Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризмдегі сервистік.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.41 Mб
Скачать

2.3 Кішігірім қонақ үй іс-әрекетін ұйымдастыру және оның спецификасы

Қонақ үй шынжырлары демалудың немесе қызметтің жоғарғы деңгейін ұсынады деген түсінік қате, себебі қазіргі таңда мұндай қонақ үйлер туристің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, яғни кішігірім қонақ үйлердің дамуына жол ашады. Мамандардың айтуы бойынша кішігірім қонақ үйлер ХХ ғ типтік жүйедегі қонақ үй болып табылады. Ыңғайлы, демалуға немесе жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Қызмет бағасы қымбат емес.

Соңғы жылдары маркетингтік зерттеу бойынша кішігірім қонақ үйлер көш басшы болып табылады. Бұл қандай категориядағы отелдер? Және мұндай болуының себебі неге байланысты? Деген сұрақ туындайды. Қазіргі таңда орналасу орындарын көлемі бойынша халықаралық немесе ұлттық жіктеу нормасы жоқ.

Тәжірибе бойынша қонақ үйді төрт категорияға бөлеміз. Кішігірім қонақ үй (150 номерге дейін), орта (151-300 номерге дейін), ірілері(301-600номерге дейін) және қонақ үй гиганттары (600номерден жоғары). Әр елде жақша ішіндегі сан әр-түрлі болуы мүмкін. Еуропаның кішігірім қонақ үйлері 50 номерге дейін болса, Америкада 150 номерге дейін саналады. Мұндай қатынаста Қазақстан Еуропаға жақын. Қазір Қазақстанда кішігірім қонақ үйлерге 10 нан 100 номерге дейінгілері жатады.

Кішігірім қонақ үйлер әр клиентке тез үйренеді. Клиенттің ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасайды. Кішігірім қонақ үйлер жұмсақ жүйені қолдану арқылы әр-түрлі жеңілдіктерді ұсынады. Үлкен қонақ үйге барғаннан гөрі кішігірім қонақ үйлер клиентке ыңғайлы, әрі пайдалы. Осылардың барлығы мұндай кәсіпорын түрлерінің нарықта тұрақты және қарқынды дамуына әкеліп соғады. Мұндай қонақ үйлер рентабелді болуы үшін жанжақты дайындалған мамандары болуы керек. Оларға шығынды азайту басты проблема болып отыр. Шығындарды азайту үшін өздері сияқты қонақ үйлермен бірігу, өнімді көтерме бағада сатып алу. Маркетингтік анализ т.с.с. жүргізу керек.

Барлық қонақ үйлер сияқты кішігірім қонақ үйлерде кластарға жіктеледі.

1. «Люкс» отельдері; персоналдың көп болуымен және клиентке жоғары дәрежелі қызмет көрсетумен сипатталады. «Люкс» қонақ үйі қаланың орталығында немесе табиғаты жақсы жерде орналасады. Орналасу және қызмет бағасы өте жоғары. Бағасы сапасына сай келеді. Бөлмелер қымбат, мықты заттармен, жоғарғы технологиямен жабдықталған. Мұндай қонақ үйдің қызметін іскерлік мақсаттағы туристер, корпорация басшылары т.с.с тұтынады.

Мысалы, мұндай қонақүйге Алматыдағы «Кумбель» қонақүй комплексін жатқызуға болады. Жалпы 17 номері, 8 люкс номері бар. 2002 жылы ашылған. 2 орынды номер бағасы 100-150$ тәулігіне, ал люкс номерлер тәулігіне 300-330$ болады.

2. Жоғары кластағы отельдер. Қала төңірегінде орналасқан, білікті персоналмен қамтылған болады. Қызметтің көп түрін ұсыныды. Қызмет бағасы орташадан жоғары. Бөлмелер қымбат жиһаздармен жабдықталған болады. Отельде ресторан орналасқан. Мұндай отельдерге әдетте бизнесмендер, туристер келеді.

3. Орта кластағы отельдер. Қала маңында орналасады. Ұсынуға тиісті қызмет түрін ұсынады. Тарифтер орта деңгейде болады. Басқару командасы жақсы дайындықтан өткен.

4. Экономикалық кластағы қонақүй Қалаға жақын жерде орналасқан немесе жол бойында орналасады, себебі қалаға тез жету үшін. Мұндай қонақүйлерде баға орта деңгейге қарағанда 30-50% төмен болады. Бұл қонақүйлер бизнесмендерге. Туристерге арналған.

Кішігірім қонақүйлердің ыңғайлылығы мен тартымдылығына қойылатын талаптар:

1) Қоршаған ортаға ыңғыйластырып, жергілікті жердің немесе табиғи ланшафттың ерекшеліктеріне теріс келмеуі керек.

2) Ғимарат конструкциясы табиғи-климаттық факторларды ескеріп құрылуы тиіс, теңіз немесе басқа су қоймаларының жақындығы, желдің бағыты мен жылдамдығы т.б.

3) Қонақүй ғимараты эстетикалық, экологиялық, техникалық, санитарлы-гигиеналық нормаға сай болуы керек.

4) Қолдану режимі, жыл бойы немесе маусымдығына байланысты қонақүй көлемі мен биіктігі сәйкестендіріліп соғылады.

5) Қонақүй интерьері ыңғайлы және эстетикалық көріністе болу керек.

6) Қонақүй құрылысын жасауда мүгедек адамдардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс, арнгайы жабдықталған номерлер, лестница, дәретхана, жуынатын бөлмелердің орналасуын ескеру керек.

7) Қонақүй қызметі автоматтандырылған жүйемен жабдықталуы тиіс. Брондау, билеттерді резервтеу, компютерлік басқару.

8) Клиенттердің қауіпсіздігі әртүрлі жолдармен қамтамас етілуі тиіс. Ішкі электронды сейфтар, электронды құлптар және т.б. қорғау құралдары.