Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

58. Құқық және тұлға. Тұлғаның құқықтық мәртебесі. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде мемлекеттің атқаратын ролі.

"Тұлға" - әлеуметтік-азаматтық қасиеттері қоғам талабына сай дәрежеге жеткен адам.

Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) өлшем (шамасы). Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатынан туындайтын, қарапайым да ең маңызды игіліктерді, тұлғаның осы қоғамда еркін де қауіпсіз тіршілік ету жағдайында, оп-оңай жүзеге асырып пайдалануының мүмкін екендігін білдіретін әмбебап категория болып табылады.

Тұлға бостандығы - азамат құқығы, мұның өзі қандай да бір кедергінің немесе бір нәрседен қысылудың жоқ екендігін ғана білдіреді.

Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарыннегіздегенде оларды әдетте үш буынға бөледі:

Бірінші буын —жеке (азаматтық) құқық, бостандық, міндеттер. (жеке адам құқығына қол сұқпаушылық, хат-хабар құпиялығы, өз еркімен көңіл білдіру бостандығы, заңдарды сақтау міндеті).

Екінші буын - экономикалық, әлеуметтік және мәдени (мысалы, бұларға енбек ету, еңбекті еркін таңдау, демалыс, тынығу құқықтары, ана мен баланы қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдағы мәдени болмысқа қатысу және т.б. құқықтар жатады).

Үшінші буын - саяси. Мысалы: сайлау құқығы, жиналыс еркіндігі, отанды қорғау міндеті.

Құқық пен тұлғаның сан-алуан байланыстары ең толық түрде құқықтық мәртебе ұғымы арқылы ғана сипатталуы мүмкін. Құқықтық мәртебе тұлға құқықтарының, бостандықтарының, міндеттері мен мүдделерінің мемлекет таныған және оған мемлекеттің кепілдіктері берілген жиынтығы болып табылады. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің кіндігін, яғни тұғырлық негізін Конституция және басқалай да маңызды заң актілері мен Адам және азамат құқықтары Декларациясында жарияланған құқықтар, бостандықтар мен міндеттер құрайды.

Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген. Ажырамайтын, ең жоғары құндылық деп танылады. Адамның құқықтарын сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті.

Кепілдіктер дегеніміз адамның заңды мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін жағдайлар (шарттар) жүйесі. Бұлардың негізгі қызметі мемлекеттің жөне басқа да субъектілердің тұлға құқығын жүзеге асыру аясындағы міндеттерін орындату болып табылады. Кепілдіктердің объектісіне адам құқықтарын сақтау мен қорғауға байланысты болып келетін қоғамдық қатынастар, азаматтардың мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қанағаттандырулар жатады.

Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде мемлекеттің атқаратын ролі ерекше. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын барынша қорғау болып табылады. Конституцияның 1-бабында: “Ең қымбат қазына - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары”,- деп көрсетілген. Республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, лауазымдық және мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге деген көзқарасына, біліміне т.б. белгілеріне қарамастан құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады.

59. Құқық шығармашылық түсінігі, қағидаттары, түрлері.Құқық шығармашылығы мемлекеттік органдар әрекетінің ерекше түрі. Осы әрекет нәтижесінде құқықтық нормалар қабылданады, өзгертіледі, толықтырылады және күшін жояды. Құқық шығармашылық өте күрделі жұмыс, өйткені, мемлекет пен қоғам қажеттілігін нақты білуі қажет. Егер құқықтық нормалар қоғам өміріне, қажеттілігіне қарсы болса, онда қоғам дамымайды.

Принциптері:

1) демократизм - азаматтардың құқық шығармашылық ісіне қатысу деңгейін сипаттайды; қоғамдағы рәсімді нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды;

2) жариялылық - құқық шығармашылық ісінің қалың жұртшылыққа ашықтығын білдіреді;

3) кәсіпкерлік - осындай қызметпен құзыретті адамдар - заңгерлер, басқару ісінің мамандары, экономистер (барлығы да білікті ғалымдар болуы қажет) және т.б. айналысады.

4) заңдылық - осы құқық шығармашылық ісімен айналысу қызметі Конституция мен басқа да заңдар аясында атқарылуы тиіс;

5) ғылымилық-нормативтік актілерді даярлау барысында әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқалай да ахуалдарды зерттеу аса маңызды болады; қоғамның дамуындағы объективтік қажеттіліктерді жете зерттеудің құқық шығармашылық ісіне тигізер ықпалы зор болады.

Осы параметрлерді анықтау үшін түрлі-түрлі әлеуметтік-құқықтық эксперименттер, социологиялық (әлеуметнамалық) сұраулар жүргізу, анкеталау және т.с.с. көрсетілген факторларды ескеріп барып қабылданған құқықтық ұйғарымдар дәлелді және тиімді болады,

Субъектілерге байланысты құқық шығармашылық мынадай түрлерге бөлінеді:

1) халықтың тікелей құқық шығармашылығы – бұл мемлекет пен коғам болмысының ең маңызды мәселелері бойынша референдум – бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өткізіледі;

2) мемлекеттің өкілетті органдарының тікелей құқық белгілеу қызметі;

3) мемлекеттік органдардың өздеріне тәуелсіз әдет-ғұрып түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар даярлаған нормаларды бекітуі (санкциялауы).