Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

1 Геологиялық бөлім

1.1 Геологиялық – экономикалық жағдайлар

Көп қабатты мұнайгазконденсатты Боранкөл кен орны құрылымдық – тектоникалық ерекшеліктеріне және мұнай мен газ таралу бөлігі бойынша күрделі геологиялық құрылымы болып сипатталады.

Административті бөлінуі бойынша кен орны ҚР Манғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан.

Опорный ауылы – ең жақын елді мекен – шығысқа 15км қашықтықта орналасқан. Ауыл арқылы темір және көлік жолдары, мұнай тасымалдау магистралі, ЭӨЖ өтеді. Батысқа қарай 50км-да Сарықамыс және Тенгиз жұмысшылар ауылдары бар. Темір жол станциясынан 115км оңтүстік шығыста Опорная темір жол станциясы және аудандық Бейнеу ауылы орналасқан. Облыс орталығы Ақтау қаласы оңтүстік батысқа 400км аралықта, автокөлік және темір жол арағашықтығы 600км-ға дейін барады. Бұл жерде «Казполмұнай», ОАО «Манғыстаумұнайгаз», «Казтрансойл» басқармалары жұмыс істейді.

1990 – 1992 жылдары АҚ «Манғыстаугеология» Боранкөл кен орнында бұрғылау жұмыстарын жүргізді, өндірістік базасы Құрық, Бейнеу және Опорный ауылдарында орналасқан. Аудан басқа пайдалы қазбалар және құрылыс заттарына өте кедей. Құрылыс және жолдарды жақсарту үшін қолданылатын гравий-құм қоспа қорлары бар.

Ауданда транспорт жүйесі жақсы дамыған: Опорный және Сарықамыс ауылдары асфальттелген жолмен қосылған; Құлсары, Опорный, Бейнеу ауылдары арқылы тас төселген жол өтеді. Автокөлік қозғалысы ауданда барлық бағыттар бойынша жыл бойы жүзеге асырылады. Магистралді мұнайтасымалдаулардан басқа, жергілікті маңызды мұнайгазтасымалдау жүйесі дамыған.

Боранкөл кен орны мұнайгазшығару бағытында біріккен инфрақұрылымды құрастырылатын ауданға кіреді. Республикада мұнайгаз шығару атын Қазақстан-Американ «Тенгизшевройл» біріккен кәсіп орнынан басқа, ауданда Прорва тобына кіретін мұнай кен орнын пайдалану жұмыстары жүргізілуде. «Қазтүркмұнай» біріккен кәсіп орны Нсанов (батыс Елемес) және Шығыс Сазтөбе мұнай кен орындарын өңдеуде. ТОО «Толқын» Толқын - Сазтөбе газоконденсатты кен орнын игеру жұмыстарына кірісті. Кен орнынан Солтүстік –шығысқа қарай Қысымбай мұнай және газ кен орны пайдалануға берілді.

Боранкөл кен орнын игеру үшін көп ақша талап етпейтін жағымды жағдайлар қалыптасуда.

1.2 Ауданның геологиялық-геофизикалық зерттелу тарихы

Бұрғылау жұмыстары 1949 жылы басталған. Ол кезде Оңтүстік - Эмба тіректі ұңғымасы №2 – ОП жоспар бойынша жобаланған еді. №2 – ОП ұңғымасы Солтүстік - батыс етегінің батыс переклиналинда бұрғыланған. 1954 жылы Боранкөл көтерілуі сейсмикалық жұмыстары бойынша терең бұрғылауға дайындалған, және осы жылы іздеу бұрғылау жұмыстары басталады. Кен орны 1959 жылы ашылған, №9 ұңғыда мұнай, газ және су атқылауы алынды. Көтерілудің Солтүстік – шығыс күмбезінде орналасқан Ю-VII горизонт мұнай кені, 1963 жылы №19 ұңғымада (2388-2400м) ашылған.

Кен орнында 28 ұңғыма бұрғыланған, іздеу –барлау жұмыстары 10 және 15 жыл үзіліспен 40 жыл жалғасты, бірақ қазіргі уақытта Боранкөл кен орны пайдалануға дайын емес. Кен орнын барлау жұмыстарының негізгі себебі құрылымдық күрделі геологиялық құрылысы. Кендердің әр түрлі типтері және оларда мұнаймен газ таралуының ерекшеліктері, бұрғылау және сынау жұмыстарын жоғары профессионалді деңгейде жүргізуді талап етеді. Бірақ бұрғылау жұмыстарының сапасы және ұңғыманың техникалық жағдайы қанағатталған деуге болмайды, себебі «Мұнай және газға бұрғылау бойынша техникалық қағыдалар» талабына және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келмейді. Бұрғыланған ұңғылар ішінде 11-і ұңғы жобаланған тереңдікке дейін апаттар және шиеленістер әсерінен жеткізілген жоқ. (2, 6, 7, 9, 10, 12, 18, 19, 20, 24, 25), бұрғылауда пайдаланушы тізбек ретінде қолданылған бұрғылау құбырлары ұсталып қалды және цементтелінді (8, 9, 10, 15, 18). №7 ұңғыда түсіру кезінде пайдаланушы тізбек ұсталып қалды, өнімді қабаттар айырылмады (2, 5, 17), №№7, 13, 15 ұңғымаларында пайдаланушы тізбек герметикалық емес және зақымдалған, сондықтан толығымен бұрғыланбаған ұңғымалардан алынған сынау нәтижелері бір мәнді емес және қайшылықты.

144 сыналған объектлерден мұнай, газ, конденсат және олардың белгілері 77 объектте алынған, олардың ішінде 41 объект сенімді, олар негізінде мұнайгаз горизонттарына баға береді.