Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризмдегі сервистік.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.41 Mб
Скачать

Іі.2 Климатты және беткі сулары.

Шымкент қаласы қоңыржай беледуінің оңтүсті бөілігнде орналасқан, ал кейбір авторладың пікір бойынша Қазығүрт таулары қоңыржай белдеуі мен қүрғақ материктік субтропиктік белдеулер арасындағы маңызды климаттық шекара болып келеді.

Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы әкімшілік облыстары орталықтары арасындағы ең оңтүстікте орналасқан, сондықтан термикалық режимі өте жұмсақ болып табылады.

Қаланың және оның маңыдағы территориясының климатына маңызды әсер ететін ауа массалыр басым осы аймақта пайда болады, яғни жергілікті циклогенез өте күшті болады. Оның басты себебі мұнда таулы климаттың ықпалы басым.

Қысқы маусымда Шымкент қаласы орналасқан территориясына солтүстіктен келетін трансофрмациялаңған арктикалық ауа массалырынң ықпалы болады, бірақ ол ауа массалары аса күшті өзгертілген сондықтан ауа температурасы маңызды төмендемейді. Солтүстіктік тарапынан қаланы Қаратау жотасы суық ауа массаларынан қорғайды. Қаланың метеорологиялық станциясының көрсеткішері бойынша желдің орташа жылдамдығы №1 кестеде көрсетілген.

1 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының желдің орташа айлық және жылдық көрсеткшітері (флюгердің биіктігі 10,0 м).

(Справочник по климату Казахстана. Многолетние данные 1971 – 2000г.Г. Алматы. 2004., бойынша).

№№

ай

желдің орташа айлық жылдамдығы, м/сек

1

қаңтар

1,8

2

ақпан

1,8

3

наурыз

2,1

4

сәуір

2,4

5

мамыр

2,2

6

маусым

2,0

7

шілде

2,0

8

тамыз

2,0

9

қырқүйек

1,7

10

қазан

1,6

11

қарашы

1,5

12

желтоқсан

1,5

желдің жылдық орташа жылдамдығы

1,9

Шымкент қаласында басым жергілікті циклогенез болуына байланысты жазғы және қысы маусымда, мұнда таулы-аңғарлы желдер басым болады. Өтпелі маусымдарда ауа температурасының кескін өзгеруіне байланысты, жергілікті ауаның қозғалу жылдамтықтары кейбір кезде үлкен көрсеткіштерге жетеді, кейбір жағдайда оның көрсеткіштері 30 м/сек жетеді. Осы кезде желдің күші жағымсыз салдарына келтіру мүмкін, ескі немесе ауру болған ағаштар кұлап калу, электр желісі орнатылған тіреу столбалар қирап қалады.

Жазғы маусымда қала территориясында Қызылқұм шөлінде орналасқан антициклонның ықпалы аса маңызды. Сондықта, жазғы шілде және тамыз айларында түрақты бұлтсыз, өте ыстық ауа райы орнатылады. Қала үстінде жазғы ауа раы орнатылуда тау-аңғарлы желдердің маңызы өседі, ауаның осындай қозғалуы, белгілі бір деңгейде желдің жылдамдығы көтереді, соның салдарынан жазғы маусымның желдің жылдамдығы қысқы маусымға салыстырғанда жоғары болады.

Қаланың термикалық режимі ауаның қозғалуына тәуелді, дегенмен, Қазақстанның басқа қалаларына салыстырғанда Шымкент қаласының географиялық оңтүстікте орналсқандығы, ауа температурасы жоғары болуының басты себепшісі болып табылады. Шымкент қаласының ауаның орташа температурасы № 2 кестеде көрсетілген.

2 кесте. Шымкент қаласы метостанциясының орташа айлық және жылдық ауаның температурасы.