Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ТІРЕГІНДЕГІ ТОЛАМДАР 1.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
977.41 Кб
Скачать

Иманғали Тасмағамбетов,

саясаткер.

* * *

Мен – ұлтшылмын. Ұлтшыл болу деген - өз ұлтын, өз халқын сүю деген сөз. Қазіргі де, бұрынғы да Ресей басшыларының бәрі ұлтшыл болған. Өйткені олардың бәрі басқа ұлттың емес, орыс ұлтының қамын ойлаған. Олардың ұлтшылдығы мен қазақ ұлтшылдығы арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақ ұлтшылдығы – қорғану, яғни мүлдем жойылып кетпеу, ана тілінен, ұлттық әдебиеті мен тарихы өшіп кетпеу үшін күресу ұлтшылдығы. Орыс пен қытайдың ұлтшылдығы – шовинистік ұлтшылдық.

Хасен Оралтай,

дін қайраткері.

* * *

Көп тіл білгеннің еш зияны жоқ. Бірақ қазақ баласы әуелі бесіктен ана тілін біліп, ұлттық тәрбиенің қайнарына сусындап өсуі керек. Ұлттық тамыры үзілмеген бала ғана кейін қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын болады.

А.Бақтыгереева,

ақын.

* * *

Мен қазіргі қазақты үш топқа бөліп, таразылайтыным да бар. Алдымен ойға таза қазақ түседі. Бұл – ауылда тұратын, салт-дәстүрін сақтаған ел. Бұдан кейінгі – шала қазақтар. Бұлар қалада тұратын, қызмет істейтін, сан жағынан көп, әлеуметтік топ. Келесісінің аты – ада қазақтар. Бұлар адамдық болмысынан, тіл-дәстүрінен айырылған , шоқынған, қауіпті топ.

Мекемтас Мырзахметұлы,

профессор.

* * *

… Қазіргі кейбір «жаңа қазақтар» бүгін рухсыздық науқасымен сырқаттанып жүр. Олар өз тарихын білгісі келмейді. Өз ата-бабаларының ерлігін мақтаныш етпейді. Өз анасының тілін ұнатпайды. Өз ақындарының өлеңін оқымайды. Өз сазгерлерінің күйін тыңдамайды. Өз ұлтының өнеріне тамсанбайды. Олар өзгелерге табынып үйренген. Әлі де табына бергісі, жалына бергісі, жалбарына бергісі келіп тұрады.

... Мен өзім ана тілінде ағып тұрған, бірнеше шет тілін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-санасынан, көне тарихы мен көркемсөз үлгілерінен хабардар қазақтың қыз мінезді сыпайы жігіттерін көргенімде жаным жадырап, көңілім көтеріліп, еліміздің ертеңіне деген сенімім бұрынғыдан да еселеп арта түседі.

Нәмет Келімбетов,

ғалым.

* * *

… Ватиканның қос мемлекеттік тілінің бірі – көп жұрт өлі тіл деп ойлайтын – латын тілі. Ватикан үшін латын тілі – тірі тіл. Тек Ватикан ғана емес, әлемнің қай түкпіріндегі болсын католик шіркеуінің дінбасысы міндетті түрде сол тілді жете білуі керек. Тіпті, сол Римнің қақ ортасындағы Ватиканда қызмет атқаратын екі итальяндық бір-бірімен тек латын тілінде сөйлесуі тиіс… Солай бола тұра, Папа Иоанн Павел ІІ өзінің Өсиетін поляк тілінде жазып қалдырды. Ұлттық рухы неткен биік еді.

Темірхан Медетбек,

ақын.

* * *

… Қазіргі кезде қазақ тілі, мына бүгінгі қазақ тілі, Абай заманындағыдан бай, тіпті, Мұхтар Әуезов заманындағыдан да қуатты.

…Біз халқымыздың тіл қазынасының төрт бұрышын түгендеуіміз керек, жазушылардың міндеті – сол тұнып жатқан тұнықты қайта көтеру, ұмыттырмау.

… Халық жасаған жерде тіл де жасайды; қазақ тілінің болашағы өте зор. Біздің тіліміз байи бермек…іргелене бермек.

Мұхтар Мағауин,

жазушы.

* * *

Қазақтың тілі – қазақтың тағдыры. Тіл дамытамыз десек, тазалық керек. Қазақтың тілін ешкім де жасандылықпен, орынтағын сақтап тұруға керек болғаны үшін меңгере алмайды.

Қоғабай Сәрсекеев,

жазушы.

* * *

Бүгінгі таңда ғалымдар арасында «лингвистикалық конформизм» деген термин бар. Ол бұрын басқа халықтың үстемдігін бастан кешкен ұлттарда болатын құбылыс, үстемдігі жүріп тұрған ұлт тіліне икемділік те, өз ұлтының тіліне енжарлық, самарқаулық. Осындай ғадет біздің ұлт өкілдерінің де біраз бөлігінің бойына әбден сіңген, мұндай психологиядан да аз жылда арылып кету қиын, әрине.

Болат Бодаубаев,

жазушы.

* * *

Сөз – жанның тілі. Ән – жүректің мұңы, тіл – рухтың үні!

… Күнәнің ең ауыры - өз тіліңнен өгейлену. Ана сүтін емген екенсің, өз тіліңді иемден. Өз рухының үнін өз кеудесінде өшірген жан өзгеге опа бермейді. Опасыз да, ождансыз да, отансыз да солардың арасынан шығады! Тәңірім тексіздіктен сақтасын!..

Исраил Сапарбаев,

ақын.

* * *

Қанша тілді білсең де ана тілінде түс көресің.

... Ана тілі – бір буыннан бір буынға берілетін рухани байлықтың көзі.

Төлеген Қожамқұлов,

ҚазМҰУ-дың ректоры.

* * *

Қазақтың өз елінде өз тілінен, өз табиғатынан алыстап бара жатуының басты себебі де қазақ тілін – Мемлекеттік тіл дәрежесінде пайдалана алмаудан. Сондықтан кезінде барша халық орыс тілін қалай үйренсе, бүгін өзімізді төрге шығарған халыққа да сыймен қарап, оның Мемлекеттік тілін өз ортамыздағы дәнекер тілге, біріктіруші дос-жар адамдардың тіліне айналдыру өз жеріне, өз жүрегіне өзге ұлт пен ұлыстар азаматтарының парызы деп білем. Сыйластық қашан да екі тараптан бірдей болғанда баянды болмақ.

* * *

10 томдық түсіндірме сөздік бірде-бір түркі тілдес халықта жоқ. Әуелі мына алпыс миллион халқы бар Түркиядағы түсіндірме сөздіктің бар жиынтығы екі-ақ том. Татарларда төрт том. Осының өзі-ақ менің қазақ тілімнің шоқтығы биік екенін дәлелдеп тұр емес пе?!

… Алматыға Иманғали келді… 2006 жылдан бастап Алматы қаласында іс қағаздары мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізіледі деген шешім шығарып, кім қай мезгілде көшетінін белгілеп берді. Кім қарсы шықты? Ешкім. Көрдіңіз бе, барлығы бас жақтан, басшының талабынан. Іс істегендікі емес, істете білгендікі.

… Қазақстанда тұрып өз тілімді білмесем ұят емес, ал қазақ тілін білмеуім маған үлкен күнә.

… Қазіргі қазақ тілі – бағы ашылып тұрған тілдей. Соның бағын байламай, өрісін кеңейтсек.

* * *

... Тіл – қатынас құралы. Тіл – алтын көпір. Тілін қадірлесең, ол ел сені де қадірлейді. Қазір көптеген мемлекеттер жергілікті халықтың тілін білмесе, азаматтық бермейді. Қызметтен шеттетеді. Ал бізде олай емес. Кейде біздің шенеуніктер шетелдерге барып келіп, «анауы жақсы», «мынауы керемет екен» дейді. Бірақ тіл мәртебесін айтпайды. Неге? Осы нәрсе бізді де ойландыруы керек.

* * *

…Болашаққа қазақтың тілімен барғанды қалаймын. Қазақтың тілі таза сақталған. Ал алақандай әзербайжанда бірін-бірі түсінбейтін диалектілер көп. Қазақтың тілі VII-VIII ғасырдағы арабқа да, XIII ғасырдағы тегеурінді монғолға да, XX ғасырдағы ормандай орысқа да төтеп беріп, солардың ырқына түсіп кетпегендігінің куәсі – 10 томдық түсіндірме сөздігінің барлығы.

* * *

Ана тілі – тірлік үшін, мемлекеттік тіл – бірлік үшін.

Асылы Осман,

ғалым.

* * *

Өз ұлтына, тіліне, мәдениетіне салқындық білдіру – ақ сүт берген анасының омырауын тістеумен бірдей жабайылық. Оның басты себептерінің бірі – ұлттық экономикадан ұлттық тілді шеттету… Тілді бүгінгі кәсіпкерлікке, кәсіпкерлерді тілге бейімдемей ұлт болып ұю қиын.

… Біз көп ұлтты мемлекетте өмір сүреміз деп қазақша сөйлеуді қойдық, қазақша сөйлессек басқалары түсінбейді деп, тілімізбен бірге дініміз, дінімізбен бірге өзіміз де арзан қолды, болмашы ғана мәртебеге ие болдық. Әлі де сол ұлтсыздану дертінен айырыла алмай келеміз.

… Биліктің тілі де – орыс тілі, тілдің де билігі орыста болғаны рас. Егер бір апта барлық ақпарат құралдары, кеңселердегі іс қағаздар, басқа тірліктер тек қазақ тілінде жүргізілсе, еліміздің төрттен үш тұрғыны өзін шет мемлекетте жүргендей сезінер еді. Басқа ұлттардың интеллигенциясы күні үшін қызмет етіп, дінін, тілін сақтаса, біз орысқа тым жақындап, орысқол болған сайын өркениетті боламыз деп сендік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]