Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

27 Құқық жүйесі мен заңдар жүйесінің арақатыстылығы.

Ежелден құқықпен қатар заң деген ұғым да қалыптаскан. Екеуі дербес екі әлеуметтік құбылыс болғанымен, бірімен-бірі тонның ішкі бауындай өте тығыз байланысты.Құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативтік актілердің түрлері сан алуан. Нормативтік-құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері – заңдар. Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрыкша кызмет аткаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға мүмкіндік береді. Заң шығарушылықтың алғышарты, оның тиімді болуының негізі - құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғүрлым құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, кұқықтық заң коғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие болады.

Құқық жүйесі - құқықтың ішкі құрамы. Құқық жүйесі жеке адамның қалауымен болмайды, өмірдің, құқықтық реттеудің талабына, қажеттілігіне сай қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау функцияларын атқарады және бір-бірімен тығыз байланысты институттарға, құқық салаларына және салалардың бөлшектеріне бөлінуі. Құқықтық институттар - арнайы айшықталған қоғамдық қатынастарды реттейтін біртекті, біркелкі нормалар жиынтығы. М/ы: Азаматтық құқық саласындағы меншік құқығы институты немесе мәміле, міндеттемелік институттар. Қылмыстық құқықтағы жаза институты. Құқық салалары - біртекті құқықтық нормалардан қалыптасқан және қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін нормалар жиынтығы. М/ы: қылмыстық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық т.б.

Ал, заңнама жүйесі құқықтың қайнар көзінің формасы ретінде субъективтік сипатқа ие, заң шығарушының еркіне тікелей байланысты. Осыған байланысты заңнама жүйесі заң ғылымында екі мағынада түсіндіріледі: 1. Кең мағынада. Бұл көзқарас бойынша заңнама жүйесінің құрамына барлық нормативтік актілер кіреді, құрамдас бөлігі болып табылады. 2. Тар мағынада. Бұл көзқарас бойынша заңнама құрамына тек заң шығарушы орган қабылдаған нормативтік актілер жатады.

28. Құқықтық мемлекет идеясының пайда болуы. Құқықтық мемлекет белгілері. Құқықтық мемлекет туралы ой-пікірлер ерте замандағы Грек, Рим, Ежелгі Қытай философтарының, тарихшыларының, заңгерлерінің еңбектерінде кездеседі. Сол уақытқа тән қоғамдық жағдайларға байланысты ойшылдар құқықтық мемлекет туралы ой-пікірлерін ортаға салып, өздерінің көзқарастарын білдіріп отырған. Құқықтық мемлекет туралы алғашқы түсініктер, ойлар грек философы Платонның еңбектерінде көптеп кездеседі. Ол құқықтық мемлекет туралы мынадай ой білдірген: “қай жерде заңның күші болмаса және заң біреудің билігінде болса, онда мұндай мемлекеттің жойылып кету қаупі бар”. Құқықтық мемлекет туралы ойлар Аристотель еңбектерінде де кездеседі. Ол құқықтық мемлекетке мынадай түсінік береді: “қай жерде заңның билігі болмаса, онда мемлекеттік құрылыс та болмайды... Заң қоғамға үстемдік етуі қажет”.

Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекет белгілері:

- мемлекет пен қоғамнан заңның жоғары тұруы. Яғни, мемлекеттің жоғарғы өкілді органдары қабылдаған актілердің міндетті түрде орындалуы.

- заңдарды орындау міндетінің жүктелуі;

- қабылданған заңдардың бір-біріне қайшы келмеуі;

- Адамдардың құқықтары мен бостандықтарының 1-орынға қойылуы;

- мемлекеттік биліктің бөлінуі;

- заң үстемдігі;

- мемлекет пен адамдар арасындағы жауаптылықтың айқындалуы;

- сот тәуелсіздігі;

- дамыған азаматтық қоғамның болуы;

- құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары болуы;

29. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам түсінігі, белгілері, құрылымы. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ - жеке адамның, әлеуметтік топтардың сан қырлы мүдделері мен талаптарын іс жүзіне асыру және қанағаттандыру үшін қалыптасқан азат демократиялық құқықтық қоғам.

Бұдан да толығырақ алғанда азаматтық коғамның күрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

1. Мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік).

2. Мемлекетке тәуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т.б.).

3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.

4. Саяси партиялар мен қозғалыстар.

5. Тәрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру.

6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары.

7. Отбасы.

8. Шіркеу, мешіт, және т.с.с.

Азаматтық қоғамның белгілері:

- адам және азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету;

- өзін-өзі басқаруы;

- оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында болатын бәсекелестік;

- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы және көппікірлілік (плюрализм);

- бүкіл жалпылык хабардар болу және ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы;

- адамдардың тіршілік етуін қоғамның үйлестіруі (координация-келісімділік) қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппаратта қызмет ету субординация қағидатына қарай құрылған. Бұл қоғамдағы болмыстың ұйымдастырылуынан айырмашылығы);

- экономиканың көп құрылымдығы (көп укладтығы);

- биліктің легитимділік пен демократиялық сипатта болуы;

- құқықтық мемлекет;

- мемлекеттің адамдарға лайықты деңгейде өмір сүруіне қажетті жағдайды қамтамасыз ететін пәрменді әлеуметтік саясатының болуы және т.б.