Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

60. Мемлекет, саясат, құқық және экономика. Олардың өзара байланыстары мен әрекеттесулері.

Экономика дегеніміз қоғамдық қатынастардың жиынтығы, нақты қоғамның өндіріс тәсілі.

Саясат дегеніміз қоғамды басқару өнері. Мұның өзі билік жайында, таптар мен партиялар, ұлттар мен мемлекет араларында болатын қатынастарды (бір жағынан) және халықпен болатын қатынастарды (екінші жағынан) сипаттайды.

Құқық дегеніміз мемлекеттің өзі белгілеген, әрі қамтамасыз ететін және де қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, қоғамдық, таптық ерік-ықтиярды (қоғамның таптық нақты мүдделерін) білдіретін жалпыға бірдей міндетті, формалды түрде анықталған құқық нормаларының жүйесі.

Мемлекет дегеніміз бұқара көпшіліктің саяси билігі немесе биліктің саяси ұйымы. Осы ұйым арқылы қоғамның өмір болмысы ұйымдастырылады, қоғамды басқару (яғни саясат) жүзеге асырылады, жалпыға бірдей міндетті құқықтық нормалар шығарылады. Мемлекет өзінің билігін тәсілдер мен амалдар арқылы жүргізеді.

Нарық (рынок) дегеніміз сатушылар мен сатып алушылар араларындағы экономикалық қатынастар. Оның негізгі элементтері сұраныс (сұраным) ұсыныс (ұсыным) және баға болып табылады. Нарық және нарықтық қатынастар жағдайында құқық пен мемлекет экономикаға өз ықпалын бір мағыналы емес түрде тигізеді. Бір жағынан алғанда экономиканың даму заңы объективтік заңдылық ретінде болады. Құқық пен мемлекет оларға жанамалай ықпал етеді. Басқа жағынан алғанда осы заңдылықтарды мемлекет құқық нормалары түрінде баянды етеді. Осының өзі арқылы экономикаға шешуші ықпал тигізеді. Экономиканың басым бағыттары мемлекетті тікелей қолдайды, ал мемлекет болса оның басым бағыттарын дамытуға жағдайлар жасап ынталандырады, олардың стратегиялық бағыт-бағдарын айқындап береді. Мемлекеттің қолдауынсыз экономика тиісті түрде дами алмайды. Экономика аясын мемлекеттің бақылауы тікелей және жанама түрде жүргізіледі. Бақылау шаралары құқықтық және ұйымдық түрде жүргізіледі. Мұның өзі құқық шығармашылығы ісінде және құқықты жүзеге асырудың барысында атқарылады.

Сондықтан да нарықтық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттарын құқық анықтауы тиіс, оны дәлдеп айтар болсақ:

1. Нарық дамуының мақсаты бағдарламаларды белгілеп алу және анықтау болып табылады. Заңдарда оның тек қана жалпы бағдарларын нұсқап көрсетуі тиіс. Ал азаматтар үшін "заң арқылы тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етілген" деген қағидаттың күші басшылыққа алынуы жөн. Ал тыйымдарды белгілеуде және оларды қоғамда орнықтыруда өздерінің табиғатында ізгілікке қайшы келетін, табиғилыққа қарсы болатын жәйттерді ғана тыйымдаудың аса қажет екендігін бірінші орынға қою қажет.

2. Заңдар меншіктің барлық түрлерін баянды етуі және кепілдендіруі әм қорғауы тиіс.