Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Боранколь 2240.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.29 Mб
Скачать

2.2.1 Шегендеуші тізбек және қашаулардың диаметрлерін таңдау

Бұл мәселені шешу пайдаланушы тізбек диаметрін таңдаудан бастайды.

Мұнай ұңғымаларында күтілетін өнімге, сұйықтың берілген өнімін қамтамасыз ету үшін пайдаланушы тізбекке түсірілетін құрылғылардың өлшемдеріне байланысты пайдаланушы құбыр диаметрін таңдайды. Пайдаланушы құбырдың ішкі диаметрі қабылданған құрылғы еркін түсіріліп, белгіленген тереңдікке бекітілуін қамтамасыз етуі қажет.

Ұңғыманың күтілетін дебитін (240÷300 тыс. м³/тәул), Тенгиз кен орнындағы ұңғыма сынау және бекіту тәжірибесін, ұңғыма тереңдігін, бұрғылау жағдайын және тізбек санын ескере отырып 168,3 мм диаметрлі пайдаланушы тізбекті қабылдаймыз.

Пайдалану тізбегі бұрғылау аралығындағы қашау диаметрі

Dқ= dм+2∆, (2.7)

мұнда dм – шегендеу құбыр муфтасының диаметрі, мм

∆ - шегендеу тізбегі муфтасы мен ұңғы қабырғасы арасындағы

радиалді саңылау

168,3мм диаметрлі тізбек үшін: dм=188мм; мм; мәндерді (2.7) формулаға қоямыз:

Dқмм

20692-75 ГОСТ бойынша 215,9мм диаметрлі қашауды таңдаймыз.

Бірінші аралық тізбектің ішкі диаметрі келесі тізбек үшін қолданылатын қашаудың еркін өтүін қамтамасыз етуі керек, яғни

, (2.8)

мұнда: - шегендеу тізбегінің ішкі диаметрімен одан өтетін қашау диаметрі арасындағы саңылау, 5-10мм деп қабылданады.

Аралық тізбектің сыртқы диаметрін анықтаймыз:

, (2.9)

мұнда: - шегендеуші тізбек қабырғасының қалыңдығы, мм.

мм.

244,5мм тең диаметрін таңдаймыз.

(2.7) формула бойынша аралық тізбек аралығындағы қашау диаметрін анықтаймыз:

мм; мм; сонда Dқ мм.

ГОСТ 20692-75 бойынша 295,3мм диаметрлі қашау диаметрін таңдаймыз.

(2.9) формула бойынша кондуктордың сыртқы диаметрін анықтаймыз:

мм.

324мм тең диаметрін таңдаймыз.

(2.7) формула бойынша кондуктордағы қашау диаметрін есептейміз:

мм; мм; сонда Dқмм.

ГОСТ 20692-75 бойынша 394мм диаметрлі қашауды таңдаймыз. Шахталы бағыттаушы диаметрі кондуктор аралығындағы қашау диаметрінен 50-100мм-ға үлкен:

426мм диаметрді таңдаймыз.

Есептеу нәтижелері 2.4 кестеде келтіріледі.

2.4 – кесте Шегендеуші құбыр және қашаулар диаметрлері

Тізбек атаулары

Бұрғылау аралықтары, м

Қашау диаметрі, мм

Муфта диаметрі, мм

Шегендеуші тізбек диаметрі, мм

Кондуктор

30-450

393,7

351

324

Аралық тізбек

450-1200

295,3

270

244,5

Пайдалануші тізбек

1200-2250

215,9

188

168,3

Жобаланатын ұңғыма конструкциясы

  1. Шахталы бағыттаушы 426мм - 30м.

2. Кондуктор 324мм - 450м тереңдікке – мүмкін болған шиеленістердің алдын алу үшін, мұнайгазсу көріністері кезінде ұңғыма сағасын жабатын атқылауға қарсы қондырғыларды орнату үшін, және де келесі тізбекте бұрғылау кезінде сулы қабаттарды ластанудан айыру мақсатымен түсіріледі.

3. Аралық тізбек 244,5мм бор сулы горизонттарды айыру мақсатымен 1200м тереңдікке түсіреміз, сағаға дейін жеңілдетілген цемент ерітіндісімен цементтеледі. Ұңғыма сағасы шегендеуші тізбек түсірілгеннен кейін атқылауға қарсы құрылғылармен жабдықталады. Ұңғыма оқпанының сапалы бекітілүі үшін тізбекте центраторлар орнатылады.

4. Пайдаланушы тізбек 168,3 мм х 2250м тереңдікке өнімді және сулы қабаттарды ашу мақсатымен түсіріледі. Сағаға дейін цементтеледі.