Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

1. Бұрғылау құбырларының құлыптары, арналуы, құрылымы.

Бұрғылау құбырларының шеттеріне ойылып жасалатын бұрандалар (резьба) құлыптық деп аталады. Ол бір қырынан қарағанда басындағы бұрышы 600-қа тең үшбұрыш пішінді. Қырларының ойысы мен төбесі жұмырланған. Қыр бұрышының биссектрисасы қыр білігіне (өсіне) перпендикулярлы. Бұранда қадамы 3,175 мм, сондықтан 25,14 мм ұзындыққа бұранда орамы орналасады. Конус қимасы мен құбыр білігі арасындағы бұрыш 1047’ 24’’-қа тең. Құбырлық бұранда құбыр түріне байланысты үш бөліктен тұрады. Шеттері шығарыла отырғызылатын құбырлар үшін құлптарды өзара гидравликалық және беріктік қасиеттермен ерекшеленген үш түрде дайындайды. 3Н- ішкі диаметрі қалыпты құлптар (құбырдың ішкі диаметрінен кем).

3Ш – ішкі диаметрі кең құлптар (құбырдың ішкі диаметрімен шамалас).

3Ү – ішкі диаметрі үлкейтілген құлптар (құбырдың ішкі диаметрінен үлкен).

2. Ұршықтар, арналуы, конструкциясы.

Ұршықтың құрылымы айналатын және айналматын бөлшектерден тұрады.

Айналмайтын бөлшектерге – тұрқы, ағынды құбыр, бұрушы, штроп, төменгі және жоғарғы қақпақтар жатады.

Айналатын бөлшектерге – оқпан, негізгі және қосымша осьтік тіреулер, радиалды тіреулер, тезалынғыш тығыздағыштар, ауыстырғыш жатады.

Ұршықтың құрылымы келесі талаптарды орындауы тиіс:

  • Ұңғыманы бұрғылау кезінде ұзақтұрақтылығы және жұмыстың тоқтамауы;

  • Тығыздағыштардың саңылаусыздығы;

  • Көлденең габариттері мұнара өсімен орын ауыстыруға және КТО-на кедергі жасамауы керек;

  • Тез тозатын тораптары мен бөлшектері өндірістік шарттарда тез ауыстыруға қолайлы болуы керек;

  • Үйкелетін бөліктерін майлау тиімді болуы және ұршық бөліктерін салқындатуы керек;

  • Тәлді блокпен байланыстыру құрылғысы тез шуруфқа бағыттау мен шешуге сенімді және қолайлы болуы керек.

Ұршықтар жүккөтергіштігімен ерекшеленеді. Ұршықтың корпусы көмірқышқылды немесе төменлегирленген құймадан жасалынады және штроптарды орнатуға арналған қалтасы болады. Штроп легірленген хромникельді немесе хроммарганецті, кремнилі 38ХГН, 30ХГСА болаттардан жасалынады және корпусқа саусақшалармен бекітіледі.

3. Тәл жүйесі, құрамы, арналуы.

Тәл жүйесі бұрғылау қондырғысының ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі шығырдың айналмалы қозғалысын тәлді блоктың ілгер-кейінді қозғалсына ауыстыру және канаттағы жүктемені азайту үшін арналған.

Тәлді жүйе – бұрғылау қондырғысының жүк көтергіш бөлігі болып келеді және құрамына кронблок, ілмегі бар тәлді блок, болат тәлді канат, МКМК кіретін полиспастты білдіреді.

БҚ тәлді жүйесі келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Пайдалану сенімділігі, өйткені тәлді жүйенің элементтерінің істен шығуы көлемді апаттарға алып келеді;

  • Қызмет көрсетудің ыңғайлылығы және қауіпсіздігі;

  • Ұзақтұрақтылығы;

  • Монтаждау мен демонтаждаудың, қайта жабдықтаудың тез жасалуының мүмкіндігі;

  • Кейбір элементтердің бірін бірі ауыстыра алуы.

Тәлді блок ілмекпен және бұрғылау тізбегін ұстауға арналған элеватормен жабдықталған.

Билет № 6

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]