Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мкт ответы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.12.2018
Размер:
425.98 Кб
Скачать

49. Заңды мінез - құлық түсінігі, түрлері.

Заңды мінез-құлық — құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Заңды мінез-құлық арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Заңның талаптары орындалмаса, ол жансыз. Тұлғаның заңды мінез-құлқының көлемі мен үлгісі құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.Заңды мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады.

Азаматтар заңның талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді: 1) белсенді заңды мінез-құлық; 2) бәсең (енжар) заңды мінез-құлық.

Белсенді заңды мінез-құлық — лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау — заманымыздың талабы. Белсенді түрдегі заңды мінез-құлықтың көріністері сан алуан. Ол — лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктеген міндеттерін қалтқысыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсене катысып, әлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бой көрсетіп, өз пікірін ортаға салу—міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.

Енжар заңды мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді қалай болса солай орындайды. Ал өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайдылықпен қарайды. Мысалы, сайлауға, заңның жобасын талқылауға катыспайды, отбасын құрғысы келмейді, оқып-білім алуға ерінеді, тіпті, жақсы істеп, табыс та тапқысы келмейді. Әрине, мұндай мінез-құлық заңға қайшы келмесе де, адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады.

Заңды мінез-құлық бірнеше түрде болуы мүмкін.

Құқықтық сананың деңгейіне байланысты заңды мінез-құлық (жүріс-тұрыс) төмендегідей түрлерге жіктеледі:

1. Маргиналдық (маргинал - жік аралық) заңды мінез-құлық - бұл мінез-құлық бәрінен бұрын заң бойынша жазаланудан қорқу мен өз есебінен жаңылып қалмау мақсатына негізделеді. Маргиналдық мінез-құлықты адамдар қайсы сәтте де болса заңды оп-оңай аттайды (бұзады), сәті келсе, ыңғайлы жағдай туа қалса құқықтық талаптарды орындамауға да дайын тұрады.

2. Конформистік құқыққа сай мінез-құлық. Мұндай мінез-құлық адамның құқықтық талаптарға конформистік түрде бас июіне (көніп бағынуына) негізделеді. Мұндай мінезді адамның ұстанатын қағидаты "бәрі қандай болса, мен де сондаймын" болады. Мұндай мінез-құлық құқықтық нормаларды жете түсінбей, олардың байыбына бармай бұлжытпауға (сақтауға) негізделеді.

2. Жағымды құқыққа сай мінез-құлық - мұндай мінез-құлық қоғамда бар құқық нормаларының әділ және әділеттілігіне деген мызғымас сенімге, құқықты құрметтеуге және оны терең білуге негізделеді. Мұндай мінез-құлық құқықтың әдеттегі қалып бойынша, әртүрлі себептермен дәлелдердің іштей арпалысуынсыз орындалуынан (атқарылуынан) көрінеді.

50. Құқық жүйесі. Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері. Құқық жүйесі - құқықтың ішкі құрылымы. Құқық нормаларының пәніне және реттеу әдістеріне қарай бір-бірімен тығыз байланысты институттарға, құқық салаларына және салалардың бөлшектеріне бөлінуі.Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.

Құрылымдық элементтері:

а) құқықтық нормалар - н.қ.актілерде тұжырымдалған, көп мәрте қолданылуға арналған, жалпыға бірдей міндетті, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен қамтамасыз етілетін мінез-құлық ережесі.

б) құқықтық институттар - тиісті құқық саласының шеңберінде тиісті қоғамдық қатынастың белгілі бір бөлшегін (түрін) реттеуге арналған нормалар жиынтығы. М/ы: азаматтық құқық саласындағы меншік құқығы немесе міндеттемелік құқық институттары. Қылмыстық құқықтағы жаза институты.

в) құқық салалары - өзіне тән ерекшеліктері бар, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. М/ы: азаматтық, қылмыстық, еңбек, әкімшілік құқық т.б.

г) құқық салашалары-құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастарды реттейді. Мысалы, кәсіпкерлік құқығы – азаматтық құқықтың салашасы.

Заң әдебиеттерінде құқық салаларынан мыналарды атап көрсетеді:Конституциялық құқық; Азаматтық құқық;Әкімшілік құқығы; Қылмыстық құқық; Жер құқығы; Еңбек құқығы; Неке-отбасы құқығы; Қылмыстық іс жүргізу құқығы; Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы; Қылмыстық іс жүргізу құқығы; Экологиялық (табиғи қорғау) құқығы; Қаржы құқығы; Азаматтық іс жүргізу құқығы; Халықаралық құқық.

51. Құқықтық жүйе түсінігі мен құрылымы. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша осы бүгінгі күнде Жер ғаламшарында 230-ға тарта мемлекет бар көрінеді. Алуан түрлі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеу-зерделеу үшін заң ғылымында құқықтық жүйе ұғымы қолданылады.

Құқықтық жүйе — өзара тығыз байланысты қоғам өмірін реттеуге бағытталған құқықтық құбылыстардың (құқық нормалары, оларды қолдану актілері, құқықтық қатынастар, азаматтардың құқықтық мүмкіншіліктері мен міндеттері) жалпы жиынтығы, яғни, нақты мемлекеттің тұтастай алынған құқықтық болмысының бәрі.

Құқықтық жүйенің құрылымы құқықтық құбылыстардың 3 топтамасынан тұрады:

а) заң нормалары, қағидаттар, институттары (нормативтік жағы);

б) құқықтық мекемелердің жиынтығы (ұйымдастыру жағы);

в) осы қоғамның өзіне тән құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, идеялардың жиынтығы, құқықтық мәдениет (идеологиялық жағы).

Әрбір мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғам дамуының заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін бейнелейді. Әрбір мемлекеттің өзінің құқықтық жүйесі болады. Оның басқа мемлекеттердің құқықтық жүйелерімен ортақ болып келетін ерекшеліктерімен қатар, сондай-ақ айырмашылықтары да яғни өзгешеліктері де болады.

Құқықтық жүйенің дамуына қоғамның бүкіл рухани мәдениеті, дін, философия, өнеге, имандылық, көркемдік мәдениет, ғылым ықпал жасайды. Құқықтық мәдениетке саясат және саяси мәдениет зор ықпал тигізеді. Ежелгі Қытай, Үндістан, Мысырда, Рим мемлекетінде құқықтық жүйелер дін мен табиғи түрде өзара байланысты болып келетін.

Құқықтық жүйелердің дамуында сабақтастық байқалады. Мысалы, дәстүрлі құқықтық құндылықтар жаңа құндылықтармен өзара ықпалдасады. Ал, бұл жаңа құндылықтарды басқаруға құқықтық жүйеден немесе жүйелерден дәстүрлі құқықтық жүйе қабылдап алып жатады.

Құқықтық жүйелерді бөлу және жіктеудің белгілеріне мыналар жатады:

1) идеологияны, дінді, философияны, экономикалық және әлеуметтік құрылымдарды қоса алғанда;

2) заң техникасы, құқықтың қайнар көздері мұның негізі болады.

Осы белгілерді негізге ала отырып құқықтық жүйелердің мынандай түрлерін атап көрсетуге болады - роман-германдық, ағылшын-американдық, социалистік, діни және дәстүрлі құқықтық жүйелер.