Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

1.3 Стратиграфия

Жоғарыда айтылған аудан қимасын игеру негізінде және де сейсмикалық зерттеулер нәтижелері бойынша барлау ұңғымаларында мезозой және кайнозой шөгінділерін ашу болжанады. Бұл шөгінділердің геологиялық зерттелуі әр түрлі. ОП-2 Боранкөл тіреу ұңғысы бойынша мезо-кайнозой қимасы толық сипатталған. Жобаланған ұңғымамен юра, бор, палеоген және төрттік жүйе шөгінділерін ашу болжанады.

Мезозой тобы -

Жобаланған ұңғыма қимасының мезозой бөлігінде юра және бор шөгінділері кездесуы мүмкін.

Юра жүйесі -

Жобаланған құрылымда юра жүйесі орта және жоғары бөлімдермен келтірілген.

Орта бөлім -

Орта юра шөгінділері бір келкі емес қабаттасатын құмдық алевролиттер және саздық тау жыныстарымен келтіріледі. Құмдықтар – сұр, ашық-сұр, ұсақ және орта түйіршікті, өсімдік қалдықтарымен және саз аргелиттерімен мергелдер бар орташа цементтелген. Саздар – қара – сұр қараға дейін тығыз, жіңішке құмдық және мергел қабатшаларымен алевролитті. Боранкөл ауданы №3 ұңғыма бойынша 2245-2252м, 2252-2254м, 2274-2281м аралықтардан алынған сынамалар литологиялық – минералогиялық зерттеуден өткізілді. Зерттелген сынамалар орта юра шөгінділеріне жатқызылды. Орта юра тау жыныстар қылыңдығы болжам бойынша 550-574м.

Жоғарғы бөлім -

Боранкөл кен орны параметрлі ұңғымалар бойынша жоғарғы юра қимасында нелловей және волжск ярустары айрықша көрінеді.

Келловей бөлімі -

Келловей ярусының төменгі бөлігі саздар, құмдықтар, сазды мергел қабатшалары сірек кездесетін алевролиттерден тұрады.

Ортаңғы бөлік көбірек құмдар және саздармен қабаттасатын алевролиттерден құралған. Жоғарғы бөлік негізінен құмдықтар және мергелдердің сірек қабатшалары бар сазды тау жыныстардан тұрады. Саздар сұр, қара сұр. Мүмкін болған қалыңдық 16 дан – 30м.

Волжск ярусы -

Волжск ярусы шөгінділері көбінесе карбонатты тау жыныстарынан тұрады. Қалыңдығы 168 ден 165м-ға дейін барады.

Бор жүйесі -

Бор жүйесі төмен және жоғары бөлімдерден тұрады.

Төменгі бөлім -

Валанжин ярусы -

Литология жағынан қарағанда валанжин шөгінділері төменгі бөлікте карбонат тау жыныстарымен келтірілген: доломиттер, мергелдер, әк тастар. Жоғарғы бөлікте карбонатты және құмды – саздықтар қабаттасады. Қалыңдығы 35м ден 30м-ға дейін.

Готерив ярусы -

Готерив шөгінділері құмды тау жыныстары саздар және саздармен алевролиттердің қабаттасуы көрсетіледі. Қалыңдығы 90м – 95м аралықта.

Баррем ярусы -

Баррем ярусы шөгінділері алевролит, мергел, әк тас қабатшаларымен құмды және сазды қабаттарының қабаттасуынан тұрады. Қалыңдығы 441 ден 435м-ға дейін.

Апт ярусы -

Қимада апт төменгі және жоғарғы ярус астымен айрықшаланады. Төменгі ярус асты көбінесе құмды, алевролит қабатшалары бар саздардан тұрады, жоғарыда сазды және құмды жыныстар қабаттасады. Болжаланып отырған қалыңдығы 94м ден 95м-ға дейін.

Альб ярусы -

Альб ярусы үш ярус астымен келтірілген. Төменгі альб ярус асты маңызды бағынған құмдар және алевролиттермен саздардан тұрады. Орташа ярус асты құмдық және алевролит қабатшалары бар саздар, құмдар қабаттасуынан тұрады.

Жоғарғы альб шөгінділері саз және құмдардың қабаттасуы анық көрінетін, көбінесе құмдық және алевролит қабатшалары бар сазды тау жыныстарынан тұрады. Қалыңдығы 505 ден 510м-ға дейін.

Жоғарғы бөлік -

Сеноман ярусы -

Сеноман ярусы шөгінділері өзінің литологиялық құрылымы бойынша альб бөлігімен бірдей. Сеноман ярусы шөгінділері екі бөлікке бөлінеді. Төменгі бөлігі негізінен мергель және құмдың қабатшалары сірек кездесетін саздар мен көрсетілген.

Жоғарғы көбінесе сазды қабатшалары бар құмдардан тұрады. Сеноман шөгінділер қалыңдығы 62м – ден 70м - ға дейін.

Турон-маастрихт шөгінділері -

Турон, коньян, сантони, кампан, маастрихт ярустар тау жыныстары бір түрді болғандықтан, оларды қарастыру бірге жүргізіледі. Олар көбінесе карбонатты жыныстардан, мергелдер – сұр-жасыл, жазу борынан, әк тастардан құрылған. Тек қана маастрихт ярусында әктастардың даму үрдісімен бірге сазды қабаттардың бар екенін дәлелденді.

Шөгінді қалыңдығы 378м - ден 38м - ға дейін.

Дат ярусы -

Дат ярусы негізінен ақ, сазды, бор тәрізді әк тастардан құралған. Дат шөгінділерінің қалыңдығы 18м - ден – 25м - ға дейін.

Палеоген жүйесі -

Палеоген шөгінділері бір типті сұр және сұр - жасыл саздар қалыңдығымен келтірілген. Палеогеннің төменгі бөлігінде мергелдер және алевролиттер қабаттары кездеседі, және де ақ, сазды, бор тәрізді әк тастар қабатшаларынан тұрады. Палеоген қалыңдығы 356м - ді құрайды.

Төрттік жүйе -

Шөгінділер көбінесе супесь және суглинкалардан тұрады. Төрттік жүйе шөгінділер қалыңдығы 25-50м аралығында.