Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
талапкер 8кл.docx
Скачиваний:
116
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
101.17 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ. 8 СЫНЫП. ТАЛАПКЕР

ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және

 сыртқы саяси жағдайы

І. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.

ІІ. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі.

 

І. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.

  1.  Жоңғар хандығының құрылуы: 1635 жылы Батыс Моңғолия

  2. Жоңғар хандығының жоғарғы билеушісінің лауазымы: Қонтайшы

  3.  ХҮІІ ғасырдың ортасында жоңғар мемлекетінің күш- қуатын арттырған қонтайшы: Батыр (1635-1653жж.)

  4.   Батыр қонтайшының  тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында шайқастар өткен жылдар:

1635, 1643 (Орбұлақ), 1652ж.

  1.  1653 жылы Батыр қонтайшы қайтыс болып, таққа отырған: Қалдан-Бошоқты(1671-1697жж.)

  2.  ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: Жоңғар

  3.  ХҮІІ ғасырдың 80 жылдары жоңғар әскерлері жетті: Сарысу өзеніне дейін

  4.  Қазақ жеріне  жойқын жорықтар  ұйымдастырған Жоңғарияның мақсатыҚазақ елінің тәуелсіздігін жойып, жерін өзіне қарату.

  5.  1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: Қарақұм

*    Осы кеңестің шешіміне сай жоңғарларға қарсы біріккен халық жасағы құрылды.

*    Бас қолбасшы болып сайланған Бөгенбай батыр

  1.   Қазақ жасақтарының  жоңғарларға тойтарыс берген жылдары: 1711-1713жж.

  2.  1715 жылы күзінде Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып.

*   ол хандықты әлсіретіп алды. Келесі басқарушылардың  бағытының бірдей болмауынан(Кіші Жүзде Әбілқайыр, орта жүзді Сәмеке, Ұлы Жүзді Жолбарыс басқарған кезде.) үш жүздің бірлігі әлсіреді.

  1.  Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл: 1718ж

  2.  1718 жылы Аягөз өзенінің бойында қазақ қолына басшылық еткен: Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы, Жауғашар (Шақантай)

  3.  1718 жылы Аягөз маңындағы  қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңілу себебі:_ Қазақ сұлтандары (Қайып хан, Әбілқайыр) соғыс қимылдарын бірігіп жүргізбеді.

  4.  Аягөз маңындағы шайқастан кейін, 1718 жылы жоңғар әскерлері  екінші рет жеңіске жетті:

Арыстың жағасында

*    Қазақ мемлекетінің ахуалын қиындатқан тек жоңғар шабуылдары ғана емес. Солтүстік-батыстан  башқұрттар, солтүстіктен Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан, Хиуа, мемлекеттері қазақтардың қиын жағдайын пайдаланып қалуға тырысты.

  1.  Қазақ даласын әйгілі «Ақ мешін» жұтты шарпқан жыл: 1723 ж.

  2.  1723 жылы Жоңғарияның барлық күш- қуатын қазақ еліне жұмсауға мүмкіндік алуының себебі:

Қытай императоры Кансидің өлімі

  1.  Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан баса көктеп кірген жыл: 1723жылы.

  2.   1723 жылы қазақ жеріне басып кірген 70 мың жоңғар әскеріне басшылық еткен: Шона- Доба

*    Ол 70 мың әскерін жеті шепке бөліп, олардың бір мезгілде шапшаң да қаймықпай шабуылға шығуына жарлық береді.

  1.   «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары: 1723-1727жж.

  2.  Қазақ халқының қасіреті болған  «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»: ХҮІІІ 20 жылдары

  3.   Жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулаы ойысқан өңір: Самарқан

*    Ұлы жүздің көпшілік рулары мен Орта жүздің бірқатар рулары ауа көшті: Ходжент

  1.   Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы: 1724-«1725»жж.

  2.  Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән: «Елім-ай»

  3.  Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу

  4.  Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры: Қанжығалы Бөгенбай(Шапырашты Наурызбай, Малайсары)

  5.  Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр: Қабанбай батыр (Ерасыл)

  6.  1726 (1728) жылы қазақ жасақтары жоңғар әскеріне күйрете соққан берген жер: Бұланты

*  Қазақтардың жоңғар әскерін  жеңген Бұланты өзенінің жағасы кейіннен аталды: «Қалмақ қырылған» (Қарасиыр)

  1.  1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған» (Қарасиыр)

  2. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік- батысы азат етілді

  3. Бұланты шайқасынан кейін қазақ жүздерінің өкілдері жауға қарсы күресті күшейту жөнінде шешім қабылдаған жер (Қазақстанның оңтүстігіндегі тау): Ордабасы

  4. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша  жоңғарларға қарсы күресе қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған: Әбілқайыр хан.

  5.  Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегінде қазақ жасақтарының жиналуының себебі: Жетісуды азат етуге жақын еді.

  6.  Топонимикалық мәліметтер бойынша қазақ жасақтары Ордабасы тауында ұйымдастырылды:

Жүздердің бөлінуімен

  1.  Аңырақай түбінде барлық жасақтарға  қолбасышылық жасаған: Әбілқайыр хан.

  2.  Балқаш көлінің маңында  Аңырақай жерінде (қалмақтардың аңырауы, боздауы) жоңғарларға  күйрете соққы берген жыл: 1729ж. (1730ж.)

*    Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді.

  1.  Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарларды толығымен талқандауға  кесірін тигізген жағдай:

_ Болат ханның өлімінен кейінгі аға хандыққа талас

  1.  Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары:

Сәмеке (Орта жүз) және Әбілқайыр (Кіші жүз)

 

 

ІІ. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі.

*   Орыс мемлекеті орта- азиялық хандықтармен сауда- экономикалық және дипломатиялық қатынастарын кеңейткеннен кейін, ХҮІ ғасырдың соңы – ХҮІІ ғасырдың басында Қазақстанға қызығушылығы артты.

  1.   Орал аймағын игергісі келген, көршілермен қауіпсіздік байланысты  сақтауға тырысқан Мәскеу үкіметі, Қазақстанмен шекарада қорғаныс бекіністерін салуға кірісті.

  2.  1585 жылы негізі қаланған қалашық: Обск

*   1586- Түмен,  1587- Тобыл, 1594- Тара, 1604- Томск

  1.   «Шашыранды алтын құм» туралы көптеген аңыздар тараған қала: Еркет

  2.  1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің жоғары ағысында патша өкіметі тұрғызған бекіністер: Омбы, Жәміш(1716), Колбасинск, Железинск(1717)_

  3.  1718 жылы Жоғарғы Ертіс бойында салынған бекініс: Семей

*   1720 жылы- Өскемен, Павлодар.

  1.   1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:

Қазақ жерін біртіндеп жаулап алу

  1.  1716 жылы қазақ ханы Сібір губернаторы М.П.Гагаринге елші жіберіп, қалмақтарға қарсы күресте  көмек көрсетуін өтінген.

  2.  ХҮІІІ ғасырдың басында Ресейдің қазақ- жоңғар тартысына араласа алмауының себебі:

Ресей Швециямен соғысып жатты.

  1.  1717 жылы І Петрге мәңгілік бейбітшілік пен келісімде болуға ұсыныс грамотасын жіберген хан: Қайып

  2.   ХҮІІІ ғ. бірінші жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: Әбілқайыр

  3.   Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары: 1680-1748 жж.

  4.  Әбілқайыр ханның Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып бар күшті жоңғарларға қарсы жұмылдыру.

*    Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, Қазақстандағы өз қарсыластарын сағын сындыру.

*    1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы Ресеймен әскери одақ құруды жүктеді.

  1.  Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген  елшілер: Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы.

  2.   Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна

  3.   Әбілқайыр ханның кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы  ұсыныспен жіберген елшілері Анна Иоанновна қабыл алды: 1731 жылы 19 ақпан

  4.   Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы

  5.  Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігімен  басқарып келген сыртқы істердің тілмашы, қабілетті елші : А.И.Тевкелев.

  6.  1731 жылы қазан айында Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29.

*    Кіші жүз «ақсүйектерінің» өзара қырқысын шебер пайдаланған патша үкіметі әкімшілік және саяси шаралармен Қазақстанның батыс аудандарын отрлауды жеделдетті

  1.  1734 жылы орыс үкіметі тарапынан жабдықталған «қырғыз- қайсақ» экспедициясын басқарған Сенаттың бас хатшысы:И.И.Кириллов.

*    Экспедицияның басты мақсаты: Ор бойында бекініс тұрғызу, табиғат байлықтарын  игеру, Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейті. Сырдария бойында қала тұрғызып, біртіндеп өзен флотилиясын ұйымдастыру

  1.   1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде Ор өзені бойында салынған бекініс: Ор

  2.   Башқұрттардың көтерілісін басуға  патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды: 1735-1737

  3.  1735 жылы Башқұртстанда  болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды  жазалау кезінде Қазақстанға  қашқан башқұрттардың саны: 50 000

  4.  1738 жылы тамыз айында Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы: В.И.Татищев

*    Патша үкіметі қазақтарды өз шеңгелінде мейлінше ұстауға тырысу себебі:_ Башқұрттардың екінші көтерілісі

  1.  Орта жүздің билеушілері Абылай сұлтан мен Әбілмәмбет хан Ресейге ант берді: 1740 жылы

*    Олардың мақсаты Ресеймен жақындасып. Орта жүзге қарсы жоңғар шабуылдарын әлсірету.

  1.  1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген: Иран (Парсы әміршісі Нәдір шах)

  2.  өзінің зардабы жағынан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кем түспейтін Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің шапқыншылықтары болған жылдар: 1741-1742жж.

  3.  1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенатының қабылдаған Жарлығы: Қазақтарды және шекаралық өңірлердегі  бекіністерді қорғау туралы

  4.  1742 жылы қыркүйектің  2- сінде  Қалдан-Серенге хат жолдап, Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысымды тоқтатуда талап еткен орынбор комиссиясының төрағасы: И.И.Неплюев.

  5.  Орынбор қаласының негізі салынды: 1743жылы.

* И.И.Неплюев 1735 жылы негңзң қаланған  Орск қалашығын  жаңа жерге көшірді.

  1.  1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған: Қайып сұлтан

  2.  1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен кейін Әбілқайырдың Хиуа өңіріндегі  әсерін әлсіреткен жағдай: Қайып сұлтанның(Батырдың ұлы) Хиуа тағына отыру.

  3.  Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: Барақ.

 

 

ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.

І.     ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Кіші жүздегі жағдай

ІІ.   Жоңғарияның құлауы

ІІІ. Қазақ- орыс қатынастары

ІҮ. Абылай хан.

 

І.ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Кіші жүздегі жағдай

  1.    ХҮІІІ ғасырда Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтірген жыл: 1748ж.

  2.   Әбілқайыр ханның басты тірегі болған ру:___________________________________

  3.  Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде екі хандық құрылды:

  4.   Кіші жүздің солтүстік –батысында- Нұралы хан

  5.    Кіші жүздің оңтүстік –шығысында – Батыр сұлтан

  6.   1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны: 50 000

  7.     Қазақ феодалдарына үндеу таратып, башқұрттарды талан- таражға салуға рұқсат берген Орынбор губенаторы: Неплюев

 

ІІ. Жоңғарияның құлауы

  1.   Қалмақтардың билеушісі көрнекті қолбасы Қалдан-Серен қайтыс болған жыл: 1745 жылы күз

  2.  Елизавета Петровна үкіметі арнайы шешіммен бұрыңғы ауқатты Демидовтар әулетінің қолында болған Алтайдағы тау- кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялаған жыл: 1747 жылы

*     1755 жылы Жоңғарияда таққа таласушылардың бірі  Әмірсананы Цин императоры Цянь- Лун пайдаланып Жоңғарияны жаулап алды. 1755 жылы 19 шілдеде император жарлығына сай бұрыңғы  жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің  меншігі деп жарияланды.

  1.  ХҮІІІ ғасыдың ортасында Жоңғарияда билікке таласып, Цинь империясына қарсы шаққан Абылай мен Әбілпайызға арқа сүйеуге тырысқан: Әмірсана

  2.  Жоңғария дербес ел ретінде тарихи сахнадан шықты: 1758 жылы

10. Бұрыңғы жоңғар жерінде 1761 жылы құрылған империялық әкімшілік бірлестігі: Шыңжаң (Жаңа шекара)

 

 

 

ІІІ. Қазақ- орыс қатынастары

11. ХҮІІІ ғасырдың 40-50 жылдары үш әскери бекініс шептері оналасқан өңір: Солтүстік-Шығыс Қазақстан

12. ХҮІІІ ғасырдың 50 жылдары Өскемен бекінісінен Кузнецк шебіне дейін созылған, 723 верста болатын әскери шеп: Колыван шебі.

*  Сібір редутынан Омбыға дейін созылған, ұзындығы 1684 верста болатын шеп: Горькая шебі

*   Омбы бекінісінен Кіші Нарын  бекінісіне  дейін созылған, ұзындығы 1684 верста болатын әскери шеп: Ертіс шебі

13. Жаңа Есіл шебіндегі ең ірі бекініс: Петропавл (1752 жылы)

14.  1745- 1759 жылдары қазақ даласы арқылы орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны: