Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

35.Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық немқұрайдылық (нигилизм).

Құқықтық мемлекеттің ең маңызды белгісі - халықтың құқықтық мәдениетінің, құқық қорғаушылары мен басқа да лауазымды тұлғалардың кәсіби мәдениетінің болуы. Бұл белгі құқықтық мемлекетті құрудың міндетті шарты.

Құқықтық мәдениет — азаматтардың құқықтық санасының жоғарғы деңгейін анықтап қана аоймай, заңдылық пен құқыққа деген құрметі, құқықтық құралдарды бағыты мен мақсатына қарай дұрыс қолдану. Құқықтық мәдениет - құқықтық сананың айнасы.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден (құрмет тұтудан) тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді).

Құқықтық мәдениеттің антиподы құқықтық нигилизм болады; нигилизм (немқұрайдылық) – қоғамда құқық пен заңдылықтың девальвацияға ұшырауынан (құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың әлеуметтік реттеуші рөлін жете бағаламаудан көрінеді.

Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.

Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері:

1. Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей бұзу.

2. Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.

3. Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.

4. Заңдылықты саяси, идеологиялық және прагматикалық пайдалылыққа әдейі ауыстырып жіберу.

5. Адам құқықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын және тағы басқа да құқықтарды бұзу.

6. Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.

Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары - азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін көтеру, олардың имандылық өнегелік және құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру; құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тәртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтарды құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу; халыққа жаппай құқықтық білім беру және тәрбиелеу ісін біліктілігі жоғары әрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кәсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны әрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу.

36. Заң үстемдігі - құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі. Құқықтық мемлекетте заң өмірдің, қоғамдық қатынастардың барлық саласында үстемдік етіп, заңдылықтың орнауы қатаң түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Заңның үстем болуы негізінен екі бағытта жүзеге асырылады:

1. Президенттен бастап барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, лауазымды тұлғалар мен барлық адамдар заңға бағынулары тиіс. Ешкім өзінің жасаған заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатылмайды.

2. Барлық шығарылып жатқан нормативтік құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеулері тиіс.

Заң үстемдігі - барлық құқық субъектілерінің қызметі мен іс-әрекеттері құқық заңдарына негізделген және құқықтық заңдардың беделінің жоғары болуы. Заң үстемдігін жүзеге асыру үшін ең жоғарғы дәрежелі лауазым иелерінен қатардағы қарапайым азаматтарға дейін заңға сәйкес әрекет жасап, оны бұзғаны үшін жауапкершілікке бірдей тартылуы тиіс.

37. Құқық нормасының түсінігі, белгілері, түрлері. Құқық—күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі кызметі – коғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау, Құқық — жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.

Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже, қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, бір торшасы.

Құқықтық норма — мемлекет таныған, және оны өзі қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма. Белгілері:

- жалпыға міндетті болып табылады;

- белгілі бір мүддені, ерік-ықтиярды көрсетеді;

- мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі;

- мемлекет шығарады;

- мемлекет қорғайды т.б. Түрлері:

1. Міндеттейтін құқық нормалары, яғни құқық нормаларында орындалуғатиісті заңды міндеттер бекітіледі; Мысалы: ҚР-ң 16 жасқа толған азаматтары жеке куәлік алуға міндетті.

2. Реттейтін құқық нормалары. Құқықтық нормалар құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің арасындағы қатынастарды реттейді.

3. Құқық беретін;

4. Тыйым салатын- құқық нормаларында субъектілердің кейбір іс-әрекеттері мен жүріс-тұрыстарына заңды тыйым салынады. М/ы: мемлекеттік құпия жариялануға жатпайды.

5. Дефинитивтік нормалар - нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. М/ы: Неке және отбасы туралы заңның 1-бабында неке ұғымын берген.

6. Декларативтік нормалар - негізгі құқықтық идеялар жариялану мағынасында көрсетіледі. Мысалы: Конституцияның 1-бабы: ҚР-сы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

- Құқықты реттеу тәсілі бойынша: а) императивтік - субъектілерге тікелей, одан бас тартуға болмайтын міндеттер жүктеу нормасы. М/ы: әкімшілік құқық нормалары.б) диспозитивтік норма - субъектілерге өз қалаулары бойынша құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін норма.

38. Құқықтық қатынас мазмұны. Субъективтік құқық пен заң алдындағы жауаптылық. Құқықтық қатынастар дегеніміз — субъектілердің арасындағы ерекше құқықтық байланыс. Осы байланыстың нәтижесінде тараптардың өзара субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері пайда болады. Осы байланысты мемлекет қамтамасыз етеді.

Құқықтық қатынас мазмұнын субъективтік құқық және заңды міндет құрайды. Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі.

Заңды міндет — заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бүл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі. Заң алдындағы жауаптылық - мемлекет пен құқық бұзушылыққа барған жеке адамның арасында пайда болған құқықтық қатынастардың нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған субъектінің өзінің жасаған қауіпті, зиянды іс-әрекеті үшін арнайы қолданылған жазаға төзуі.

39. Құқық нормасының логикалық құрылымы. Нормативтік құқықтық актінің бабы мен құқық нормасының арақатынасы. Әрбір құқық нормасының ішкі құрылысы бар. Оның құрылысы белгілі бір құрамды бөлшектерден тұрады:диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза (жорамалы) және санкция (жаза, шара). Құқықтық норманың мұндай құрылысын логикалық құрылым деп атайды.

Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) — құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады.

-Жәй (қарапайым) гипотеза - белгілі бір құқықтық норманы қолдану үшін бір талапты, бір істің мән-жайын ғана көрсетеді. М/ы: “Әркім өмір сүруге құқылы”. Мұнда бір ғана “әркім” деген талап көрсетілген. - Күрделі гипотеза - құқықтық норманы қолдану үшін екі не одан да көп талап көрсетіледі. М/ы: Студент, студенттік билет барысында жол ақысына 25 теңге төлейді. - Балама гипотеза - құқықтық норманы жүзеге асыру үшін бірнеше мән-жайлар көрсетілгенмен, оның біреуін ғана қолдану жеткілікті. Мы: “Мүгедектер және Ұлы Отан соғысына қатысқандар” қалалық көлікте ақысыз жүруге құқылы.

Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Диспозиция — құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Жорамал санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) қарапайым диспозицияда ереженің, іс-әрекеттің бірі ғана көрсетіледі. м/ы: “әркім еңбек етуге құқылы”. б) сипаттамалы диспозиция — мінез-құлықтың барлық мәнді белгілерін бейнелейді. в) сілтемелі диспозиция — мінез-құлық ережелері диспозицияда көрсетілмейді, онымен танысу үшін басқа құқықтық нормаға сілтеме жасайды.

Құқықтық норманың санкциясы — құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті-анық - мәжбүрлеу шарасының бір ғана түрін және нақты мөлшерін көрсететін санкция. м/ы: 250 тг. айыппұл. б) баламалы - санкцияда бірнеше мәжбүрлеу шаралары көрсетіледі, бірақ құқық қолданушы оның біреуін ғана таңдайды. М/ы: Бас бостандығынан айыру немесе 3 ж. - 5ж. дейін бас бостандығын шектеу. в) салыстырмалы - жаза түрін және мөлшерін белгілі бір шектен шықпайтындай етіп реттеу, яғни төменгі немесе жоғарғы, не ең төменгі немесе ең жоғарғы шегін көрсетеді. М/ы: 3 ж. - 5ж. дейін бас бостандығынан айыру немесе 3 ж. дейін бас бостандығынан айыру.

Құқық нормасы мен нормативтік құқықтық акт бабының арақатыснасы

Құқық нормасы өзінің көрінісін нормативтік құқықтық актілер бабынан табады. Алайда құқық нормасы мен құқықтық нормативтік актінің бабы бара-бар емес. Көбінесе олар бірдей болмайды, яғни үйлеспейді. Құқық нормасы жүріс-тұрыстың ережесі, ол жорамал диспозиция және санкциядан тұрады. Ал, нормативтік актінің бабы - құқық нормасын жүзеге асыратын құрал. Ол мемлекеттің ерік-ықтиярын білдірудің нысаны.

Құқық нормасы мазмұн бола тұра, оның нысаны ретінде көрінетін нормативтік акт бабымен түрлі-түрлі арақатыстылықта болады.

Заң қабылдаушы жүріс-тұрыс ережесін баяндауда құқық нормасының логикалық құрылымына жататын үш элементтің бәрін де бір нормативтік актінің бір ғана бабына сиғызуы мүмкін; нормативтік актінің бір бабына бірнеше құқықтық норманын да орналастырылуы ықтимал; құқық нормаларының элементтері өр түрлі нормативтік актілердің әлденеше баптарында мазмұндалуы мүмкін; құқық нормалары элементтерін бір ғана сол нормативтік актінің бірнешелеген баптарында да баяндалуы мүмкін.

Мазмұндау тәсілі бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатыстылығы (байланысы) үш нұсқада болуы ықтимал:

а) тікелей тәсіл - құқық нормасы нормативтік актінің бабында тікелей баяндалған жағдайда осы тәсіл орын алады.

ә) сілтеме тәсіл - нормативтік актінің бабы бүкіл норманы баяндамастан, осы нормативтік актінің басқа бабына сілтеме жасағанда осы тәсіл орын алады. Мысалы, ҚР Конституциясының 45-бабы 2 тармағы;

б) бланкеттік тәсіл - нормативтік актінің бабы норманы баяндамайды және нақты бапқа сілтеме жасамайды, оның орнына, қандай бір нормативтік актінің бүкіл бір түріне сілтеме жасай салғанда осы тәсіл орын алады. Мәселен, ҚР Конституциясының 6-бабы, 3 тармағы.

40. Құқықтың қайнар көздері - қоғамдағы қатынастарды реттеп басқару үшін мемлекеттің ресми қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті актілері арқылы құқықтың өмірге келу жолдары, бастауы, шығуы. Түрлері:

  • Құқықтық әдет-ғұрыптар - мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, жазба түрінде шығарылған, анықталған әдет-ғұрыптар. Рулық қауымда ең көп таралған әдет-ғүрыптар ішіндегі жиі кездесетіндері: - "кекті қанмен жуу" ("қанды кек", "қан төгіп өш алу") және "жанға-жан", "қанға-қан", "көзге-көз", "басқа-бас", "тұяққа-тұяқ" деген "талион кағидаты" деп аталатындар. Бірте-бірте бұл әдет-ғұрыптар айып-анжы төлеумен алмастырыла бастаған. Қоғамның бірте-бірте топтарға жіктеле бастауына байланысты "айып-анжы" (төлету, төлеу де) дифференцияланған сипатқа ауыса бастайды.

  • Қазақ мемлекетінің хандық дәуір кезіндегі көшпелі қазақ қоғамында әдет-ғұрыптар құқық негіздерінің тұғыры қызметін атқарған. М/ы: Тәуке ханның “ Жеті жарғысы”, Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы.

  • Сот немесе әкімшілік прецеденті - жоғарғы соттардың қабылдаған нақты шешімінің төменгі соттарға үлгі ретінде қолданылуы.

  • "Сот үлгі ісі" Англияда, АҚШ-та, Үнді елінде және басқа да мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Бұрынғы қазақ даласындағы билердің шығарған шешімдері де сот прецедентіне жатады.

  • Құқықтық доктрина- заңгерлердің, заңгер ғалымдардың ой-пікірлері, көзқарастары, әртүрлі ғылыми еңбектері (трактаттар, монографиялар, статьяларт.б.) Осыларды негізінен құқық қолдану органдары нақтылы заң істеріндегі шешімдерінде қолдана алады. М/ы: Рим заңгерлерінің құқықтану саласына қосқан айрықша үлестері.

  • Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп жақтармен қабылданған, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін актілер. Норм-к шарттар халықаралық шарттарда, ұжымдық еңбек шарттарында көрініс табады. Ең жиі таралған түрі кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымының өкілі болып табылатын кәсіподақтың арасында жасалған ұжымдық шартты мысалға келтіруге болады. Бұл шарт еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл атқарады.

  • Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтық ең жетілдірілген түрі болып табылады.

Нормативтік құқықтық акт - мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті ресми құжат.

Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді.

  • Заң - ең жоғарғы заң шығарушы органмен қабылданған, ең жоғарғы заңдық күші бар, қоғамдағы ең маңызды қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық акт. ЗАҢНЫҢ БІРНЕШЕ ТҮРЛЕРІ БАР:

Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтық актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардын заңдық тұғыры болып табылады.

Конституциялық заңдар - Конституцияда ерекше көрсетілген және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Конс-қ заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстын негіздерін баянды етеді, ағымдык заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді. Бұл заңдар негізінен Парламент депутаттарының 4/3 даусымен, яғни 75%-мен қабылданады.

Конституциялық зандардың тізімі жеткілікті толық түрде Конституцияда анықталған.

Жәй заңдар конституциялық зандардың негізінде және соларды орындау мақсатында қабылданды. Жәй зандар елдің экономикалық, саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.

  • Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер - мемлекеттің атқарушы - орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар заңдарды орындау мақсатында қабылданады.

Заңға негізделген актілерге жататындар:

- Президенттің жарлықтары;

  • Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;

  • Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері;

  • жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;

  • локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.

41. Нормативтік құқықтық акт және оның түрлері. Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтық ең жетілдірілген түрі болып табылады.

Нормативтік құқықтық акт - мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті ресми құжат.

Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді.

  • Заң - ең жоғарғы заң шығарушы органмен қабылданған, ең жоғарғы заңдық күші бар, қоғамдағы ең маңызды қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық акт. ЗАҢНЫҢ БІРНЕШЕ ТҮРЛЕРІ БАР:

Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтық актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардын заңдық тұғыры болып табылады.

Конституциялық заңдар - Конституцияда ерекше көрсетілген және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Конс-қ заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстын негіздерін баянды етеді, ағымдык заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді. Бұл заңдар негізінен Парламент депутаттарының 4/3 даусымен, яғни 75%-мен қабылданады.

Конституциялық зандардың тізімі жеткілікті толық түрде Конституцияда анықталған.

Жәй заңдар конституциялық зандардың негізінде және соларды орындау мақсатында қабылданды. Жәй заңдар негізінен Парламент депутатының 2/1 даусымен, яғни 50 % -н қабылданатын Конституцияда көрсетілгеннен басқа да заңдар.

  • Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер - мемлекеттің атқарушы - орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар заңдарды орындау мақсатында қабылданады.

Заңға негізделген актілерге жататындар:

- Президенттің жарлықтары;

  • Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;

  • Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері;

  • жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;

  • локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.

Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің сатысы (ҚР "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңның 4-бабы).

1) Конституция – жоғары заң күші бар;

2) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар;

3) ҚР Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлыктары;

4) ҚР Кодекстері;

5) ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары;

6) ҚР Парламентінің нормативтік Жарлықтары;

7) ҚР Президентінің нормативтік қаулылары;

8)ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

9) министрлерді мен орталык мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық бұйрықтары, қаулылары;

10)мәслихаттар, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

43. Құқықтық қатынастар объектілері түсінігі мен түрлері. Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

Құқықтық қатынастар объектілерін 2 топқа бөлеміз:

1. Мүліктік игіліктер мен құқықтар;

2. Мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар;

Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақша, шетел валютасы, жұмыс, қызмет, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер т.б. жатады.

Мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі-атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы т.б жатады.

Заң ғылымында құқықтық қатынастар объектісі мынадай көзқарастар негізінде бағаланады: -монистік көзқарас бойынша тек адам әрекеттері ғана құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. - плюралистік көзқарас бойынша құқықтың объектісіне әртүрлі объектілерді жатқызады. М/ы: заттар, жер, рухани шығармашылық нәтижесі, адам өмірі, денсаулығы т.б.