Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Д.ж. мұхитты пайдалану проблемалары?

2. Мұхиттық энергетиканы дамыту проблемасы?

3. Д.ж. мұхиттың биологиялық ресурстарын игеру?

4. Мұхиттық жол қатынасына дәстүрлі емес көліктің қандай жаңа түрлері енгізілуде?

5. Әлемдік мұхиттың ластануы?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Д.ж. мұхитты пайдалану проблемалары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Сарамандық жұмыс №6

Тақырыбы: Адамзаттың ғаламдық проблемалары.

Мақсаты: Адамзаттың ғаламдық проблемаларын, шиеленіскен экологиялық проблемаларды анықтау.

Көрнекілік: Оқулық, қосымша деректер, д.ж. картасы т.б.

Жоспары.

1. Ғаламдық проблемалардың өзара байланысын сызба арқылы көрсету.

2. Экологиялық проблемалар шиеленіскен аумақтар мен елдерді анықтау.

3. Дамушы елдерге тән ғаламдық проблемаларды анықтап, олардың шиеленісу себептеріне және олармен күресу жолдарына талдау жасау.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық географиясын қалай түсінгендерін анықтау.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық географиясын қайталаған тұлға.

Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: 1. Әңгіме-дәріс.

2. Тест.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Тест сұрақтары арқылы дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні қайталанады.

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Қайталау.