Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

2.7.5 Аралық және пайдалану құбырлар тізбегінің төменгі құрылмалары

Шегендеу құбырлар тізбегінің төменгі құрылмалары деп, оның түсіру және цементтеу процестерін сәтті жүргізуін қамтамасыз ететін, нақты құрылғылар жиынтығымен жабдықталуын айтамыз. Сондықтан да ұңғыманы бекіту кезінде технологиялық жабдықтарды қолдану, технологиялық орындалуы талап болып саналады.

Шегендеу тізбектерінің төменгі құрылмаларына, сұғындамалы және кері қақпалы әр түрлі модификациялы тиянақ кесте құбырлары, центраторлар, қырғыштар, турбулизаторлар кіреді.

Менің жобалаушы ұңғыманың пайдалану шегендеу тізбегінің төменгі құрылымына төмендегілер кіреді.

ТУ-39-196-76 бойынша даярланған тиянақтың үстінде 10-20м орнатылған ЦКОД түріндегі кері қақпаны ұңғыманы шегендеу тізбегімен бекіту кезінде қолданады. Ол тізбек сыртындағы тампонат немесе бұрғылау ертінділерінің шегендеу тізбегінің ішіне ағуын болдырмайды. Көрсетілген бұйымның түр тұрықтың қақпанын үшінші тобына жатады. ЦКОД түріндегі кері қақпамен жабдықталған шегендеу тізбегін түсіруді (запорный) бітегіш элементі – шарсыз жүзеге асырады.

Қақпаның түрі мен өлшемдері: ЦКОД-168-1; салмағы 25кг; жұмыстың қысымы 15 МПа; шар диаметрі 76мм.

“СТОП” тірек (упорное) сақинасын ТУ-26-02-245-70 бойынша сапалығы МеСТ 1412-70 сай келетін сұр шөгеннен даярлайды.

Ол ұңғыны цементтеу кезінде тампонаж ертіндісін басып айдауды тоқтатудың нақты белігісін алу үшін қолданылады. Оны шегендеу тізбегінің муфтасына, тиянақтан 10-30м аралықта орнатады.

Центраторлар шегендеу тізбегінің ұңғыма оқпаны ішінде дұрыс орналасуын және қабаттарды бөлектеу сапасын арттыру мақсатында қолданылады. Олар шегендеу тізбегін түсіруде жеңілдетеді және де тампонаж ертіндісінің бұрғылау ертіндісін шығару дәрежесін жоғарылытады.

Менің құрырымына ЦПР (центратор пружинный разборный) түріндегі центратор кіреді. Бұл центраторларды диаметрі 215,9мм ұңғымалар және диаметрі 146, 168 мм шегендеу тізбектері үшін даярлайды.

Центратордың өлшемі мен түрлері: ЦПР 168/215; салмағы 7,5кг артық емес; ұзындығы 680мм; диаметрі 285мм; пружиналық сырығының (пленка) саны 6; максималды радиалдық жүктемесі 9кН;

Қырғыштарды шегендеу тізбегіне ұңғыма оқпанының қабырғасындағы саз қабығын бұзу үшін және тізбек сыртындағы цемент сақинасының беріктігін арттыру үшін қолданады.

Кигізбелі түрдегі СК қырғышы тапшықты сынапармен жабдықталған тұрықтан тұрады. Қырғыштарды әр бір центратордың жоғарғы және төменгі жеріне орналастыру ұсынылады.

Ұңғыманы цементтеу кезінде тампонаж ертіндісінің ағынын тізбек сыртындағы кеңістікте иірімдеуші ЦТ түріндегі турбулизаторды шегендеу тізбегіне орналастырамыз. Турбулизаторларды ұңғыма оқпанының қабырғасының кеңейген тұстарына бір-бірінен 3м аралықта орналастырған жөн. Турбулизаторлар ВНИИКР мұнайда жобаланған және ТУ-29-01-08-284-77 бойынша даярланады.

Барлық жоғарыда айтылған элеметтер жобалаушы ұңғының пайдалану тізбегінің төменгі құрылымын құрайды.

2.8 Ұңғымаларды игеру

Өнімді қабаттарды ашу мен байқау бұрғылау жұмыстарының ішіндегі ең жауапты және қорытынды кезеңі болып саналады.

Өнімді қабаттарды ашу сапасына ұңғымада мұнай мен газ ағынын алу, дебиттің өлшемдері ұңғыманы жөндеусіз пайдаланудың мерзімінің ұзақтығы, сонымен қатар қабаттық қысымы жоғары өнімді қабаттарды ашуда жұмыс жүргізу қауіпсіздігі тікелей байланысты болады.

Өнімді қабаттарды байқаудың мақсаты іс жүзінде қолданылатын географиялық зерттеулер белгігі бір өніміді қабаттардың толық мүмкіндігін бере алмайтындықтан, байқаушы қабаттың мұнай немесе газ құрамын анықтау болып табылады.

Мұнайлы қабаттарда ашу әдісі жобаланушы ұңғымада қабатты толық ашу әдісін пайдалану тізбегін цементтеп болғаннан соң таңдап аламыз. Цемент тасы қатқаннан соң тізбекті перфорациялаймыз. Бұл әдіс кеуектерді ластануды болдырмайды және мұнайдың өнімді қабаттан ұңғымаға ағуын мейлінше қолайлы жағдай туғызады. Бұл тәсіл өнімді қабаттарды ашудағы мынадай негізгі талаптарға жауап береді:

1.Ашық бұрқырамалау (фонтанирование) мүмкіншілігін болдырмайды.

2.Ұңғыма түбі маңындағы тау жыныстарының табиға сүзілгі қасиетін сақтайды.

3.Ұңғыманы сусыз пайдалану мерзімінің ұзақтығын арттырады және мұнайдың ұңғы түбіне ағып келуін максималды жеңілдетеді.

Жобаланушы ұңғыманың өнімді қабатын біршама қысымға ие сондықтанда оны ашуды ұңғыманы саз ертіндісімен жуып отырып жүргізу керек. Мұнайлы қабат пен шегендеуші құбырлар тізбегін және цемент сақинасын байланыстыру үшін кумулятивтік перфорация арқылы тесіктер теседі. Біздің жобаланушы ұңғымамыз үшін ПК-103-10 түріндегі кумулятивтік перфораторды қолданамыз.

Перфорациялау процесі кезінде қысымға қарсы әрекет жасау мақсатында саз ертінідісімен толтырамыз. Ұңғыманы перфорациялағаннан соң бұрқырама (фонтан) арматурасын орнатамызда, ұңғыманы ауамен үрлеу арқылы мұнай ағынын шақырамыз.

Ұңғыма саз ертіндісімен толтырылған болғандықтан ағынды шақыру және ұңғыма түбін тазарту үшін оны сумен алмастырамыз.

Бұл үшін ұңғымаға сорапты-компрессорлы құбырды сүзгі тусына дейін түсіріп сағаға бұрқырама арматурасын орнатамызда, ұңғымаға су айдаймыз. Соның әсерінен саз ертіндісі су мен ұңғыма бетіне ығыстырылып шығарылады.

Егерде сумен жуғаннан соң мұнай ағыны алынбаса, онда осындай жолмен оны мұнаймен алмастырамыз. Егерде мұнайда қанағаттандырарлық нәтиже бермесе онда ұңғымаға ауа айналады.

Ұңғымаға сорапты – компрессорлы құбырды түсіреді де сағаға бұрқырама арматурасын орнатады, содан соң құбыр сыртындағы кеңістікке сығымдалған ауа айдайды. Ауаның қысымымен сұйық құбыр сыртындағы кеңістіктен ығыстырылып сорапты – комрессорлық құбырдың ішіне енеді. Одан әрі қарай сыртқа шығарылады.

Құбырдағы сұйық аэроцияланады да, оның тығыздығы азайғандықтан сұйық құбырдан шыға бастайды. Сұйық шыққаннан соң ұңғыма түбіндегі қысым күрт төмендейді де, қабаттан мұнай ұңғымаға келе бастайды. Ауаны айдауды ұңғыма сұйықтың толық тазарып мұнайға айналғанша тоқтатпайды.

3 Арнайы бөлім