Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

1. Ұңғыны бұрғылау тәсілдері.

Мұнай мен газды жер қойнауынан өндіру әдетте тек ұңғы арқылы іске асырылады. Ұңғы дегеніміз жер қыртыстарында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны.Бұрғылау тәсілдерін тау жыныстарын талқандаушы аспаптардың ұңғыларды бұрғылау кезіндегі тау жыныстарына әсер етуіне қарай төмендегідей бөлінеді: механикалық, термиялық, физико механикалық, электржалынды т.б. Ең көп тарағаны механикалық бұрғылау тәсілі. Механикалық бұрғылау тәсілінде тау жыныстарын талқандау қол күшін немесе қозғалтқыштарды қолдану арқылы іске асырылады. Механикалық бұрғылау соққылау және айналдыру тәсілдері арқылы жүргізіледі. Соққылама бұрғылау тәсілі алпыс жылдан астам уақыттан бері мұнай, газ өндіру саласында қолданылмайды. Мұнай газ ұңғыларын бұрғылауда тек айналмалы бұрғылау тәсілі қолданылады. Бұл тәсілде тау жыныстарын қашауға остік салмақ пен айналдыру моментінің әсерінен талқандалады. Айналмалы бұрғылау роторлық және түптік қозғалқыштармен бұрғылау тәсілдері арқылы іске асырылады.

2. Мұнаралы мұнараның құрылымы, арналуы, ерекшеліктері.

Жоғарғы негізінде тұтаспісірлген кронблокасты рама және тіреулер орнатылады. Тіректер мұнараны монтаждау кезінде қолданылатын блоктармен жабдықатлған. Аталған типті мұнаралар өте жоғары қаттылыққа және тәлді арқанның жүрісті және өлі ұштарының тартылуымен туатын айналуға қарсы шыдамдылыққа ие. Ұзындығы 24 және 26 м тізбектерді қолмен орнату кезінде жұмысшыға арналған бір немесе екі балконы болады. Балкон төртбұрышты, жоғарғы жұмысшыға арналған люлькасы бар алаң болып келеді. Балкон қорғаныс каркаспен және тібектерді орнататын саусақашалрмен жабдықталған. Балконның ені 750 мм кем емес, ұстағыштар 1200 мм кем емес. Мұнарадағы сатының ені 650 мм. Башенді мұнаралардың торларының құрылымдары келесі сұлбаларда жасалады:

  • айқастырмалы; - ромбты;

  • қосайқастырмалы; - жартылайкерегелі.

3. Тәл арқанын таңдау, тәл жүйесін жабдықтау

Болат арқандардың ұзақтұрақтылығы материал мен оның құрылымына байланысты. Болат өзекшелер сығылуға қатысты үлкен кедергіге ие, соныдқтан олардың ұзақтұрақтылығы пластмассалыға қарағанда жоғары, ол олар өз кезегінде пенькалыларға қарағанда ұзағырақ шыдайды (30%).

Ұзақтұрақтылққа ең көп әсер ететін коррозидан сақтау және арқандарды майлау болып табылады (техникалық вазелин, гурдон мен битумның қоспасы, полиамидті майлар және т.б.). майлау өзіндік жабысқақтыққа ие болу керек (адгезия).

Тәл жүйесі бұрғылау қондырғысының ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі шығырдың айналмалы қозғалысын тәлді блоктың ілгер-кейінді қозғалсына ауыстыру және канаттағы жүктемені азайту үшін арналған.

Ұңғыларды бұрғылауда тәл жүйесін айқастыра жабдықтау кеңінен қолданылады. Онда кронблок осі, шығыр барабаны өсіне паралель, ал тәл блогының осіне перпендикуляр етіліп орналасуы тиіс. Тәл жүйесін жабдықтауды төмендегідей ретпен жүргізеді. Арқан шумағын металл білікке орналастырып, оның шетіне кендір арқан жалғап, арқан ұшын тәл блогы мен кронблок шығыршығынан бір ізбен өткізеді. Содан кейін арқанның жылжымалы шетін шығыр барабанындағы арнайы тетікке бекітіп, арқанды барабанға 8-10 айналдыра орап, тәл блогын еденге түсіріп, тәл арқанның қозғалмайтын шетін арнайы механизмге бекітеді. Тәл арқанның жылжымайтын шетін бекіту және оны қайта жабдықтау кезінде жіберіп, беру үшін арнайы механизмдер қолданылады.

Билет № 15

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]