Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

1.8 Керн және шлам алу аралықтары

Жобаланған барлық барлау ұңғымаларында керн алу жоспарланған. Олар көлемі және аралықтары геофизикалық зерттеулер нәтижелеріне байланысты анықталған, № 51, 52 ұңғыларда сынау нәтижелері алынған. Барлау ұңғымаларында алу Ю-VII, Ю-VIII өнімді қабаттарында және перспективті коллекторлар қабаттарында жүргізіледі. Орта юра шөгінділері – 2645-271м аралығында.

«Недр» аспабымен сынама алу қиманың литология және стратиграфиясын зерттеу үшін, құрылымдық құрылысын нақтылау және тау жыныстарының өткізгіштікпен экрандау қасиеттері тұралы алдын-ала ақпарат алу үшін алдын-ала қарастырылады.

Керн алумен 70м көлемінде бұрғылау жүргізіледі, бұл ұңғының жобалық тереңдігінің 2,5% -ын құрайды. Керн алу 60% -дан төмен болмауға тиіс. Мұнай көріністері байқалмаса, онда керн алу мұнайгазкөріністерінің толығымен жоғалуына дейін барады. Бұрғылау үрдісінде құбырларда әр бір 200м-ден кейін бақылаулы өлшеу жүргізіледі.

Өнімді қабаттан алынған сынамалар жұмыс орнында белгіленіп, парафинленіп, аудан, ұңғыма нөмері, сынама нөмері, алынған аралық және анализ түрі көрсетілетін этикеткамен қамтамасыз етілуі қажет.

Керн алу аралығы 1.2 кестеде келтірілген.

1.2 – кесте - Керн алу аралықтары

Ұңғы номері

Керн алынатын аралық

Керн ашумен жүретін рейс ұзындығы, м

Шөгінділер жасы

75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84

2645-2710

65

Орта юра

2795-2800

5

  1. Шлам тексеру литологиялық құрамы тез өзгеретін тау жыныстарда өнімді қабатта екі сағат қалғанда, әр бір 5м-да алынады.

  2. Бұрғылау үрдісінде мұнайгаз көріністерін байқау жүргізіледі, және бұрғылау сұйығында мұнай қабықшасы және газ көпіршіктерін бақылайды.

  3. Мұнайгазкөріністерінде болса мұнай және газ пробаларын алу жүргізіледі. Бұрғылау басында техникалық судың анализін тексереді.

1.9 Өнімді қабаттарды ашу және игеру

1.9.1 Қабаттарды игеру тәсілдері

Өнімді қабаттарды бұрғылау үрдісінде ашу геологиялық және мұнайгазкөріністерін ескерту жағдайларына сәйкес, жуу сұйығы көрсеткіштерін қамтамасыз ететін уақытта мүмкін болады. Ерітінді көрсеткіштері геологиялық-техникалық нарядта көрсетілген. Әр бір келесі ұңғымада өнімді горизонттарды ашу аралықтары алдында бұрғыланған ұңғыма нәтижелері бойынша нақтыланады және ұңғыма көрсеткіштері қабат флюидінің ағынына әдеттегі сынау жағдайын қамтамасыз ету мақсатына сәйкес беріледі.

Ұңғыма бұрғылау кезінде өнімді юра коллекторларын бұрғылау құбырларында түсірілетін қабат сынағыш көмегімен сынау алдын-ала қарастырылады. Алдын-ала сынау аралықтары КИИ-146 кестеде келтірілген. 1.3 - кесте Сынау аралықтары

Объект №

Сынау аралықтары

Жасы

Пакер диаметрі, мм

Депрессия, МПа

1

2250 - 2240

Жоғарғы юра

175

12,0

2

2646 - 2685

Орта юра

175

12,0

3

2700 - 2710

Орта юра

175

12,0

КИИ-146 көмегімен сынау қосымша құйылған сұйықты жер бетіне шығарусыз, ұңғыма түбіне болу уақыт ұзақтылығы 1,5 сағатты екі циклда жүргізіледі:

I цикл - ағын уақыты - 15 минут қысым қайтадан орнау уақыты – 25 минут.

II цикл – ағын уақыты – 15 минут, қысым қайтадан орнау уақыты – 35 минут.

Іздеу ұңғымаларын бұрғылау нәтижелері бойынша алдын-ала жобамен барлау төрт объектте қарастырылған, 1.4 кестеде келтірілген.

1.4 – кесте Болжаланған ашылу аралықтары

Сынау аралықтары, м

Жасы

Ашу тәсілі 1 п.м келетін тесік саны

Жуу сұйығының тығыздығы, кг/м3

Ағынды шақыру әдісі

Ағынды тездету әдісі

Цемент орнату аралықтары

1

2710- 2700

J2

Перфоратор ПКОТ-89

1200

Саз ерітіндісін сумен ауыстыру аэризациялау мен фонтан 3-4

1 п.м. 50 тесікке дейін көбейту. Карбонат коллекторларын өңдеу

2730-2680

2

2685- 2675

J2

1200

2705-2655

3

2640- 2630

J2

1200

2660-2610

4

2615-2605

J2

1200

2635-2585

Ұңғыма сағасына АФ-650-350 типті арматура орнатылады. Мұнайды сепарациядан өткізу үшін тік ГС-32 түрінде 7,2МПа қысымымен сепаратор қолданылады.

Пайдаланушы құбыр және атқылау арматурасын герметикаға қабат флюидымен толған жабық ұңғы сағасында күтілетін артық қысым мәнімен анықтайды. Бұдан басқа пайдаланушы тізбек герметикасы ұңғыма сағасынан 1000м тереңдіктегі су деңгейін төмендету арқылыда тексеріледі. Герметикалық пайдаланушы тізбек және сағалық аспаптарда тізбекті перфорациялау кумулятивті перфораторлар ПКОТ-89, 1п.м. ға 20 тесік тесу есебімен жүргізіледі.

Ағынды шақыру

Ағынды шақыру үшін ұңғы түбінде қысымды, бұрғылау сұйығын техникалық сумен ауыстыру арқылы төмендету қажет. Ауыстыру алдында айналу жүйесін дұрыстап, одан соң ауыстыруға өту қажет.

Сумен ауысқаннан кейін ағын жоқ болса, онда аэризациялау жасау керек. Аэризация үрдісі тоқтағаннан және атқылау ағыны алынғаннан кейін ұңғыманы тазалау қажет.