Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

1,2 – Айдаушы клапандар; 3,4 – сорушы клапандар; 5,6 – сол жақ және оң жақ аумақтар; 7 – шток

«Дуплекс» сорабының жұмыс істеу сұлбасы

3. Бұрғылау шығырларының гидродинамикалық тежегіштері.

Гидродинамикалық және электромагниттік тежегіштер қосымша реттегіш тежегіштерге жатады. Оларды әдетте шығырдың білігімен муфта арқылы жалғап, тізбектерді 200-300 м тереңдіктен бастап және салмағы 100-200 кН тізбекті түсірген кезде қосады. Реттеуші тежегіш жеткілікті түрде қуатты болу керек, өйткені түсіру кезінде қысқа уақытт үлкен қуат бөлінеді (2-5 кВт-қа дейн). Осындай тежегіштер ретінде ротанционды типті гидродинамикалық және электромагниттік тежегіштер қолданыс тапты. Гидродинамикалық реттеуші тежегіштер БҚ өзінің құрылымының қарапайымдылығы және оның толуына байланысты тізбектің түсіру жылдамдығы автоматты түрде орнатылатынына байланысты көп қолданылады.

Гидродинамикалық тежегіштер бұрғылау және шегендеу құбырларының ұңғымаға түсіру жылдамдығын шектейді. Ол жұмыс аумағы сумен толтырылған айналмалы ротордан және қозғалмайтын статордан тұратын қалақшалы гидравликалық құрылғы болып табылады. Гидродинамикалық тежегіш тежеу режиміндегі гидромуфта секілді іске қосылады. Бұл кезде турбиналы дөңгелек сыналанып, үйкеліс 100% тең болады.

Билет № 13

1. Бұрғы қашауларының топталынуы.

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау кезінде тау жыныстарын бұзушы аспаптардың келесі түрлері қолданылады (қашау):

  • түбі тұтас ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қашауы;

  • сақиналы түпті ұңғыны бұрғылауға арналған бұрғы ұштары;

  • ұғңы оқпанын кеңейткіштер: калибраторлар, тұрақтандырғыштар, ұңғы қабырғасын түзулеуге арналған центраторлар және бұрғылау тізбегін орталықтандырушы.

Бұрғылау қашауы – тау жыныстарының жарылуын және ұңғыманың түбі мен қабырғаларын бұрғылау кезінде құрауды қамтамасыз ететін құрал.

Ұңғы түбінде тау жыныстарын бұзу сипаттамаларына байланысты бұрғы ұштары мен қашаулары: шарошкалы, қалақшалы, алмазды бұрғылау қашаулары және ИСМ қашаулары болып бөлінеді.

Ең кең таралғаны – үш шарошкалы қашаулар.

2. Бұрғылау қондырғыларының тәл жүйесін жабдықтау.

Тәл жүйесі бұрғылау қондырғысының ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі шығырдың айналмалы қозғалысын тәлді блоктың ілгер-кейінді қозғалсына ауыстыру және канаттағы жүктемені азайту үшін арналған.

Тәлді жүйе – бұрғылау қондырғысының жүк көтергіш бөлігі болып келеді және құрамына кронблок, ілмегі бар тәлді блок, болат тәлді канат, МКМК кіретін полиспастты білдіреді.

Бұрғы қондырғыларының тәл (полиспат) жүйесі, шығыр барабанының айналмалы қозғалысын ілмектің ілгерілмелі (тіке) қозғалысына айналдыру және тәл арқаны ілмектреіне түсетін салмақты жеңілдету қызметін атқарады. Кронблок шкиві мен тәл блок шкиві арқылы, белгілі ретпен болат арқан өткізіліп, бір ұшы қозғалмайтын етіп бекітіледі.

3. Бұрғылау шығырлары, негізгі талаптар мен классификациясы

Бұрғылау шығырлары бұрғылау процессінің тиімділігін анықтайтын басты агрегаттарға жатады.

Шығырдың негізгі технологиялық функцияларына мыналар жатады:

-қашауға берілген жүктемені қмтамасыз ету;

-құралды ұзарту;

-КТО;

-шегендеу тізбектерін түсіру;

-қосымша жұмыстар.

Шығырлар ұзақтұрақтылық, сенімділік, жөндеуге жарамдылық бойынша талаптарға сәйкес келуі тиіс. Жөндеуге түскенше жұмыс коры 3000-5000 сағат машина уақытына сәйкес келуі тиіс.

Бұрғылау шығырлары келесі көрсеткіштер бойынша жіктеледі:

- шығыр барабанына берілетін қуат;

- жетекші тармақтағы тарту күші;

- тежегіштердің қуаты;

- көтерудің жылдамдық саны;

- білік саны.

Бұрғылау шығырларының қуаты МЕСТ 16293-82 регламенттеледі, тереңдікке байланысты 200-2950 кВт арасында болады.

Бұрғы шығыры: тербелмелі подшипниктерге отырғызылатын көтеру және трансмиссиялық біліктер, таспалы және электр тежегіштер орналасатын рамадан және басқару пультінен тұрады.

Билет № 14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]