Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ТІРЕГІНДЕГІ ТОЛАМДАР 1.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
977.41 Кб
Скачать

Бекет Тұрғараев,

Қазақстан Республикасының құрметті заңгері .

Бүгінгінің сөзі

Ешкім де орыс тілінің маңызын жоққа шығармас. Бірақ бар болмысты орыс тілімен байланыстыру, сол үшін де өз ана тіліңді мансұқ ету ешқандай интернационализммен қабыспайды, ал енді соның бәрін біле тұра, «ата-анамыз солай тәрбиелеген соң қайтесің» деп, қазақ тілін үйренуге еш талпыныс танытпау, бұл аз дегендей «түсінісуге қиын болады» немесе «қазақ тілінде оқығандарды көріп жүрміз ғой» деп, балаларын орыс не ағылшын мектептеріне беру барып тұрған кері кетушілік болса керек. Өз ұлтының тілін білмеу дегеніміз – рухани мүгедектік, бейшаралық.

Тельман Нұрман,

ұстаз.

* * *

… Болашақта Қазақстан қос тілді мемлекет бола алмайды. Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдері өз тілдерін білсін, білім алсын, дамытсын. Алайда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Біз оны үйренуіміз керек.

Владимир Козлов,

«Алға, ДВК» халықтық партиясы» қоғамдық ұйымы

саяси кеңесі президиумының мүшесі.

* * *

Ана тіліне тіл тигізбе, киесі ұрар.

* * *

Ана тілің – көзің мен жаның.

Әділбек Жақып,

Мәдениет қайраткері.

* * *

Ұлт рухын сақтау – сол ұлттың абыройлы парызы. Рухын сақтаған ел өміршең болады. Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі тіл арқылы танылады. Тілін сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын қамтамасыз ете алады.

* * *

Тіл намысы – ұлт намысы, тіл тағдыры – халық тағдыры.

Фаузия Оразбаева,

педагогика ғылымдарының докторы.

* * *

Тілімді өгейсітпеймін десең, өз тіліңде сөйле.

* * *

Тіліңді біліміңе қазық ет,

Білімді өміріңе азық ет.

* * *

Ана тілің тұрғанда,

Қорғанба, дос, қорғанба.

Сен де адамның бірісің,

Ана тілің болғанда.

* * *

Қазақ ұлы болмаса,

Абай қалай ұлы болған.

Сол Абайдың өзі де,

Тілінің құлы болған.

Жеңіс Сайлауұлы,

Алматы облысы.

Ойлы оқиға

Лебяжіде (Павлодар облысы – Д.Д.) мектепке әскери дайындық сабағын жүргізуші едім ғой. Бір күні аудандық комиссариатқа келдім. Сабаққа керекті автомат жарағын пайдалану үшін рұқсат қағаз керек болды. Екі жас жігіт отыр екен. Бірі – майор. Өздері орысша сәлемдескен соң, мен де орысшалап керекті қағазымды сұрадым. Екеудің бірі өзара сөйлескен болып: «Көккөзді түстен кейін кел» деп қоя берсеңші, қайтесің» деді. Жанындағысы мақұлдады. Шыдамадым: «Әй, жігіттер, сол қағазды менің көзімнің көктігіне бола түстен кейінге қалдырып отырсыңдар ма?» дедім.

Екеуі орындарынан ұшып тұрды. «Ойбай?! Ағатай?! Сіз қазақша білетін бе едіңіз?» «Дәл сендер ғұрлы білемін!»

Қазақшаны любой қазақтан кем сөйлемеймін...

Василий Николаевич Илющенко,

зейнеткер

(«Ана тілі», 25.05.00).

______________

Тіл: іс-тәжірибе, ұсыныс, пікірлер

Н.Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

... Ең алдымен, мемлекеттік қызметте жүрген азаматтардың тілдік дайындығын күшейтуге баса назар аудару керек.

... Бізге жақсы бағдарламалар, әдістемелік құралдар, сапалы оқулықтар керек. Адамдардың бойына ана тілімізге деген сүйіспеншілік сезімін терең сіңіре алатын білікті ұстаздар керек.

* * *

... Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.

* * *

Қазірдің өзінде мемлекеттік тілге республиканың бес облысы мен Алматы қаласы көшіп отыр. 2010 жылға дейін бұл мәселе тұтастай шешімін таппақ. Барлық қатынас қағаздары ана тілімізде жүргізіледі. Сол кезде тек аудармашылардың қызметіне иек сүйеп отырған кейбір жауапты қызметкерлер «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп өкініп қап жүрмесін. Бұлғақ заманы бітеді де, нақты да қатал сұраныс туады. Осы бастан дайын болайық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]