Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

БИЛЕТ

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
36.02 Кб
Скачать

БИЛЕТ № 14

Керамикалық пресс-ұнтақтарды шликер тәсілімен даярлау.

Минералдық мақтаны алу, оның қасиеттері және пайдалануы.

Құрама бетондар бұйымдарын өндірудің негізгі схемалары.

Арнаулы әрлеу материалдарының функционалды қасиеттері.

Бұйымды өндірудің технологиялық схемасын сипаттау, әдісті таңдау және негіздеу.

111

Керамикалық пресс-ұнтақтар деп – түйіршіктерінің бір бірімен байланысы жоқ жоғары концентрацияланған (ылғалдылығы аз) дисперсиялық сазды жүйелерді айтады. Байланысы жоқ болғандықтан пресс-ұнтақтардың сипаттық қасиеті болып олардың сусмалдылығы табылады. Сусмалдылық ұнтақтың өз салмағының әсерінен диаметрі белгілі тесіктен ағу жылдамдығымен сипатталады. Сазды ұнтақтардың белгілі түйіршік құрамы және ылғалдылығы болуы керек, құрамында шаң тәрізді фракциялар минималды мөлшерде болуы тиіс. Пресстелу қабілеті – минималды қысымда максималды нығыздалу нәтижесінде тығыздығы бір текті, серпінді ұлғаюы минималды және қабатталу жарықтары жоқ бұйымдарды алу.

Керамикалық ұнтақтарды кептіру-ұнтақтау ж/е шликер тәсілдерімен дайындайды.

Кептіру-ұнтақтау тәсілде сазды ретімен дөрекі түрде майдалайды, кептіреді, ұнтақтайды, електен өткізеді ж/е ылғандандырады. Сазды дезинтеграторлық біліктерде майдалайды, кептіргіш барабанда кептіреді. Кептіргіш барабанға берілетің газдың температурасы 600 – 800°С. Кептіргіш барабаннан шығып жатқан саздың, температурасы 60 – 80 °С, ал ылғалдылығы 9 – 11%. Сазды ұнтақтау үшін кәрзенкелі дезинтеграторды қолданады. Саздың майдалық дәрежесі 1 см2-ге тесіктер саны 25 електегі қалдық пен сипатталады, мысалы саздың ылғалдылығы 10 % болғанда електегі қалдық 96%, ал 6% болғанда - 66 %.

Шликер тәсілде сазға 40 – 45% ыстық су қосады ж/е арнайы кондырғыда (сазбұлғаушта) араластырылады, соның нәтижесінде саз жібіп шликерге айналады. Содан кейін 0,25 МПа қысым арқылы доға електен өткізіп көлемі 2500 н/е 6000 м3 ашық шламбассейндерге жібереді. Шламбассейннен шликерді насос көмегімен тозаңдырғыш кептіргішке беріледі. Одан ылғалдылығы 10% ұнтақ бақылау електен өткізіліп шығын бункерлерге түседі.

Тозандырғыш кептіргіште алынған ұнтақта шаң тәрізді фракциялар болмайды, ылғалдылығы және түйіршік құрамы бір қалыпты болады. Ұнтақ төменгі қысымда жақсы пресстеледі, оның құрамынан ауа жеңіл шығады.

222

Минералды және шыны мақтасынан алынатын бұйымдардың технологиясы

1. Байланыстырғыш заттар

Минералды және шыны мақтасы өндірісінде байланыстырғыш ретінде бейорганикалық және органикалық байланыстырғыштар пайдаланады.

Бейорганикалық байланыстырғыш ретінде – цемент, гипс, бентонит және т.б.қолданылады Бұл байланыстырғыштардың минералды және шыны талшықтарына адгезиясы жеткіліксіз болғандықтан аз қолданады және минералды мақтаның орташа тығыздығын жоғарлатып, материалды морт сынғыш етіп, төмен беріктігімен мінезделеді.

Органикалық байланыстырғыш заттар – ретінде ең көп қолданатын фенолоформолдегитті шайырды және термореактивті фенолспиритті айтуға болады. Бұл байланыстырғыш минералды және шыны мақтасынан жасалған бұйымдарға қойылатын барлық талаптарға жауап береді. Бірақ бұл байланыстырңыштардың да кемшіліктері бар: мортсынғыштық, улылығы, ұзаққа төзімділігі төмен.

Құрамында азот бар шайырлар ішінде көп пайдаланатын байланыстырғыш болып карбамидтті айтуға болады. Карбамид фенолспиритпен салыстырғанда арзан болып келеді. Карбомидтті пайдаланып алынған минералды бұйымның физико-механикалық және жылуоқшаулағыш қасиеті жоғары болып келіп, бұйымның суға төзімділігі фенолды байланыстырғыш пайдаланғандағымен салыстырғанда төмен болып келеді. Карбомидтті байланыстырғыштың негізгі кемшілігі болып, бұйымды алу кезіне байланыстырғыш су реакция жүру процессі тұрақсыз. Осыған байланысты шайыр гидрофильді болып, жарықшақтар пайда болады.

Кейінгі кезде әр түрлі қасиеті бар бірақ бір-бірін толықтыратын бірнеше байланыстырғыштардан құралған композициялық байланыстырғыштарды көп қолданылады. Мысалы, фенолоспирит және поливинилацетатты эмульсиямен және т.б, байланыстырғыштармен араласқан қоспаны айтуға болады. Әр түрлі байланыстырғыштармен араластырып алынған байланыстырғыштың морт сынғыштын төмендетіп және т.б қасиеттерін жақсартуға болады.

Бұдан басқа байланыстырғыштардың түрлеріне битум негізіндегі сулы эмульсионды қоспаны айтуға болады. Құрамы битумнан және ұсақ ұнтақталған минералдардан (диатомит, бентонит және т.б.) құралады.

2. Минералды және шыны мақтасының өндірісі

Минералды және шыны мақтаның өндірісі минерал мақталы жабын кілемін қалыптаудан басталады. Қалыптау процессі талшықты нығыздау камерасында орындалады. Камера қабырғасы металлдан жасалып, қосымша қабырғасы жылуоқшауланып, беттік болат металлмен қапталған. Камера едені торлы немесе пластикалық конвейермен жабдықталып, лента ені камераның еденімен тепе-тең.

Артық камерадағы ауа конвейер астындағы ауа сорғыш арқылы сорылып, талшықты мақталардың конвейерге жиналып нығыздалуына қолайлы жағдай жасалады. Конвейердің камерада орналасуына байланысты талшықтың жиналып нығыздалуы горизонтальді немесе вертикальды болуы мүмкін.

Борпылдақ нығыздалмаған шыны талшықтарын қолданбау себептері: біріншіден минералды мақтаны сақтап, тасмалдау кезінде талшықтар нығыздалып жылуоқшаулағыш қасиеттері төмендейді; екіншіден борпылдақ мақтаны конструкцияға орнату жұмыстары көп уақыт алып, орнату кезінде бөлінетін ұсақ талшықтар адам ағзасына теріс әсер етеді; үшіншіден борпылдақ мақтаны конструкцияға орнату кезінде материалдың жылуоқшаулағыш қасиеті бір қалыпты болмай, жылуоқшаулағыш қасиеті төмендейді. Минералды мақтаның борпылдақтығын төмендету үшін бұйымға айналдыру керек.

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматтандырылған және жартылайавтоматтандырылған қондырғыларда кептіретін вагонеткаларды тиеу және түсіру процесін жүргізу. Нососты қондырғыларлдын, қозғалмалы рольгангты және тіркемелі транспортердін жұмысын реттеу. Вагонеткаларды салқындату камераларына және туннелді кептіргіштерге тиеу, оларды шығару. Минералды мақталы цилиндрлерді тотыру, калибрлеу және Жылы өңдеудің процесін жүргізу. Жұмысты бақылау және барлық тораптарын және механизмдерін, Жылы өңдеудің режимін реттеу. Цилиндрлердін өлшемі өзгерген жағдайда механизмдерді қайта икемдеу. Бұйымнын сапасын бақылау, оларды орау. Арнайы қондырғыда шнурларды қндіре процесін жүргізу. Тораптарды және механизмдерді жұмысқа даярларлау, қосу, тоқтату. Мақтанын, орайтын материалдарды немесе торлы шұлықтардын біркелкі жіберілуін бақылау, аспирациялы қондырғылардынжұмыстарын, дайын бұйымдарды бобиндерге орауын бақылау. Материалдарды әзірлеу. Жабдықтарды реттеу. жұмыстағы ақаулықтарды жою және жабдқтын жқндеу жұмыстарына қатысу.

333

Құрама темірбетон бұйымдарын өндірудің негізгі схемалары

Темірбетон бұйымдары өндірісінің технологиясы мынадай кезекпен жүретін негізгі операциялардан тұрады: бетон араласпасы мен арматураны дайындау, арматураны қалыпқа орнату және оған бетон араласпасын салып (құйып) нығыздау, ыстық бумен өңдеу, бұйымдарды қалыптан босату, қалыптарды тазалау, әрі майлау. Сыртқы қабырға панельді нығыздау операциясы кезінде қажетті жағдайда, жылу өткізбейтін қабатпен (материалмен) толықтырылады да, беті декоративті өңделеді. Жоғарыда көрсетілген технологиялық операциялардың қандай жағдайда өткізілетініне байланысты құрама темірбетон бұйымдары мынандай үш схема: 1) әр операцияны сәйкесін-ше постан-постқа жылжитын қалыпта орындау; 2) барлық операцияларды бірінен соң бірін жерде жылжымайтын қалыпта орындау; 3) бұйымдарды лентада (қалыпсыз) үзіліссіз дірілдетіп прокаттау, нығыздау) арқылы өндіріледі.

Бірінші схема бойынша бұйымдар конвейерде не ағымды агрегатты тізбекте жасалынады. Конвейер типтері аз бұйымдарды көп дана етіп өндіру үшін пайдаланылады. Бұл технология мүмкіншілігінше көп операцияларға, постарға бөлінген. Мұнда конвейердің қажетті аспаптармен, машиналармен, т.б. жабдықталған әр постта бір ғана операция орындалады. Сондықтан болашақ темірбетон бұйымының өлшемдеріне сай, қалып конвейердің әр постына тоқталып, операция біткен соң, келесі постқа жылжиды. Бірінші поста – қалып тазаланады, екінші поста – қалыпта арматура орнатылады, үшінші поста – қалыпқа бетон араласпасы салынады. Ал келесі поста – араласпа дірілдеткіште нығыздалынады. Конвейерді басқару пультінде әр поста операциялар орындалып болғанын көрсететін лампалар жағылғаннан соң, оператор кнопканы басып, бүкіл конвейерді бір ағымды, яғни әр постыдағы қалыпты, келесі постқа жылжытады.

Сурет 4 Дірілдеткіш. 1-қалып; 2-дірілдеткіш рама; 3-серіппе; 4- білік; 5-дебаланс эксцентрик-айналу өсі өз центрінен өтпейтін диск; 6-подшипник (біліктің тірегі); 7-ілінісу муфтасы; 8-электрмотор.

Егер әртүрлі бұйымдар аз мөлшерде өндірілетін болса, онда ағымды-агрегатты технологияны қолданған тиімді. Бұл жағдайда технологиялық операциялар негізінде үзіліссіз, бірінен соң бірі орындалатын жұмыс постарында жүргізіледі. Мұның конвейерлік әдістен айырмашылығы – кейбір операциялар: арматураны орналастыру, бетон араласпасын салу (құю), оны нығыздау бір поста, мысалы, центрифугада сурет 4 орындалуы мүмкін. Ал қалып бір постан келесі постқа көпір кранмен, тельферамен* т.б. жеткізіледі. Бұйымның (бетонның) қатаюын тездету – келесі поста - мерзімді (оқтын-оқтын) жұмыс істейтін бу камерасында өткізіледі.

Екінші схема бойынша темірбетон бұйымдары стендте не кассетада барлық технологиялық операцияларды бір жерде орындау арқылы өндіріледі. Стенд тәсілі бойынша қалып – горизонтальді (көлденең), ал кассета әдісі бойынша – вертикальді (тік) орналасады. Бетон араласпасын нығыздау үшін қалыпқа орнатылатын немесе араласпаға батырылатын дірілдеткіштер қолданылады. Ал тығыздалған қоспаны тез қатайту үшін қалыптардың "көйлегі" араласпасына ыстық бу өндіріледі. Бұйымдарды тік түрінде қалыптау аз орын алады, бұл кассета әдісінің негізгі артықшылығы.

Үшінші схема бойынша темірбетон бұйымдарын дірілдетіп прокаттау үшін толық автоматтандырылған стан қолданылады

(конструкциясы Н.Я.Козловтікі). Станда бетон қоспасы айналмалы біліктер арасында қысым мен дірілдің бір мезгілде тигізетін әсерінен сағатына 25 м жылдамдықпен үзіліссіз жылжитын металдан жасалған лентада нығыздалынады. Стан өте өнімді сапасына 80 м2 дейін панель шығарады. Станда тек бір түрлі бұйым шығарылады, ал басқа түрлі бұйым өндіруге ауысу үшін станды қайта құру қажет

444

Керамикалық тақтайшалар ертеден белгілі - 16 ғасырдан бастап-ақ ғимараттардың ішкі жағын әрлеу үшін және сыртқы бетін қаптау үшін кеңінен қолданылды.

Керамикалық тақтайша – саз, кварц және басқа табиғі құрамдар қоспасынан пресстеліп және пеште жоғары температурада күйдіру арқылы алынатын бұйым.

Керамикалық тақтайшаларды ғимараттың ішкі және сыртқы бөлігінде қолданады. Қабырғалардың және едендердің, қасбеттер мен цокольдердің, тротуарлардың, бассейндердің және каминдер беттерін қаптау үшін қолданады.

Керамикалық тақтайшалар жабын материалдарына қарағанда бірнеше ерекшеліктері бар: күту кезінде берік және жеңіл болуы. Сонымен қатар гигиеналық және экологиялық таза, отқа төзімді, антистатикалық және радиацияға қауіпсіз болып келеді. Осы ерекшеліктерімен тұрғын үй және қоғамдық орындарда кеңінен қолданылады.

Тағайындалуы бойынша керамикалық тақтайшалардың классификациясы:

- едендік; қабырғалық; әмбебап; сәндік; бордюрлі; қасбеттік; бассейнге арналған арнайы тақтайшалар.

Глазурьдің болуына байланысты керамикалық тақталардың классификациясы

Глазурьленген керамикалық тақтайша. Глазурьленген тақта екі қабаттан тұрады: керамикалық негіз және глазурь қабатынан. Глазурьлерді сәндік қасиет беру үшін қолданады (түс, сурет, фактур ).

Глазурьленген керамикалық тақталар үлкен көлемде шығарылады және кеңінен қолданылады: қабырға, еден, қималардың беткі қабаты үшін, ішкі және сыртқы бөліктерде қолданады.

Сурет 1. Глазурьленген тақтайшалар түрлері.

Глазуьленбеген керамикалық тақтайша

Глазурьленбеген керамикалық тақтайшалар тек қана бір қабатқа – бисквит қабатына ие, табиғи түске ие немесе пигменттермен боялады.

Глазурьленбеген тақтайшаларды негізінен едендік жабын ретінде және қас беттерінде қолданылады.

Өндіріс технологиясы бойынша керамикалық тақтайшалардың топтасуы

Даярлау технологиясы бойынша барлық керамикалық тақтайшаларды бірнеше

топтарға бөлінеді: екі рет күйдірілген, бір рет күйдірілген, керамиалық гранит,

клинкер және котто.

Екі рет күйдірілген (bicottura (итал.) – бикоттура) – глазурленген тақтайша өндірісі ең ежелгі түрі. Технологиясында сазды массаны пресстейді, күйдіреді де глазурь жағып, қайта күйдіреді.

Екі рет күйдірілген тақтайшалар кеуекті құрылымға ие болады, сондықтан беріктілік көрсеткіштері төмен болып келеді. Бикоттураны интерьерлерді әрлеу үшін және қабырға бетін қаптау үшін қолданады. Ол жылтыр және күңгірт глазурьмен жабылады. Өндіріс процессі еңбекті көп қажет етеді және қымбат, эстетикалық аспект бөлуге арналған. Екі рет күйдірілетін тақтайшалар өзіндік технико-коммерциялық атауларға ие:

- майолика - бұл екі рет күдіріліп глазурьленген тақтайша (технологиясы бойынша екі түрлі күйдіру қарастырылған: бірінші глазурьсіз тақтайша күйдіріледі, содан кейін глазурь жағылып тағыда қүйдіріледі); престеу тәсілімен жасалған тақтайша негізі кеуекті және түрлі түсті болуы мүмкін;

Осы плитканы өндіру үшін құрамында құмды фракциялары, карбонаттар және темір тотықтары бар саздарды пайдаланады. Майолик тақтайшасы миндетті түрде күнгірт глазурьмен жабылады. Осы тақтайшаны негізінде ішкі қабырғаларды қаптау үшін қолданады. Өлшемдері 15х15 см, 15х20 см және 20х20 см кең таралған. Жоғары сусіңіргіштігі (15-25%) болсада механикалық беріктілігі жоғары болады.

- коттофорте - бұл тақтайшасы миндетті түрде күнгірт глазурьмен жабылады және негізінде ғимараттардың едендерің жабу үшін, кейбір кезде қабырғаларды қаптау үшін қолданады. Негізгі өлшемдері 15х25 см, 20х20 см және 20х30 см кең таралған. Негізгі сипаттамалары болып жақсы механикалық беріктілігі және суреттер мен глазурьді жеңіл жағу.

- терралья (фаянс): бұл престелген, негізі ақ, екі рет күйдіріліп глазурьленген тақтайша. Шикі зат ретінде қымбат шикі заттарды (каолин сазы, қварц құмы және балқытпалар) пайдаланады. Өндірілетін тақтайшаның түсі ақ болғандықтан оның бетіне (бисквит) қажетті сурет салынады, содан кейін мөлдір глазурь жағып күйдіреді. Классикалық өлшемдері 15х15 см, қалындығы 6 мм жоғары болмайды. Осы тақтайшаны негізінде бөлмлердің ішкі қабырғаларды қаптау үшін қолданады.

Бір рет күйдірілген (monocottura (итал.) – монокоттура) – екі ерет күйдірудің орнына келген қазіргі заман технологиясы.

Тақтайшаларды дайындау тәсілі төмендегі түрде болады: сазды қоспаны пресстейді, кептіреді, бетіне глазурь жағып күйдіреді. Бұл өндірісте эмаль жоғары беріктілікке ие болу керек, сондықтан ол жуылғыш заттар мен тұрмыстық абразивтарға төзімді болып келеді. Бұл тақтайшалардың кейбір түрлері химиялық заттарға төзімді жоғары берікті эмальдармен өндіріледі. Сондықтан бір реті күйдірілген керамикалық тақтайшалар қабырға, еден және сыртқы беттерде қолданылады. Бір рет күйдірілген тақтайшаларға керамогранит, клинкер және котто жатады.

Керамикалық гранит – бір рет күйдірілген, құрлымы біркелкі саздың түсті сорттарынан дайындалатын, глазурьленбеген керамикалық тақтайша. Өндіріс технологиясына байланысты керамикалық гранит соққыға берік, иілуге берік, химиялық заттардың әсеріне төзімді, аязға төзімді болып келеді. Бұл технология Бұл «жас» технология болып есептеледі, яғни 20 жылдан астам уақыт ішінде қолданылып келеді. Керамогранитті ғимараттардың қас беттерің едендерді және ішкі қабырғаларды әрлеу үшін кең қолданылады.

Керамикалық паркет – керамикалық граниттің бір түрі, дәстүрлі паркеткің орнына пайдаланады. Оның ерекшеліктері ұзақ мерзімді, берік және экологиялық таза болып келеді. Ағашты аналогтармен салыстырғанда керамикалық паркет жеңіл төселеді, арзан, ерекше күтімді қажет етпейді. Паркеттерді тақтайшаларды жылы едендерде қолданады.

Клинкер (clinker (итал.) – глазурьленбеген немесе түрлі түсті негізде глазурьленген, сазды қамырдан экструзердің арнайы тесігінен басып шығарылып қалыпталған пішіні бар тақтайша. Бұл экструзиялық технологияға

150 жылдан астам. Экструзиялық технология формасы қүрделі плиткаларды (бұрыштар, цокольдер, су ағындылар, баспалдақтар, қосу элементері) қалыптауға мүмкіндік береді. Ғимараттардың қас беттерің едендерді және ішкі қабырғаларды әрлеу үшін кең қолданылады, сонымен қатар өнеркәсіб нысандарын қаптау үшін. Ең кен тараралған тақтайшалар өлшемдері 12х24 см, 20х20 см және 30х30 см. Клинкерді 1250 °С дейін температурада күйдіреді, осыған байланысты оның аязға, үйкеліске, суға және химиялық әсерге төзімділігі өте жоғары. Техникалық сипаттамалары бойынша ол керамогранит пен бір қатарда тұр және көптеген табиғи тастардан асып түседі.

Котто (cotto (итал.) – бұл глазурьленбеген кеуекті тақтайша, экструзия әдісімен алынады. Тақтайшалар дайындауға қажет шикі зат қоспасы сортталмаған және араластырылмаған әртүрлі табиғи саздардан тұрады.

Пигменттерді қоспай өндіреді, сондықтан табиғи саз реңдеріне ие болады. Дайындау процессте қалыптайды, кептіреді және 1100°С температурада күйдіреді. Жоғары мөлшерде конструкционды формаларды дайындайды: еденге арналған тақтайшалар, бордюрлер, текшелер, баспалдақтар ж/е т.б.

Керамикалық тақтайшаның сипатамалары

Тозуға беріктілік – үйкеуге төзімділік. Еден тақтайшаның маңызды қасиеті, оның ұзақтылығын сипаттайды.

Тозуға беріктілік PEI өлшем бірлігімен бағаланады және I-ден V-ке дейін топтарға бөлінеді. Тақтайшаның қызмет жасау мерзімі бөлмедегі жүріс қарқындылығына (интенсивтігіне) байланысты. Сондықтан әр түрлі бөлмелерге тозуға беріктілігі белгілі топқа жататын тақтайшаларды пайдалану керек.

Бөлмелердің ішкі қабырғаларын қаптау үшін кезгелген топтағы тақтайшаны пайдалануға болады.

Топ Қолданылуы

PEI I Ішкі қабырғалар. Аз қолданылатын тұрғын бөлмелер

PEI II Ванналы бөлмелер, тұрғын бөлмелер

PEI III Текшелер мен дәліздерінен басқа тұрғылықты бөлмелер. Кішігірім кеңселер

PEI IV Текшелер мен дәліздерді қосқанда тұрғын үйлер. Қозғалысы аз қоғамдық ғимараттар.

PEI V Қозғалы жоғары ғимараттар.

Керамикалық тақтайшаның су сіңіргіштігі мен аязға төзімділігі

Тақтайшалардың су сіңіргіштігі суды жұту қасиетімен сипатталады. Оны массасына сәйкес қатынаспен анықтайды. Халықаралық стандарт ISO бойынша су сіңіргіштік тақтайшаларды қалыптау әрібімен бірге көрсетіледі. Төменде кестеде су сіңіргіштігі бойынша классификациясы келтірілген.

Қалыптау әдісі Су сіңіргіштігі

0-3% 3-6% 6-10% >10%

А (экструзия) А I тобы А IIa тобы А IIb тобы А III тобы

В (пресстеу) B I тобы B IIa тобы B IIb тобы B III тобы

Тақтайшаның аязға төзімділігі су сіңіргіштік тобына байланысты. Топ нөмірі төмен болған сайын аязға төзімділігі артады (кеуектілігі аз болғандықтан берік болып келеді). I және II топтар аязға төзімді болады, III топ - жоқ (ішкі бетке қолданылады).

Керамикалық тақтайшалардың химиялық төзімділігі.

Әртүрлі химиялық активті заттар едендерге арналған және басқа да керамикалық тақтайшалар үшін қауіпті емес (тек қана фторлы – сутекті қышқыл). Тұрмыстық және қышқылды химияға төзімді. Химиялық төзімділігі 5 топқа бөлінеді: AA, A, B, C, D. АА классы- химиялық заттарға берілмейді; А – химиялық заттарға төзімді ж/е т.б.

Керамикалық тақтайшалардың механикалық сипаты.

Керамикалық тақтайшалар өте берік және қатты болып келеді. Сығу кезіндегі беріктілігі 300 МПа - ға дейін (3000 кгс/см²).

Керамикалық тақтайлардың өртке қауіпсізділігі. Керамикалық тақтайша отқа беріктілігі бойынша өртке қауіпсіз. Осы критерий бойынша әрлеуге арналған - ламинат, линолеум, паркет материалдарымен салыстырғанда тиімді болады. Ол жанбайды, өртті температуралы жағдайда адам ағзасына әсер ететін қауіпті заттарды шығармайды. Керамикалық тақтайшалардың мұндай қасиеттері оның құрамына байланысты (құм, саз, дала шпаты, металл тотығы). Тақтайшаларды күйдіру температурасы технологиясына байланысты 850 - 1300 °С аралығында болады, яғни өрт температурасынан жоғары.

555

Өндірістік әдісті таңдау негізі, бұйымды өндірудегі технологиялық сызба сипаты

Темірбетонды жинау зауытында дайындалатын бұйым келесі сызбалар бойынша өндіріледі:

Ағынды (агрегатты-ағынды, конвейерлі, станокты);

Стендті, соның ішінде кассеталы

Өндіріс тәсілінің таңдалуы бұйымның берілген номенклатурасына және конструкциясына байланысты.

Агрегатты-ағынды тәсілді кең ауқымды номенклатураға ие ЖБИ заводтарында қолдану ұсынылады. Ол қозғалғыш ауданда немесе қалыптаушы агрегатта барлық ағынның еркін ырғағында, әртүрлі мөлшерде форманы жартылай немесе толық өзгертіп бұйымды дайындауға мүмкіндік береді.

Конвейерлі тәсіл массалық өндірістегі бұйымның біріншілік, екіншілік типті өлшемді және регламенттенген ырғақпен, үлкен механизациямен және автоматизациясымен сипатталады. Бұл тәсілдің кемшілігі болып бұйымның басқа түрін жасаудағы өтудің қиындығы, әрбір өтуде форманың ауысуына және жабдықтардың, сонымен қатар барлық технологиялық сызықтарда тоқтауға кезігеді.

Станокты тәсіл тар шеңберлі мамандандырылған және бұйымның бір түрінің массалық алынуына арналған жағдайда ғана, мысалға, вибропрокатты мүсіндер алынуында қолданылады.

Стендті тәсіл және оның түрлері қозғалмайтын қалыпта немесе арнайы стендте ірі габаритті бұйымдарды дайындауда қолданылады.

Темірбетонды бұйымның дайындалуының негізгі технологиялық шегі: қалыптау, бетонды қоспаны төсеу операциясы, оның тығыздалуы мен оны беттік бөлу болып табылады. Агрегатты-ағынды тәсіл конструкцияның дайындалуымен технологиялық процесстердің бөлек операцияларға немесе олардың топтарға бөлінуімен ағынды бірнеше еркін ырғақпен, бұйымның посттан постқа ауысуымен универсалды агрегатта бірнеше әр типті операциялардың орындалуымен сипатталады.

Қалып және бұйым негізделмеген интервалда посттан постқа жетеді, берілген жұмыс орнында операцияның ұзақтығына байланысты болатын, бірнеше минуттан (м,қалыптың сылануы) бірнеше сағатқа дейін (қалыптанған бұйымның қату посты) созылатындығымен сипатталады.

Агрегатты-ағынды тәсілдің артықшылығы тек қана қажетті жағдайларда ғана болмаса қалып және бұйым ағынды сызықтардағы барлық посттарда тоқтамайды. Өндірісте агрегатты-ағынды тәсілдің ұйымдастырылуы тек қана өзіндік типті өлшемімен ғана емес конструкциясы бойынша да әртүрлі бұйымның бір ағынды сызығында орнығуы мүмкіндігімен сипатталады. Бұл мүмкіндік универсалды қондырғының барлық ағынды сызығында құрылады.

Бұйымның операция аралық осындай сызықта берілуі көтергіш-транспортты және транспортты құралмен жүргізіледі. Агрегатты-ағынды тәсілде бетонның тезірек қатаюы үшін әдетте үздіксіз қозғалыстағы периодтық камераны қолданады.

Камераның әр секциясындағы камераның шағын көлемі жүктің тиелуіне және бұйымның тиелуіне ең аз уақыттың жұмсалуына мүмкіндік береді, ал мұндай секциялардың көп бөлігі қалыпталынған бұйымның қатаю камерасына үздіксіз берілуі үшін қажетті жағдайды жасайды.

Агрегатты-ағынды технология үлкен икемділігімен және жылулық өңдеу режимінде, маңыздысы бұйымның үлкен номенклатурада шығарылуына, технологиялық және транспортты қондырғыны пайдалануда жылдам болуымен ерекшеленеді.

Технологиялық сызықтың құрамына: бетонды төсенішпен қалыптанған агрегат, алдын-ала дайындық құрылғысы және электрлік қыздыру немесе арматураны механикалық тарту, төсеніш қалып (формоукладчик), қатыру камерасы, бөлімдерден, бұйымның сууы, оның жеткізілуі, техникалық қадағалау; қазіргі ағымдағы арматура қорының, бөлшектердің, жылытқыштардың, резервті қалыптың қоймалануы (қоймаға жеткізілуі), олардың жабдықталуы және қазіргі ағымдағы жөндеу алаңдары, сонымен қатар дайын бұйымның сыналуы үшін стенд алаңдары кіреді.

Агрегатты-ағынды сызықта бағана, ригельдер, іргелі блоктар, напорлы емес құбырлар, көп қуысты панельдер, бір қуысты тіреуіштер қозғалғыш механизмінсіз қуысты құраушыларымен бірлік қалыпта қозғалғыш алаңқайда қалыпталынады, көп қуысты панельдерді тура сондай постта қозғалғыш механизмге жабдықталған қуысты құраушыларды қолданып қалыптайды, напорлы және напорлы емес құбырларды роликті, ременді центрифугада, қуыс денелі колонналарды, ағындарды, НЭП тіреуіштерді және жарықты НЭП, виброгидропресстеуге арналған арнайы қондырғыда напорлы құбырларды дайындайды. Сыртқы қабырғалы панельдерді, басқыш марштарды қарқынды жұмыс жасайтын үстелде темір және металл емес формада формалайды; бөлменің блогын және санитарлы-техникалық кабиналарды вакуумды технологияның көмегімен арнайы агрегатта қалыптайды. Технологиялық процесстің бірыңғай ырғақ сақталып бөлек элементті процесске көбірек бөлінуі өндірістің ағындық ұйымдастырылуы болуы мүмкін. Бұндай жағдайда технологиялық сызық қажетті транспортты құралмен жабдықталады. Бұндай технологияны жартылай конвейерлі тәсілге жатызады. Бұл тәсілді виброалаңқайда топты формада плитаны жабу, сонымен қатар жазық және қабырғалы панельдерді колонналарды және көлденең тосқауылдарды формалауда кеңінен қолданады.

Конвейерлі тәсіл келесі белгілермен: операциядағы технологиялық процесстің максималды бөлінуімен бөлек жұмыс постында орындалатын, форманың ауысуымен және бұйымның посттан постқа регламенттенген ырғақпен ауысуымен сипатталады.

Өңдеу процесінде жүріп тұрған қозғалыста конвейерлі құрылғыда бұйымның тасымалдануы автоматты жүзеге асады: бұндайда көбірек толық сәйкестендіру жағдайы құрылады. Конвейерлі әдіс өндірістің ұйымы ықтиярсыз ырғақпен сипатталады, яғни қозғалыстың берілген жылдамдығымен қалыпталынған бұйымның қатал реттілік жолын қуу арқылы сондай формалаушы постқа ауысуымен жүзеге асады. Бұл автоматты технологиялық жабдықты қолданумен операцияның кешенді механизациясының маңызды шарты ретінде талап етеді. Әдетте операция аралық транспорт құрылғының сызықты түрінде - рельсті жолмен күшті байланысқа ауыстырылатын поддон-тележкалардың белгілі санынан құралатын тележкалы тасымалдаушылар қолданылады.

Қалыптауды параллельді сызықта, бірақ әдетте қайтымды бағытта бұйымның термо-ылғалдылықты өңдеуі жүргізіледі. Конвейерлі сызықта бұйымның жылулық өңделуі үшін құрылғының түріне байланысты көп қабатты, саңылаулық және құдықты камералар мен сонымен қатар, термоформадағы бұйымының жылулық өңделуі жүреді. Сызықтар сонымен қатар, қалыптаушы жабдыққа байланысты бөлінуі мүмкін. Ережеге байланысты, әрбір конвейерлі сызықтан бұйымның бір түрін шығаруға мамандандырылады.

Темірбетонды бұйымының өндірісіндегі конвейерлі әдіс бұйымды дайындаудағы бұйымның технологиялық процесстерінің кешенді механизациясы мен автоматизациясына жетуге еңбек өнімділігінің едәуір жоғарылауына және технологиялық жабдықты толық және тиімді пайдалануда дайын өнімнің шығарылуының жоғарылауына мүмкіндік береді. Бұл әдістің қолданылуы шектелген номенклатурада типтік өлшемдердің минималды санымен бұйымды шығаруда тиімді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]