Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризмдегі сервистік.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.41 Mб
Скачать

Ііі.2 Шымкент қаласының және қала маңындағы рекреациялық ресурстары қалыптасуындағы экономикалық-географиялық факторлардың маңызы.

Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық-географиялық жағдайында ең маңызды облыс орталығының көлік магистральдардың қиылысқан жерінде, тау мен жазықтық, шөлейт және тау алды дала зоналар шекарасында орналасқандығы рекреациялық ресурстардың дамуына маңызды ықпалы бар.

Шымкент қаласы ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, қаланың ғысырлар тарихы бар. Қазіргі таңда қаланың үстінен Орта Азияны Орталық және Солтүстік Қазақстан арқылы Батыс Сібірмен, Шығыс Қазақстан арқылы Алтай және Кузбасспен байланыстыратын темір жол магистралі өтеді. Шымкент қаласымен Алматы – Термез стратегиялық автомобиль магистралі өтеді. Бұл автомобиль трассасы бойынша Қытайдан Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс елдерімен, Түркиямен, Оңтүстік Еуропа елдері арқылы Батыс Еуропа елдерімен транспорттық артериялар өтеді. Шымкент арқылы Ташкент – Самара деген, Орта Азия елдерін Батыс Қазақстан арқылы Ресей Федерациясының орталық аудандарымен байланыстратын авто магистралі өтеді. Демек, Шымкент қаласының маңызды көлік артериялары қиылысқан жерінде орналасқандығы қаланың жан-жақты дамуына алып келеді, яғни рекреациялық ресурстардың дамуына үлкен мүмкіндіктер бар.

Шымкент қаласы және қала маңындағы рекреациялық ресурстарды дамыту, рекреациялық объектілердің және территориялардың дамуына жалпы табиғат реурстардың аса маңызды ықпалы бар.

Рекреациялық объектілер мен территориялар үшін климаттық ресурстар маңызды болады. Шымкент қаласы және оның маңындағы территорияда климаттың рекреациялық көз қарасынан жағымды жағдайы, жазғы маусымда жоғары температуралар және жауын-шашынның аз болуы байқалады, яғни демалу үшін өте ыңғайлы жағдайлар.

Жақсы агроклиматтық жағдай қала маңы ауыл шаруашылығын дамытуға жоғары мүмкіндік береді. Нәтижеде қала және қала маңындағы рекреациялық объектілер мен территориялар ерте пісетін көкөніс пен жемістермен жақсы қамтамасызданған.

Таулы аудандарда орналасқан рекреациялық объектілер үшін таудағы мал шаруашылықтың өнімдерін тікелей жеткізуге болады, жергілікті фермелер рекреациялық объектілерді жылқы шаруашылығының сүт өнімдерімен қамтамасыздандырады.

Шымкент қаласы және оның маңындағы рекреациялық территориялар мен объектілер арасында салыстырмалы деңгейде жақсы автомобиль жолдары құрылған. Бұл мәселе қала маңындағы рекреациялық территориялар мен объектілерге тиеслі. Шымкент қаласы және оның маңындағы елді мекендер арасында қоғамдық көлік жақсы дамыған, мысалы, Тоғыз өзенінде орналасқан су қоймаға, жазғы маусымда Шымкент пен Ленгір қалалары арасындағы маршруттық микроавтобустар тасмалдайды.

Рекреациялық территориялар мен объектілер үшін және бір маңызды экономикалық-географиялық фактор – еңбек ресурстары, осы мәселе аса маңызды болып табылады. Жалпы демалу индустриясы осы салада жұмыс істейтін еңбеке ресурстарына жоғары талап қойылады. Рекреанттардың немесе демалушылардың көңілінен шығу үшін оның психологиясын, демалушының мінезіне қарай отырып оның талаптарын дүрыс түсініп, уақтында орындау қажет. Сондықтан туризм саласындағы, немесе рекреациялық территорияларда рекреациялық объектілерде басым шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс атқарады.

Шымкент қаласы және оның маңындағы рекреациялық территорияларды дамытуда қаланың Республика деңгейіндегі шаруашылық маңызы өте зор. Шымкент қазіргі таңда маңыздылығ бойынша Республикада үшінші қала деңгейіне жетті. Қаланың шаруашылығы қаржы дағдарысқа дейін көптеген өнеркәсіп өнеімдері жасалынып шағатын болған. Жоғарыда көрсетілген жұздеген компаниялар неше түрлі өнім шығарып қала халқына белгілі деңгейде қаржы жағдайын көтерді. Оның салдарынан қала түрғындарында табыстарын рекреациялық мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік берді. Қала түрғындарының табысы салыстырмалы жоғары болғандықтан, қызмет көрсету саласының дамуына алып келді. Сонымен қатар, рекреациялық ресурстарға күшті сұраныс пайда болды.

Базар қатынастағы экономикаға кез келген сұранысты тез арада қамтамасыздандыру тән болып келеді. Сондықтан, аймақтың немесе ауданның шаруашылығының дамуы, оның экономикасының деңгейі көтерілуі әр қашанда рекреациялық ресурстарға сұранысқа алып келеді.