Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

1.4 Тектоника

Жобаланған жұмыстар объекті тектоника жағынан Прикаспий ойпатының оңтүстік шығыс зонасында орналасқан, және де контур галоген шөгінділерінің қалыңдығының қысқаруы және тұзды тектониканың тез төмендеуімен сипатталады. Боранкөл тұзды күмбезінде тұз қалыңдығы 1100м - ден артады. Бұрғылаумен артин ярусының тұз асты терригенді шөгінділері ашылды (№25 ұңғыма). Көтерілудің геологиялық құрылысы өте күрделі, жоғарғы этаж тіректі горизонттар бойынша (бор және палеоген шөгінділері сейсмикалық түсіру мәліметтері бойынша – I-II-III терең бұрғылау және горизонттарды көрсететін) – бұл брахиантиклиналь түрдегі құрылым, жайылуы оңтүстік-батыс, солтүстік – шығысты, өлшемдері 10х4км.

Сейсмикалық жұмыстар нәтижелері (МОГУ 1987-1991 жж) бойынша III – к, IV, V, VI және П1 горизонттарға қарағанда көтерілу тұзды күмбез болып есептеледі. Ол субкеңдік екі параллель бұзылулармен қиылған. Бойлық жылжу амплитудасы 50м - дан аспайды (триас төбесімен), ол біртіндеп юра шөгінділерінде тоқтайды және жоғарғы бетінде кездеспейді. Құрылымдың Солтүстік - батыс жабыны аз амплитудалық жылжулармен бөлінген бөлік түрінде келтірілген.

Оңтүстік – Батыс көтерілуіның Солтүстік - Батыс жабынында үш бөлік айрықшаланады: батысты, ортаңғы және шығысты; солтүстік-шығыс көтерілуінде – төртінші бөлік белгіленген. (Ю-VII өнімді горизонтымен №19, №24 ұңғылар).

1.5 Мұнайгаздылығы және мұнайгаздылық перспективасы

Жобаланған бұрғылау жұмыстар ауданы геологиялық аудандыру бойынша Прикаспий мұнайгаздылық бөлігіне кіреді. Боранкөл құрылымы тектоника жағынан Оңтүстік - Эмба көтерілуінің солтүстік басылған шетінде орналасқан.

Бұл аймақта мұнай және газ қорлары өсүіның негізгі перспективасын тұзасты шөгінділерімен байланыстырады. Бірақ тұз асты жинағын барлаумен бірге тұз асты шөгінділеріне іздеу - барлау жұмыстары жалғасуда. Бұл шөгінділер төмен тереңдіктерде (2-3км) орналасқан және олардың барлау жұмыстарын жеңілдетеді. Прикаспий ойпаты шеткі (оңтүстік - шығыс) зоналары тұз асты жинағының құрылымдық регионалдық жоспары қайта орнына келтіру, олардың ортасында жағымды тектоникалық элементтерді бекітуге мүмкіндік берді және заңды бұл элементтерге мұнай, газ және конденсат кендері ұштасты.

Терең іздеу бұрғылауды бекіту нәтижесінде, бұл территорияның орта юра шөгінділерінде мұнайгаздылық аралығы ашылды. №3 терең іздеу ұңғыны, 2732м түбінде, бұрғылау үрдісі кезінде орта юра шөгінділерінен мұнайгазкөріністері байқалды. 2676 - 2682м аралығынан алынған кернде мұнай белгілері көрінді. №51 ұңғы 2665-2672м, 2720-2727м аралықтарынан алынған құмдарда мұнай белгілері байқалды. 2268-2672м аралықтарын сынау кезінде мұнай жұқа қабығымен қабат суының әлсіз ағыны алынды. №52 ұңғыдан алынған керндарда, 2672-2682м, 2685-2692м, 2696-2709м, 2709-2715м аралықтары, мұнай иісі байқалды. Бензолда сұр, қара-қоңыр. 2642-2685м аралықтарын сынауда мұнайдың әлсіз ағыны алынды. 2690-2700м аралықтарын ашуда мұнай атқылауы алынды. Сынау аралықтары 1.1 кестеде келтірілген.

1.1 – кесте – Зерттеу аралықтары

Ұңғы

Сынау аралықтары (м)

Жасы

Штуцер диаметрі

0,09

0,06

0,03

52

2690-2700

Орта юра

139,2

96,0

53,0

Тәуліктегі мұнай өнімі (м3)

21,0

23,7

26,3

, (МПа)

8,8

6,1

3,5

Депрессия, (МПа)

51

2701-2705

Әлсіз су ағыны

2668-2672

Мұнай - су

Кернді зерттеу анализдері нәтижесі бойынша қиманың коллектор бөлігі құмдықтардан тұрады. №52 ұңғы VII-VIII өнімді горизонтдарда алты өнімді қабат ашылды. Өнімді қабат қалыңдығы 1,0 ден 5,0м - ға дейін өзгереді, эффективті қалыңдығы 2,2 ден 10,4м - ға дейін, мұнайқаныққан қалыңдық 1,0 ден 5,0м - ға дейін. №3 ұңғысы бойынша VII-VIII өнімді горизонтарда бес өнімді қабат белгіленді. Өнімді қабат қалыңдығы 2,2 ден 10,4м - ға дейін өзгереді, эффективті қылыңдық 2,2 ден 10,4м - ға дейін, мұнай қаныққан қалыңдық 2,2м – ден 7,8м - ға дейін.

Боранкөл кен орнында мұнай кендері қабатты, шығыс бөлігінде меридианды көлденең бұзылуларға келіп тіреледі. Өнімді қабатты ашқан ұңғылар қималарын корреляциялау негізінде ауданда литологофациалды алмасу ең маңыздығы екенін және қабат қалыңдықтарының көп тербелісі анықталды.