Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

13. Мемлекеттің құрылым нысаны және оның түрлері.

Әрбір мемлекеттің аумағында мемлекеттің аумақтық құрылымы оның ішкі құрылысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттің аумақтық бөліктерінің жүйесі қалыптасады. Солардан мемлекет, мемлекет органдарының байланыс жүйесі түзіледі. Мемлекеттің тұтастай және оның әрбір аумақтық бөлігінің құқықтық мәртебесінің сипаты да соған байланысты болады. Мемлекет аумағының аталған түзілімін мемлекеттік құрылым дейді. Демек, мемлекеттік құрылым нысаны- мемлекет аумағы құрылысы.

Мемелекеттік құрылымына байланысты барлық мемлекеттер қарапайым (унитарлы) және күрделі (федеративті) болып екі топқа бөлінеді.

Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады. Унитарлық мемлекет, әдетте тек әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді де, мелекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымын құрайды. Әкімшілік-аумақтық бөліктерге ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекетте бір ғана Конституция, бір ғана заң шығаратын жоғары орган, бір ғана жоғары басқару органы, біртұтас азаматтық болады.

Унитарлық мемлекет – тұтас орталықтандырылған мемлекет. Оның әкімшілік-аумақтық бөліктерінде мемлекеттік құрылым мәртебесі және егемендік құқықтар болмайды. Унитарлық мемлекетте жоғарғы органдардың, заң қабылдаудың, соттардың бірыңғай жүйелері құрылады. Онда бірыңғай азаматтық және бір арналы салық жүйесі болады. М/ы: ҚР-сы, Қырғызстан, Өзбекстан, Франция, Қытай т.б.

Күрделі мемлекет – мұндай мемлекеттердің құрамдас бөліктерінің белгілі бір дәрежеде дербестігі болады. Күрделі мемлекеттерге империя конфедерация, федерация, достастық және бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.

Империя – күш жұмсаудың нәтижесінде құрылған күрделі мемлекет. Бұл мемлекеттің құрамдық бөліктері жоғарғы өкімет (билік) орындарына тәуелді болып келеді. Империялардың бір ерекшелігі, олардың құрамдық бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік-құқықтық мәртебе болған емес. Мысалы, тарихта белгілі Рим империясы, Британия империясы және т.б. жатады.

Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ. Мемлекеттердің уақытша құрған одағы алдына қойылған мақсаттары бойынша түрлі болуы мүмкін, олар: әскери, экономикалық және саяси да болады. Сонымен, мұндай мемлекеттердің одағын – егеменді мемлекеттер одағы деп атайды. Мысалы, АҚШ-тағы 1776-1787 жылдардағы әскери одақ, бұрынғы КСРО-ның орнында құрылған тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД). Конфедерациялық одақ құрған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастардың субъектісі олардың басқару жүйесі, әділсот органдары бұрынғыдай өз қызметтерін жалғастыра береді.

Федерация – бұл мемлекет күрделі одақтық мемлекет, оның құрамдас бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Олардың белгілі бір мөлшерлі шамада (дәрежеде) егемендігі болады.

Федерацияда жоғарғы федералдық органдар және федералдық заң қабылдау жүйелерімен қатар федерация субъектілерінің жоғары органдары мен заң қабылдау жүйелері қатарласа өмір сүреді, федерацияда қос арналы салық жүйесі орын алады. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтықтың болуы жатады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағидат бойынша құрылуы мүмкін. Мысалы, АҚШ мемлекеті федерация-штаттардың 51 субъектілерінен, ал Ресей Федерациясы – 89 федерация субъектілерінен (Республикалар, округтер, өлкелер және т.б. тұрады). Гермения- 10-нан аса федерация – жерлер субъектілерінен тұрады.

Достастық – белгілі бір дәрежеде тектес болып келетін ортақ белгілерімен (нышандарымен) сипатталатын мемлекеттердің ұйымдасқан түрдегі бірлестігі. Мұндай бірлестікті біріктіретін белгі (нышандары) экономикаға, құқық жүйесіне, тіл, мәдениет, дін салаларына қатысыты болып келеді. Мысалы Еуропа Одағы және т.б.

Бұл бірлестіктің мүшелері толығынан алғанда тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, олар халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады.

Мемлекеттер бірлестігі - қоғамның мемлекеттік болып ұйымдасуының өтпелі кезеңдеріне тән нысан. Мемлекеттер бірлестігін құрудың негізнде, әдетте, мемлекетаралаық келісім (шарт) жатады, оның өзі көп жағдайларда бірлестікке кірген мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстарды нығайта түседі. Сөйтіп бірлестік мемлекеттерінің конфедеративтік бірлестікке қарай бірте-бірте дамуына жол ашады.

14. Мемлекет механизмі. Мемлекет механизмінің принциптері. Мемлекеттің сан қилы қызметін атқаратын механизмі (аппараты) болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекет механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі мемлекеттік орган. Басқаша айтсақ мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет кызметгерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден түрады, бұлар-дын айрықша тұрі - лауазымды тұлғалар (адамдар) болып табы-лады. Мемлекеттік кызметкерлерді материалдық игіліктермен қамтамасыз ету қоғамға жүктелген.

Мұндай мемлекеттердің механизмі мынадай органдардан тұрады: 1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді: 1) Жоғарғы өкілдік орган - Парламент. Парламент сонымен қатар бірден-бір заң шығаратын орган; 2) Жергілікті өкілдік органдар - облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар. Прокуратураның негізгі қызметі - барлық субъектілердің заңдарды орындауын бақылап, қадағалау.Сотта мемлекет мүддесін қорғау, құқық бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру. 2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент. Ол барлық органдардың үстінен қарайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді. З.Атқарушы орган. Қазақстанда жоғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер. 4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенстволар, ведомстволар жатады. 5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғарғы Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады. Сот органдарының негізгі мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру, заң бұзушыларды жазалау. 6. Прокуратура. Ол зандардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.Прокуратураның негізгі қызметі - барлық субъектілердің заңдарды орындауын бақылап, қадағалау.Сотта мемлекет мүддесін қорғау, құқық бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру. 7. Әскери күштер - ерекше мемлекеттік орган.Оның мақсаты: мемлекетті, шекараны қорғау. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады. 8. Барлау, қарсы барлау органдары. 9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар. 10. ҚҚО. Оның негізгі міндеті - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті нығайту, бұзылған құқықты қалпына келтіру. Мемлекет механизмінің принциптері - мемлекет механизмінің жұмыс жасауының ең басты талаптары.

Принциптер түрлері:

1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты - адамдар мен азаматтардың құқыктары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, - бұлжытпауы және қорғау болатын міндеттерін айқындайды.

2. Демократизм қағидаты - азаматтардың мемлекеттік органдарды құру және олардың кызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.

3. Билік бөлінісі қағидаты - өкімет (билік) органдары мен лауазымды адамдар (тұлғалар) тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды болдырмаудың механизмдерін құрудың, жақтасаудың басты шарты және негізі.

4. Заңдылық кағидаты - Конституцияны, зандар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын кажет екендігін білдіреді.

5. Жариялылық қағидаты - құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамасыз етуді айқындайтын негіз.

6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты - мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі ең жоғары мамандарды пайдалану ісін практикаға, іс жүзіне енгізуді белгілеудің ең басты негізі.

7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке-дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты - мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамасыз етудің алғышарттының міндеттік негізі.

8. Сайланбалылық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты - мемлекеттік басқару ісінде децентрализациялау мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.

9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты - мемлекеттік аппаратта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.

15.Қоғамның әлеуметтік жүйесінде құқықтың алатын орны. Әлеуметтік нормалар-адамдар арасындағы қатынастарды,яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар.

Әлеуметтік нормалар түрлері:

1.Мораль(өнеге)- адамдардың мінез-құлқын адамгершілік,әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі. Адам туғаннан өнеге нормасымен кездеседі. Өнеге нормалары құқық нормаларына көп әсерін тигізеді. Кейбір өнеге нормалары құқық нормаларында бекітіледі. М/ы: ата-ананы сыйлау өнеге нормалары, ал кәмелетке толған азамат ата-анасын қорғауға міндетті, бұл құқықтық норма.

2.Корпаративтік нормалар- ұйым, ұжым қабылдайтын, сол ұйым,ұжым мүшелеріне міндеттер жүктейтін нормалар. М/ы: қоғам бірлестіктері мүшелері арасындағы қатынастарды реттейтін норма. Корпар-к нормалар құқықтық нормаларға қайшы болмауы керек. Оған саяси партиялар мен ұйымдар нормалары кіреді.

3. Діни нормалар- діни және рухани көзқарастары бойынша біріккен адамдардың қарым-қатынастарын реттейтін ережелер. Дін-құдайға не адамнан тыс тұрған күшке сену.

Дін нормалары - сонымен әртүрлі діндерді тұтудағы белгіленген ережелер болып табылады. Және де бұл ережелер сол дінді ұстанып, тұтынатын адамдарға ғана міндетті болады. Дін-ң 3 түрі бар: 1. Ислам; 2. Христиан; 3. Будда

Діни нормалар арнайы шығармаларда көрініс табады: христиан-библияда, ислам-құранда, будда-ведаларда.

Ежелгі және орта ғасырдағы дін мен құқық нормалары бірдей болған. Қазір кейбір мемлекеттерде (Иран, Ватикан, Арабия т.б.) діни нормалар құқықтың қайнар көзі болып табылады. ҚР-да дін нормалары мен құқық нормалары бір-бірімен араласпайды.

4. Техникалық нормалар- адам және техника арасында туындайтын қатынастарды реттейтін нормалар. Техникалық нормаларды адамдар шығарады, бірақ техника дамуының өзіндік заңдылықтары болады. Сол заңдылықтарды адамдар сақтаулары қажет. Бұл нормалар сақталмаса адамдар өте көп мөлшерде зиян шегеді.

5. Әдет-ғұрып - ұзақ уақыт бойы қалаптасқан, атадан балаға ауызша келетін,қоғам пікірімен және адамдар санасымен қамтамасыз етілетін, дағдыға айналған, сонын нәтижесінде қоғам қатынастарын реттейтін ережелер.

Көшпелі кезеңдегі қазақ қоғамында әдет-ғұрып құқықтың қайнар көзі болған. Мемлекет әдет-ғұрыпттардың қайсы біреулерін құқық нормалары ретінде баянды етіп бекіткен болатын. Сөйтіп оларға жалпыға бірдей міндеттілік мән (маңыз) берген. Құқықтық әдет-ғұрып ("әдеттегі құқық") жинағының жарқын мысалына Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдар жинағы жатады.

Құқық пен әдет-ғұрыптың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырып көрейік. Мысалы, құқық және әдет-ғұрыптар нормалары адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеушілер болып табылады, сөйтіп белгілі бір ұжымдардың пікірі бойынша адамдардың ісі (қылығы) қандай болуы тиіс немесе қандай болуы мүмкін екендігін көрсетеді, жалпы, жалпыға бірдей міңдетті ережелер түрінде білдіріледі. Сонымен әдет-ғұрыптар мен құқық нормаларының бір-бірінен айырмашылығы шығу тегі бойынша, білдірілу (баяндалу) формасы және қамтамасыз етілу тәсілдері бойынша анықталады. Егер әдет-ғұрыптар адам қауымының пайда болуымен қатар, бір кезде пайда болған болса, онда құқық нормалары мемлекеттік түрде ұйымдастырылған қоғамда пайда болады; егер әдет-ғұрыптар арнайы актілерде баянды етілмесе (бекітілмеген болса), оның орнына адамдар санасында ғана болып және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жатқан болса, онда құқық нормалары белгілі бір формаларда болады, сөйтіп ресми жолдар арқылы беріледі; егер әдет-ғұрыптар қоғамдық пікірдің күшімен қамтамасыз етілетін болса, онда құқық нормалары мемлекеттің еріксіз көндіру күштерінің мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

6. Құқықтық нормалар- әлеуметтік нормалар ішіндегі ең маңыздысы.Себебі, құқық нормасы мемлекетпен қабылданады, мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі, егер бұзылған жағдайда мемлекет тарапынан шаралар қолданылады және жалпыға бірдей болады. Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны мен рөлі.

Адам қоғамы өте күрделі жүйе. Адам өмірде әртүрлі қатынастарға түседі, әртүрлі бірлестіктер ұйымдастырады. Ең ықшам бірлестік - бұл отбасы. Адамдар отбасынан басқа бірнеше бірлестіктер, ұйымдар құрады. Адамдар бірлесуінің бірнеше түрі бар: отбасы, мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық және діни ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, еңбек ұжымдары, одақтар т.б.

Қоғамның саяси жүйесі - белгілі саяси қызметтерді атқарып, оларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттар жүйесі. Мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық және діни ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, еңбек ұжымдары, одақтар т.б. жоғарыда аталған институттарға жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірі өтіп, саяси билік жүзеге асырылады. Саяси жүйе ішкі-сыртқы саясатты жүргізуді камтамасыз етеді, әлеуметтік топтарды калыптастырады, олардың мүдделерін білдіреді және оларды қорғайды. Саяси жүйенің сипаты әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады, өйткені өзі содан туындап, соған қызмет етеді.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі субъектілері ретінде мемлекет, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктер ең алдыңғы қатарға шығады.

Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты басқаратын, өз ерік-ықтиярына көндіретін, халықтан салық жинайтын, басқару аппараты бар, барлығына бірдей заң қабылдайтын саяси ұйым. Саяси партиялар - өздерінің бағдарламаларына сәйкес саяси билік үшін күресетін не саясатқа ықпалын тигізу үшін құрылған, жеке таптың, әлеуметтік топтың мүддесін қорғайтын белсенді ұйымдасқан азаматтардың ерікті одағы. Қоғамдық бірлестіктер - өз мүдделерінің ортақтығы нәтижесінде жалпы смақсатқа жету үшін азаматтардың ұсынысы бойынша құрылған, коммерциялық мақсатты көздемейтін, өзін-өзі басқаратын ерікті бірлестік. Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің орталығы, себебі:

-негізгі өндіріс құралдарының, табиғи байлықтың меншік иесі ретіндегі рөлі айрықша болады;

- қоғам дамуының басты бағыттарын айқындайды;

- барлық азаматтардың саяси ұйымы болып саналады;

-мемлекеттік басқару және мәжбүрлеу органдарының жиынтығы

болып есептеледі;

-жалпыға бірдей міндетті құқық нормаларын қабылдайды;

-мемлекеттік егеменді болады;

-ішкі және сыртқы функциялары (қызметінің бағыттары) болады;

-елдің ресми өкілі ретінде мемлекеттік билікті қоғам көлемінде

жүзеге асырады т.б.

Саяси жүйенің саяси-нормативтік құрылымы (негізгі құрамдас бөліктері):

Саяси және құкыкгық нормалар-конституция, кодекстер, жарғылар, партиялардың бағдарламалары, саяси үрдістер мен рәсімдер ретінде саяси-құқықтық қатьнастарды реттеудің тәсілдері болып қалыптасқан немесе белгіленген мінез-құлық ережелері.

Саяси құрылым – саяси және мемлекеттік ұйымдар, институттар, мекемелер мен олардың араларындағы қатынастардың жиынтығы.

Саяси іс-әрекет - адамдардың қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыруында қызмет атқаруларын қамтамасыз етуге, мазмұнын өзгертуге, қорғауға бағытталған алуан түрлі әрекеттері.

Саяси сана – саяси билік механизмдерінің қызметін қамтып көрсететін және саяси қатынастар аясыңдағы адамдардың іс-әрекеттерін мінез-құлықтарын бағыттап отыратын руханилықтың алуан түрлі көрінісі.

Саяси мәдениет – саяси бірлестіктер мүшелері қабылдаған және өз қызметтері мен қатынастарын реттеу мақсатында қолданатын құндылықтар, саяси идеялар, рәміздер, наным-сенімдер жүйесі.

16. Құқық мәні, белгілері, анықтамасы. Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілген, адамдар арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған жүріс-тұрыс ережесінің жиынтығы.

Құқыққа, ерекше әлеумттік құбылыс ретінде қарасақ оған жалпы және айрықша белгілер тән екендігін байқаймыз:

1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдык өмірін тәртіптеп, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.

2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік - адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеттері әділ болып саналады. Марксизм-ленинизм негізін қалаушылары әділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады.

Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.

3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушіліктер болуы мүмкін. Зандарда адамдардың құқыктары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі де мүмкін.

4. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам зандарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

5. Құқық нормативтік актілер түрінде қалыптасады. Оларда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан кұқық – мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы халыктық құқық деп саналады.

6. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол - формалды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі колайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау - қылмыс.

7. Құқықтың жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Зандарда жазылған құқкықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, калыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.

8. Құқықтың тағы бір қасиеті - оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп қалмай, құбылып, езгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген зандар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ. Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардын жағдайы бірдей.

9. Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық, нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін колданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептелінеді. Құқықтың мәні.

Құқықтың үш "алтын" тірегі бар: имандылық, өмірдің материалдық жағдайлары және мемлекет. "Құқық" түсінігі имандылыққа, әдептілікке тіреледі. Құқық имандылық негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш. Әрине, имандылықтын талаптары заң емес, тек ізгілікке, адамгершілікке өнегелікке негізделеді. Оның қағидаларын орындататын ұйымдастырылған күш жоқ. Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйейді, жұртшылықтың пікіріне негізделеді. Ал құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқыктың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Имандылық әділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылық, ұрлық, тағы сондай теріс қылықтарды айыптайды. Бірақ ондай қылықтар үшін жаза қолдануға кажетті құралы жоқ. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі. Құқық та теріс қылықтарға тыйым салады. Тек тыйым салып қана қоймайды, кінәлі адамдарды жазалау шараларында белгілейді, сол шараларды қолданатын мемлекет органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Имандылықтың талаптары жалпылама түрде болады, олардың анықтамасы, дәл түсінігі жоқ. Айталық, ұрыны, зорлықшылды, өсекшіні жаман адам деп айыптайды. Ал құқық мұндай адамдардың іс-әрекетіне мейлінше дәл, бұлтартпайтын анықтама беріп, тиісті құқықтық норманың мазмұнына жатқызады.

Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймайды, сол бостандықты қамтамасыз ететін орасан зор күш - мемлекетке сүйенеді. Құқықтын тірегі, оның күш-қуаты беделі мен абыройы - мемлекет.

17.Құқықтың пайда болуын түсіндіретін негізгі ілімдер. Ру қауымында адамдар арасындағы қарым-қатынас әдет-ғұрып арқылы реттелді. Әдет-ғұрып- ұзақ уақыт бойы қалаптасқан, атадан балаға ауызша келетін,қоғам пікірімен және адамдар санасымен қамтамасыз етілетін, дағдыға айналған мінез-қ. ережелерінің жиынтығы. Ру қауымы ыдырағанда қоғамдық қатынастар күрделі бола бастады. Сондықтан әдет-ғұрып күші әлсірей бастап, оның орнына құқық (құқық нормалары) пайда болды.

Құқықтың пайда болуында біркелкілік сипат болмаған, әрбір мемлекетте оның даму барысына әрқилы қозғаушы күштер өз ықпалын тигізген. Құқықтың дамуының екі жолы бар, олар:

1. Құқықтың пайда болуының шығыстық жолы-(Ежелгі шығыс елдері) мұнда құқықтың пайда болуы мен дамуына үрдістер өз ықпалын тигізген. Сондықтан қазірдің өзінде де ежелгі шығыс елдерінің қайсы біреулерінде құқықтың қайнар көзі ретінде діни нормалар қолданылуда.

2. Құқықтың пайда болуының Еуропалық жолы. Бұл елдерде әдет-ғұрыптық құқықтардан басқы заңдар мен прецеденттік құқық та дамыған.

Дегенмен құқықтың пайда болуына ортақ түрткі болған фактор(себеп) - сан алуан күрделі қоғамдық қатынастардың пайда болуы.

18. Объективтік және субъективтік құқық. Объективтік құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілген, адамдар арасындағы қатынастарды ретеуге бағытталған жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы. Субъективтік құқық - субубъектіге анықтылығы белгілі іс-әрекетке баруына мүмкіндік беретін құқық. Ол қажет болған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі. Суб-к құқық 4 әрекеттен тұрады:

1. Пайдалану құқығы; 3. құқыққа басшылық жасау;

2. Ие болу құқығы; 4. құқықты талап ету;

19. Құқықты ұғынып түсінудің осы заманғы ғылыми жолдары. Табиғи құқық теориясы және оның құқықтық практика үшін маңызы. Жалпы, құқық дегеніміз - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілген, адамдар арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған жүріс-тұрыс ережесінің жиынтығы.

Құқықтың түсінігі туралы әртүрлі көзқарастар бар. Оның себебі, құқық - көп қырлы әмбебап құбылыс. Құқық теориясында құқықтың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Олар:

Құқықтың шығуы туралы нормативтік теорияның негізін салушы неміс ғалымы Ганс Кельзен. Бұл теория бойынша құқық - қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың, заңдардың жиынтығы.

Әлеуметтік теория.Негізін қалағандар: Стучка, Кечекиян. Бұл теория бойынша құқық - тек қана нормалардың жиынтығы ғана емес, қоғамдық қатынастардың көрінісі де болып табылады. Бұл теория негізінен кеңестік кезеңде қалыптасқан нормативтік құқық теориясының кемшіліктерін жою үшін пайда болған.

Психологиялық теория бойынша құқық - басқарылуға икемдік танытатын адамдардың сезімдерін реттеуге бағытталған құбылыс болып табылады (Петражицкий).

Либертарлық теория негізін салушы: Ладик Симбатович Версасиянс. Бұл теория құқықтың шығуы туралы таптық теория мен нормативтік теория ортасындағы келістіруші теория болып табылады.Бұл теория табиғи - құқықты да әлеуметтік құқық теориясында мойындайды.

Табиғи-құқықтық теория (Аристотель, Т.Гобсс, Ж.Ж.Руссо, Д.Локк, А.Радищев т.б.). Бұл теория бойынша құқық - адамның тумысынан пайда болатын әділдік, теңдік қағидасына негізделген бостандықтың не еркіндіктің өлшемі болып табылады. Бұл теорияның негізін салушылардың пікірлері бойынша құқық пен заң бір мағынада танылмайды. Құқық ең жоғарғы құлықтылық құндылықтар ретінде заңнамаға қарағанда бастапқы болып саналады, адамның туа біткен көрінісі ретінде бағалануы тиіс. Табиғи құқыққа сай келмей қабылданған заңдар адам құқықтарының аяққа тапталуына жол ашады, тоталитарлық жүйені қалыптастыруы мүмкін.