Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

1. Бұрғылау қондырғысының қозғалтқыштары, оларды таңдау принциптері.

Қолданылатын қозғалтқыштарына байланысты бұрғылау қондырғыларының жетектері дизельді, газотурбиналы және электрлі болып бөлінеді.

Дизельді және газотурбиналы жетектер – автономды – электр желісі жоқ шалғай жерлерде барлау және пайдалану бұрғылауларында қолданылады. Кей жағдайларда оның электрлі жетекке қарағанда экономиялық тиімділігіне байланысты жекеменшік компанияларда кеңінен қолданылады.

Электрлі жетектер – автономды емес және оларды тек электр желісімен жабдықталған бұрғылау орындарында ғана қолдануға болады. Бірақ қазіргі кезде электрлі жетектердің дамуына байланысты дизелді-электрлі және сұйық жанармаймен, табиғи және ілеспе газбен жұмыс істейтін газотурбиналы электрстанциясы кеңінен қолдау тауып отыр.

Топтасқан жетекте бұрғылау қондырғысының шығыры, сорабы және роторы сәйкес берілістерді жалпы қозғалтқыштан алады. Сонымен бірге саны және қозғалтқыш қуаты азаяды.

Жеке жетектерде шығыр, ротор және бұрғылау сораптарының жеке қозғалтқыштары болады.

Аралас жетек дизелді топтасқан жетектердің күші екінші бұрғылау сорабының жұмысына жеткіліксіз болғанда қолданылады. Бұл жағдайда ротор, шығыр және бұрғылау сораптарының біреуі топтасқан жерекпен, ал екінші бұрғылау сорабы жеке жетекпен жабдықталады.

Электрлі бұрғылау қондырғыларында аралас жетектер кеңінен қолданылады, ротор мен шығыр топтасқан жетекке, бұрғылау сораптары жеке жетекке жабдықталады.

2. Бұрғылау ерітіндісін тазартуға арналған жабдықтар.

Бұрғылау ерітінділерін дайындау және өңдеу құрылғылары әсер ету принципі бойынша механикалық және гидравликалық болып бөлінеді.

Механикалыққа:

  • сазалмастырғыш (МГ2-4, Г2-П-2);

  • фрезерлі-ағынды диірмендер (ФСМ-3, ФСМ-7) жатады.

Гидравликалықтарға:

-гидроэжекторлы араластырғыштар (БПР);

-гекторлы-гидромоторлы араластыру құрылғылары (УПР-Р-2);

-гидравликалық араластырғыштар (ГДМ-1);

-гидравликалық диспергаторлар (ДГ-1).

3. Шегендеу тізбегінің құрылымы, түрлері.

Ең алдымен ұңғыманың құрылымын жобалау керек, яғни ұңғымаға неше шегендеу құбыры, қандай тереңдікке түсіріледі, олардың диаметрлері, қашаудың диаметрлері, сақиналы кеңістіктегі цементтің көтерілу биіктігін анықтау керек.

Ұңғыманы құрастыру жоғарыдан төменге қарай жасалады. Түскен сайын оның диаметрі кішірее береді.

Бірінші кезекте ең үлкен диаметрдегі шегендеу құбырының орнына – бағыттаушы (І) деп аталатын интервал бұрғыланады. Кейін келесі кіші диаметрдегі тізбекті – кондукторды (ІІ)түсіру үшін интервал таңдаймыз, одан кейін аралық (ІІІ) деп аталатын шегендеу тізбегінің орнын, одан кейін келесі тізбек (соңғы) – пайдаланудың (ІV) орнын бұрғылаймыз.

Билет № 8

  1. Бұрғылау ерітіндісін дайындауға арналған жабдықтар

Бұрғылау ерітінділерін дайындау және өңдеу құрылғылары әсер ету принципі бойынша механикалық және гидравликалық болып бөлінеді.

Механикалыққа:

  • сазалмастырғыш (МГ2-4, Г2-П-2);

  • фрезерлі-ағынды диірмендер (ФСМ-3, ФСМ-7) жатады.

Гидравликалықтарға:

-гидроэжекторлы араластырғыштар (БПР); -екторлы-гидромоторлы араластыру құрылғылары (УПР-Р-2);

-гидравликалық араластырғыштар (ГДМ-1);-гидравликалық диспергаторлар (ДГ-1).

Ұнтауқ тәріздес материалдарды (саз, барит және т.б.) қолданудың өсуіне байланысты соңғы жылдары гидравликалық құрылғылар кең тарала бастады. Механикалықтарға қарағанда олардың өнімділігі жоғары, бұрғылау ерітінділерінің сапасын қаматамасыз етеді және материалдардың шығынын үнемдейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]