Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ТІРЕГІНДЕГІ ТОЛАМДАР 1.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
977.41 Кб
Скачать

Қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек.

* * *

... Тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс.

Ахмет Байтұрсынұлы.

* * *

Бала өз ана тілінде тәрбиеленбесе, өз халқына қызмет ете алмайды.

* * *

Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге тілдерді түсіну мүмкін емес.

* * *

... Орыстың білімін алуға, өнерін білуге, жақсы жағын жаттауға еліктеу – дұрыс та, кәпірлігін, мақтаншақтығын, рақымсыз, қызықшыл, қалташыл, антшыл «суық» шенеуніктігіне еліктеу, ақсүйек болуға, салтанат түзеуге, тұрмысын, жүрісін, үй-ішін жат түрге салып, қазақтан қашыртуға еліктеу – үлкен мін, кемшілік.

...Қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды.

* * *

Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт – күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін қызмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар… олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі… Балаға бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек.

Жүсіпбек Аймауытов.

* * *

Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі құри бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді.

* * *

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін – не бардың!

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп

Нұрлы жұлдыз – бабам тілі , сен қалдың!

Мағжан Жұмабаев.

* * *

Қазақша жазу – қазақ сөздерінің кез келгенін құрастыра беру емес.

* * *

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнінде интеллигент емес.

Мұхтар Әуезов.

* * *

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.

Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі.

…Ешкімнің аулында тіл академиясы жоқ. Ана тіліміздің академиясы қазақ деген халық, көше жүрсе де, бытырай жүрсе де, оқымаса да ана тілін сақтаған…

* * *

Ана тілін аяқ асты етуден тыйылатын болайық!

... Бұл (қазақ тілі – Д.Д.) – бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу-бейнелері ерте туған тіл. Пушкин, Лермонтов шығармаларын XIX ғасырда көп елдерден бұрын аударған тіл... Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.

* * *

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

* * *

Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.

Ғабит Мүсірепов.

* * *

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды.

* * *

Тілден айырылған жұрт – жойылған жұрт.

* * *

Тілді бұзбай ұстарту, байыту – ақындардың мойнына артылған зор борыш.

* * *

Оңаша тұрған елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды.

* * *

Елдің тілін бұзатын көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениеттің әсері.

* * *

Елдің тілінің бұзылуына, ең алдымен, оқығандары себеп болды.

* * *

Тілге кірген жат сөздер – сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге жетуі мүмкін. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын бұзады, тілге зиян келеді.

* * *

Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесе – бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесе – бұл күйініш.

* * *

Арақ, шылым, аурулар адамның денесін бұзса, зорлықпен кіргізілген жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]