Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
талапкер 8кл.docx
Скачиваний:
116
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
101.17 Кб
Скачать

1868-1869 Жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер.

  1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында «Уақытша Ерже» бойынша енгізілген міндетті салық: Шаңырақ салығы.

  2.  ХІХ ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері өсірілді: 1 сомнан 3 сомға

  3. 1867-1868 жылдардағы «Ережелердің» көшпенділер үшін ең басты ауыртпалығы: Жерді  патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялануы, аумақтық негізде пайдалану.

  4. 1868 жылдың  желтоқсан- 1869 жылдың қазан аралығындағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар: Орал, Торғай.

  5. 1868-1869  жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысын басқарғандар:Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар.

*     1868-1869  жылдары Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістің басшылары: Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар.

  1. 1869 жылы мамырдың 6- ы күні фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскеріне көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасаған жер: Жамансай көлі маңында.

  2. 1868- 1869 жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысының тағы бір сипаты: антифеодалдық.

  3. 1869 жылдың наурыз ,маусым аларында көтерілісшілердің феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдардың  саны: 41

  4. 1869 жылы наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында феодалдық топтарға қарсы шабуылға қатысқан көтерілісшілер саны: 3 000

  5. 1869 жылы Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға аттанған генерал- губернатор: Веревкин

 

Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс.

  1. 1867 -1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай  руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері: 160 мың сом.

48. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліске түрткі болған: патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп- қонып жүрген аймақтарға  жақындауы болды.

49. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.

50. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:Жазалаушылар талқандалып, Рукин атылып өлді.

51. 1870 жылы Бозащы түбегінде болған жазалаушылар мен көтерілісшілер арасындағы шайқастың нәтижесі: бүкіл Маңғыстаудағы азаттық қозғалыс шарпыды.

1870 жылы 5 сәуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады.

52. 1870 жылы мамыр айында Маңғыстаудағы көтерілісті басуүшін қосымша әскери құрама әкелінді: Кавказдан

53. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу кезінде көтерілісшілер жайында «бұларды келістіріп жазалау керек» деп нұсқау берген министр:Милютин

54. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқан кезінде жазалаушылардан ығысып Хиуа хандығына өтіп кеткендер саны: 3000-ға жуық шаңырақ

55. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жеңілу себебі. Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархалдық құбылыстың күшін жоймауы.

56. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі. Көтеріліске қазақ жалдама жұмысшыларының қатысуы

  1. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі басылғаннан кейін соғыс шығыны ретінде адайлықтар өкіметке: 90 мың қой өткізуге міндеттелді

Кавказ әкімшілігінің  талабымен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сомқосымша салық жиналды.

 

ІІІ. Қазақстанның экономикалық дамуы.

Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару

*1861 жылдың 19 ақпанындағы «Ереже» бойынша бірде- бір аграрлық мәселе аяғына дейін шеше алмады. Осындай жағдайда Ресей үкіметі орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудара бастады.

* Біріншіден, ішкі губерниялардың әлеуметтік толқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін.

* Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

58. Ресейдің орталық аудандарының шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталған уақыт: ХІХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында.

59. «Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасаған: Г.А. Колпаковский- Жетісу генерал- губернаторы

60. Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің ұсынысына сай «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: 1868 жылы

61. 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ережесіне сай жан басына берілген жер көлемі: 30 десятина

62. 1868 жылы қабылданған «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже өз күшін сақтады: 1883 жылға дейін

63. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруларға берілген жеңілдік:  салықтар мен міндеткірліктен 3 жылға босатылды.

64.1883 жылдан бастап жаңадан қоныс аударушылардың жан басына берілген жер мөлшері: 10 десятина

-* 1889 жылы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрыңы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» жөнінде жаңа заң қабылданды.

65. 1891 жылғы «Уақытша ереже» бойынша жан басына шаққанда 15 десятина жер берілді: облыстар мен губернияларды бұрын қоныстанған шаруаларға.

66. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған аймақ: Жетісу өлкесі

67. ХІХ ғасырда қоныстандыру саясаты түгелге жуық қамтыған облыс: Сырдария

  1. 1884- 1892 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде орыс, украин шаруалары құрған қоныстар саны: 37.

* 1855 -1893 жылдары Ақмола облысы қазақтарынан 250 мыңнан астам десятина жер тартып алынып, 24 село ұйымдастырылды.

69. ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтар арасында отырықшылықтың кең таралуына себепші болған: 1) капитализм дамуы, 2) орыс, украин шаруаларын қоныстандыру.

 

Капитализмнің дамуы. Сауда және қала.

70 . Қазақ даласында капиталистік қатынастардың дами бастаған мерзім: ХІХ ғ.ортасы.

71. ХІХ ғасырда ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгермеген тобына жататын: қазақ жатақтары.

* ХІХ ғасырдың 70- 80 жылдарынан бастап кедейленген қазақтар күнкөріс көзін табу мақсатымен тау –кен орындарына, ірілі- ұсақы кәсіпорындарға тартыла бастады.

72. ХІХ ғасырда Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері ашылған қалалар: Орал (1876ж), Петропавл(1881ж), Семей (1887 ж), Омбыда(1895ж), Верный (1912ж)* шаруашылық мен мәдениет ошақтарында

43. ХХ ғасырдың басында филиалдары саны жағынан Қазақстанның шаруашылық өміріне белгілі орын алған банк: «Орыстың сауда өнеркәсіп банкі»

74. Қазақ- орыс сауда байланыстарын дамтыуда ерекше орын алған: Жәрмеңкелер.

  1. 1832 жылы қазақ жерінде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Бөкей (Ішкі) ордасында.

76. ХІХ ғасырдың 80  жылдары Шығыс Қазақстандағы ірілі- ұсақты қалалық, далалық жәрмеңкелер саны: 70- тен астам.

77. ХІХ ғасырдағы Қазақстан аудандарындағы жәрмеңкенің басты дамыған өңірі. Ақмола облысы

* Оллыстағы ірі жәрмеңкелер: Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновка (Еленецкая), Петровка (Атбасар станциясы)

78. 1848 жылы қарқар уезінде ірі жәрмеңке ашылған өңір: Талды Қоянды

* Қарқара уезіндегі жәрмеңке аталды: көпес Варнав Ботовтың есімімен

79. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның Ресеймен саудасындағы негізгі тауар: мал.

  1. ХІХ ғасырдың аяғына қарай бір саудагердің қазақтарды алдап, «қасиетті от» деп сатқан заты; сіріңке

* Кейіннен басып алған көпестердің біреуі қатып қалған тас кәмпитті қазақтарға «Мұхаммедтің тұзы» деп сатқан.

81. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде пайда болған қалалар саны: 19.

82. Ресейде тұңғыш халық санағы өткізілді: 1897 жылы

83. 1897 жылғы халық санағы бойынша көп қоныстанған ірі қалалар: Орал, Верный.

84. ХІХ ғасрдың  соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы: тау- кен өнеркәсібі.

* ХІХ ғ.соңында аталған салада 19 мыңдай жұмысшы болса, ол 1902 жылға қарай 30 мыңға жуық болды.

85. Ұлттық құрамы жағынан қара жұмысщылардың басым бөлігі: қазақтар.

 

 

ІҮ. Қазақ –қытай сауда қатынастары

 

1.ХІХ ғасырдың басында ресейлік көпестердің қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергі жасаған: Пекин сарайының басқа елдермен оқшаулану саясатын өзгертпеуі.

2. 1805- 1806 жылдары Ресей үкіметі сауда байланысын реттеу үшін Головкиннің елшілігін аттандырды: Пекинге

3. Ю.А.Головкин бастаған елшілік Пекинге жіберілмей, қайтып оралуға мәжбүр болды: Ургадан (Улан Батор)

4. ХІХ ғасырдың басында Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстың орталығына айналған Қазақстан қалалары:Семей, Бұқтырма.

5. Орта жүздің бура- найман руының белді сұлтаны Құдаймендінің Петербургке ұлы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты: Ертістің оң жағындағы Жәміш бекінісінен Шыңжаңға сауда керуендерін аттандыруға ресми рұқсат беру.

6. ХІХ ғасырдың басында қытай көпестерінің жиі сауда жасайтын орталықтырың бірі: Бұқтырма

* 1811 жылы Ресей үкіметінің шекаралық ауданға ерекше өкілдікпен жіберілген тілмашы Н.Г.Путимцевке жүктелген міндет:Қытайлықтардың Бұқтырма туралы саудасының мүмкіндіктерін анықтау.

* 1809  жылы Бұқтырманы басып өтіп, Шәуешек қаласында тауарларын сатып оралған көпес: Нерпин

* 1812 жылы құны бір милион сомға жуық тауарын Құлжа базарларында тиімді сатып, пайдамен оралған Ташкент көпестері: Мирқұрбан Ниязов және Ахмадий Аширов

7. ХІХ ғасырыдың басында Қытайға баратын саудагерлерді қорғау мақсатында үкімет қабылдаған шешімі: қарулы казактарды бөлді(қарулы топ ұстауға рұқсат берді)

8. 1824 жылы  Құлжа мен Қытайдың қалаларында сауда- саттық жүргізіп, Қазақстан арқылы Цин империясына сауда жүргізудің пайдалығына жергілікті басқарушылардың көзін жеткізуге тырысқан Ташкент көпесі: Муминов.

9. ХІХ ғасырдың басында Ресейдің Шыңжаң базар- жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары: өнеркісіптік бұйымдар, матаның кейбір түрлері

10. ХІх ғасырыдың бірініші жартысында Ресей үкіметі осы елмен Қазақстан арқылы байланыс орнатуға мән берді: Цин империясының.

11. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үкіметінің Тибетпен Қазақстан арқылы байланыс орнату бастамасын іске асыруға тырысқан: генерал- лейтенант Глазенап

12. Ресей бодандығынағы бірде- бір адам аяғы баспаған «үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: Семен Мадатов

13. Кашмирде болып, Ресейде кеңтаралған 25 кашмир шәлісін тұңғыш рет Қазақстанға жеткізген грузин көпесі: Семен Мадатов.

*Қазақ бұйымдарын Тибетке сатып, көрген- білгендерін Сібір шекаралық комиссиясына қызықты хабарын әкелген, Семейден Қашқарға тікелей апаратын жаңа жолды ұсынған ауған көпесі: Мехти Рафаил

14. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім:ХІХ ғ.30 жылдары.

15. Салық төлеуден қашып, шекаралық өңірдегі белгіленген керуен жолдарынан ауытқыған көпестерге қоланылған жаза: көпестердің бұйымдары ресейлік заңдар негізінде тәркіленді.

16. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей мен Қытай арасындағы сауданың дамуына кедергі болған жағдай: мемлекетаралық шарттың жоқтығы.

*Шекаралық өңірде арнайы жәрмеңкелердің болмауы

17. 1851 жылға дейін Ресеймен Цин империясы арасындағы сауда- экономикалық байланыстары осы қала арқылы жүзеге  асырылды:Кяхта

18. Ресей мен Қытай үкіметінің арасында Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы 25 шілде.

*   Құлжа келісімінен кейінгі бернеше жылдың ішінде Қазақстан арқылы іске асырылатын орыс- қытай саудасы төрт есеге ұлғайды.

19. 1855 жылы Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі: Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті тұрғындардың талан таражға салуы.

  1. Шәуешек қайшылығынан кейін Ресей көпестерінің  саудасы осы қаламен шектелді: Құлжа.

21. Қазақстан арқылы дамыған  орыс- қытай сауда байланыстарының  құлдырау кезеңі: ХІХ ғ. 60 жылдарының ІІ жартысында

22. Қырғыз елі мен Жетісу бойын Цин империясы мен Ресейдің иелігі  ретінде ресми түрде таныды: 1864 жылы Шәуешек хаттамасы

23. 1881 жылдың 12 ақпандағы Ресей мен Қытай арасында қол қойылған келісім: Петербург

24. Ресей мен Қытайдың Қазақстан  арқылы сауда байланысына кең жол ашқан келісім: Петербург шарты.

25. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Шыңжаң қалаларынан Қазақстанға шығарылатын  басты тауар: Қытай шайы.

26. 1881 жылғы Петербург шартына сай орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықтарұқсат берілді: шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат берілді.(бір фунт үшін 43-55тиын)

27. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс- қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле өзенінің  алабын сауда қарым- қатынасына шығуы. (*ашылуы)

28. 1882 жылы Англиядағы  кеме алдырып, Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпес: Вали Ахун Юлдашев

29. 1882 жылыГ.А.Колпаковскийдің қолдауымен Англиядан ірі су кемесін  сатып алған инженер: Поклевский.

30. 1883 жылы мамыр айының 4- інде Вали Ахун Юлдашевтің астық тиеген кемесі жеткен Қытай  қаласы: Сүйдін

31. Орыс- қытай қарым- қатынасында,ы белді оқиғалардың бірі Іле су жолы ашылды: 1881 жылы

32. ХІХ ғасырдағы Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі: Сүйдін.

33. Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда көзге түскен жәрмеңке:Қарқара

34. 1890 жылы маусым айыднда Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін құрыған сауда округі: Семей

35. Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерген Сібір темір жолы іске қосылды: 1894 жылы 30 тамыз.

 

 

Ү. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси- әлеуметтік дамуы.