Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

3.3 Қоршаған ортаны қорғау

Қазақстан Республикасының конституциясына сай: «Өмірге мен адам денсаулығына пайдалы әрі жақсы етіп, қоршаған ортаны қорғаушы мемлекетіміз мақсат ұстанады. Өмірге және адам денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар мен фактілерді қызметтес адамдарды заңға байланысты жауап тартылады» (31-бап). Біз яғни Қазақстан Республикасының тұрғыны Конституцияға сай табиғатты сақтап және табиғи байлықтарға сақ көзбен қарауға міндеттенеміз.

Ұңғыма құрамында қоршаған ортаға зиян келтіретін басты заттар:

- бұрғылау және бітегіш ертінділер;

- бұрғылау бұралқы сулар мен қалдықтар;

- минералданған қабат сулары;

- ұңғыманы сипау өнімдері;

- іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс кезінде жанған жағармай қалдығы;

- химиялық реагенттер мен бұрғылау ертіндісін өңдеу, ауырлату және даярлау үшін қолданылған материалдар;

- майлайтын жанармай материалдары;

- күнделікті тұрмыс бұралқы сулар мен қатты тұрмыс қалдықтары;

Көрсетілген кірлеткіштердің табиғат қойнауына түсу жолдары мынадай:

- барлық бұрғылау қалдықтарының жиналатын қалдық қоймасының гидроизоляциясының болмауы немесе түбінің және қабырғасының моншалық заттарының шығуы;

- технологиялық алаңдардың гидроизоляциясының сапасыздығынан және де шектелмеген көлемде су жиынтығының су қоймаларына немесе рельефті жерге төгілуінен жер қойнауы мен грунт суларының кірленуі;

- ашық фонтан, сынау барысында мұнайдың төгілуі, құбырлардың қалдық қоймасының нәтижесінде бұралқы сулар мен басқа да қалдықтардың төгілуі және өңделген майлардың төгілуі кезінде кірлеткіштердің жер қойнауы мен грунт суларына енуі;

- цементтеу сапасыздығынан және құбырлардың болмауынан құбыр сыртындағы кеңістіктердегі ығысулар нәтижесіндегі мұнай мен минералданған сулардың жер суларына ағып кетуі.

Кірлеткіш көздерінен шыққан қауіпті заттар табиғи бір ортаға түскеннен кейін, уатылып бірте-бірте барлық табиғи орталарға таралады. Осыған орай техникалық бұйымдар мен ұңғы құрылымының технологиясында талаптарын жоғарлату керек және арнайы табиғат қорғау бірлестіктерін табиғат орталарын кірлететін заттардың көздерін жоюға немесе оны мимимумға түсіруге бел байлатқызу керек.

Қоршаған ортаның кірленуінің алдын алу үшін ұңғыма құрылымында келесі шаралар іске асырылу керек:

- бұрғылау ертінділерін тесіксіз жерлерде сақтау;

- химиялық реагенттердің мөлшерлеу жұмысын жер қоймасында және су объектілеріне түспейтін жабдықталған жерлерде жүргізу;

- қолданған бұрғылау ертіндісін, хмиялық реагенттерді, өндірістік бұралқы суларды ашық су бассейніне төгілуі мүлдем рұқсат етілмейді;

- бұрғылау бұралқы суларды су жіберетін ортамен бұрғылау алаңында қазылған қалдық қоймасын жинау;

- жұмыс қажеттілігінен қалған қалдықтарды жерден тыс қазылған шұңқырдарда сақталады, ал тұрғылықты жердің кеңеюі кезінде көміледі, өйткені олар табиғи әдіспен еріп кетеді;

- бұрмалар соңында жиналатын қабат флюиді мен толтырылып бұрғылау ертінділерін кері тастағыш арқылы жерде қазылған түбі мен қабырғасы саздыбетондап жабылған қоймаға аударылады;

- бұрғылау құрылысы біткеннен кейін қондырғыларды бұзып әкетеді, ал шығарылған фундаменттер мен якорлардың орыны толтырылып тегістеледі;

Бұрғылау қондырғыларын бұзып жинағаннан кейін жер бөлігін бұрғылау ұңғымасына қарай аударылу жүргізіледі де, бастапқы жер иелеріне қайтарылады.