Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

4. Халықаралық қатынастарда мемлекет мүддесін қорғау.

Осы функциялар бірнеше жолдармен жүзеге асырылады. Негізінен 2-бөлінеді:

1) Құықтық жолдар- аталған функцияларды жүзеге асыру үшін арнайы заңдардың қабылдануы.

2) Ұйымдастырушылық жолдар- аталған функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық іс-шараларының жасалуы.М/ы: материалдық-техникалық жағынан (құрал-жабдықтар т.б.) қамтамасыз ету. Құқықтық тәсілге жататындар: заң, басқа да нормативтік құкықтық актілер жасау, жедел орындау, іздестіру қызметі, құқық қолдану қызметі, құқық қорғау қызметі. Ұйымдастырушылық тәсіліне жататындар: ұйымдастыру-реттеу қызметі, экономиканы ұйымдастыру қызметі, ғылымды, білім беруді ұйымдастыру қызметі, әскери-ұйымдастыру қызметі.

2) Уақыты бойынша: 1.Тұрақты- мемлекеттің барлық даму сатысында жүзеге асырылады. 2. Уақытша-белгілі бір мақсатқа жетісімен өзінің қызметін тоқтатады. 3) Мәні бойынша: 1) таптық. 2) бүкіл қоғамдық.

Мемлекет мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің басты бағыттарын анықтайды, яғни мемлекеттік билік пен оның құрамын айқындайды. Мемлекет мәнінің 2 түрі бар:

1) таптық мәні құлиеленушілік кезінде айқын көрінеді. Қоғам екі тапқа бөлінген: 1. Қанаушылар; 2. Қаналушылар. Құлдарға адам ретінде емес, меншік ретінде қараған.

2) жалпы әлеуметтік мәні әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыруға, бүкіл қоғам мүддесін қорғауға бағытталады.

24. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары, әдістері:

1. Құқықтық: құқық жасау қызметі; жедел орындау, іздестіру қызметі; құқық қолдану қызметі; құқық қорғау қызметі;

2. Ұйымдастырушылық: ұйымдастыру-реттеу қызметі; экономиканы ұйымдастыру қызметі; ғылым, білім беруді ұйымдастыру қызметі; әскери ұйымдастыру қызметі;

25. Қоғамды ұйымдастыру және тіршілік етудегі мемлекет пен құқықтың ролі. Олардың арақатыстылығы. Мемлекет пен құқықтың салыстырмалы дербестігі.

Қоғамды ұйымдастыру және тіршілік етудегі мемлекет пен құқықтың ролі ерекше деп айтуға болады. Мемлекет пен оның органдары қабылдаған құқықтық нормалар негізінде құқықтық жүйе қалыптасты. Құқықтық жүйенің мақсаты- мемлекеттік құрылысты, қалыптасқан экономикалық қатынастарды, мемлекеттік және жеке меншікті қорғау, жалпы айтқанда қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Ал, мемлекет пен оның органдары құқықтық норма талаптарының орындалуын, адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдаланған кезде заңдылықтың бұзылмауын бақылап отырады.

Құқықтың үш "алтын" тірегі бар: имандылық, өмірдің материалдық жағдайлары және мемлекет. "Құқық" түсінігі имандылыққа, әдептілікке тіреледі. Құқық имандылық негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш. Әрине, имандылықтын талаптары заң емес, тек ізгілікке, адамгершілікке өнегелікке негізделеді.Имандылық теріс қылыққа тыйым салады. Құқық та теріс қылықтарға тыйым салады. Тек тыйым салып қана қоймайды, кінәлі адамдарды жазалау шараларында белгілейді, сол шараларды қолданатын мемлекет органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді.Мемлекеттің қызметі құқық нормаларын қалыптастырумен аяқталмайды, қайта онын, қызметі сол кұқық нормалары занда белгіленіп іске қосылған сәттен басталады деуге болады. Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру үшін, талаптарын орындату мақсатында мемлекет түрлі әдістер қолданып алуан қызметтер атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолданады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің ырқына негізделіп, жүзеге асырылады.

Құкықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер.

Құкықтың әрқашанда мемлекеттің күшіне сүйенеді. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құққықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы,Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.

Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынаста өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймайды, сол бостандықты қамтамасыз ететін орасан зор күш - мемлекетке сүйенеді. Құқықтын тірегі, оның күш-қуаты беделі мен абыройы - мемлекет.

26.Саяси режим және оның түрлері. Саяси режим дегеніміз мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістеренің жиынтығы. Саяси режим мемлекеттің ең маңызды формасы, себебі мемлекет пен адам арақатынасының байланысын көрсетеді.

Саяси режимдердің түрлері:

а) демократиялық;

б) антидемократиялық.

Демократиялық саяси р. - барлық халықтардың теңдік пен бостандыққа негізделген идеясында мемлекетті басқару ісіне қатысуы. Демократиялық саяси режимның белгілері:

  1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етеді, қызмет атқарады.

  2. Идеологиялық плюрализм, яғни, қоғамда әр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.

  3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.

Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз етьу кепілдері жасақталады.Халық билігінің болуы.

  1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етеді, қызмет атқарады.

  2. Идеологиялық плюрализм, яғни, қоғамда әр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.

  3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.

Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз етьу кепілдері жасақталады.Түрлері:

1. Либералдық - Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.

2.Шынайы - жеке адамның құқықтары, бостандықтары жарияланумен қатар, осы құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру үшін жұмыстар жүргізілетін, барлығының тең құқығы қамтамасыз етілетін режим.

Антидемократиялық саяси режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:

  1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады.

  2. Идеологиялық плюрализм болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.

  3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.

  4. Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.

  5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.

  6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі

сипаты персонофикацияланады, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура (шексіз билік) орнатады.салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде:

1. Тоталитарлық режим - қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолына шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым

2. Авторитарлық режим - азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитарлықтан айырмашылығы: 1. Бір идеологияны мойындатпайды; 2. Либералдық дамуға жол ашады. 3. Оппазицияға кедергі жасамайды; 4. Адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ саяси билікке халық жаппай тартылмайды.

3. Фашистік режим - бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқығы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Италия мен Германияда қалыптасқан.