Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

52.Заңдарды жүйелеу,олардың түрлері

Әрбір мемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық нормалар мен құқықтық нормативтік актілер болады. Оларды пайдалану ыңғайлы болуы үшін оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп отыру қажет.

Мұндай қызметті «заңдарды жүйелеу» яғни құқықтық нормативтік актілерді нақты іс-тәжірибелерде пайдалану мақсатында оларды «тәртіпке салу» деген ұғымын білдіреді. Заң ғылымында заңдарды жүйелеудің негізгі екі түрі бар: инкорпорация және кодификация.

Инкорпарация- нормативтік материалдарды белгілі бір тәртіппен бірыңғай жинақтарға жиынтықтау және біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер әдетте әліпбилік тәртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады.

Инокорпорациялық-жиынтықтауда нормативтік материал әртүрлі жиынтықтарға толық немесе бірен-сараңдап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған актілердің мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен, кейде олардың мәнін мазмұндау түрінің өзгертілуі де мүмкін болады.

Инокорпорациялауда құқықтық акт мазмұны жағынан өзгертілмейді, оның өзгертулері сырттай болады: актінің бастапқы мәтінінде ресми түрде енгізілген өзгерістер кіргізіледі, өздерінің күшін жойған баптар, уақытша ғана маңызды болған тармақтар, сондай-ақ ашық түрде қайшылықтары барлары және тағы соған ұқсастары алынып тасталады.

Инокорпорациялық өндеуден өткен актілердің заңдық күші олардың қабылданған мерзімінен бастап сақталады. Субъектілері бойынша инокорпорация официоздық (жартылай ресми) инокорпорация және ресми емес инокорпорация деп жіктелінеді.

Ресми инокорпорация – мұны инокорпорация жүргізуге ( жасауға ) өкілеттік алған мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инокорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды ( күші барларын ) жариялау және қайтадан баспа арқылы шығарудың тәсілі. Сондықтан ресми инокорпорация – заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инокорпорация - хронологиялық және пәндік түрінде болады.

Пәндік ресми инокорпорация – жүйелеудің күрделілеу түрі. Мұның нәтижесінде мемлекеттік билікті басқарудың ең жоғары органдары шығарған күші бар нормативтік актілердің томдары, жинақтары жасалынады.

Бұл томдар мен жинақтарға нормативтік құқықтық актілер пәндік қағидат бойынша, қатаң түрде тақырыптар бағыттарын сақтай отырып орналастырылады. Мысалы: мемлекеттік құрылысты реттейтін, әкімшілік жауапкершілік, халық шаруашылығы салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актіледі біріктіру.

Ресми емес инокорпорация – мұнда жүйелерді арнайы тапсырма алмай-ақ жекелеген ведомство, ғылыми және оқу орындары, жеке тұлғалар жасай береді. Сондықтан да ресми емес инокорпорациялық жинақтарды заңдар негіздері ( қайнар көздері ) ретінде бағалауға болмайды. Құқық шығармашылығы істерінде, құқық қолдануларда бұларды нормативтік актілер жариялаудын нысаны ретінде қарастырып сілтемелер жасауға болмайды.

Кодификация - жүйелеудің ең күрделі және жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды түбегейлі түрде ішкі-сыртқы мән-мағыналарын өндеу барысында жаңартылған кодификациялық акті даярлау және қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып табылады .

Осындай кодификациялаудың нәтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген тұтас актіге жинақталады, оны тиісті мемлекеттік органдар қабылдап алады. Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар, қағидалар және т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция – басты кодификациялық акт. Бұлардан басқа қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, Қылмыстық істерді жүргізу, Азаматтық істерді жүргізу және т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші бар актілер ретінде танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде қолданыстағы «Жол жүру ережелері», «Темір жол жарғысы» және т.б. жатады.

Кодификациялық актілерде құқықтық белгілі бір салаларындағы әр текті қоғамдық қатынастарды тәртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы және орнықтылығымен ерекшелінеді. Ағымдағы барлық заңдар осы кодификациялық актіде тұтастыққа, орнықтылыққа қарай бағдарландырылған әрі қатарлыстырыла бағындырылған.

Кодификацияның айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктері:

1. Кодификацияны тек өкілетті мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырады және ол ресми сипатта болады.

2. Кодификациялаудың нәтижесінде бірнеше актілер әр түрлі нормаларға біріктіріледі, сөйтіп түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт жасалады. Оның мәтіні түп нұсқадағыдай, ресми, құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы тиіс.

3. Кодификация оқтын-оқтын жүзеге асырылып отырады, ол нормативтік материалдардың жиналып қолдалануына және объективтік қажеттілікке байланысты жасалады.

Кодификацияны салалық және арнайы деп айырмалайды:

Салалық кодификация – қандай бір белгілі заңдар саласының немесе оның салашасының нормативтік материалдарын біріктіру болып табылады ( ҚР Азаматтық Кодексі; ҚР Қылмыстық Кодексі және тағы басқалар ).

Арнайы кодификация – белгілі құқықтық институттың немесе бірнеше құқықтық институттың нормаларын біріктіреді ( ҚР Су Кодексі, ҚР Орман Кодексі және тағы басқалар).

54. Романо-германдық құқықтық жүйе – көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерін біріктіреді. Бұл мемлекеттерге Франция, ГФР, Италия, Испания, Швеция, Дания, Латын Америкасының барлық мемлекеттері, Таяу Шығыс елдері жатады. Бұл құқықтық жүйенің ықпалы Жапония, Индонезия т.б. мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде өз көрінісін тапты.

Роман-германдық құқықтық жүйе рим құқығын рецепциялаудың нәтижесі болып табылады, яғни мұнда құқықтың негізінде рим құқығының жетістіктері алынған. Роман-германдық құқық жүйесінің негізгі сипаттарына мыналарды жатқызуға болады:

1. Роман-германдық жүйесі бар барлық елдерде жазбаша конституциялар бар, бұлардың нормаларында ең жоғары заң күші бар деп танылады.

2. Әдеттегі заңдардың үш түрі бар: кодекстер, арнайы заңдар, ағымдағы заңдар, және нормалар мәтіндерінің жинағы.

3. Құқық негіздерінің арасында заңға негізделген нормативтік актілердің (регламенттердің, әкімшілік бұйрық-жарлықтардың, министрлік декреттерінің және т.б.) рөлі едәуір.

Роман-германдық құқықтық жүйеге кіретін елдердегі қызмет істейтін судья заңдық істі шешуде көбінесе тек істі бағалау процесін жүзеге асырады. Бұл жүйеде құқықтық қайнар көзі ретінде н.қ. акт танылады.