Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

1.6 Сулылығы

Жобаланған жұмыс ауданы гидрогеологиялық жағынан Прикаспий артезиан бассейнына қарайды. Жобаланған аудан шегінде келесі сулы жинақтар неоном, орташа, триас.

Палеоген - төрттік шөгінділері территориясы өзіне көбірек төмен минералды суларды алады. Палеоген сазды шөгінділері және сенон карбонатты – мергел құралғылар біріккен регионалды сутірегін құрайды. Қиманың жоғары бөлігінде құмды - алевролитты сумен қаныққан жыныстар ашылған. Олар төмен сульфаттылығы және метаморфты өзгерістеріның қаныққан деңгейімен ерекшелінеді.

Бұл қима суларын ұңғыларды бұрғылауда техникалық мақсаттар үшін қолдануға болады.

Жоғарғы альб шөгінділер суларын құмды – саздық жинаққа ұштастырады. Бұл жинақ жобаланған ауданда ең көп сулылығымен ерекшелінеді және маңызды қалыңдыққа ие. Сулар III - классты хлоркальций түріне қарайды. Су тұздылығы 17 - 18оВе. Ұңғы дебиты 300 - 350м3/тәулікке жетеді, тағыда арнайы сулы ұңғы. К-1В ұңғыдан алынған су сынамаларының химиялық анализдері бойынша, бұл жинақ сулары 2133,6мл/эквл. минерализациясына ие. Осымен бірге сульфаттардың үлкен құрамы және метаморфты өзгеріс деңгейінің үлкендігі .

Сулы горизонттың Неокотль шөгінділерінде сулы горизонт валажинның карбонатты және құмды саздың жыныстарына ұштастырылады. Бұл жинақ су дебиты 0,026 дан 0,125 м/с аралығында өзгереді (Прорва кен орны) және Боранкөл кен орнында жүздік, сірек ондық литр бөлігі секундына

Сулар метаморфтелген, жоғары минерализацияланған, сульфат құрамы аз, хлоркальций типті

Орта юра шөгінділерінде сулы горизонттар ұсақ түйірлі, әр түрлі қалыңдықтағы құмдақтарға ұштасқан. Арасында сазды бөлімдер аудан бойынша ұсталмаған және локалді су тірек ролін атқарады. Бұл сулы жинақ игеру бойынша үлкен көлемде мәліметтерді береді. Кен орнында юра шөгінділерінен алынған сынамалар анализдерінің нәтижелері бойынша № 1, 3, 6, 7, 10, 15 ұңғымалар сулары үлкен минерализациясымен, сульфат және карбонаттың аз құрамымен сипатталады (7000-8000 мг/эквл). Ұңғымалар дебиттері горизонттар литологиясы және ұңғы су қабылдағыш бөлігінің тазалығына тәуелді 3,0 тен 69м3/тәулікке дейін өзгереді.

Триас шөгінділері сулары құмдақ және алевролиттер қабаттасуымен келтірілген үлкен горизонттарға ұштасқан. Триас терең ұңғымалармен Боранкөл, Прорва, Николаевка аудандарында ашылған. Олар минерализациясымен (225-241) айрықшаланады және хлоркальций түріне жатады. аспайды, жәнеде метаморфты өзгерістер деңгейі онша жоғары еместігін көрсетеді. Сульфаттылығы төмен 10%-ға дейін. Дебиттері 10м/тәулік – тен аспайды. Еріген газ - азотметанды, ауыр көмірқышқылы құрамы 2,4% -дан аспайды.

1.7 Ұңғыма қазуда кездесетін шиеленістер аралықтары

Боранкөл кен орнында ұңғыма бұрғылау болжаланып отырған қимадан іздеу ұңғымаларын бұрғылау кезінде алынған мәліметтерді есепке ала отырып жобаланды. Жобаланған аудан литологиялық қимасы негізінен саздар, құмдақтар, мергелдер, борлар, алевролиттер, әк тастар және аргелиттерден тұрады.

Шарошкалы қашаулар түрін, конструкциясын таңдау, керн алуға бұрғы ұштарын таңдау, бұрғылау режимін дұрыс қабылдау мақсатында жобаланған аудан қимасын келесі аралықтарға бөлуге болады:

  1. 0-800м аралығы тығыз саз қалыңдығы, жазу бор, жұмсақ, иілімді саздардан тұрады. 800м тереңдікте мүмкін болған қабат қысымы 8,4 МПа, температура 260С, қабаттың құлау бұрыштары 1-30 . Кавернопайда болуы, жыныстар ісінуі және желобтар пайда болуы мүмкін.

  2. 800-2200м аралығы – жоғарғы жағында құм – сазды альб-апта қалыңдығы. Төменгі бөлігінде құм-алевролитты және сазды тау жыныстар, оданда төмен әк тас үлкен қалыңдығы жатад. Саздар және құмдақтар қабаттасуы өте көп. Саздар құмды, тығыз; құмдақтар ұсақ түйірлі, көп кезде сазды. Әктастар берік, массивті, келі бір жерлерде доломиттелген 2200м күтілетін қабат қысымы 24МПа, қабаттардың құлау бұрышы 5-70, альб сулы горизонттардан су көрінісі болуы мүмкін. Ұңғыма оқпанының кішірейіп кетуі, бұрғылау құралдарының ұсталып қалуы.

  3. 2200-2800м аралығы бір келкі емес қабаттасатын құмды – сазды тау жыныстарынан құралған. Құмдақтар ұсақ және орта түйіршікті, сұр, ашық-сұр. Саздар қара түсті сұр, қара түске дейін. 2800м тереңдікте қабат қысымы 30,8МПа , қабаттың құлау бұрышы 7-100. Мұнайгазкөрінісі, бұрғылау аспабының ұсталып қалуы мүмкін.