Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

2.6.3 Қашауға берілетін өстік салмақ пен және оның айналу

жиілігін жобалау

Роторлы бұрғылау тәсілі кезінде қашауға берілетін шектік салмақ АБҚ салмағымен анықталады және салмағының 80%-ын құрау керек.

Қашауға түсетін салмақ тірек және олардың элементтерінің беріктігінен аспауы қажет ОН 26-02-128-69 [3] бойынша.

G дұрыс жобалау үшін ауданды құрайтын тау жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттерін білу керек, осы мәліметтер көмегімен бұзылу түрі бекітіледі (2.14-кесте).

2.14 – кесте - Шрейнер бойынша тау жыныстар қаттылығы

Аралық,

м

Салыстырмалы бұрғылау

Тау жыныстар қаттылығы,

Қашаудағы салыстырмалы момент

0-720

720-1200

1200-1500

1500-2130

2130-3100

3100-3900

Жұмсақ орташа

Жұмсақ орташа

Орташа

Орташа

Берік

Орташа берік

500

1000÷1500

500÷1000

1000÷1500

1500÷2000

2000÷2500

20-15,0

11,0-7,0

15,0-11,0

11,0-7,0

7,0-4,5

4,5-3,5

Ескерту: 190,5мм диаметрлі шарошкалы қашау үшін салыстырмалы момент мәні берілген, қалған қашаулар үшін келесі формуладан анықталады:

мұнда - қарастырылатын қашау диаметрі;

- қашаудың бастапқы диаметрі ()

Тау жыныстарының көлемдік талқандалуына қажетті өстік салмақтың минимальді мәні төмендегідей анықталады:

(2.80)

мұнда - ұңғы түбіндегі жыныстар қаттылығы, МПа;

- тау жыныстарының Шрейнер бойынша қаттылығы,МПа

(2.14-кесте);

- ұңғы түбінің жағдайын ескеруші коэффициент (α)

- шарошка тістерінің ұңғы түбіндегі бастапқы түйісу ауданы, м2

(2.81)

мұнда - қашау диаметрі, м;

- шарошка тістерінің бастапқы мұқалу мәні, (в=1,5·10-3)м;

- ұңғы түбін жабу коэффициенті

Роторлық бұрғылау тәсілінде қашауға түсірілетін өстік салмақтың оптимальді мәні төмендегідей алынады:

(2.82) Қашаудың айналу жиілігі, оның шектік айналу жиілігінен аспауы қажет және бұрғы қондырғысының қалыпты жұмыс атқару шартына, бұрғылау тізбегінің апатсыз жұмыс істеу жағдайларына байланысты, және қашау тістерінің жыныстармен тиімді түйісу уақытымен шектеледі

яғни

(2.83)

мұнда - қашау диаметрі, м;

- шарошка перифериясындағы тістер саны

Формулаларды пайдаланып остік салмақ және айналу жиілігін барлық бір келкі аралықтар үшін есептейміз.

Аралық 2000-2250 м.

Бұрғылау тәсілі роторлі

Қашау 215,9 МГВ

Тау жыныстар қаттылығы

- түптік жағдайды ескеретін жағдай, 0,8.

[ 3] сәйкес .

Онда шарошка тістерінің ұңғы түбіндегі бастапқы түйісу ауданы:

Тау жыныстарының көлемдік талқандалуына қажетті өстік салмақтың минимальді мәні төмендегідей анықталады:

[4] бойынша

қабылдаймыз

134<140-150<373

Қашаудағы айналу жиілігі келесі формуладан анықталады:

Бұрғылау құрылғысы және бұрғылау құбырлар мүмкіндіктеріне байланысты қабылдаймыз

Қалған аралықтарды аналогия бойынша анықтаймыз.

2.15-кесте - Қашауға түсетін остік салмақ және айналу жиілігі

Пачка

Аралық, м

Бұрғылау тәсілі

Остік салмақ

Айналу жиілігі айн/мин

1

2

3

4

5

0-30

30-450

450-1200

1200-1800

1800-2250

Роторлі

Роторлі

Роторлі

Роторлі

Роторлі

4-6

10-16

16-20

16-24

18-24

90-110

90-110

90-110

70-90

60-70

Алынған мәндер бойынша режимдік-технологиялық картаны құрастырамыз.

      1. Бұрғылау тәртібінің параметрлерін бақылау

Бұрғылау процесі өте күрделі және де бұрғылау бригадасы мүшелері мен бұрғылау басқармасы инженер-техникалық жүмыскерлері жағанан қадағалауды қажет ететін жұмыс.

Ұңғыма бұрғылаудың тиімділігі бұрғылаудың технологиялық көрсеткіштерін, жуу, ұңғыма бекіту, бұрғылау және тампонаж сұйықтары қасиеттерінің көрсеткіштерін бақылау нәтижелерінің дұрыстығынан тәуелді.

Толық және нақты мәліметтерсіз бұрғылау кезінде технологиялық процестерді жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштермен қамтамасыз ететін тиімді режимдарда жүргізу мүмкін емес. Технологиялық көрсеткіштер тұралы дұрыс емес мәліметтерді қолдану ұңғыма бұрғылауда шиеленістерге және апаттарға алып келеді.

Ұңғыма бұрғылау, құралдар салмағы, ротор білігіндегі айналу моменті, ротордың айналу жиілігі, сораптағы сұйық қысымы, жуу сұйығын беру, қабылдау сыйымдылықтарында бұрғылау сұйығы деңгейінің режимді-технологиялық көрсеткіштерін бақылау үшін - бұрғылау аспабының салмағын өшеуіш және гидравликалық салмақ индикаторы, ротор білігіндегі айналу момент индикаторы, ротордің айналу жиілігін өлшегіш, геликсті бұрғылау манометрі, шығын өлшегіш және бұрғылау сорабы поршені жүрісінің санын өлшегіш, көпканалды деңгей өлшегіш регистраторы.

Тізбек салмағын ГИВ көмегімен өлшейді.

(ГИВ-6) аспабының негізгі элементтері – қысымдың гидравликалық трансформаторы, көрсеткіш және қабылдағыш танометр аспабы. Бұл құрылғылар біріктірілген гидравликалық жүйемен қосылған.

Бұрғылау үрдісін басқару кезінде бұрғылау тізбегінің айналу моментін бақылау қажет. Айналу моменті ротор білігінің айналу бұрышының өзгеруі бойынша немесе ротор қозғалтқышындағы актив ток күшінің өзгеруі бойынша бекітіледі. Айналу моментін электрлі сигналға айналдыру үшін индуктивті, индукционді, сыйымдылы, магнитті-серпімді, тензометрлі және ішекті датчиктер қолданылады.

Сорап бергіштігін өлшеу үшін РГР-7 шығын өлшегіш қолданылады, оның жұмыс істеу принципі электромагнитті индукция заңына негізделген.

Ұңғыманы жууда гидравликалық энергия көзі - бұрғылау сораптары.

Бұрғылау ерітіндісінің қысымын бақылау үшін электрлі және механикалық манометрлер пайдаланылады. Ең көп қолданылатын МБГ-1 геликсті бұрғылау манометрі, жұмыс істеу принципі өлшенетін қысымды сельсиндатчикті белгілі бұрышқа бұрау және көрсеткіштерді беру.

УП-11м - жуу сұйықтарын қабылдау сандарындағы сұйық денгейін өлшеуіш. Деңгей өлшегіш О ден 1,6 м-ға дейін өлшейді.

СНД-1ПВЗ-ұңғы ішіндегі жуу сұйығының денгейін өздігінен ұстап тұрушы прибор.

Бұрғылау сұйығының реологиялық көрсеткіштерін келесі аспаптармен өлшейді: статикалық ығысу кернеуі - СНС-2, ВСН-2, ВСН-3; тұтқырлық - ВБР-1; фильтрациия көрсеткіштері - ВМ-6; газ құрамы - ВГ-2, ПГР-1; құм құрамы - ОМ-2; тәуліктік тұнба - ЦС-2.

Ұңғыманы цементтеу процесін бақылау СКЦ-2М станциясы көмегімен жүзеге асырылады, ол негізгі көрсеткіштерді автоматты өлшеу мәліметтері бойынша тампонажды, буферлі және бұрғылау сұйықтарын қысым, шығын және тығыздық ретінде оперативті басқаруды жүргізеді.

Станцияға 14 цемент агрегаттары, 6 цемент араластырғыш машиналар және бұрғылау сораптары қосылған. Оған қысым шығыны және тығыздық датчиктерімен сигнализациясы бар телефон коробкалы манифольдалар кіреді.

Тампонаж ерітіндісі тығыздығын өлшеу үшін радиоактивті плотномер қолданылады, жұмыс істеу тәртібі [цезия-137] радиоактивті көзінен бөлінетін гамма сәулесінің құбырлар арқылы өтетін ерітіндімен жұтылу деңгейін өлшеуге негізделген.

Қысым МГБ-1 манометрімен өлшенеді, ол реттеу дроселінің резиналы айырығышынан, геликсті пружинадан, сельсин датчигінен және сельсин қабылдағыштан тұрады.

Тампонаж ерітіндісінің шығынын өлшеу үшін индукциялы шығын өлшегіш қолданылады.

Ұңғыманы цементтеу кезінде СКЦ-2 М станциясы тампонаж ерітіндісінің сомалық шығынын бақылайды. Бақылау үшін қосылған құрылғы және сервоқозғалтқыш арқылы шығын өлшегіштен счетчикқа сигналдар беріледі.