Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

2. Сорапты-циркуляциялық кешеннің механикалық және гидравликалық араластырғыштары.

Механикалыққа:

  • сазалмастырғыш (МГ2-4, Г2-П-2);

  • фрезерлі-ағынды диірмендер (ФСМ-3, ФСМ-7) жатады.

Гидравликалықтарға:

-гидроэжекторлы араластырғыштар (БПР);

-екторлы-гидромоторлы араластыру құрылғылары (УПР-Р-2);

-гидравликалық араластырғыштар (ГДМ-1);

-гидравликалық диспергаторлар (ДГ-1).

3. Лақтыруға қарсы жабдықтар (лқж), құрамы, орналасу сұлбасы.

Лақтыруға қарсы жабдықтар ұңғыма сағасын сұйықтық пен газды-сұйық қоспасының ашық лақтырулары және бұрғылау, сынау, тексеру және пайдалану барысында фонтандау фломауы үшін саңылаусыздандыру үшін арналған. Бұл жағдайлардың негізгі себебі ұңғымадағы сұйықтықпен берілетін қысымнан қабат қысымының жоғары болуы: Рпл > Рс= ρgL

ЛҚЖ құрамына превенторлар, сағалық айқастырма, превенторүсті орам және превенторлы жабдықтың оқпанды бөлігін құрайтын ажырамалы желоб, ЛҚЖ оқпанды бөлігін жабдықтайтын манифольдтар, превенторлар мен манифольдтарды басқаратын станция кіреді.

ЛҚЖ ұңғыма сағасы мен бұрғылау едені арасында орналасады. Қауіпсіздік ережелері бойынша ЛҚЖ-н барлау алаңдарын, газоконденсатты, газды және АВПД кен орындарын бұрғылағанда міндетті түрде орнату керек. Ұңғыма сағасын кондуктор мен аралық тізбекті түсіргеннен кейін ЛҚЖ-мен жабдықтайды. ЛҚЖ міндетті түрде беріктікке және саңылаусыздыққа сыналады.

Билет № 17

1.Тәл блогының арналуы, құрылымы.

Тәлді блоктарда шкивтердің саны кронблоктағыдан 1 кем болады. Тәлді блоктар кронблокка қарағанда салмағы үлкен, бірақ кронблоктың жүккөтергішітігі жоғары.

Тәлді блоктар бір секциялы және екі секциялы болып жасалады. Бір секциондыда мойынтіректерде шкивтері орналасқан бір осі болады. Тәлді блоктың осі траверсамен жалғанған екі беттің арасында болады. Ілмек тәлді блоктың беттерімен сол беттерге пісіріліп жалғанған екі сырға арқылы жалғанады.

Тәлді блоктарды келесі құрылымдық сұлбалар бойынша дайындайды:

- бір секциялылар тізбектерді қолмен қойғанда қолданылады;

-Бір секциялы тәлді блок бір бірімен траверса арқылы жалғанған екі беттен тұрады. Беттерде қозғалмайтындай етіп ось бектілген. Осьте мойынтіректерде ақандық шкивтер орналасқан. Осьте мойынтіректердің арасында арақашықтықтық айырғыш сақина орнатылған. Остің ұштарында мойынтіректерді майлауға арналған тесіктері бар. мойынтіректерді ластанудан қорғау үшін шкивтерде қақпақтар орналасқан. Тәлді блок жақтаулаы қораппен қапталған. Тәлді блок ілмекпен екі ось арқылы жалғанады.

Екі секциялы тәлді блок бір секциялыға қарағанда АКЖ кешенінде қолданылатын автоматты элеваторлармен жұмыс істеуге арналған. Оның жұмысының ерекшелігі оның тізбек бойымен төмен қарай қозғалуы болып табылады.

2. Бұрғылау сұйығынан құм айыруға арналған агрегаттар.

Қазіргі кезде құм айырғыштың ПГ-50, ПГ-90 моделдері қолданылады.Құм айырғыш кіру және шығу жолдары бір манифольдқа қосылған диаметрі 150 мм және одан жоғары гидроциклон батареясы . Гидроциклон құрылысы: 1-сұйық кіретін құбыр; 2-гидроциклон; 3- сұйық құрамындағы ірі бөлшектер ағатын құбыр; 4- тазаланған сұйық ағатын құбыр

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]