Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бестау.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
103.94 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Геологиялық түсіру және пайдалы қазбалар кенорындарын

іздеу және барлау кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Бестау ауданының геологиялық картасы

5В070600 – Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау

Oрындаған: Тұрар Бағлан

Ғылыми жетекші : Геол.- минер.

ғылымы кандидаты, профессор А.А.Жүнісов

«____» _____________ 2014ж.

Қалып бақылаушы: М.Б. Кадыкова

«_____» ___________ 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе 3

1. Орогидрографиясы 4

2. Ауданның геологиялық құрылысының сипаттамасы 5

2.1 Стратиграфиясы 5

2.2 Тектоникасы 12

Қорытынды 13 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыста мен құрылымдық геологиядан алған білімімді жан- жақты пайдаландым. Курстық жұмысты орындауға берілген материал - геологиялық карта, сондықтан курстық жұмысты орындау геологиялық қабаттарды жан-жақты талдаудан басталады.

Геологиялық картада жер бетіне шығып жатқан түзілімдерді белгілі бір масштабта сызбалық түрде бейнелейміз, бірақ геологиялық түсіру кезінде жер бетіне шығып жатқан геологиялық денелерді ғана емес, тереңде жатқан геологиялық қабаттардың, яғни таужыныстардың жатыс жағдайын, құрамын анықтап картаға түсіреміз.

Геологиялық жұмыстар тек геологиялық денелерді ғана емес, сондай-ақ пайдалы қазбаларды іздеуге және перспективті аудандарды анықтауға негізделген.

Курстық жұмыс барысында таужыныстардың геологиялық картаға түсіріледі және қима бойынша қима қалыңдықтары анықталып стратиграфиялық бағана тұрғызылады.

Жұмыстың мақсаты берілген ауданның жер бедерін, өзендер жүйесін, стратиграфиясын, тектоникалық құрылысын, эффузивті және интрузивті таужыныстарды зеттеу арқылы ауданның геологиялық даму тарихына сипаттама беру.

1. Орогидрографиясы

Ауданың жер бедері күрделі жазықты және орта таулы, төбелі алқапты болып келеді. Биіктік деңгейі оңтүстік – батыстан солтүстік – шығысқа қарай төмендей келе жазықты, ойпатты алқапқа ұласады. Ауданның теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Бестау тауы (947 м). Ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Ключи ойпаты (-21м).

Бестау ауданының оңтүстігінен бастау алып батыс және шығысқа қарай шағын өзендер жүйесі ағып жатыр. Ауданның солтүстігінде, солтүстік - шығысында осындай ұсақ өзендер жүйесі кездеседі. Жалпы өзендер ауданның батыс, оңтүстік және орталық аймақтарында орналасқан.

Бұл сулар жылдың ең бір жаңбырлы маусымында ірілі – кішілі сулы өзектер мен ағынды тау бұлақтары ретінде, көбінесе шауын – шашын мол биіктікте орташа биік тау жүйелерінен бастау алып, солтүстіктегі кең жазыққа және таулы ойпаттарға қарай ағады. Сол себепті бұл аймақ сазды батпақтар мен сулы тоғайларға бай болып келеді.

Алқаптағы ең ірі өзеннің бірі – Ақсу. Жалпы ұзындығы 47 км құрайды. Өзен оңтүстіктен бастау алып солтүстік – шығыс бағытта ағып жатыр. Негізгі қоректену көзі жылдық жауын – шашын, таудан бастау алған бұлақтар жүйесі және қар сулары болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]