Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бч999999.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
85.05 Кб
Скачать

Кіріспе

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.

Асқазан- ішек жолдары

Өңеш (лат. esopagus — өңеш) (esophagus) – адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі. Өңеш адамда түтік тәрізді, ұзындығы 25 см-дей, диаметрі 16 – 22 мм (созылғанда), қалыңдығы 3,5 – 5,6 мм. Өңеш мойын, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Оның қабырғасын ішкі – кілегейлі, ортаңғы – етті, сыртқы – көкірек және құрсақ бөліктерін сірлі қабық, мойын бөлігін адвентиция (қан тамырының сыртқы дәнекер қабығы) құрайды. Кілегейлі қабығында кілегей бөлетін альвеолалы түтікше бездер орналасады. Өңештің кілегейлі қабығын көп қабатты эпителий астарлайды. Тағам Өңеш бойымен ет қабатының жиырылуынан және тағамның өз салмағынан төмен қарай жылжиды. Ауруға шалдыққан немесе бөгде зат тұрып қалған Өңешті бармақпен басып не тиісті аспаппен, арнайы зонд жіберіп, рентген арқылы тексереді. Қажет жағдайда хирургиялық операция жасалынады.

Омыртқасыз жануарларда Өңеш ауызқуысы жұтқыншақтан ортаңғы ішекке дейін созылып жатады (мысалы, жалпақ және буылтық құрттарда); жоғары сатыдағы шаянтәрізділерде, семсерқұйрықтыларда, жәндіктердің көпшілік түрлерінде Өңеш шайнау қызметін атқарады. Құстардың Өңеші ұзын болады, ол кейін жемсауға айналады. Ал омыртқалы жануарлардың көпшілігінде Өңеш жұтқыншақты қарынмен жалғастырады.

Өңеш науасы (пищеводный желоб) — күйісті жануарлардың көп бөлімді қарнының жұмыршақ бөлімінің қабырғасында орналасқан өңештің жалғасы. Азықтың сұйық бөлігі (төлдер еметін сүт, уыз) өңеш науасы арқылы тікелей ұлтабарға (безді бөлімге) өтеді.

Ұзындығы 25 сантиметрдей, іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлігі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілеймелі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлы тамақ өткен кезде өңеш кеңейеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабықщасының көп бөлігі біріңғайсалалы бұлщықет ұлпасынан тұрады.

Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster — қарын) — азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын — бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.

Бірбөлімді қарын

Бірбөлімді қарын күйіс қайтармайтын жануарлардың құрсақ қуысында, көкеттен кейін орналасады. Оның сол жағында өңешпен жалғасатын кардиальды тесігі, ал оң жақ ұшында он екі елі ішекке ашылатын пилорикалық (қақпақтық) тесік болады. Қарынның қабырғасы түтікше ағза ретінде үш қабықтан: ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — етті қабықтан және сыртқы — сірлі қабықтан тұрады. Қарынның өңеш тәріздес кілегейлі қабығын — көп қабатты жалпақ эпителий, ал ішек тәріздес кілегейлі қабығын — жалаң қабат призма тәрізді эпителий астарлайды. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын бездері болады. Олар орналасу орындары мен құрылыс ерекшеліктеріне байланысты кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) бездер болып үш топқа бөлінеді. Олар аталуына сәйкес қарынның кілегейлі қабығының кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) аймақтарында орналасады.

Қарынның етті қабығы өз кезегінде ішкі — қиғаш қабаттан, ортаңғы — сақинаша қабаттан және сыртқы — ұзынша қабаттан, ал сірлі қабығы борпылдақ дәнекер- ұлпалық қабаттан және жалаң қабат жалпақ эпителий (мезотелий) қабатынан тұрады. Қарынның сірлі қабығынан үлкен және кіші шарбылар түзіледі.

Адамның асқазаны, «Анатомия человеческого тела Грея» кітабынан иллюстрация

Көпбөлімді қарын

Көпбөлімді қарын күйісті жануарларда болады. Ол өз кезегінде: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар бөлімдерінен құралған. Бұлардың алдыңғы үшеуінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Ұлтабар— безді қарын. Қарындағы азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтіп, химиялық жолмен қорытылады. Қарындағы биологиялық өңдеу нәтижесінде түзілген газ тәрізді және кейбір ерітінді заттар алдыңғы қарын бөлімдерінің қабырғалары арқылы-ақ қан және лимфа тамырларына сіңіріле бастайды.

Адамдар мен жыртқыштардың қарны бір камералы, қарын түбі, кардиалды және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөліктерінен құралған. Адам қарынның көлемі 1,5-2,5 л ол әйелдерге қарағанда еркектерде біраз үлкен.

Ұлтабар- қарнының бір бөлігі. Ұлтабардың кілегей қабығы құрамында ферменттер мен тұз қышқылы сөл түзетін арнаулы клетчаткалар болады. Сондықтан қарынның бұл бөлігінде жын негізінен химикалық өңдеуден өтеді. Ұлтабар сөлі күрделі мукопротеид түрінде түзіледі. Ол сиаломуциндер мен гиалуронды қышқылдан, амин, карбоксил, сульфогидрилді және дисульфидті белок топтарынан құралған. Сөлдің әсерінен мұнда инфузориялар мен бактериялар тіршілігі тоқтап, олар ери бастайды. Сөлдің құрамында белоктарды ыдырататын пепсин ферменті болады. Оның құрамы рацион түріне қарай өзгере бермейді. Себебі, Ұлтабарға түсетін жын алдын ала өңдеуден өтіп, оның құрамы айтарлықтай тұрақты болады. Ұлтабар сөлі тоқтаусыз бөлінеді. Аш малда сөл бөлу процесі күрт төмендеп, сөлдің қышқылдылығы жоғарылайды. Тәулігіне ірі қара 50 — 60 л, қой 5 л Ұлтабар сөлін бөледі. Азықтандыру үстінде сөл бөлу күшейеді. Сөл бөлу қарқынына және оның қышқылдылығына малдың физиологиялық күйі де әсер етеді. Мыс. төлдеуден бір ай бұрын Ұлтабар сөлінің қышқылдығы төмендеп, төлдегеннен кейін едәуір жоғарылайды, емізу кезеңдерінде сөл бөлу күшейеді. Ұлтабар сөлінің бөліну қарқыны мес қарындағы бактер. ферменттелудің жылдамдығына да байланысты.

Ұлтабар (сычуг); (лат. abomasum) — көп бөлімді қарнының соңғы безді бөлімі. Ұлтабардың кілегейлі қабығында безді қарын қабырғасына тән: кардиальды, фундальды және пилорустық бездер аймақтары болады. Оның қабырғасы кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Кілегейлі қабығын бірқабатты призма тәрізді көбелі эпителий астарлайды. Ұлтабарда ас (жын) ұлтабар сөлінің құрамындағы ферменттердің көмегімен химиялық жолмен қорытылады.