Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

30. Құқықтық мемлекет пен тоталитарлық мемлекет.

Тоталитарлық (этатикалық) мемлекет - елдегі билікті толығымен өз қолына шоғырландырған, сөйтіп, қоғамды толық қадағалауға, бақылауға алған мемлекет. Мұндай мемлекет құқықтан жоғары тұрады да, онда азаматтық қоғам болмайды. Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Мұндай мемлекеттердің айырмашылықтары жер мен көктей. Мысалы, тоталитарлық мемлекетте:

- демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салынады;

- тек бір партия билік жүргізеді;

- 1 идеология ғана жарияланады;

- еркін пікір айтуға тыйым салынады;

-мемлекеттің негізгі функциясы күш қолдану;

- жеке адамның барлық істері бақылауға алынса, ал, құқықтық мемлекетте:

- адамдардың құқықтары мен бостандықтары 1-орынға қойылады;

- жеке адам мен қоғам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын өзінің негізгі мақсаты деп санайды;

- демократиялық бостандық қамтамасыз етіледі;

- дамыған азаматтық қоғам болады;

- адам және азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз етеді;

- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы және көппікірлілік (плюрализм);

- бүкіл жалпылык хабардар болады және ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылады т.б.

31. ҚР-ның мемлекеттік нысанының ерекшеліктері. ҚР-сы зайырлы, әлеуметтік, құқықтық, демократиялық, бірыңғай мемлекет.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессивті деп бағаланады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды, Конституцияда жарияланғанындай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір аумақты жерлерінде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс.

Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан турады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы — Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар — министрліктер, агенттіктер, комиссиялар, және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық өкімдіктер мен өкімдер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері заңдарда және арнаулы ережелерде анықталады.

Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары) ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы заңдарда анықталады.

Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық – адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мұндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері туындайды. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдайларды жасауы тиіс. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлылерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтардың міндеттері — Конституцияны, заңдарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.

Егемендіктің енді бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен саяси, экономикалық, мәдени, т.б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке, Парламентке және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.

Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның қалыптасып дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті, Заңдарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген.

Қазақстан — демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет

Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты — барлық азаматтарды ұлтына қарамастан тең құқықтық негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция "халық" деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада "халық" деген — мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың біреуіне қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді. Азаматтар өз қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтың ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді.

Демократияның бір көрінісі — азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, діни қажеттіктерін қанағаттандыру үшін құрады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, заңдарды сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік арандатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы тиіс.

Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етуде. Азаматтардың қандай дінге сенгісі келсе өз еркі, тіпті, ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мәні мынада: біріншіден, мемлекет қандай да болсын діни идеологияны мойындамайды; екіншіден, мемлекеттік оқу орындарында (мектептерде, институттарда, т.с.с.) діни ілімді уағыздауға жол берілмейді; үшіншіден, Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тыйым салынған.

Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол –құқықтық мемлекет құру. Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне катысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.

Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғанындай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал-жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап анықталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғанындай, ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы – оның әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және казіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар мен әлеуметтік топтар араларында алауыздық болмауына күш салып қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайларда Президент заң күші бар жарлық қабылдай алады.

32. Құқықтық мемлекет принциптері. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың проблемалары. Құқықтық мемлекет – басқаша түсіндірсек ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:

  • Заң тыйым салмағанның бәріне рұқсат. Құқықтық мемлекетте өкілді органдармен шығарылған нормативтік құқықтық актілер адам мен азаматтарға қандайда бір әрекеттерді жасауға тыйым салмаса, оларды жасауға рұқсат етіледі, яғни ещқандай қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды. Ал мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларға құқықтық мемлекетте “тек заңда көрсетілгенге ғана рұқсат” деген қағида іс жүзіне асады.

  • Заңның үстемдігі. Құқықтық мемлекетте заң өмірдің, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында үстемдік етіп, заңдылықтың орнауы қатаң түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Заң үстемдігі негізінен екі бағытта жүзеге асырылады:

1. Президенттен бастап барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, лауазымды тұлғалар, барлық адамдар заңға бағынулары тиіс. Ешкім заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатылмайды.

2. Қабылданып жатқан барлық нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеулері тиіс;

  • Мемлекеттік билікті бөлу. Бұл биліктің 3 тармағы арасында билікті бөлу. Бұл ретте тепе-теңдік және тежемелік жүйесі іске асырылады, яғни бұл тармақтардың әрқайсысының билікті өз пайдасына иемденіп кетпес үшін ұстап тұрушы құрал, бір-біріне ықпал етуші күш. М/ы: республика парламенті президентті қызметінен кетіруі мүмкін, яғни парламент президентке импичмент қоя алады, егер ол өз міндеттерін орындау кезінде мемлекетке опасыздық жасаса. Импичмент - жоғарғы лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту, жұмыстан мезгілсіз босату. Ал, президент өз кезегінде парламент қабылдаған заңдарға қол қоймай, оның заң күшіне ие болуына тосқауыл қоюы мүмкін. Бұл президенттің вето қою құқығы.

  • Адам құқықтары мен бостандықтарының ең жоғарғы құндылық деп танылуы.

  • Плюрализм (көппікірлілік). Қоғамда еркін пікірталасқа толығымен мүмкіндіктер туады. Әркім өзінің пікірін еркін айтуға құқығы бар.

  • Кінәсіздік презумпциясы. Айыпталған адам үкім заң күшіне енбейінше еш уақытта кінәлі деп саналмайды.

  • Соттардың тәуелсіздігі. Судьялар сот төрелігін жүзеге асырғанда тек Конституция мен заңдарға бағынады. Судьялардың ісіне кімнің де болса араласуына жол берілмейді және ол заңда көзделген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Біздің елімізде құқықтық мемлекетті құру идеясы ойшылдарымыздың көкейіндегі өзекті мәселе болатын. Бірақ бұл идеяның түкке аспай қалуына 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін дүниеге келген кеңес мемлекеті бірден бір себепкер болды. Себебі, кеңестік конституцияда жарияланғандай оның өзегі - диктатура пролетариаты болатын. Диктатура - бұқараны қанаудың, үстемдіктің тұтас жүйесі.

Тек 1980 ж. аяқ шегінде ғана құқықтық мемлекет құру идеясы қайта жанданып, оны қалыптастыру алға қойылды. Құқықтық ммелекетті шынайы, дәйекті түрде құру үшін қыруар жұмыстар атқарылуы қажет: мемлекеттік билік жүйесін қайта жандандырып, реформа жүргізу; заңдарды жетілдіру; сот маңыздылығын арттыру; азаматтық қоғамды қалыптастыру т.б.

Қазақстан өзінің Ата заңында құқықтық мемлекетті орнықтыруды көздеп отыр, бірақ біз әлі осы мақсатқа жеткен жоқпыз. Бізде әлі де болса азаматтық қоғамқалыптаспаған, тепе-теңдік және тежемелік жүйесі әлі салынбаған. Елімізде “барлығы адам үшін, барлық қазына адамдікі” деген принциптер жазба түрінде жазылып, іске аспай жабылып қалатындығы ақиқат. Мемлекеттің және қоғамның өмірінде тек заң ғана және басқа да нормативтік құқықтық актілер үстемдік етеді, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі деген ұрандар аяқталмай қалып қойды. Әрине, елімізде осы мәселеге байланысты қыруар жұмыс атқарылып жатқандығы рас, бірақ бұл алғашқы қадам.

Құқықтық мемлекет құру идеясын шын мәнінде іске асыру үшін ондаған, жүздеген жылдар өтетіні белгілі.

33. Республика егемендігін анықтайтын негізгі актілер: 1990 25-қазандағы мемлекеттік егемендік туралы декларация; 1991 ж. 16-желтоқсандағы ҚР-ң тәуелсіздігі туралы конституциялық заң; 1993 ж. 28-қаңтардағы ҚР Конституциясы; 1995 ж. 30-тамыздағы ҚР Конституциясы.

1991 ж. 16-желтоқсанда “ҚР тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңның қабылдануымен ҚР-ң конституциялық дамуының келесі кезеңі басталды. Ол негізінен 1993 ж. Конституция қабылданғанға дейін жаңа мемлекеттің, жаңа республиканың өмірге келгенін айқындайтын негізгі акті болып табылды.

Негізінде бұл заң Декларациядағы жаңалықтардың одан әрі орнығуы, тікелей жүзеге асуы болды. Конституциялық заңда Конституция мен республика заңдарының оның барлық аумағында үстемдік ететіндігі белгіленді. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесіне билікті бөлу принциптерін енгізе отырып, мемлекеттік билікті ұйымдастыруға қолайлы бір элемент - ҚР Жоғарғы сотты да енгізген. Ол Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғарғы орган болып табылды. ҚР-сы тәуелсіз мемлекет ретінде жеке меншіктің барлық түрлеріне ие. Конституциялық заң ҚР-сы өзінің алмаз, алтын, валюта қорларын қалыптастыратынын қарастырады.

Конституциялық заңға сәйкес ҚР-сы өзінің жеке Қарулы Күштерін құрады және өз азаматтарының әскери міндетін өтеу мерзімі мен тәртібін өз алдына жеке айқындайды.

Конституция қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық жүйесінде айрықша орын алады және құқықтық мемлекеттің аса қажетті белгілерінің бірі болып табылады.

1993 ж. 28-қаңтарда Конституцияның қабылдануы конституциялық дамудың келесі кезеңі болып табылады. Жаңа мемлекеттің қалыптасуы өзінің мемлекеттік болашағын қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын ұйымдастыру жолымен тәртіпке келтіруін талап етеді. 1993 ж. Конс-ң қабылдануы, бұл:

1) Қазақстан халқының Конституцияға өз құқықтарының болуын білдірді;

2) Мемлекеттік егемендікті айқындап, оған құқықтық маңыз беріп, жаңа тәуелсіз мемлекетті конституциялық мемлекеттің дамыған дәрежесіне көтерді;

1993 ж. Конс-яда:

-өзін-өзі танушы қазақ ұлтының мемлекеттілігі туралы сөз болған жоқ;

- мемлекеттік басқару нысанын анықтамады;

- Президенттің ролі мен маңызы тек биліктің атқарушы тармағы жүйесімен шектелді;

- қос азаматтық танылды.

Бүгінгі қолданыстағы 1995 ж. 30-тамызда қабылданған Конституция Қазақстанда президенттік басқару нысанын бекітті, сөйтіп, ҚР-сы конституциялық эволюцияның жаңа кезеңіне жол салды. Конституция Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп орнықтырды. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Конституция мемлекеттік билікті үш: заң шығару, атқару, сот тармақтарына бөлу қағидатын алдыға тартады. 1995 ж. ҚР Конституциясы қоғамда демократиялық процестерді орнықтырды. Жалпыхалықтық дауыс беру жолымен өз еркін білдіре отырып, Қазақстан халқы жаңа Конс-я қабылдады. Сол себепті Конституцияны халық пен мемлекет арасындағы ортақ қағидаттарын бекітетін құқықтары мен міндеттері туралы шарт деп толық сеніммен айтуға болады. Бұл Конституция Қазақстанның нақ қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тарихи өзгерістері аясында туды. Бір жағынан қоғамның, екінші жағынан мемлекеттің негізгі заңы ретінде қолданылуы конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады.

34. Құқықтық сана түсінігі, құрылымы, түрлері. Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.

Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.

Құқықтық психология - адамдардың күнбе-күнгі өмір тәжірибесі негізінде қалаптасатын құқықтың мәні, қолданылуы жөнінде сезімдері, ой-пікірі, көңіл-күйлері.

Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады.

Бүгінгі күнге құқықтық мемлекет доктринасы (ғылымы) көптеген мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар) дамуының идеологиялық негізі болып табылады. Саяси-құқыктық идеологиясыз осы заманғы өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес. Сонымен, жоғары идеологиялық құжаттар бола алатындар мысалына АҚШ Конституциясын, ГФР Конституциясын, француздардың 1789-ы жылғы Адам және азамат құқықтары Декларациясын жатқызуға болады. Аталған құжаттар батыс елдері демократиясы мен құқықтар жүйесінің идеологиялық тұғыры болып табылады.

Құқықтық сананың түрлері:

1. Субъектілері бойынша:

- дербес (жеке);

- топтамалық;

- қоғамдық.

2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:

- әдеттегі (үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;

- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер;

  • ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;