Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризмдегі сервистік.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.41 Mб
Скачать
  1. Түркістанның туристік бағыттары

Түркістан қаласы мен Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштерге бай екенін, өзіндік табиғатын және географиялық орналасу ерекшелігін ескере отырып, қазіргі таңда бұл аймақта туризмнің тарихи - өлкетанушылық экологиялық салаларын, келешекте этнотуризмді дамытуға болады.

Тарихи-өлкетанушылық туризм. Туризмнің бұл саласының негізгі мақсаты сыртқы, ішкі туристерге және жергілікті халыққа Түркістан қаласы мен Түркістан аймағымен бай тарихымен жан-жақты таныстыру.

Тарихи-өлкетанушылық туризмді келесі бағыттар бойынша ұйымдастыруға болады:

  • Түркістан рухани астана

  • Түркістанның алтын сақинасы

  • Қаратау ескерткіштері

  • Транзиттік бағыт

  • Түркістанның киелі орындары

  • Оңтүстіктің алтын шеңбері

  • Түркістанның киелі орындары

2,1 Түркістан Рухани Астана бағыты туристер мен өлкетанушыларды Түркістан қаласының тарихымен, онда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштермен таныстырады, Түркістан жерленген тарихи тұлғалар туралы қысқаша түсініктеме береді. Бұл бағытқа кіретін ескерткіштер:

- ежелгі Күлтөбе қаласы

- ортағасырлық Түркістан қаласы

- Қожа Ахмет Ясауи кешені

- Есімхан кесенесі

- Рабия Сұлтан бегім кесенесі

- Қылует жер асты мешіт музейі

- Ортағасырлық монша

- Құмшықата жер асты мешіті

- Түркістан тарихи музейі

- Әль-Қожа ата кесенесі

- Гауһар ана кесенесі

- Түркістан қаласындағы тарихи орындар мен ғимараттар

- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік университеті

- Ғылым орталығы, Археология музейі

Ежелгі Күлтөбе қаласы (I мың жыл, ортасы-XIVғ.) кейінгі ортағасырлық Түркістан қаласының шығыс бөлігінде, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің 350 м жерде орналасқан. Жоғарғы қабатының тарихи белгілері бұзылған. Ескерткіштің көлемі 120х150м, биіктігі 9м. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Күлтөбеден Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихын дәлелдейтін деректер табылған.

Ортағасырлық Түркістан қаласы (XV-XIXғғ) Түркістан қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қала цитадель, шахристан және рабаттан тұрады. Цитадельден батыс және оңтүстік-батыста жобасында төртбұрышты болып келген шахристан орналасқан, оның көлемі 23,5 га (350 х 670м). Солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары салынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 км ге жуық. Стратиграфиялық зетттеулер бойынша қала цитаделі Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVIғғ. кесененің батыс жағында шахристан пайда болған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (XII-XIVғғ) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, XII ғ. өмір сүрген ұлы ақын, йсауийа тарикатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің бейітінің үстіне ХІV ғ соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл ғимарат өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстарының бірі.

Кесененің көлемі 60х50 м, биіктігі 38 м. Ахмет Ясауи ғимамараты көп функционалдық құрылыс болып табылады. Оның негізін жамағатхана, қабырхана, мешіт, үлкен және кіші Ақ сарай, кітапхана, асхана, құдықхана және хужра бөлмелері құрайды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш.

Есімхан кесенесі (XVIIғ) Есімхан кесенесі жобасында төртбұрышты құрылыс. Оның фасаттары сырлы плиткалармен қапталған. Құрылыстың сағана бөлігі сақталынған. Архитектуралық, археологиялық зерттеулерге қарағнда бұл құрылыс XVII ғ. салынған. Кесенеге белгілі қазақ ханы, кейінгі ортағасырлық Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері Есімхан (1598-1628жж) жерленген.

Рабия Сұлтан бегім кесенесі (XVғ) Рабия Сұлтан бегім кесенесі жобасында төртбұрышты. Ол ішкі сегіз қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғ. бастап кездеседі. Рабия Сұлтан бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Абілқайырдың әйелі болған.

Қылует жер асты мешіт (XII - XIX ғғ) Қылует жер асты мешіті Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікте, 150 м жерде орналасқан. Қылует жер асты мешітінің салынуын Ахмет Ясауи атымен байланысты. XII-XIX ғғ аралығында салынған құрылысты XX ғ 40-шы жылдарында толығымен бұзып қыштарын зауыт салуға қолданған. Археологиялық архитектуралық зерттеулермен 1941 жылы жасалынған макетке сүйенен отырып Қылует жер асты мешіті толығымен қалпына келтірілген.

Құрылыстың ең көне бөлігі - ғархана (XIIғ) бөлмесі болып табылады. Жер бетінен 4 метр тереңдікте орналасқан бұл бөлменің көлемі 1,5 х 1,5 м, биіктігі 1,6 м. Аңыз бойынша Ахмет Ясауи пайғамбар жасына (63 жас) толған соң қалған өмірін осы бөлмеде өткізген. Екінші құрылыс кезеңіне (XV-XVIғғ) жамағатхана, мешіт, дәретхана шаруашылық бөлмелері жатады. Ал XVIII-XIX ғғ құрылыстың солтүстік жағына басқа қосымша бөлмелер салынған.

Ортағасырлық монша (XVIғ) Ортағасырлық шығыс моншасы Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік шығыста, 150 м жерде орналасқан, жеті бөлмеден тұрады. Монша 1978 ж. дейін жұмыс істеп келген, 1979 ж. бастап оның негізінде Шығыс моншасы музейі ашылған.

Құмшықата жер асты мешіті (ХІІғ) Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстік-шығыста, 1 км жерде орналасқан. Жер асты мешіті сопыларлың діни- ғұрыптық құрылыстары қатарына жатады. Күйдірілген қышпен салынған. Құрылыс екі бөлмелі, түпкі бөлме төртбұрышты өлшемі 2х2 м, биіктігі 1,6 м, ол дәліз арқылы диаметрі 2,5, биіктігі 2 м дөңгелек бөлмемен байланысқан.

Түркітан тарихи музейі. Музей 2000 ж. ашылған. Музей орналасқан ғимарат XIX ғ соңында салынған әскері хазарма болған. Түркістан тарихи музейінің экспозициясы 8 бөлімнен тұрады:

  1. Тас, қола және ерте темір ескерткіштері

  2. Түркі кезеңіндегі Түркістан оазисі

  3. Шауғар қаласы

  4. Ясы қаласы

  5. Қожа Ахмет Ясауи – «Түркістан пірі»

  6. Ескі Түркістан қаласы

  7. Түркістан - Қазақ ханлығының астанасы

  8. Түркістан –түркі дүниесінің рухани орталығы

Әл-Қожа ата кесенесі (XIIғ) Алғашқы құрылысы ХІІ ғ. салынған. Кесене толығымен қайта қалпына келтірілген. Аңыз бойынша Әл-Қожа ата Ахмет Ясауидің күйеу баласы болған.

Гаухар ана зираты (XIIғ) Түркістан қаласынан оңтүстік-шығыста 1 км жерде орналасқан. Аңыз бойынша Гаухар ана Қожа Ахмет Ясауидің қызы болған.

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. 1991ж. Түркістан университеті болып ашылған.

1993 ж. Қазақстан мен Туркия президенттерінің шешімімен ол Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылған. Қазіргі таңда, оның Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы, Кентау институттары мен Анкара бөлімі бар.

Ғылым орталығы,Археология музейі. Ғылым орталығы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының шешімімен 2001 ж. ашылған. Орталық Түркология, Эколгия институттары Археология ғылыми-зерттеу орталығы және Баспа бөлімінен тұрады.

Археология музейі университеттің бас ғимаратында орналасқан, экспозициялық алаңы 200 м кв. Музей экспозициясы 4 бөлімнен тұрады:

  • Тас ғасыры

  • Қола ғасыры

  • Ерте темір ғасыры

  • Орта ғасырлар

2,2 Түркістанның Алтын Сақинасы бағытының ұзындығы 200-210км, автокөлікпен (автобус, РАФ, УАЗ, Нива) жүруге арналған. Бағыттың мақсаты туристерді, өлке танушыларлы Түркістан аймағында орналасқан археологиялық ескерткіштермен таныстыру. Түркістан қаласынан көлікпен шыққан туристер тас ғасырының Шоқтас тұрағында, ерте Темір ғасырының Әшір, Хантағы обаларында, Хантағы төрткүлінде, ортағасырлық Ішкент, Сауран, Сидақата, Қарашық қалаларында болып, оларда дүргізіліп жатқан қазба жұмыстарымен танысып, Түркістанға қайтып келеді.

Шоқтас тұрағы Түркістаннан 25 км солтүстік-шығыста, Кентау-Ащысай жолының жағасында орналасқан төменгі ерте тас ғасырының бұлақ басында орналасқан. Бұл тұрақ Қазақстан мен Орталық Азияда сирек кездесетін ескеркіштердің бірі. Шоқтас тұрағында бірлескен Қазақстан - Ресей ғалымдары жүргізген қазба жұмыстарының кезінде тастан жасалынған еңбек құралдыр мен әр түрлі жануарлардың сүйектері табылған. Шоқтас тұрағы қазақ жеріндегі ең ежелгі ескерткіштердің бірі.

Ерте темір ғасырының Әшір обалары қорымы Хантағы ауылынан солтүстік-шығыста 3,2 км жерде, Хантағы өзенінің оң жағалық жарқабағында орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обалар оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Қорымның солтүстік шығысындағы биік төбенің үстінде тұрған хан обасының аумағы 36 м биіктігі 6 м.

Ерте темір ғасырының Хантағы обалар қорымы Хантағы ауылынан солтүстік шығыста 6,5 км жерде, өзеннің жағасында, Хантағы тауының етегінде орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обалардың аумағы 4-12 м, биіктігі 0,2 -1,3 м.

Хантағы төрткүлі (VIII-XIIғғ.) Хантағы ауылының солтүстік шетінде орналасқан. Бұрыштары дүниенің төрт жағына бағытталған төрткүлдің көлемі 100х120 м, қамалының биіктігі 3 м, ені 8-10 м.

Ортағасырлық Ішкент (VII-XVIIІғғ.) қаласы Қарнақ ауылында орналасқан, жазба деректерде Махмұт Қашқариден (XІғ), бастап кездеседі. Жобасында трапецияға ұқсас шахристанның көлемі 100х150 м, биіктігі 1-1,5 м, оның солтүстік- батыс бұрышында орналасқан цитадельдің көлемі 60х70 м, биіктігі 5-7 м .Қожа Ахмет Ясауи кешеніндегі Тайқазан XV ғ осы қалада құйылған.

Ортағасырлық Сауран қаласы (XIII-XVIIIғғ) Түркістаннан 40км солтүстік-бастыста Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының шекарасында, Сырдарияның оң жағасында 8 км жерде орналасқан.

Қазіргі күнде ортағасырлық Сауранның орны солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай – 800 м-ге, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай - 500м-ге созылып жатыр, биіктігі 2 м. Қаланың пахса мен кесектен қаланған қамалының қазіргі биіктігі 3-6 м, оны сырттай терең ор қоршаған. Осы ор туралы XVI ғ, өмір сүрген Хафиз- и Таныш былай деп жазған: «Қаланы қоршаған ордың кеңдігі мен тереңдігі сондай, оны өзен деп қаласын». Қалаға кіретін солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс қақпалар бүгінгі күнде ұзындығы 20м келетін коридор тәрізді болып жатыр, оларды жан-жағынан мұнаралар қоршаған. Қала қамалының ішіндегі көшелер мен тұйықтарды жағалай салынған көптеген құрылыс қалдықтары сақталған. Ортағасырлық деректерде Сауран қаласындағы медресенің жанында, ерекше техникалық тетіктердің арқасында щайқатылып тұратын екі мұнара болғаны айтылған. Осы мұнаралардың XIX ғ. 70-жылдарына дейін сақталғаны деректерден белгілі, бірақ өкінішке қарай бірде-бір деректе мұнаралардың нақты орналасқан жері көрсетілмеген. Кейбір зерттеушілердің пікіріне қарағанда, өз заманындағы таңғажайып құрылыстардың бірі болған қос мұнара қаланың шығыс бөлігіндегі күйдірілген кесектен қаланған құрылыс қалдықтары жатқан жерде орналасқан болса керек. Дегенмен бұл таңғажайып мұнаралардың нақты орналасқан жері келешекте жүргізілетін археологиялық қазба жұмыстары кезінде ғана анықталуы мүмкін.

Сауранның төңірегіде кең алқапты алып жатқан қала аймағы, бау-бақша болғаны белгілі. Ұшақтан түсірілген суреттер бойынша қала аймағында 320-ға жуық қора-жайлы жер бөліктер есепке алынған. Қалаға және оның аймағына су Сырдариядан тартылған арықтармен және кәріз арқылы әкелінген. XVI ғ авторы Васифидің айтуына қарағанда басын Саураннан 7 км солтүстік жердегі Міртөбеден алатын кәрізді қазуға үнділік 200 құлдар қатысқан. Сауранның кәріз жүйесінің бір қатары осы уақытқа дейін сақталған.

2005 жылдан бастап ортағасырлық Сауран қаласында республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша кең көлемде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде қаланың орталық бөлігінен мешіт, медресе және солтүстік -шығыс қақпасының бірнеше тарихи кезеңдегі қалдықтары мен оған кіретін тас жолы ашыла бастады.

Ерте ортағасырлық Сидақата қаласы (I-VIIIғғ) Түркістаннан 18 км солтүстік-батыста, Қызыләскер ауылынан 2 км оңтүстікте орналасқан. Қаланың жалпы көлемі 9,1 га, жобасында алты бұрышты болып келген шахристанның көлемі. 6,2 га, оның ең биік жерінде орналасқан цитаделінің көлемі, 80х140м, биіктігі 14 м.

Қаланы сырттай қоршап жатқан жатқан 10-70 м келетін ордың ұзындығы 1270 м. Сидақата қаласының әртүрлі бөліктерінде 1998, 2002-2005 жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барысында оның I-VIIIғғ. аралығында өмір сүргені анықталып, көптеген бөлмелер, құрылыс қалдықтары ашылып әртүрлі археологиялық заттар табылған.

Ортағасырлық Қарашық қаласы (VI-XIV ғғ.) Түркістанан 8 км солтүстікте, Қарашық өзенінің оң жағасында орналасқан, ол орталық бөліктен (шахристан, цитадель,рабад) және шаруашылық аймағынан тұрады. Шахристанның көлемі 220х135-200 м, биіктігі 8-9 м.Оның солтүстік-батыс бұрышында орналасқан цитадельдің көлемі 40х-40 м, биіктігі 1,5-2 м. Шахристанды қоршаған рабадтың көлемі 400х460м, биіктігі 3-4 м. Қаланың орталық бөлігін сырттай қоршап жатқан шаруашылық аймағы кең алқапты қамтығын, оны қоршаған қамал құландысының ені 10-12 , биіктігі 2-3 м.

2001-2003 жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тұран археолгиялық экспедициясы Қарашық қаласының цитаделінде кесік салып, оның VI-XIV ғ. кезінде өмір сүргенін анықтап цитаделдің жоғарғы қабатынан X-XIV ғ, кезіндегі құрылыс қалдықтарын ашты. Рабадтың қамалына салынған кесіктен IX-Xғғ. кезінде әбзелдерінен жерленген жылқының сүйегі табылды. Шаруашылық аймағында жүргізілген қазбадан XIII-XIV ғғ кезіндегі бөлмелер, үй орындары мен ыдыс күйдіретін құмдандар кешен ашылды.

2.3. Қаратау ескерткіштері бағытының мақсаты туристер мен өлкетанушыларға Қаратаудың оңтүстік батыс беткейіндегі Біресек, Үшөзен, Қызылата мен Өгізтау шатқалында орналасқан археологиялық ескерткіштерді таныстыру. 3-4 күндік бағыттың жалпы ұзындығы 400-450 км. Бұл бағыт автокөлікпен және жаяу жүретін туристерге арналған. Қаратау ескерткіштерімен танысу Біресек, Үшөзен, Қызылата жіне Өгізтау бағыттары бойынша іске асырылады.

3.1. Біресек бағытының ұзындығы 100 км. Осы бағытпен жүрген туристер Біресек өзені мен оның салалары бойында орналасқан археологиялық ескерткіштермен танысады.

Ерте темір ғасырының Алмалысай обалар қорымы Біресек ауылынан 8,7 км солтүстік шығыста, өзеннің жағасында орналасқан.Тастан үйілген обалардың аумағы 8-20 м, биіктігі 0,4 -2,5 м.

Алмалысай елді мекені (VI-IХғғ.) Біресек аулынан 9 км солтүстік шығыста, өзеннің оң жағасында орналасқан. Төртбұрышта елді мекенінің көлемі 30х32 м, биіктігі 1,5-2 м.Оның оңтүстік беткейіндегі қабырғалары тастан қаланған үш бөлмелі құрылыстың көлемі 14х6 м ал солтүстік беткейіндегі құрылыстың көлемі 15х5 м.

Алмалысай елді мекені Түркістаннан шығып Қаратау арқылы Созаққа өтетін, Біресек өзенін жағалып жүрген ортағасырлық керуен жолының бойында орналасқан.

Ерте темір ғасырының Біресек обалар қорымы Біресек ауылынан солтүстік шығыста 10-18 км аралықта бірнеше топ болып Есекбел, Есіркеп,Теректі деп аталатын жерлерде шоғырланған. Обалар тастан үйілген аумағы 6-20 м, биіктігі 2,4-2,8 м. Есекбел обалар тобындағы екінші обаның аумағы 12 м, биіктігі 3 м, осы обада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде үйілген тастың астынан көлемі 2,3 х 2,4 м келетін, қабырғалары тастан кұм безделіп қаланған құрылыс ашылды. Оның биіктігі 2 м, ені 0,5 м келетін есігі оңтүстік қабырғасында орналасқан. Құрылысты ашу кезінде ыдыс сынықтары табылды. Бұл оба ерте заманда-ақ тоналған.

Есекбел бекінісі (VI-IХғғ,) Біресек ауылының солтүстік шығысынан 11 км жерден, өзеннің оң жағасындағы биік төбеде тұрған, көлемі 50х56 м, биіктігі 10-12 м келетін жартастың үстіне салынған. Бекіністің солтүстік бөлігінде биіктігі 3 м, көлемі 10х12 м келетін қарауыл мұнарасы бөлігіне тастан қаланған есік арқылы шығуға болады. Есекбел бекініс Біресек өзені арқылы өтетін ортағасырлық керуен жолын бақылап тұруға өте қолайлы жерге салынған, онан Біресек өзенінің шатқалы бірнеше км жерге дейін көрінеді.

Жыңғылшық тасқа салынған суреттері (Қола, ерте темір ғасыр) Біресек өзенінің саласы Жыңғылшық өзенінің оң жағасындағы тасқа салынған суреттерді 1982 ж археолог З.С. Самашев ашып, зерттеген. Жыңғылшықтағы тасқа салынған суреттерді 2001-2002 жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тұран археологиялық экспидициясының тасқа салған суреттертді қайта зерттеп олады суретке түсіріп, көшірмесін сызды. Суретерде «құс тұмсықты бұғылар», түйе, тау ешкілері, жылқылар, бұқа турлар, күн бейнелері, антропоморфты бейнелер салынған.

3,2 Байылдыр бағытының ұзындығы 130км. Осы бағытпен жүрген туристер Байылдыр өзені мен Ашаның археологоиялық ескерткіштерімен танысады.

Ортағасырлық Аша қаласы (VI-XIIғғ) Аша ауылынан 1,3 км оңтүстікке, Байылдыр ауылынан 12,7 км солтүстік-шығыста, Байылдыр өзенінің сол жағында орналасқан. Қала екі бөліктен тұрады оның оңтүстік бөлігінің көлемі 130х115 м, биіктігі 13 м, ал ортасын 3 м сай бөліп жатқан солтүстік бөлігінің ұзындығы 130 м, ені 7м, биіктігі 8 м. Ортағасырлық Аша қаласы Байылдыр өзенін жағалап барып, Аша арқылы теріскейге өтетін керуен жолының бойында орналасқан.

Аша бекінісі (XV-XVIғғ) Аша ауылынан 1 км оңтүстік-батыста, Байылдыр ауылынан 12,8 км солтүстікте, Байылдыр өзенінің оң жағасындағы биіктігі 180 м келетін оңтүстік және солтүстік жақтары тік болып келген таудың үстінде орналасқан. Оны қоршаған тас қаландының ені 1-1,5 м, биіктігі 1-2 м. Тас қаландының солтүстік және солтүстік-батыс жақтары бұзылып кеткен.

Ерте темір ғасырының Бозбұтақ обалар қорымы Аша ауылынан 1-2,4 км солтүстік-батыста орналасқан. Тастан үйілген обалардың аумағы 6-15 м, биіктігі 0,3-1,3 м.

Ерте темір ғасырының Балағайып обалар қорымы Аша ауылынан 1 км солтүстікте, Байылдыр өзенінің жағасындағы Балағайып үңгіріне жақын жерде орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обалардың аумағы 7-16 м, биіктігі 0,6-2,5 м.

Тас қамал (XV-XVIғғ) Аша ауылынан 2 км солтүстікте Байылдыр өзенінің оң жағасындағы биік таудың басында орналасқан. Оның солтүстік, солтүстік-шығыс, оңтүстік жағы тік құлама құз болып келген, ал батыс жағы қалыңдығы 1,5-2 м келетін таспен қаланған. Тас қамал оның батыс жағынан ғана кіруге болады. Қамалдың ішінен ыдыс сынықтары кездеседі. Халық аузындағы аңыздарға қарағанда, ел басына күн туғанда халық осы қамалға шығып, оның есігін таспен бітеп қорғанған екен. Қамалдың бір жерінде шыңырау құдық болған деседі. Тас қамал Байылдыр өзенін жағалап барып, Аша арқылы теріскейге өтетін керуен жолының бойында орналасқан.

3,3 Қызылата бағытының ұзындығы 140км. Осы бағытпен жүрген туристер Қызылата өзенінің бойында орналасқан Қырыққыз, Балақорған қамалдарымен және ерте темір ғасырының обаларымен танысады.

Қырыққыз қамалы (XV-XVIғғ) Кентау қаласынан 16,9 км солтүстікте, Қызылата өзенінің сол жағасындағы биік төбеде орналасқан. Қалыңдығы 2 м келетін қабырғалары тастан қаланған. Олардың қазіргі сақталған биіктігі 2,5-3 м. Қамалдың ішінде көптеген бөлме орындары байқалады. Оған кіретін, екі жағы таспен қаланған есік шығыс қабырғада орналасқан. Батыс қабырғаның ішкі жағында бұлақ бар.

Балақорған қамалы (XV-XVI ғғ) Кентау қаласынан 17 км солтүстікте, Қызылата өзенінің сол жағасындағы биік жартастың үстінде орналасқан. Қамалдың қабырғалары тастан қаланға. Оның солтүстік жағында бірнеше бөлмелердің орны байқалады. Қамалға кіретін есік оңтүсік-шығыс бұрышқа жақын орналасқан.

Қырықсыз бен Балақорған қамалдары Түркістаннан шығып, Қаратаудың теріскей бетіне өтетін ортағасырлық Қызылата керуен жолының бойында орналасқан.

Ерте темір ғасырының Қырықсыз және Балақорған обалары қорымдары Кентау қаласынан 17,3 км солтүстікте, Қызылата өзенінің жағасында орналасқан. Тастан үйілген обалардың аумағы 4-15 м, биіктігі 0,5-1,2 м. Олар тізбектеліп оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.

3,4 Өгізтау бағытының ұзындығы 140 км. Осы бағытпен жүрген туристер Өгізтау шатқалында орналасқан археологиялық ескерткіштермен танысады.

Өгізтау қаласы (XV-XVI ғғ) Серт ауылынан 16,9 км солтүстік-шығыста, Қысқаша өзенінің сол жағасындағы беткейде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан, жобасында төртбұрышты болып келген қалашықтың көлемі 110х140 м, биіктігі 3-4 м. Оның қабырғалары тастан қаланған, бұрыштарында мұнара орындары байқалады, есігі батыс жағында орналасқан. Қаланың жобасында қабырғалары тастан қаланған ондаған бөлмелердің орындары байқалады.

Өгізтау қорымы (XV-XVI ғғ) Ортағасырлық Өгізтау қаласының солтүстік жағындағы беткейде орналасқан. Қорымды жеке-жеке және бір-біріне жақын орналасқан жобасында тікбұрышты және төртбұрышты қырынан көмілген тас қоршаулар бар. Олардың көлемдері 1,1х1,3м- ден 2,6-3,1 м-ге дейін келеді. Қоршаулар ретсіз орналасқан, кейбір қоршаулардың басына жобасында төртқырлы болып келген тас бағандар қойылған, осындай бір бағанның қырлары 22х27 см, биіктігі 1,4 м. Обадағы есепке алынған қоршаулардың саны 400-ден асады.

Өгізтау тас бекінісі (XV-XVI ғғ) Серт ауылынан 16,9 км солтүстік шығыста, тау шатқалындағы Үйрексу мен Қасқаша өзендерінің қосылар жерінің солтүстік-батысындағы жан-жағы тік Өгізтау жотасының үстінде, Өгізтау қаласынан 0,4 км шығыста, өзен деңгейінен 150 м биіктікте орналасқан. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатқан таудың сүйірленіп келген солтүстік-батыс бөлігіндегі көлемі 85х50м алаңды шығысынан оңтүстік-батысына қарай қоршап тұрған қамал тастан қаланған, оның жалпы ұзындығы 80 м, ені 1-2,2 м, сақталған биіктігі 0,5-2 м. Шығыс және оңтүстік батыс жағы тастан қаланған алаңның ортасындағы үйілген тастың аумағы 6 м, биіктігі 0,7 м.

Өгізтау елді мекені (VI-VIIIғғ) Қысқаша өзенінің оң жағасында, Өгізтау қаласынан 0,2 км оңтүстік батыста орналасқан. Жобасында алаңды төбе тәрізді болып келген елді мекеннің көлемі 35х55 м, оның алаңының биіктігі 2-2,5 м, төбесі 5м. Алаңның ортасындағы ойдың аумағы 15 м, тереңдігі 1м.

Ерте темір ғасырының Өгізтау обалар қорымы Серт ауылынан солтүстік шығысқа 11,2-16,8 км аралығында, Серт-Өгізтау жолының жағында орналасқан. Тастан тас аралас топырақтан үйілген обалардың аумағы 7-13 м биіктігі 0,3-1,3 м.

Ерте темір ғасырының Өтегенбұлақ обалар қорымының Серт ауылынан 17,8 км солтүстік шығыста, Қысқаша өзеннің сол жағасында орналасқан. Тастан үйілген обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан, аумағы 7-15 м, биіктігі 0,4-2,5 м. Кейбір обалардың солтүстік- батыс, оңтүстік-батыс бөліктерінде төртбұрышты қосалқы құрылыстары бар.

Ерте темір ғасырының Доланабұлақ обалар қорымы Серт ауылынан 19 км солтүстік-шығыста орналасқан. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген обаларың аумағы 6-15 м, биіктігі 0,2-0,9.

    1. Транзиттік бағыт

Түркістан қаласы арқылы автокөлікпен өтетін туристерге арналған бұл бағытың мақсаты-туристерге Түркістан қаласы мен Шымкент-Қызылорда жолының бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру. Бағыт екі күндік. Алғашқы күні туристерге Түркістан қаласында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер көрсетіледі, ал екінші күні Ортағасырлық Қарашық, Сидақата, Сауран қалалары көрсетіледі. Түркістан- Қарашық - Сидақата-Сауран бағытының ұзақтығы 60 км.