Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

3. Бұрғылау құбырларының түрлері, өлшемдері мен классификациясы.

Бұрғылау құбырлары тізбегінің бұрғы қашауының жұмысы мен ұңғы оқпанының бағытына тигізетін әсері өте зор. Сондықтан бұрғылау құбырлары тізбегі құрамын дұрыс жобалау керек. Ол үшін олардың атқаратын міндеттерін жете білу қажет. Бұрғылау құбырлары тізбегінің негізгі элементтері: болаттан жасалған бұрғылау құбырлары, жеңілдетілген, ауырлатылған бұрғылау құбырлары, әртүрлі аудармалар, тіктеуіштер мен кеңейткіштер, кері клапандар, жетекші құбыр, центратор, калибратор, амортизаторлар, сүзгілер, маховиктер қорғаушы сақиналар. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән атқаратын белгілі міндеті бар. Оларды керекті жерінде қолданбау бұрғылау жұмыстарын шиеленіс пен апат жағдайларына әкеліп соқтырады.

Билет № 4

1. Электробұрғылар, арналуы, конструкциясы.

1937-1940 жылдары үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың негізінде алғашқы электробұрғы жасалды. Алғашқы ЭВР-12 3/4² электробұрғысы статордан, ротордан, шпиндельден, планетарлы редуктордан және ерітіндінің кіріп кетуінен сақтаушыдан тұратын май толтырылған машинаны білдіретін. Электробұрғының диаметрі 325 мм болатын. Қуаты 90 кВт (макс 127 кВт), айналу жиілігі 1450 айн/мин, кернеуі 100В болғанда. Редуктордың берілістік қатынасы 1:4, ал шпиндельдің айналу жиілігі 360 айн/мин аспайтын. Қазіргі заманның электробұрғыларының қуаты n=530 айн/мин болғанда 150 кВт жетеді.

2. Бұрғылау қондырғысының көтеру кешені.

БҚ көтеріп түсіру кешені (КТК) дегеніміз бұрғылау және шегендеу тізбектерін көтеріп-түсіруге және ұстап тұруға арналған агргаттар мен механизмдердің жиыны, соынмен қатар бірқатар технологиялық операциялардың жасалуы болып табылады. КТК құрамына көтеру механизмі және жетегі бар тәлді жүйе кіреді. КТО – КТК элементтерінің ұзақтұрақтылығын анықтайтын ең ұзақ созылатын, ауыспалы динамикалық жүктемесі бар циклды операциялар болып табылады. Максиалды жүктеме ретінде ілмекке тіүсетін күшті алады. КТК жабықтары қайталанатын-қысқа уақытта алмасатын режимде жұмыс істейді. БҚ тиімділігі бірқатар көрсеткіштермен бағалана алады, солардың бірі – БҰРҒЫЛАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ, ал келесісі – ӘРТҮРЛІ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖАСАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ.КТО кезінде КТК элементтерінің қозғалыс жылдамдығы бір тізбектің ұзындығына тұрақсыз, өйткені қозғалтқыштың айналуы, шығырға канаттың айналуы, механизмнің ПӘК-і және ұңғымадағы тізбектің қозғалысына кедергі тұрақсыз.

3. Ұңғының құрылымы жайлы қысқаша мәліметтер.

Ұңғы дегеніміз жер қыртыстарында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны. Ұңғының басталатын жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ал төменгі шеті түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі ара қашықтық ұңғы ұзындығы, ал ұңғы өсі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады.Ұңғылар тағайындалуына байланысты барлау, іздеу, пайдалану, сейсмикалық, карталық, структуралық, айдау және т.б. бөлінеді. Ең алдымен ұңғыманың құрылымын жобалау керек, яғни ұңғымаға неше шегендеу құбыры, қандай тереңдікке түсіріледі, олардың диаметрлері, қашаудың диаметрлері, сақиналы кеңістіктегі цементтің көтерілу биіктігін анықтау керек.

Ұңғыманы құрастыру жоғарыдан төменге қарай жасалады. Түскен сайын оның диаметрі кішірее береді.

Бірінші кезекте ең үлкен диаметрдегі шегендеу құбырының орнына – бағыттаушы (І) деп аталатын интервал бұрғыланады. Кейін келесі кіші диаметрдегі тізбекті – кондукторды (ІІ)түсіру үшін интервал таңдаймыз, одан кейін аралық (ІІІ) деп аталатын шегендеу тізбегінің орнын, одан кейін келесі тізбек (соңғы) – пайдаланудың (ІV) орнын бұрғылаймыз.

Билет № 5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]