Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

55. Ағылшын-американдық құқықтық жүйе.

Бұл құқықтық жүйе Англияға жөне Британия империясының бұрынғы отарларына тән. Англиядан басқа бұл құқықтық жүйе АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, сондай-ақ Британия достастығына кіретін 36 мемлекеттерге таралған.

Заңтану әдебиеттерінде ағылшын-американдық құқықтық жүйе кейде негізгі құқықтық жүйесі деп аталады. Жалпы құқық (Coman Law) тарихи түрде Англияда қалыптасқан және оның бұлай деп – аталуы оның бүкіл Англия аумағында тарауымен байланысты болған (оның қалыптасу кезеңі Х-ХІІІ ғасырлар) және бұл құқықтық жүйе сот әдет-ғүрыптары түрінде заңдардың қатысуынсыз пайда болып азаматтық сот істерін жүргізуде ел королінің қол астындағы азат азаматтардың бәріне таралған болатын.

"Жалпы құқық" жүйесі өз негізінде соттар жасаған үлгі іс құқығы (құқықтық үлгі іс) болатын.

Ағылшын-американдық (саксондық) құқықтық жүйенің негізгі ерекшелік белгілері төмендегідей болып келеді:

1. Сот құқық жасаушы (шығарушы) болады.

2. Кодификацияланған заң болмайды. Мысалы, Англияда жазбаша Конституция жоқ.

3. Сот шешімдері (прецеденттері, яғни үлгі істері) заңдармен қатарлас қолданылып құқықтың қайнар көздері болып табылатын. Ұқсас істерді қарағанда оларды шешім қабылдау үшін басқа соттар үлгі ретінде қолданатын болған.

4. Сот билігі қандай да болмасын басқа биліктерден автономиялы (дербес) болады, прокуратура, әкімшілік, әділет (мекеме, қызмет) болмайды.

56. Құқық нормаларын түсіндіру: түсінігі, субъектілері және түрлері.

Құқықтық нормаларды түсіндіру дегеніміз күрделі ерік-ықтиярлық процесс,оның мақсаты құқық нормасының дәл мағынасын анықтау болып табылады.

Түсіндірудің объектісі (заты) заңдар мен заңдарға сәйкес шығарылған актілер.

Сонымен, құқық нормасына түсінік беру — нормативтік құқықтық актілерде білдірілген мемлекеттік ерік-ықтиярдын мағынасын түсіндіру және оны жазбаша мазмұндау болып табылады.

Түсіндіру түрлері: 1. Субъектілері бойынша: а) ресми – түсіндіруді өкілеттік берілген (алған) субъектілер: мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар береді. Ресми түсіндірудің заңдық маңызы болады және ол құқықтық салдарға апарады.

Ресми түсіндіру нормативтік, қазуалды, аутентикалық және легалды түрлерінде болады.

Нормативтік түсіндіру құқықтық нормаларды жаңадан жасауға алып бармайды. Ол тек бар құқықтық нормаларға түсінік береді, мағынасын аша түседі. Бұл түсіндіру жалпы сипатта және құқық нормаларын түсіну (ұғыну) мен әдеттегі қолдануларының біркелкі түрде болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Казуалды түсіндіру жалпы сипатта болмайды, жалпыға бірдей міндетті де емес (маңызы бойынша), оның маңызы құқық нормасын нақты жағдайды ескере отырып түсіндіруге саяды.

Казуалды түсіндіруді құзырлы орган тек атап көрсетілген нақты істің қарастырылуы, барысына байланысты береді. Ол бойынша әдейі шешім қабылдау мәселесіне арнайды.

Аутентикалық түсіндіру - қолдануға алынған норма мағынасына түсінік беру сол норманы қабылдаған органнан шыққандығын білдіреді.

Легалды түсіндіру ісін осы түсіндіруді атқаруға (орындауға) тапсырма алған субъектілер жүзеге асырады. Легалды түсіндіру заңға сәйкес сипатта болады.

б) Бейресми түсіндіру - құқықтық нормаға түсінік беруді өкілеттік алмаған субъектінің жүзеге асыруы. Мұндай түсіндірулер жалпыға бірдей міндетті болмайды және заңдық салдарды туындатпайды.

Бейресми түсіндіру әдеттегі, кәсіби, доктриналды (ғылыми) түрде болады.

2. Жасалу тәсілдері бойынша түсіндірудің түрлері:

а) грамматикалық-нормативтік акт мәтінін талдау, заң аталымдарының (терминдердің) мағынасын анықтау ретінде;

б) логикалық (қисындық) - заңның жекелеген қағидаларының логикалық (қисындық) байланыстары пайымдалып зерттелінеді.

в) жүйелі — құқық нормалары мазмұнын осы нормативтік актілі институт, құқық саласымен өзара байланыстыра отырып олардың алған орны мен маңызын тұтастай анықтауға арнайды;

г) арнайы заңдық – заң ғылымы мен заң қабылдау техникасының кәсіби білімдеріне негізделеді;

д) тарихи-саяси актінің жасалуы кезіндегі тарихи жағдайларға байланысты болған заңдық ерік-ықтияр, саяси күштердің ара салмағы мен олардың орналасулары және т.б. жайлар анықталады.

3. Көлемі бойынша:

а) адекваттық (дәлме-дәл, барабар) түсіндіру - мұнда заң "рухы мен оның әрбір әрпі" бір-біріне дәл келеді, яғни құқық нормасының сөз түріндегі білдірулері мен оның шын мағынасы және мәні құқық нормасына пара-пар, тең болып келеді;

б) кеңейтілген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз арқылы білдіруінен едәуір кен болады;

в) шектелген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз түріндегі білдіруінен едәуір шағын болады; Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-6абына сәйкес Конституция нормаларына ресми түсіндірулерді Конституциялық Кеңес береді.

57. ҚР-ғы заң шығармашылық ісі түсінігі, сатылары. Заң техникасы. Заң қабылдау ісі құқық шығармашылықтың құрамдас бөлігі болып көрінеді. Заң шығармашылықтың мағынасы - ең жоғары заң қабылдау органының (парламенттің) ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық актіні қабылдауы. Мұның өзі негізгі төрт сатыдан тұрады:

1) заң шығару бастамасы;

2) заң жобасын талқылау;

3) заңды қабылдау;

4) заңды жариялау.

Заң қабылдаудағы осы сатылардың барлығының орындалуы Қазақстан Республикасы Конституциясында өз көріністерін тапқан.

Заң шығару бастамасы құқығы – құзырлы органдардың, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген адамдардың парламентке заңдар немесе басқалай да актілер шығару жөнінде немесе өзгерту, күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге құқықтылығы. Мұндай ұсыныстар