Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бестау.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
103.94 Кб
Скачать

2. Ауданның геологиялық құрылысының сипаттамасы

2.1 Стратиграфиясы

«Бестау ауданыны» стратиграфиялық жағынан біршама күрделі болып келеді. Мұнда жоғарғы Юра жүйесінің күрделі қабаттасқан әктастар мен төрттік жүйесінің қазіргі буынындағы аллювилі құмдар, саздарға дейінгі таужыныстар тараған. Қабаттар арасындағы бұрыштық, параллелдік үйлесімсіздіктер айқын байқалады.

Мезозой тобы МZ

Юра жүйесі J

Жоғарғы бөлім J3

Жоғарғы Юра жүйесінің жыныстары ауданның оңтүстік - шығыс және оңтүстік - батыс бөлігінде дамып жатыр. Қабат күрделі қабаттасқан әктастар, әксаздар қабаттарынан тұрады. Қабат жыныстары өзін қоршаған жыныстарымен үйлесімді орналасқан. Қабат жарылысты бұзылыстар нәтижесінде орын ауыстырып жылжыған. Қабат қалыңдығы 130 метрден асады.

1-сурет. Жоғарғы Юра жүйесінің таужыныстары J3

Мезозой тобы МZ

Бор жүйесі К

Төменгі бөлім К1

Неоком ярусы К1nc

Төменгі Бор Неоком ярусы (К1nc) қабат жыныстары ауданның орталығында және оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс аймағында дамып жатыр. Бестау құрлымдық қимасында құмтастар, Станов құрлымдық фациялы зонасында құмтастар, алевролиттер, аргилиттер, әксздар кездеседі.Төменгі Бор Неоком ярусы жыныстары өзін қоршаған жыныстарымен үйлесімді орналасқан. Қабатты жарылымды бұзылыстар қиып өткен. Қабат қалыңдығы 700 метр.

2-сурет. Төменгі Бор Неоком ярусы К1nc таужыныстары

Мезозой тобы МZ

Бор жүйесі К

Төменгі бөлім К1

Апт-альб ярусы К1а-al

Төменгі Бор Апт-альб ярусы қабат таужыныстары ауданның орталығында және солтүстік-шығыс, оңтүстігіндегі аумақта дамып жатыр. Қабатта Бестау құрлымдық қимасында құмтастар, Станов құрлымдық фациялы зонасында құмтастар, алевролиттер, аргилиттер кездеседі. Қабат жыныстары өзін қоршаған төменгі Бор Неоком ярусы мен жоғарғы Бор Сенон ярустары жыныстарымен үйлесімді орналасқан. Қабатты жарылымды бұзылыстар қиып өткен. Қабат қалыңдығы 110 метр.

3-сурет. Төменгі Бор Апт-альб К1а-al таужыныстары

Мезозой тобы МZ

Бор жүйесі К

Жоғарғы бөлім К2

Сенон ярусы К2sn

Жоғарғы Бор Сенон ярусы (К2sn) қабат жыныстары ауданның орталығында және солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймағында дамып жатыр. Қабатта Бестау құрлымдық қимасында құмтастар, Станов құрлымдық фациялы зонасында құмтастар, әксаздар, әктастар кесектеле қабатталған. Қабат жыныстары өзін қоршаған жоғарғы Бор Дат ярусы мен Төменгі Бор Апт-альб ярусы жыныстарымен үйлесімді орналасқан. Қабатты жарылымды бұзылыстар қиып өткен. Қабат қалыңдығы 300 метр.

4-сурет. Жоғарғы Бор Сенон ярусы К2sn таужыныстары

Мезозой тобы МZd

Бор жүйесі К

Жоғарғы бөлім К2

Дат ярусы К2d

Жоғарғы Бор Дат ярусы қабат жыныстары ауданның орталығында, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аумақтарында дамып жатыр. Қабат қанық түсті саз, құмтастар, алевролиттерден тұрады. Қабат жыныстары өзінің айналасындағы қоршаған жыныстарымен үйлесімді орналасқан. Қабатты жарылымды бұзылыстар қиып өткен. Қабат қалыңдығы 300 метр.

5-сурет. Жоғарғы Бор Дат ярусы К2d таужыныстары

Кайнозой тобы KZ

Палеоген жүйесі Р

Палеоцен Р1

Төменгі Палеоген Р1 қабат жыныстары ауданның негізінен орталық аумағында дамып жатыр. Қабат қызыл түсті құмтастар және алевролиттер араларында конгломераттар линзаларымен, олар негізінде валкунды және әр түрлі конгломераттан құралған. Қабат жыныстары бұзылыстардың әсерінен жылжыған. Қабатты жарылымды бұзылыстар айқын байқалады. Өзін қоршаған таужыныстармен үйлесімді жатыр. Қабат қалыңдығы 310 метр.

6-сурет. Төменгі Полеоген Р1 Полеоцен таужыныстары

Кайнозой тобы KZ

Палеоген жүйесі Р

Эоцен Р2

Ортаңғы Палеоген Р2 қабат жыныстары ауданның орталық және солтүстік – шығыс аумағында дамып жатыр. Қабат құмтастар, қызыл түсті саздар мен әксаздардан тұрады. Қабат өзін қоршаған таужыныстармен үйлесімді орналасқан. Қабат жыныстары ауданның 5% жуығын алып жатыр. Қабат қалыңдығы 310 метр.

7-сурет. Эоцен oртаңғы Полеоген Р2 жүйесі таужыныстары

Кайнозой тобы KZ

Палеоген жүйесі Р

Олигоцен Р3

Жоғарғы Палеоген Р3 қабат жыныстары ауданның орталық және солтүстік – шығыс аумағында дамып жатыр. Қабат құмтастар, қызыл түсті саздар мен әксаздардан тұрады. Қабат өзін қоршаған таужыныстармен үйлесімді орналасқан. Қабат жыныстары ауданның 5% жуығын алып жатыр. Қабат қалыңдығы 200 метр.

8-сурет. Олигоцен жоғарғы Палеоген Р3 жүйесі таужыныстары

Кайнозой тобы KZ

Неоген жүйесі N

Төменгі болім N1

Төменгі Неоген N1 қабат жыныстары ауданның солтүстігінде, солтүстік-шығыс аумағында дамып жатыр. Қабатта саздар, тұз және гипс кристалдарымен кездеседі. Қабат өзін қоршаған таужыныстармен үйлесімді орналасқан. Қабат жыныстары ауданның 4% жуығын алып жатыр. Қабат қалыңдығы 110 метр.

8-сурет Төменгі Неоген жүйесі N1жүйесі таужыныстары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]