Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

3. Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары.

Қолданылатын қозғалтқыштарына байланысты бұрғылау қондырғыларының жетектері дизельді, газотурбиналы және электрлі болып бөлінеді.

Дизельді және газотурбиналы жетектер – автономды – электр желісі жоқ шалғай жерлерде барлау және пайдалану бұрғылауларында қолданылады. Кей жағдайларда оның электрлі жетекке қарағанда экономиялық тиімділігіне байланысты жекеменшік компанияларда кеңінен қолданылады.

Электрлі жетектер – автономды емес және оларды тек электр желісімен жабдықталған бұрғылау орындарында ғана қолдануға болады. Бірақ қазіргі кезде электрлі жетектердің дамуына байланысты дизелді-электрлі және сұйық жанармаймен, табиғи және ілеспе газбен жұмыс істейтін газотурбиналы электрстанциясы кеңінен қолдау тауып отыр.

Топтасқан жетекте бұрғылау қондырғысының шығыры, сорабы және роторы сәйкес берілістерді жалпы қозғалтқыштан алады. Сонымен бірге саны және қозғалтқыш қуаты азаяды.

Жеке жетектерде шығыр, ротор және бұрғылау сораптарының жеке қозғалтқыштары болады.

Аралас жетек дизелді топтасқан жетектердің күші екінші бұрғылау сорабының жұмысына жеткіліксіз болғанда қолданылады. Бұл жағдайда ротор, шығыр және бұрғылау сораптарының біреуі топтасқан жерекпен, ал екінші бұрғылау сорабы жеке жетекпен жабдықталады.

Электрлі бұрғылау қондырғыларында аралас жетектер кеңінен қолданылады, ротор мен шығыр топтасқан жетекке, бұрғылау сораптары жеке жетекке жабдықталады.

Билет № 10

1. Бұрғылау мұнаралары – құрылымы мен сипаттамасы.

БҚ келесі негізгі параметрлері бойынша сипатталады:

  • жүккөтергішітігі;

  • металлоқұрылымының биіктігі;

  • дүкеннің сыйымдылығы (тізбек үшін);

  • жоғарғы және төменгі негіздердің өлшемі;

  • тізбектің ұзындығы және еденнен жоғарғы жұмысшы балконына дейінгі арақашықтық;

  • мұнара салмағы.

Бұрғылау мұнараларын башенді, мачталы, мобилді және колтюбингті деп бөледі.

Башенді мұнаралар-Жоғарғы негізінде тұтаспісірлген кронблокасты рама және тіреулер орнатылады. Тіректер мұнараны монтаждау кезінде қолданылатын блоктармен жабдықатлған.

Аталған типті мұнаралар өте жоғары қаттылыққа және тәлді арқанның жүрісті және өлі ұштарының тартылуымен туатын айналуға қарсы шыдамдылыққа ие.

Мачталы мұнара – мұнараны жұмыс күйінде ұстап тұратын 2 аяқтан және тіреуіштен тұрады. Биіктікке байланысты аяқтар 3-5 пісірілген секциядан жиналады. Олар өзара фланецті байланыс арқылы жалғанады. Жоғарғы бқлігінде кронблокасты рама мұнараға беріктік пен геометриялық форма береді. Бұл рамада тіреулер мен кронблокты жөндеуге арналған алаң орналасқан.

2. Тәл арқандары – тағайындалуы, өлшемдері, негізгі параметрлері.

Тәлді арқандар үш түрде жасалады:

  1. Метал өзекпен (мс)

  2. Үш тармақты органикалық өзекпен (ос)

  3. Пластмасты өзекпен (пс)

Арқанның диаметрі диамтральды орналасқан тармақтардың шеттерімен өлшенеді. Әдетте арқанды әкелерде оның сапалы сертификаты болады. Арқандардың негізгі өлшемдері МЕСТ 10853-71 көрсетілген.

Арқанның өрімінің қадамы сыртқы тармақтардағы К+1 өрімі арқылы орналасқан екі атаулы нүкте арқылы өлшенеді.

Арқанның үзілуге беріктігі барлық тармақтарының үзілу күшімен Рс және агрегатты үзілу күшімен Ра сипатталады. Суммалы үзілу күші мына формула бойынша анықталады.

Рс=f1n1s1+f2n2s2+f3n3s3

Болат арқандардың ұзақтұрақтылығы материал мен оның құрылымына байланысты. Болат өзекшелер сығылуға қатысты үлкен кедергіге ие, соныдқтан олардың ұзақтұрақтылығы пластмассалыға қарағанда жоғары, ол олар өз кезегінде пенькалыларға қарағанда ұзағырақ шыдайды (30%).

Ұзақтұрақтылққа ең көп әсер ететін коррозидан сақтау және арқандарды майлау болып табылады (техникалық вазелин, гурдон мен битумның қоспасы, полиамидті майлар және т.б.). майлау өзіндік жабысқақтыққа ие болу керек (адгезия).

Тәлді арқандар екі өрім арқылы жасалады. Ең көп қолданылатыны алты өрімді арқандар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]