Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

22. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет ету принциптері.

Мемлекет механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі мемлекеттік орган. Басқаша айтсақ мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет кызметгерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден түрады, бұлар-дын айрықша тұрі - лауазымды тұлғалар (адамдар) болып табы-лады. Мемлекеттік кызметкерлерді материалдық игіліктермен қамтамасыз ету қоғамға жүктелген.

Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет ету принциптері:

1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты - адамдар мен азаматтардың құқыктары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, - бұлжытпауы және қорғау болатын міндеттерін айқындайды.

2. Демократизм қағидаты - азаматтардың мемлекеттік органдарды құру және олардың кызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.

3. Билік бөлінісі қағидаты - өкімет (билік) органдары мен лауазымды адамдар (тұлғалар) тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды болдырмаудың механизмдерін құрудың, жақтасаудың басты шарты және негізі.

4. Заңдылық кағидаты - Конституцияны, зандар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын кажет екендігін білдіреді.

5. Жариялылық қағидаты - құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамасыз етуді айқындайтын негіз.

6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты - мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі ең жоғары мамандарды пайдалану ісін практикаға, іс жүзіне енгізуді белгілеудің ең басты негізі.

7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке-дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты - мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамасыз етудің алғышарттының міндеттік негізі.

8. Сайланбалылық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты - мемлекеттік басқару ісінде децентрализациялау мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.

9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты - мемлекеттік аппаратта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.

23.Мемлекет функциялары және оны жүзеге асыру нысандары. Мемлекет функ-рын жіктеу. Мемлекет функциялары - мемлекеттің жұмыс жасауының (қызметінің) негізгі бағыттары. Мемлекет өте күрделі құрылым. Әр орган өз қызметін атқарады. 1)Жүзеге асырылу ортасына қарай 2-ге бөлінеді:

Мемлекеттің ішкі функциясы- мемлекеттің өз аумағында (территориясында) жұмыс жасауының негізгі бағыттары.

1. Экономикалық ф. Мемлекет экономиканың дамуы үшін жағдай жасайды және оларды қорғау үшін заңдар қабылдайды.

2. Әлеуметтік ф. Мемлекет қоғамның бірнеше салаларына қамқорлық жасайды. Себебі, олар мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын топтарды(студент, зейнеткер, мүгедектер, оқушылар т.б.) қорғайды.

3. Экологиялық ф. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау үшін әр түрлі бағытта арнайы органдар арқылы жұмыс істейді.

4. Қоғамдық тәртіпті сақтау ф. Мемлекеттің адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қызметі. Бұны ҚҚО-ры жүзеге асырады.

5.Халық билігін қамтамасыз ету ф. М/Ы: кез келген референдум арқылы қабылданған заңдар.

Мемлекеттің сыртқы функциясы- мемлекеттің аумағынан тыс жұмыс жасауының негізгі бағыттары.

1. Қорғаныс ф. - ел егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекараларына қол сұғылмауына қорғауға әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын әскери, шекара күзету қызметі.

2. Әлемдік тәртіпті сақтау (қорғау) ф. - әлемде соғысты болдырмау, бейбітшілікті сақтау, ядролық қаруды қарусыздандыру, жою, терроризммен күресу, халықаралық жанжалды болдырмаудағы ынтымақтастықты дамытудағы қызмет.

3. Басқа мемлекеттермен ынтымақтастық ф. -дүниежүзілік мәселелерді шешу үшін экономикалық, саяси, құқықтық, информациялық, мәдени және басқа да қатынастарды бекітуге және дамытуға арналған мемлекет қызметі.