының төбешілігінде қазба жұмыстарын жүргізу барысында қаланың жасын дәлелдейтін артефакттар табылмады. Қазіргі таңда ол төбенің шығыс бөлігінде бірнеше құрылыстар құрылып саябақ объектіне айналуда. Бұл терретория қаданың оңтүстік-шығысында, Қошқарата өзенінің жаға бойында орналасқан.

Қала әкімшілігінің жоспары бойынша мұнда қала түрғындары демалатын рекреациялық объектке айналу керек еді, бірақ әр түрлі себептермен ол мәселе орындалған жоқ. Қазіргі таңда ол учаске қала әкімдігінің есебінде, бастапқы кезде көгалданыдыру жұмыстары жақсы жұріп отырды, соңғы жылдары саябаққа қатынасы өзгерді.

Саябақтың территориясы салыстырмалы үлкен, жалпы жер көлемі 9 гектар шамасында, басты қақпасы шығыста орналасқан, кірер жерінде Қабанбай батырға ескеркіш орнатылған. Саябақтың, солтүстік-шығыс және шығыс шеттері, бекініс қабырғасы түрінде құрылған. Ол қабырға Ордабасы алаңына шығып әскери самолет ескерткішіне тіреледі, соның шетінде төбеге қарай арнайы саты орналасқан. Солтүстік тарапынан саябақ шектелмеген, тікелей саябақтың территориясына жеке адамдырдың үйлері орналасқан.

Төбенің батыс бөлігі ежелгі археологиялық қабаттардан тұратын зерттеу объекті болып табылады. Қазіргі таңда археологиялық зерттеу жұмыстары тоқтатылған (консервациялаңған). Төбенің ең биік жерінінен солтүстік бағытқа қарай қаланың біраз территориясы алақанда орналасқандай болып көрінеді.

Шымкент қаласының архитектуралық ескерткіштері. Шымкент қаласында ежелгі кезден қалған архитектуралық ескерткіштер жоқ, жоғарыда көрсетілген кеш Орта ғасырлар кезеңінде салыңған Керуен сарайы бар. Сыртқы көрінісі бойынша ғимарат ХІХ ғасырдағы орыс саудегерлер құрылыста қолданған архитектурасына ұқсас. Керуен сарай қазіргі Кен-баба деп аталатын этнографиялық саябақтың солтүстік-шығыс бетінде орналасқан, әрі осы саябақтың құрылымына жатады. Керуен сарайы орталықта орналасқандықтан қаланың кез келген жерінен қалалық көлік бар.

Шымкент қаласы қазіргі таңдағы, әсірісе кеңес кезеңіндегі архитектуралық орындарға салыстырмалы бай болып келеді. Атап айтқанды, қаланың орталық әл-Фараби атындағы алаң, Фосфоршылар сарайы және оның алаңы, жаңадан құрылыған Қонаев атындағы даңғыл және оның бойындағы ғимараттар.

Кеңес кезеңіндегі архитектура еуропалық деңгейден төмен болды, дегенмен Шымкент қаласының орталығы Қазақстан Республикасындағы барлық облыс орталықтарынан ерекше болып тұрады.

Рекреациялық көз қарастан бұл ескерткіштер көлік жағынан тиімді орналасқан, қаланың ішіндегі қалалық көлік маршруттардың қиылысқан жерінде. Әл-Фараби атындағы алаңда қаладағы барлық салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Алаң қаланың қазіргі орталығында орналасқан, оның үстімен автокөлік жүреді, ал мейрам күндері автомобиль қозғалысы тоқтайды. Алаң солтүстік-шығысында Бауыржан Момышұлы даңғылына және Түркістан көшесіне, ал оңтүстік-батыста Айбергенов және Жангельдін көшелеріне жалғасады. Алаңның үстінен қалалық машруттар өтпейді. Мейрам күндері қызмет көрсету объектілері, уақтыша азықтандыру орындары түрінде болады. Осындай салтанатты күндері алаңға мыңдаған рекреанттар келеді, алаңда концерт, түрлі өнерлік көріністер болады. Яғни алаң дәстүрлі мейрамдар өткізетін рекреациялық объект болып табылады.

Алаңның солтүстік-батысында Ж. Шанин атындағы облысттық драма театры орналасқан. Оның артында «Қиял әлемі» деп аталатын техносаябағы орналасқан.