Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

2. Бұрғылау сораптарының құрылымы.

Бұрғы сораптары ұңғыға қысым мен жуу сұйығын айдау үшін қолданылады. Бұрғылау жұмыстарында тек горизонтал, жетекті, поршенді сор Терең бұрғылауда екі әрекетті 2 поршенді сораптар – дуплекс және бір әрекетті 3 поршенді – тримплекс сораптары қолданады. Дуплекс сораптарда поршеннің бір жүрісі кезінде сұйықтықты айдаушы коллекторға айдау және қабылдаушы коллектордан поршень мен цилиндрлі төлкенің жасайтын аумағына соруы жүреді. Тримплекс сораптарында поршеньнің бір жүрісі кезінде соуршы коллектордан сору немесе айдаушы коллекторға айдау жүзеге асады. Дуплекс сораптарынан айырмашылығы триплекс сораптары манифольдке сұйықтықты тек бір жұмыс камерасынан айдайды және әрбір цилиндрлі жұпта бір айдашы және екі сорушы клпан болады.

3. Шығырдың электромагнитті тежегіштері конструкциясы.

Бұрғылау шығырларында қолданылатын электромагнитті тежегіштер индукцион Тұрақты тоқты қосқан кезде зәкірде электроқозғалтушы күшті пайда болдыратын магнитті өріс пайда болады. Зәкірдің магнитті өріспен әсерлесу нәтижесінде тежеу моменті пайда болады. Ол шығырдың айналуына қарсы әсер етеді. Түсірілетін жүктің кинетикалық энергиясы зәкірмен жұтылып оның қызуын тудырады. Қызу температурасын төмендету және қоздыру орамының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін электромагнитті тежегіштер ауалы және сулы суытумен жабдықталады.

Билет № 9

1. Жоғарғы күштік жетектің (жкж) құрылымы, қолдану орыны.

Жоғарғы күштік жетек (ЖКЖ) - Ротордың, ұршықтың, ілмектің, лақтыруға қарсы фонтанды арматураның (ЛФА) және құбырларды бұрау қызметін атқарады. ЖКЖ ұңғыманы бұрғылауға арналған БҚ жабдықталуы тиіс. -4500 м жоғары тереңдікте;

-қабаттық сұйықтықта күкіртсутектің 6% жоғары мөлшерде болуы (көлемдік);

-көлбеулік бағытталған, қисықтық радиусы 30 м кем болмау тиіс;

-тік тереңдігі 3000м көлденең және көлденең оқпан жағдайында 300 м жоғары болуы.

ЖКЖ артықшылықтары

- бұрғылау кезінде құралды ұзарту 25-27 м тізбектермен ұзартылады, бұл үш ұзартудың екеуі қысқартылады, яғни уақыт үнемделеді;

- КТО құбырлар тізбегін айналдара және ұңғымадағы циркуляцияны тіпті көлбеулік бұрыш үлкен кезде де мүмкіндіктің қамтамасыз етілуі ұстап қалудың ықтималдығының азаюына алып келеді;

- бұрғылау кезінде және КТО кезінде жетекке енгізілген ЛФА арқылы тез әрі сенімді саңылаусыздандырудың мүмкіндігі.

2. Бұрандалы түпкі қозғалтқыштар, құрылымы, қолданылуы.

Түптік бұрандалы қозғалтқыштың жұмысшы органы статор және ротордан тұратын бұрандалы жұп. Статор ішкеі беті резинамен қоршалған роторға қарай теріс бағытталған 10 бұрандалы тістері бар металл құбыр. Ротордың теріс бағытталған және статор өсіне эксцентрлі орналасқан тоғыз бұрандалы тістері бар. Дұрыс алынған бұрандалы жұп киниматикалық және оның тістерін тиісті пішіндеу жуу сұйығы өткенде ротордың статор тістері арқылы еркін сырғанауын қамтамасыз етеді. Бұл кезде ротор мен статор бүкіл ұзындығына еркін түйіседі. Осының салдарынан жоғарғы және төменгі қысым қуыстары пайда болады да, қозғалтқыштың жұмыс үрдісі іске асырылады.

Д 2-172 М қозғалтқышының роторының активті ұзындығы 1400м құрайды.қозғалтқыштың астыңғы жағында қосшарнирлі байланыс бар, ол ротордың шпиндельден айналым берілісін қамтамасыз етеді. Қозғалтқыштың шпинделі көп қатарлы резеңкелі-металлды компенсаторы бар шарлы тіреу болып келеді. Шпиндельдің мойынтірегінің көп қатарлы орындалуы осьтік жүктемені 250-300 кН дейін қабылдауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]