Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

1. Бұрғылау құбырлары тізбегі, құрамы, арналуы.

Бұрғылау құбырлары тізбегінің бұрғы қашауының жұмысы мен ұңғы оқпанының бағытына тигізетін әсері өте зор. Сондықтан бұрғылау құбырлары тізбегі құрамын дұрыс жобалау керек. Ол үшін олардың атқаратын міндеттерін жете білу қажет. Бұрғылау құбырлары тізбегінің негізгі элементтері: болаттан жасалған бұрғылау құбырлары, жеңілдетілген, ауырлатылған бұрғылау құбырлары, әртүрлі аудармалар, тіктеуіштер мен кеңейткіштер, кері клапандар, жетекші құбыр, центратор, калибратор, амортизаторлар, сүзгілер, маховиктер қорғаушы сақиналар. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән атқаратын белгілі міндеті бар. Оларды керекті жерінде қолданбау бұрғылау жұмыстарын шиеленіс пен апат жағдайларына әкеліп соқтырады.

2. Бұрғылау қондырғысын таңдау принциптері.

Стандартқа енгізілген негізгі параметрлер ретінде БҚ-ның жүккөтергіштігі қабылданды. Мысалға, БУ 80 БрД, БУ 125 және т.б.

МЕСТ-16293-70 бойынша ілмекке түсетін жүк және 1м бұрғылау тізбегінің салмағы 30кг болатын бұрғылаудың шартты тереңдігіне байланысты БҚ-ның 9 классы ұсынылған. Кейін бұл МЕСТ өзгертіліп жүккөтергіштіктің орнына шартты бұрғылау тереңдігі енгізілді (БУ 2500ДГУ немесе БУ3000 БД).

МЕСТ-16293-82 бойынша БҚ-ның 12 классы енгізілген, олардың негізгі параметрлері ілмекке түсетін мүмкін жүтеме мен шартты бұрғылау тереңдігі болып табылады. Сәйкесінше БУ шифрында ілмекке түсетін мүмкін жүтеме мен шартты бұрғылау тереңдігі көрсетіледі (мысалға, БУ 1600/100 ЭУ).

Маңызды ерекшелінетін белгілер қатарына күштік жетегінің типі жатады: Д-дизелді, ДГ-гидравликалық дизель, ДЭР-электрлі-дизель реттегіш, Э- электрлі ауыспалы ток, ЭП-электрлі тұрақты ток. Сонымен бірге монтаждауға қабілеттілігі көрсетіледі – У-(универсаль) әмбебап.

БУ-2500 ДГУ және БУ-2500-ЭУ негізгі және көмкші жабдықтары шынжыр табанды тележкалы ауыр жүк тасмалдағыштарға монтаждалынады. Мұнаралы блокта мұнара, бұрғылау шығыры, ротор, АКБ-3м кілті, көмекші шығыр, консульді-бұрылу кілтінің басқару пулті орналасады.

3.Бұрғылау сорабын таңдау.

Бұрғы сораптары ұңғыға қысым мен жуу сұйығын айдау үшін қолданылады. Бұрғылау жұмыстарында тек горизонтал, жетекті, поршенді сораптар қолданылады.

Бұрылау сораптарына қойылатын негізгі талаптар:

  • сораптың берілісі ұңғыны тиімді жуумен қамтамасыз ететіндей шекте реттелген болуы керек;

  • сораптың қуаты ұңғыны және түпкі гидравликалық қозғалтқыштың жетегін жууға жеткілікті болуы керек;

  • жуу сұйығының сораптан шығу жылдамдығы бұрғылауда қиындықтар тудыратын, қосымша энергетикалық шығындар мен қажу салдарынан бұзылатын инерционды күштер мен қысым бүлкілін жою үшін тепе-теңдікті ұстауы керек;

  • сораптар құрамында абразивті майлары бар тоттануға бейім әр түрлі тығыздықтағы жуу ерітінділерімен жұмыс істеуге жабдықталған болуы керек;

  • жуу ерітіндісімен жанасатын тораптары мен бөлшектерінің ұзақмерзімділігі жеткілікті және істен шыққан жағдайда оңай және тез ауыстыруға жабдықталған болуы керек;

  • ірі габаритті тораптары мен бөлшектері жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде сенімді орналастарумен жабдықталған болуы керек;

  • жетекті бөлігінің тораптары мен бөлшектері жуу ерітіндісінен қорғалған болуы және тексеру мен техникалық қызмет көрсетуге қолайлы болуы керек;

  • сораптар жинақты түрде тасмалдауға жабдықталған болуы керек;

  • сорап конструкциясы сорапты агрегаттың қозғалтқышының оң және сол жағына орналасу мүмкіндігі болуы керек;

  • сораптардың сенімділігі мен ұзақмерзімділігі олардың экономиялығы мен пайдалану қауіпсіздігімен сәйкес болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]