Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
талапкер 8кл.docx
Скачиваний:
116
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
101.17 Кб
Скачать

1770 Жылға дейін

  1. Емельян Пугачев соғысына ат салысқан қазақ жүздері: Кіші жүз және Орта жүз

 

Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы.

  1. Кіші жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуы бөлінеді: 3 кезеңге

І. 1- кезең- 1773 ж.қыркүйек-1774ж. наурыз- Пугачев үндеулері Кіші жүзде жиі тарап, қазақтардың көтеріліске стихиялық бағытта тарала бастауы.

ІІ. 2- кезең- 1774ж.наурыз-қарашаның соңы- қазақтардың көтерілсіке қатысуының кең етек алуы.

ІІІ. 3- кезең- 1775ж.қыркүйек- 1776 ж.ақпан- қозғалыстың біртіндеп басыла бастауы.

  1.  Емелеьян Пугачев соғысына қатысқан Кіші жүздің ақсүйектері:___________________________

*     1773 жылдың қыркүйек айының 20- сында Пугачев Нұралы ханға арнайы үндеу жолдады.

*     Жер мен суды, астық пен тұзды, өзен мен шөпті беруге аямаймын деп уәде берді.

  1.  1773 жылғы қараша айының 17- сінен 18- іне қараған түнінде Усиха өзені маңында Пугачевқа жолыққан Нұралы ханның сенімді өкілі: Зәбір молда

  2.  Нұралы ханның соғысқа қатысушыларға көмек беруге асықпауына себепші болған: Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сәтсіздігі

  3. Пугачевті ашық қолдап, оған көмек ретінде топ жіберген Кіші жүз сұлтаны: Досалы сұлтан

*     Сұлтан қарулы топқа бас етіп өзінің ұлы Сейдалыны жөнелтті.

  1. Пугачев соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар:_ Жайық бекінісін қоршауға, Кулагин бекінісін алуға.

  2. Пугачев  бастаған шаруалар соғысында осы бекіністі алуда басты күш қазақтардан құралған топ болды: Кулагин

  3. Пугачев бастаған шаруалар соғысында Орынборды қоршауға қатысқан қазақтардың саны. 200-ге жуық

*     Шаруалар соғысының біртіндеп бәсендеуі, қазақ даласына жазалау отрядтарының жақындауы би- сұлтандардың опасыздығын тездетті.

17.      Пугачев қимылынан үрейленген Нұралы хан:_ және інісі Айшуақ сұлтан Жайық бойындағы бекіністерге көшіп барды.

  1.  Пугачев көтерілісі кезінде патша үкіметінің алдында екі ұшты қимылын жуып-шаюға тырысқан Нұралы ақталды: Қазақтардың өзіне бағынбай кетуімен

 

Орта жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы

  1. Орта жүз қазақтарының ашындырып, шаруалар соғысына қатыстырған: жер мәселесіндегі отарлау саясаты.

  2. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуы бөлінеді: 3 кезеңге

І кезең- 1773ж.қыркүйек -1774ж.сәуір- Пугачев  шабармандарының  Орта жүзді  кезіп, ауылдарды көтеріліске белсене қатысуға шақыруы.

  1.  Пугачев өкілдері жеткізген үндеумен танысқан соң, өзіне жақын старшындармен келісіп, соғысты қолдауға шешім қабылдаған белгілі би:_ Дәуітбай.

  2. Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылға қазан айында Орта жүз қазақтары топталып бекіністерге шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі:Пресногорьковск

  3. 1774 жылдың жазында Орта жүз қазақтары топтасқан бекініс: Звериноголовск

  4.     Пугачев соғысы кезінжде жазалаушы топтармен ашық қақтығыспай, қыр көрсетумен  шектелген Торғай өзенінің төменгі бойнда шоғырланған шаруаларға басышлық еткен старшындар:

Құдайменді мен Тайыр.

  1. Пугачев көтерілісі кезінде Ертіс өзенінің жоғарғы ағысындағы бекіністердің қорғаныс қабілетін арттырған Сібір губернаторы:Чичерин

  2. 1774-1775 жылдары Пугачев көтерілісі кезінде үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскер саны: 3 500 адам

*    1775 ж соңы- бекіністердегі қызметке  қосымша 626 адам алынды.

*     1774 жылдың күзінде қазақтар патшаның тұрақты әскерінің қысымымен Сырдария бойына ауып кетіп, Бұхар хандығына дейін жетті.

  1. Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы: . А.В.Суворов

  2. Пугачев көтерілісі кезіндегі көтерілістің кесек басшыларының бірі, байбақты руынан шыққан:

Сырым Датұлы.

  1. 1775 жылы Жайық бойындағы шаруалар соғысы біртіндеп әлсірей бастаса, керісінше, қазақ жеріндегі қозғалыс жалғасты: Отарлау саясатына қарсы.

*     1776 жылы сәуір айында генерал Н.А.Рейнсдроп үкіметке жолдаған арнайы хатында «тыныштық» орнағандығын хабарлады.

*     1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына қазақтардың белсене қатысуы- орыс- қазақ байланысындағы маңызды оқиға.

 

 

 

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі.

 

*    ХҮІІІ ғасырдың 70- 80 жылдарының  басында Кіші жүзде екі хан арасындағы күрес жаңа тарихи жағдайда да бәсеңдемеді. Кіші жүздің көп бөлігі  Нұралы ханды, бір бөлігі Батыр сұлтанды қолдады.

  1. ХҮІІІ ғасырдың 70- жылдары Нралы хан бағытының әлсірегенін көрсеткен оқиға: 1773-1775 жж шаруалар соғысына жаппай қатысуы.

  2. Орынбор губерниясы таратылды(құрылды):1744ж.(Неплюев кезінде)

*     Кіші жүздің көпшілік бөлігі  Сібір және Уфа басқарамасына бағындырылды.

  1.  Қазақтардың Жайықтың сол жағасына өтуін бақыау үшін құрылған ұйым: Орал шекаралық басқармасы.

  2.  Сырым Датұлы старшын болған кіші жүз руы: Байбақты.

  3. Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырым Датұлының балалары қайтыс болған жыл: 1778

  4. Сырым Датұлының Орал казак әскерлерімен алғашқы қақтығысы болды:  1783 жылы күз.

  5. 1784 жылы көктемде Сырым Датұлының казактардың тұтқынынан босаттыраған: Нұралы хан.

  6. Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды: 1784 жылдың маусым айынан

*     Көтерілісшілердің негізгі күші Төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегіне топтасты.

  1.  Сырым Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған өңірі: Еділ мен Арал теңізі- Кіші жүз

  2.  Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының  көтерілісі болған жылдар: 1783-1797жж.

  3. Сырым Датұлы басшылығымен болған кіші жүздегі көтеріліс созылды: 14 жылға

  4.  Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар.

*     1784 жылдың қарашасында Сағыз өзенінде Сырым Датұлының басты күштері топтасқанда, оған қарсылық ретінде Нұралы хан: Орал казак әскерлері орналасқан бекіністерге жақындап, ығысты.

  1. 1785 жылы генерал- майор Смирновтың әскері көтерілісті басуға жіберілді: 17 ақпан.

  2. 1785 жылы 17 ақпанда көтерілісті  басуға аттандырылған Смирнов тобының мақсатына жете алмауына кедергі болған: ақпанның бораны.

  3. 1785 жылдың көктемінде Сахарная бекінісін алу кезінде майор Назаровтың қолына тұтқынға түскен сұлтан: Айшуақ сұлтан

  4. 1785 жылы ұрыс даласында қаза болған Айшуақ сұлтанның баласы: Атақ.

  5.  1785 жылдың жазында кіші жүз старшындарының  съезінде қабылданған шешім: Нұралы ханды тақтан тайдыру.

  6. 1785 жылғы съезде Нұралы ханды тағынан тайдыру туралы шешімді қолдаған Кіші жүз руларының саны: 20- ға жуық.

  7. 1786 жылы Нұралы хан жер аударылды: Уфаға.

  8. Кіші жүзде хандық билікті жойып, оны отарлауды жүзеге асыру туралы реформасының жобасын дайындаған: Отто Игельстром.

  9. Игельстромның жобасы бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билік берілді: Шекаралық сотқа.

*     Шекаралық сот птша шенеуніктерінен және жергілікті топ өкілдерінен құралуы көзделді.

  1. Кіші жүздегі Игельстромның жобасы бойынша Шекаралық сот тікелей бағындырылды: Генерал- губернаторлығына.

  2. Сырым Датұлының көздегені Кіші жүздегі жоғарғы әкімшілік басқаруды беру: билерге.

  3. Орынборда шекаралық комиссия құрылды: 1786 жылы.

  4.  «Қырғыз- қайсақ» қарақшыларын Жем(Ембі) өзеніне дейін ығыстыруға берген әскери коллегияның президенті: Потемкин

  5. Сырым бастаған көтерілісшілерді  талқандау үшін Орал казак әскерінің старшындары Колпаков пен Пономарев бастаған топ жорыққа шықты: 1787 жылы наурыз.

  6. Нұралы хан қайтыс болды: 1790 жылы.

  7. 1791 жылы Орск қаласы маңайында Кіші жүздің ханы болып сайланған: Ералы.

  8. Сырымды табанды күресте қолдаған Айшуақ сұлтанның баласы: Жантөре.

  9. Сырым Датұлының көтеріліске Орта жүзбен шекаралас аймқатардағы қазақтарды  тарту туралы ойын іске асыртпаған: Патша үкіметінің  Жем, Ойыл, бойында да біртіндеп бекіністер тұрғыза бастауы.

  10. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін, 1795 жылы Кіші жүзде хан болып сайланған: Нұралы ұлдарының бірі- Есім.

  11. Сырым Датұлы көтерілісі кезінде  халықтың жағдайын нашарлатқан қысқы жұт болды: 1796-1797 жж.

  12. 1797 жылдың наурыз айының 17- сінде Сырым Датұлы тобы тұтқиылдан шабуыл жасады: хан сарайына

  13. 1797 жылы наурыз аййының 17- інде Сырым Датұлы тарапынан өлтірілген кіші жүз ханы: Есім хан.

  14. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы: Есім хан.

  15. Игельстром Кіші жүздегі басқаруды беруді көздеді: хан кеңесіне.

  16. Патша үкіметінің Сырымды өзіне жақындату үшін: Хан кеңесін құрды.

*Хан кеңесі төрт адамнан тұрды, оған Нұралы ханның бірде- бір ұрпағы қатысқан жоқ.

*67.    Патша үкіметінің Игельстромның реформасын тоқтатып , хандық билікті қалпына келтірілуіне себебші болған оқиға: Хандық кеңесте Сырым ықпалының өсуінен қатты сескенген

  1. 1797 жылдың күзінде барон Игельстромның  ұсынысына сай патша үкіметі Кіші жүздің ханы етіп бекіткен сұлтан:Айшуақ.

  2. 1797 жылы Сырым Датұлын өкшелей құдалаған Кіші жүздің сұлтаны: Қаратай сұлтан.

  3. Белгісіз себептермен Сырым Датұлы қайтыс болды: 1802жылы.

  4. ХҮІІІ ғасырда Башқұрт көтерілісінен кейінгі Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық сипаттағы қозғалыс: Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.

  5. Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілістің нәтижесі: Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді.

 

 

            ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.

І.Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

ІІ: Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы.

 

І.    Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

 

  1. Наполеон орнатқан континенттік блокада қысымын әлсіретуде маңызы зор болған жағадй: Қазақтрадың мал және мал шаруашылығы шикізаттарын Орынбор өлкесіндегі орталықтарына өткізіп отыруы.

  2. 1804- 1815 жылдары атты әскер үшін Бөкей ордасынан сатып алынған жылқы саны: 48 мың

* Кіші жүз қазақтарынан сатып алынған жылқы саны: 1 мыңнан астам

  1. 1812 жылғңы Отан соғысы кезінде қарсаңында Орынбор губерниясында құрылған кавалериялық полктің  саны: 40

*     Оның ішінде 28 башқұрт, 5 орынборлық, 2 тептяр, және т.б.

  1.  Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарған әскер: атты әскер.

  2.  1812 жылы шілденің 6- ы күні Ресей мемлекетіне қауіп төніпкле жатқаны туралы манифест- үндеуі мен Орынбор губернаторының соғыс басталғандағы туралы хабары қазақ ауылдарына жетті: Қазан –қараша айларында.

  3. 1812 жылғы Отан соғысында қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын: Байсақал Тілекұлы

  4. 1812 жылғы Отан соғысында тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына жинаған ақша көлемі: 22 мың сом

  5. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндірушілердің батыс майданға жөнелткен тұз мөлшері: 1 млн пұт.

10. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтар қатысқан құрама: Башқұрт полкі.

11. 1812 жылы Ерті шебінің полктері қатысқанқанды шайқас: Бородино түбіндегі

12. 1812жылы  Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін күміс медальмен марапатталған қазақ жауынгері: Майлыбайұлы.

13. 1812жылы Бородино  шайқасындағы ерлігі үшін көгілдір ленталы медальмен марапатталған 1- тептяр полкінің старшыны: Қарынбай Зындағұлұлы

*     1812 жылғы 27 шілдеде Малаево Болото және Левия деревнялары түбіндегі ұрыстарда айрықша көзге  түскен қазақтар: Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы.

*     Оларға хорунжий (орыс атты әскеріндегі алғашқы офицерлік шен)  атағы берілді.

*    1812 жылғы Отан соғысы кезінде Романово деген жерде болған шайқаста ерлікпен шайқасқан атты әсер жауынгерлері: Боранбай Шауашбайұлы, Ықсан Әубәкірұлы.

  1.  Вязма түбіндегі ұрыста ерлік көрсеткені үшін 1- тептяр полкінің жасауылды Сағит Хамитұлына берілген орден: 3 дәрежелі Қасиетті Анна ордені.

  2.  1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін «Георгий» орденінің кавалері: Нарынбай Жанжігітұлы.

  3. 1812 жылғы Отан соғысында Башқұрт полкі құрамында  шайқасқан қазақ: Ә.Байбатырұлы.

  4. 1812 жылы отан соғысына, 1853 жылы Орынбор губернаторы Перовскийдің қоқандықтармен қарсы жорығына, Ақмешіті алуға қатысқан: Әмен Байбатырұлы

  5. 1812 жылғы Отан соғысында  башқұрт полкі құрамында Әмен Байбатырұлы: жауынгер ақын.

  6.  Башқұрт полкі құрамында Веймар, Вагнау, Майндағы Франкфурт (Глогау және Лейпциг) қалалары түбінде болған ұрыстарға қатысқан қазақ жауынгерлері: Жанжігітұлы мен Байбатырұлы.

  7. 1812 жылғы Отан соғысында   басты оқиғаларына қатысқан, шоқынған қазақ: Яков Беляков.

*     1830 жылы орынбор өлкесінің билеушісі Эссенге жазған өтінішінде өзінің ұлты қазақ екенін, орыс әскеріне өз еркімен кіргенін, көп жылдар оағн адал қызмет атап көрсетіп, денсаулық жағдайына байланысты әскер қатарынаен босатуды, туған аулына қайтуды өтінген.

  1. 1837 жылы Александр княздің қабылдауында болған, 1812жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Нарынбай Жанжігітұлы.

 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ

 

  • Хандық биліктің жойылуының алғышарттары.

 

22.       Қазақстанның бірінші жартысындағы Қазақстан эономикасындағы ірі өзгеріс: Қазақстанның шаруашылық, саяси және қоғамдық дамуындағы (Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңалалары.)

*    Ертіс, Жайық өзендері, Каспий теңізі, Зайсан көлі маңайындағы қазақтар балық аулауды тұрақты кәсіпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстік- шығыс аудандарындағы тұзды көлдерінен  тұз өндіру және оны сату жолға қойыла бастады.

23.    Қазақстанда бірнеше кен орындары ашылып, су және жел диірмендері, ұста дүкені, кең және май, былғары зауыттары іске қосылған кезең: ХІХ ғ. орта шенінде.

*     Оларда жылына 70 мыңнан астам сомның тауары өндірілді.

24.    Ауылдағы әлеуметтік жіктелудің барысында кедейленген, жалдамалы еңбекпен күн көрген топтар: Жатақтар.

25.    Тау- кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей орыс- қазақ еңбекшілері аталды: жатақ.

26.     Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: Көпестерге өздерін қорғайтын қарұлы топ ұстауына рұқсат берді.

27.     ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде тұңғыш ресми жәрмеңке ашылған өңір: Ішкі Орда

28.     1855 жылы екі қалалық жәрмеңке ашылған қала: Семей

29.     ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда осы қалаға тең келетін елді мекен болмады:Петропавл.

 

«Сібір қазақтары туралы Жарғы»

30.    1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің тағына отырғызылған: Уәли

31.     Орта жүзде Уәли ханға  қосарлап екінші хан етіп тағайындалған: Бөкей

32.    1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін патша үкіметінің Орта жүзде басқару жүйесін өзгерту туралы шешімі:Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібі.

33.     «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қабылданды : 1822жылы.

34.    1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы: Сперанский.

35.     «Сібір қазақтары туралы Жарғының» дайындалуына белсене қатысқан болашақ желтоқсаншы: Батеньков

  1.     1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысының» басты мақсаты: Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.

  2.     1822 жылғы ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал- губернаторлық (Омбы, Тобыл, Тура): Батыс- Сібір.

38.    Батыс Сібір генерал- губернаторлығының орталығы Тобыл, ал 1839 жылдан бастап: Омбы.

*     «Жарғы» бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, Оңтүстігі Шу өгеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге бөлінді.

*     Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді.

39. 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша Орта жүзде құрылған әкімшілік жүйесі: ауыл, болыс, округ.

*     Ауыл- 50- 70 шаңырақтан.

*     Болыс– 10- 12 ауылдан

*     Округ– 15 -20 болыстан тұрды.

40.    1822 жылғы Ереже бойынша округтерді басқарған- аға сұлтан

*     Аға сұлтанды сайлаған- тек сұлтандар

*     Аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: дворян

*     Аға сұлтандар сайланды: 3 жылға

41.     «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша болыстарды билеген: сұлтандар

*     Болыстық билік берілу жүйесі: мұрагерлік.

*     Болыс сұлтандары Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша теңелді: 12 класқа жататын шенеуніктерге 42. Ауылдарды басқарған:старшындар.

*     Ауыл старшындары сайланды: 3 жылға

*     Старшындар құқықтары жөнінен теңестірілді: Ресейдегі селолық старосталарына

43    . «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» бойынша сот істері 3- ке(үшке) бөлінді: қылмыстық істер, Талап ету, Болыстық басқармаға шағым айту.

  1.  1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказдарда.

*     Кейін Сібір қазақтарын билеу шекаралық басқармаға жүктелді.Ал Шекаралық басқарма Батыс Сібір генерал- губернаторлығына бағынды. Шекаралық басқарманың төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын.

  1. 1822 жылғы «Жарғы»  бойынша қазақ даласында сатуға тыйым салынған зат:

  2. 1822 жылғы «Жарғы»  бойынша шетелдермен келіссөз жүргізуге құқығы берілді: шекаралық басқармаға.

*    Жалпы алғанда, 1822 жылғы «Жарғы» Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуында терең із қалдырды.

 

Кіші жүздегі реформа

  1. Хандық билікті қолында сақтауда талпынғанадарының бірі кіші жүз сұлтаны: Арынғазы Әбілғазыұлы

  2.  «Орынбор қазақтары туралы Жарғы» авторы: Эссен.

*   Жарғы 1822 жылы дайындалды. Бірақ жарғы бұлжылы бекітілмеді. Жарғы бойынша Кіші жүз жеріне 3 (үш) хан тағайындау жоспаланды, бірақ ол іске аспады.

  1.  «Орынбор қазақтары туралы Жарғысы» қабылданды: 1824 жылы

  2. Кіші жүзде хандық билік жойылды: 1824 жылы

  3.  Кіші жүздің соңғы ханы: Шерғазы

*       1824 жылы Орынбор губренаторы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынборға шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктікқызметке тағайындады.

*      1824 жылғы «Орынбор қазақтары туралы Жарғысына» сәйкес:

*     Кіші жүз 3- ке бөлінді. Әр бөлігінің басында аға сұлтан (сұлтан- правитель) отырды.

*     Кіші жүз территориясында 54 арақашқтық жасалды.

  1. 1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші жүздегі лауазымды қызметтерді тағайындаған: Орынбор губернаторы.

  2. 1801 жылы құрылған Бөкей ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін.

 

 

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҰЛТ- АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР

І. 1837- 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс

ІІ. 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі.

 

І. 1837- 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс

 

  1.  ХІХ ғасырдың 20- жылдарынақарай Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірінің бір жағында билік еткен: Қоқан бектері.

  2.  ХІХ ғасырдың 20- 30 жылдарында Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған: Хиуа

  3. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себепші болған: қазақтардың атам заманыннан қоныстанған жерінен ығыстыруылуы (Патша үкіметі Жаңа Елек өзені бойында шептер сала бастады)

  4.  Патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылық білдірп қырық мың шаңырақ жақтастарымен Көкшетау бойынан Қоқан хандығының шекарасына қарай көшіп кеткен: Қасым.

  5. Кенесары Қасымұлының өмір сүрген жылдары: 1802-1847 жылдары

  6. Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен: әкесі Қасым.

  7. Кенесарының атасы. Абылай хан.

  8. Кенесарының туған ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген: Қоқан ханы.

  9.  Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар: 1837- 1847 жж.

  10. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.

  11. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қамтыды: Үш жүзді.

  12. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісінің басты қозғаушы күші: қазақ шаруалары.

  13.    Патша үкіметінің сот- жазалау мекемелерінің жинаған мәліметтеріне қарағанда, К.Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны: 80

*     Көтерілісшілердің саны кейбір жағдайда жетті: 20 мыңға

  1.  Сұлтан Кенесары басқарған   көтеріліске 80 сұлтан мен байлар қатысқан аймақтар мен аудандар: Құсмұрын, Көкшету, Ақмола, Қарқаралы, Баянауыл округтері

  2. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты: Патша өкіметінің қазақтарды  отарлауын  тежеу.

  3.  Кенесары  әскерінің жеке отрядын басқарған Амангелді Имановтың атасы: Иман батыр.

*     Кенесарының серігі, інісі, көтеріліске қатысушылардың бірі:

  1. Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезінде Ресей императоры: І Николай

*     Кенесары патша үкіметіне алғаш рет қарулы қарсылық білдірді: 1837 жылы қараша айында Петропавлдан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі қазақтарының тобына шабуыл жасады.

  1.  1838 жылы мамыр айында Кенесары сарбаздары: Ақмола бекінісін өртеп жіберді.

  2. Кенесары көтерілісі Кіші жүзге тарала бастады: 1838 жылы күз

  3. 1838 жылы Кенесары көтерілісіне өз жақтастарымен келіп қосылған Кіші жүздің белді биі, батыр: Жоламан Тіленшіұлы.

  4. 1841 жылы Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзге аспау себебі: Сарбаздар арасында жұқпалы ауру тарады.

23. 1841 жылы Кенесары көтерілісшілері  басып алған коқан әскерлері орналасқан бекіністер: Жаңақорған, Созақ, Ақмешіт.

  1. Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған: Қоқан ханы.

  2. 1843 жылы І Николай патша келісімін беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберді: Старшина Лебедевті.

  3. 1844 жылы шілде айының 20- сынан 21- іне қараған түнде болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны: 44

  4. Патша үкіметінің  старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі: Кенесарымен күрестегі дәрменсіздігі.

*     Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр еткен жағдай: 1844 жылғы күрестегі нәтижелері көтерілісшілердің рухын көтерді, Кенесары туы астына жаң қазақ ауылдарының тездеп шоғырлануы.

  1. 1838 жылы желтоқсан айында Ақбұлақ округтік приказы төңірегінде Батыс Сібір генерал губернаторы Горчаковқа және І Николай патшаға арналған хаттарды тапсыруға жіберген Кенесарының бес өкілі: Тұтқынға алынып, жазаға тартылды.

  2. 1844 жылдың аяғында Кенесарымен келіссөз жүргізген  Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі, би: Баймұханбет Жаманшин.

  3. 1845 жылы Кенесарының аулына келген патша елшілері: Долгов, Герн

  4.  Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі: 1844 ж екі жақ  бір- бірінің талаптарын мойындата алмады. (Жазалаушы отрядтардың бассыздығын жою, алым-салық жинау сияқты Кенесары талаптарының орындалмауы.)

  5. Кенесарыны Орта жүздің аумағынан ығыстыру үшін патша үкіметі:  бекіністер тұрғыза бастады.

  6. 1945 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: Ұлы жүзге (оңтүстікке)

*     Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге бет алуының бір себебі: Қоқан езгісіндегі қазақ руларын дербестік алуына көмек көрсетіп, өзіне тірек жасау.

  1. Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ: Бұхара мен Қоқан

  2. Кенесарының жағдайын қиындатқан: Бұхара мен Қоқан хандықтарының көтеріліске қарсы күресу жөніндегі келісімдері.

  3. Кенесарыны және оның қоқан бектеріне қарсы күресін барынша қолдаған батырлар: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы, Байзақ датқа, Медеу би.

38    . Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға: Кенесарының өзіне ермеген аылдарды ойрандауы

  1.  Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы.

  2.  Кенесары көтерілісінің отаршылдық езгіге қарсы бастапқы сипатын өзгерткен:

  3.  Кенесары қырғыздарының қолынан қаза тапты: 1847 жылы Майтөбе деген жерде

  4. 1847 жылы хандық билікті қолына алды:1841 жылы

43.     Кенесары құрған хандық сипаты жағынан: феодалдық

  1. Кенесары құрған хандық кеңестің Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: биліктің тізгіні Кенеасарының өз қолында болды.

  2. Хандық билікті қолына алған  Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: хандық сотты.

  3. Опасыздық жасағандарға қолданылған жаза: өлім жазасы.

  4. Кенесары Қасымұлының шаруашылық саласында көңіл бөлді: егіншілік.

 

 

ІІ. 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі.

 

  1. Бөкей Ордасы құрылған жыл: 1801 жылы

  2. Бөкей Ордасының территориясы: Еділ мен Жайықтың аралығы.

  3.  ХІХ ғасырдағы Кіші жүздің алып жатқан жері: 850 мың шақырым.

  4. 1801 жылы 11наурызда  Жайық пен Еділдің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп- қонуына рұқсат берген император: ІПавел

  5. патша үкіметінің Кіші жүз руларынандағы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсендеткен шешімі: Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру.

  6.   Бөкей Ордасының патша үкіметінің қаржысна хан сарайын салған жер: Жасқұста.

  7. Бөкей Ордасында «Хандық кеңес» ұйымдастырылды: 1827 жылы.

  8. Бөкей Ордасында 1827 жылы құрылған «Хандық кеңестің» құрамына кірген билер саны: 12

  9. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай: Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожаның Каспий өңіріндегі руларға билеуші болып тағайындалуы.

  10. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болды: 1836- 1838ж

  11.  Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болған кезең: ХІХ ғ І жартысы

  12.  Бөкей Ордасындағы ұлт- азаттық көтеріліс созылды:

  13.  1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтеріліс: 3 кезеңге бөлінеді.

  14. 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші: Қазақ шаруалары

  15.  Бөкей ордасында болған көтерілістің мақсат айқын көрінді:

  16. Бөкей хан Исатай Тайманұлы беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындады: 1812жылы

*     1814 жылы Орынбор Шекаралық Комиссиясы старшындыққа бекітті.

  1.  Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы старшын болған ру: беріш.

  2. Орынбор генерал- губернаторының көрсетуі бойынша Исатайдың жала жабылып сотқа тартылған жылдары: 1817- 1823

  3. 1837 жылы қазан айының 15- інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы:Балқы би (Балқы Құдайбергенұлы.)

  4. Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды:1836ж 17-наурыз

  5. 1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастған көтерілісшілер саны: 2 000

  6.  700 казак әскерінен, 400- ден астам хан- сұлтан жасақтарынан құралған жазалаушылар Исатай қолына қарсы тұрды: Геке, подполковник Меркулов

  7. Патша үкіметінің Исатайды ұстап тірідей әкелген адамға берілетін сыйы: 1 000 сом

*     Батырың басын алғанға 500 сом тігілсе де, Ордада бірде- бір қазақ губернатордың ұсынысын қабылдамады.

  1.  Исатай Тайманұлы Жаманқала бекінісін жақын жерде жазалушылардың тобын бұзып, жайықтан шығысқа қарай өтіп үлгерді: 1837 жылдың 13- жлтоқсанында

  2.  Патша үкіметінің Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездеткен жағдай: Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.

  3.  Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің жеңілген жер: Ақбұлақ

  4.  Исатай Тайманұлы қаза тапты: Ақбұлақ деген жерде

*     1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.

  1.  1836- 1838 жылдардағы көтеріліс кезінде көтерілісшілерден тартып алынған малы:  Тастөбе түбіндегі ұрыс үшін полковник шенін алған Гекенің нұсқауымен сұлтндар мен көтерілісшілердің қуғындауға қатысқан Жәңгіргежақын феодалдар арасында таратылды.

  2. Махамбет Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы.

  3.  1836- 1838 жылдардағы исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару берілді: Гекеге

  4. Исатай көтерілісінен кейін Ішкі Ордадағы 1842 жылғы антифеодалдық бағыт алған шаруалар көтерілісін басқарды: Лаубай Мантайұлы және Аббас Қошайұлы

  5.  Сотник Бородин және Ішкі Ордадағы  сұлтандары  Аббас пен Лаубайды тұтқынға алып, орал қаласында әскери сотқа берді: 1844 жылдың күз

  6. Бөкей Ордасындағы 1842- 1844 жылдарындағы көтерілістің басшыларының бірі Лаубай Мантайұлы түрмеде қайтыс болды: 1847 жылы

*     Аббас Қошайұлы сот үкімімен Лифляндия инженер корпусының қарамағына қара жұмысқа айдалды.

 

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 50- ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ШАРУАЛАРЫНЫҢ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ

 

І. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен Есет Көтібарұлы көтерілістері.

ІІ. 1858 жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі.

 

 

І. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен Есет Көтібарұлы көтерілістері.

 

  1. ХІХ ғасырдың 50- жылдарындағы Сыр бойындағы қазақ шаруаларының азаттық күресінің басшысы: Жанқожа Нұрмұхаммедұлы.

  2.  Жақожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болған:  Хиуа ханының ұлы Мұхаммед рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Куандария аударында көптеген қамал тұрғызуы.

  3. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843

  4. Жанқожаның қолы Қуандария бойындағы талқандалған  бекіністі қалпына келтіруге жіберілген екі мыңдай хиуалықты жеңді: 1845 жылы

  5.  Райым бекінісі салынған жыл: 1847 жылы

  6. Райым бекінісінің  қазіргі атауы: Қазалы.

*     1856- 1857 жж. Төменгі Сыр бойы қазақтарының көтерілісіне себеп болған жағдай: патша үкіметінің қамал тұрғызу үшін салықтың көбеюі

  1. 1856- 1857 жылдары Жанқожа батыр бастаған көтерілістің ошағы: Жаңақала.

*     1856 жылы Жанқожа  батырдың туы астына 1 500 адам, 1857 жылы 5 000 адамға дейін жетті.

  1.  Жанқожа батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды: 1856 ж

  2.  Патша үкіметі Жанқожабатыр мен Есет Көтібарұлының күштерін біріктірмеу үшін: генерал- майор Фитингов басқарған ірі топты қарсы жіберді.

*     1857  жылды 9 ақпанда Жанқожа батыр мен генерал-майор Фитингов әскері арасындағы шешуші шайқас болған жер:Арал маңы

  1. ХІХ ғасырдың Жанқожа көтерілісі жаншылды: 1860 жылы.

  2. ХІХ ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауына көтерілісіті бастаған: Есет Көтібарұлы

  3. орынбор губерниясының әкімшілігі Есет Көтібарұлын ұстауды жүктеді: билеуші сұлтан Арыстан Жантөринге.

  4. 1855 жылы 8 шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш: Жантөрин

  5. ХІХ ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі: Орынборға барып патша билігін мойындады.

 

 

ІІ. 1858 жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі.

  1. ХІХ ғасырдың 50- жылдары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу тәуелді болды: Қоқан хандығына

16     ХІХ ғасырдың 50- жылдары Ташкент билеушісі Мырза Ахмет енгізген қосымша салық жиналды: қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерге

  1. 1858 жылдың наурыз айында Қоқан езгісіне қарсы ең  ірі көтеріліс болды: Әулиеата

  2. Көтерілістің негізгі қозғаушы үші: қазақ және қырғыз шаруалары

  3. Көтерілістің қамтыған аумағы: Шымкенттен Мерке мен Пішпекке дейін

  4. 1858 жылы қырғыз- қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне  соққы берген жер: Әулиеата

  5. Көтерілісті басуға жіберілген әскери топтардың бірін бақарған Кенесарының ұлы:  Тайшық

  6. 1858 жылғы халық қозғалысының тегеурінен сескенген қазақ феодалдарды: Қоқан билеушілермен ымыраға келді.

  7. Қазақ феодалдары Қоқан ханы Худиярмен жасаған ымыра: Ішінара жеңілдіктерге келісім берді.

*       Мырза Ахмет орнына Ташкент билеушісі Худияр ханның інісі Мұрат- аталық келді.

  1. Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда1858 жылыболған көтерілісті басты: қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы.

  2. 1858 жылғы қазақ шаруаларының Қоқан езгісіне азаттық күресінің тарихи маңызы: Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады. (Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруінің алғышарты пісіп-жетілді.)

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН -РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ

І.Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.

ІІ. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

 

І.Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.

 

  1.     осы едің жасырын қолдауына сүйенген Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізінің жағалауынан Жетісуға дейін шабуыл жасады: Ағылшын.

  2. Хиуа ханы Мұхаммед- Рахымның он мыңдық әскерімен қазақтарға жойқын шабуылы болған жыл: 1820 жылы

  3. Хиуа ханы Мұхаммед- Рахым қаңыратып кетке қазақ ауылдарының саны: 2 000

  4. 1821 жылы Орта Азия хандықтарының  озбырлығына қарсы Ұлы жүздегі көтерілісін басқарған: Тентектөре батыр.

  5. 1821 жылы Тентектөре бастаған  қозғалыстың сипаты: Азаттық

31    . 1821 жылы Тентектөре бастаған  қозғалыстағы көтерілісшілер саны: 10 мың.

  1.  ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын  билігінде ұстаған хандық: Қоқан хандығы

  2. ХІХ ғасырдың ортасында (ХІХ ғасырдың 20- 30 жылдары) болған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы  көтерілістер бағытталды: Қоқан үстемдігіне қарсы

  3. 1817 жылы Сүйік сұлтан Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлемдемесі: өзінің қарамағындағы рулардың Ресейдің құрамында болуын қалайтындығын

  4. Ресей бодандығын  1817 жылы бірінші болып қабылдаған 66 мың қазағы бар Ұлы жүздің руы: Жалайыр.

  5. 1825 жылы жаңа әкімшілік билікті мойындап, өзі жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы (50 мың адамы бар болыс): Үйсін.

  6. Ресейдің сыртқы істер министрлігі жанындағы «Азия комитетінің» құрылған  уақыты: ХІХ ғ. 20-30 жылдары.

*     Патша үкіметі Қазақсанда саяси бағыттағы бірқатар әскери шараларды іске асырды: ХІХ ғ. 20-30 жылдары.

  1.  ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары Хиуа мен қоқан хандары: Қазақстанның оңтүстігі мен қырғыз жерінің Ресей иелігіне өтуін қолдамады, оған барынша кедергі жасауға тырысты.

  2.  Қапал бекінісі салынды: 1847

  3.  Ұлы жүзді басқаратын ресейлік пристав тағайындалған жыл: 1848 жыл.

  4. 1848 жылы Ұлы жүзге тағайындалған ресейлік билік: пристав

  5.  ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай алдымен көз тіккен аймақтар: Қытай мен Қоқанға іргелес Жетісу мен Іле өңірі.

*     Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын біраз уақытқа  дейін билігінде ұстады: қоқан

  1.  Ұлы жүздегіҚоқан хандығының тірегі болған Қаскелең өзені бойындағы бекініс: таушүбек.

  2. Орыс әскерлеріне Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілген: 1851 ж 7 шілде.

  3.  1853 жылы Ресейдің қол астына қараған бекініс: Ақмешіт.

  4. Сырдария мен Сібір әскери шептерін ұштастыру туралы ұсыныс жасаған Батыс Сібір генерал- губернаторы: Г.Гасфорт

  5. 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекінісін  тұрғызды: Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышальский.

  6.  Верный бекінісінің негізі қаланды: 1854 жылы

*       1854 жылдың көктемінде құрылған бекініс: Верный

  1.  Верный бекінісінің  неізін қалаған отрядты басқарған: М.Д.Перемышальский

  2. Верный бекінісі  салынған жердің ежелгі атауы: Алматы.

*     Верный кейін Іле қонысы деп аталды.

  1.  Ұлы жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл: 1855жылы.

  2.  Ресейден Верныйға қоныс аударушылар  арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж

  3. Татар слабодкасы маңайында Верныйдағы тұңғыш су диірмені салынды: 1857 жылы.

  4. 1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп: сыра зауыты

  5. ХІХ ғасырдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: Ш.Уәлиханов.

*     Верный бекінісі ХІХ ғасырдың 50 жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресей қол астына қарауын тездетті.

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

 

  • Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы кезінде Ресейдің күшін қоқандықтар  өзбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы лап, қошемет көрсеткен: қазақтар

  1.  1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүсті шекарасына тұрғызылған бекініс:  Кәстек

*     Орыс әскерінің Шу аңғары арқылы қоқан бекіністеріне қарай ілгерілеуі осы жерден басталды.

  1.  Орыс әскерлері 1860 жылы 26 тамызда басып алған қоқандықтардың бекінісі: Тоқмақ

*     Қыркүйекте  бес күндік қоршаудан кейін құлаған қоқанның Жетісудағы тіректерінің бірі: Пішпек

  1.  Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы: екіге бөлініп, екі жақта да соғысты.

  2.  Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Орыс әскеріне қарсы.

  3. Жетісудің Ресейге қосылуының аяқталуы кезеңіндегі Алатау округінің билеушісі: Колпаковский

  4. 1860 жылы орыс әскерлері мен Қоқан әскерінің арасында үш күндік шайқас болған жер: Ұзынағаш түбінде.

  5. Ұзынағаш жеріндегі орыс әскерлерінің Қоқан әскерін женген шайқас болған уақыт: 1860 жылдың қазан айының 19- 21 күндері

*   1860 жылғы Ұзынағаш шайқасынлағы екі жақтың шығыны: орыс: қаза- 2, жараланды- 32;  қоқандықтар- 400 ден астамы қаза болды.

  1. 1860 жылғы зынағаш шайқасының тарихи маңызы: Жетісудің қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті

  2. 1863 жылы Ресейдің құрамына енген бестаңбалы руының саны: 5 000

*     Қоңырат руының саны: 4 000

66. ХІХ ғасырдың 50- 60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің бәсекелесі: Англия.

  1.  Ресей үкіметінің Әулиеата, Түркістан, Мерке бекіністерін басып ады: 1864 жылы.

* 22 қыркүйекте М.Черняев мен подполковник Лерхенің әскери топтары басып алған бекініс: Шымкент (1864 ж басып алды)

  1. Орыс әскерлеріне қарсы Хиуа, Бұхар хандықтарымен одақ жасауға тырысқан Қоқан билеушісі: Әлімқұл.

  2.  Орта Азиядғы ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерінің басып алған жылы: 1865 жылы

  3.  1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы: Бұхар

*     Бұхар хандығының иеліктері Түркістан генерал- губернаорлығына құрамына кірді.

  1.  1866 жылы Бұхар хандығының солтүстігіндегі  қазақтар өзбектермен қатар билігін мойындады: Ресей билігін

  2. 1868 жылы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер бағындырылды: Түркістан генерал- губернаторлығына.

  3. Хиуа хандығы орыс әскерлеріне жеңілді: 1873 жылы

  4. Қазақстаның Ресейге қосылу процессі созылды: 150 жылға

  5.     1864 жылы Ресей үкіметінің Қоқан хандығына қарсы жіберген әскері басып алған бекініс. Түркістан

 

 

 

 

 

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

І. 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы  реформалар.

ІІ. ХІХ ғасырдың 60- 70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық  күресі

ІІІ. Қазақстанның экономикалық дамуы.

ІҮ. Қазақ –қытай сауда қатынастары.

Ү. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси- әлеуметтік дамуы.

ҮІ. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару.

 

І. 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы  реформалар.

 

Реформаны дайындау

  1. ХІХ  ғасырдың 60 жылдарында қазақтардың басқаружүйесін өзгерту үшін құрылған комиссия басшысы: статс- хатшы Бутков

  2. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков басқарған комиссия ұсынған жоба бойынша қазақ даласын бөлу көзделді: екі облысқа.

*     Батыс облыстың орталығы- Торғай

*     Шығыс облыстың орталығы- Сергиополь (н/е Қарқаралы)

3    . А.П.Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына Орынбор генерал- губернаторы болып Н.А.Крыжановскийтағайындалды: 1865 жылы

*     Жаңа губернатор И.И.Бутков комиссиясының пікірлері мен ұсыныстары қабылдамады.

  1. 1865 жылы Қазақ өлкесін басқару жүейсін өзгертуүшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған Ішкі Істер министрлігі  кеңесінің мүшесі: Гирс

  2. Қазақ даласын басқаружөніндегі  «Ереженің» жобасын дайындайтын «Дала комиссиясы» құрылды: ХІХ ғ 60 жылдары.

*     «Дала комиссиясының» құрамындағылар:  бас штабтан- полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал- губернаторлығынан  капитан А.П.Проценко.

  1. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған: өлкені зерттеп білу мәселелері.

  2.  ХІХ ғасырдың 60 жылдары әкімшілк басқару жүйесінде өз пікірлерін ұсынған қазақтың ғалымы: Ш.Уәлиханов

8.    ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уәлиханов айтқан пікір: халықтың өзін- өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті.

  1. ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ережені» бекітті: 1867 жылы 11 шілде.

  2. ІІ Александр патша «Орынбор және Батыс генерал –губернаторлығына Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті:1868 ж 21 қазан.

  3. 1867-1868 жылдардағы реформа тұстас келді: Ресейде басыбайлылық құқығының жойылуымен және бірқатар буржуазиялық реформалардың қабылдануымен.

 

Реформаның мазмұны, мәні.

12. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша бүкіл қазақ жері әкімшілік жағынан бөлінді: 3 генерал- губернаторлығына

13. 1867- 1868 жылдардағы реформаға дейін қазақ даласы бөлінді:

14. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша құрылған генерал- губернаторлықтар: Орынбор, Түркістан, Батыс Сібір

І. Орынбор генерал– губернаторлығына қараған облыстар: Торғай мен Орынбор

ІІ.Батыс- Сібір генерал– губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей.

ІІІ. Түркістан генерал губернаторлығына кірген облыстар: Жетісу, Сырдария.

15. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша 1872 жылдан бастап Бөкей хандығының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахан губерниясына

16. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің  басқаруына, кейіннен енгізілді: Закаспий облысына

17. 1867- 1868 жылдардағы реформа  генерал- губернатордың қолында шоғырланған билік: әскери және азаматтық.

18. 1867- 1868 жылдардағы «Ереженің» басты қағидасы(түйінді жері): әскери және азаматтық биліктің бір қолында шоғырлануы.

19. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді:Түркістан генерал губернаторлығына

*- 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал губернаторлығына дипломатиялық келіссөздер рұқсат етілген елдер:Қытай мен Иран

20. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша облысты басқарған: генерал- губернатор

* Сонымен қатар, сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындалған (наказной) атаманы болып есептеледі.

21. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернатор жанындағы облыстық басқармалар үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру.

22. 1867- 1868 жылдардағы реформа облыстық басқарма істерін қадағалаған: Вице губернатор

23. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: уезд.

24. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысына енгнен уездер: Көкшетау, Омбы, Петропавл.

Семей облысы: Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы (кейіннен Павлодар, Өскемен)

Сырдария облысы: Қазалы, перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Жизақ.

*Жетісу облысы: Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ.

Торғай облысы: Елек, Қостанай,  Ырғыз, Торғай

*Батыс Қазақстан (Орал): Орал, Атырау, Қалмықов, Жем(Темір).

25. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындаған: генерал- губернатор.

* Уезд бастықтарына көмекші екі кісінің жергілікті халық өкілдерінен алынды.

26. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша уездер аймақтық принципке негізделіп бөлінген әкімшілік буыны: болыстарға

27. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша әр облыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны: 100- 200 шаңырақ.

28. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілген: Шыңғыс тұқымдары, сұлтандар.

  1. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстанда отырықшы  елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария

* 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысының отырықшы елді мекендерінің басқару билігі берілді: Ақсақалдарға.

30. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиындарына сайланды: 3 жылға.

*1867- 1868 жылдардағы реформалар әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралына айналған, ашық таптық сипаты бар сот мекемелері.

31. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны: билер мен қазылар соты

32. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекіткен: әскери- губернатор.

33. 1867- 1868 жылдардағы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған облыс: Сырдария

34. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысында сақталған сот: қазылар

35. 1867- 1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жариялануы.

36. 1867- 1868 жылдардағы реформаларды өз шығармаларында сыңға алған қатарлы ойшылдар: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин

 

ІІ. ХІХ ғасырдың 60- 70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық  күресі